2.2 Негізгі құралдардың жіктелінуі және бағалануы
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, кұрал-жабдық, құрал-саймандар, т. б.) әсер етуі жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықгар, өткізгіш қондырғылар). Негізігі өңдірістік қүралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш-қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе аісдіалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықгар-тұтынуға арналған құрал-жабдықгар. Олар ркымның мәдени тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақгау мүлкі, т. б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
"Негізгі күралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықгың қай түріне жататындығы негізге асынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдарың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бүл субъектідегі неізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топкд жатады.
Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының түрғын үй шаруашылығы және халықкд түрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.
Иелігінде болуына карай негізгі күралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз-субъектіге тікелей және оның балансында көрініс табатын негізгі қүралдар болып табылады. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі қүралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқгалған соң немесе ол аяқгалмай түрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды:
121 -ші "Жер"
122-ші "Ғимараттар мен күрылыс жайлары"
124-ші "Көлік қүралдары" 125-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясына уақытша әкелінген (әдетте ол 2 жылға дейін сақгалады) негізгі құралдар 122-125 шотының "Уақытша әкелінген негізгі құралдар" деп аталатын 3-ші субшотында есепке алынады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүлктік емес болып бөлінеді. Мүлікке заттай көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықгар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б.) жатады.
Негізгі қүралдардың есебін дүрыс үйымдастырудың басты шарты оларды бағалауда қабылданған бір түтас принципі болып табылады. Негізгі құраддарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, қүрылымын, тозуын қайта келтіруін және өндіруін жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі қүрал-жабдықгардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, сатып өткізу кұны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.
Бастапқы құн негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақгы шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай-ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқгы кез-келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |