Бөлім Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің Қызметін экономикалық талдау


"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік



жүктеу 196,17 Kb.
бет4/31
Дата20.05.2020
өлшемі196,17 Kb.
#30536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны" филиалының экономикалық сипаттамасы

1.1 "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамының

техника -экономикалық сипаттамасы

"Қазақстан темір жолы" үлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны" филиалы " Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Қоғам тұрған жерден тыс жерде орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және қоғамның директорлар кеңесінің шешімі (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) негізінде қайта тіркелуі тиіс.

Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның бүйрықтарына, өкімдеріне жэне өзге актілеріне, Қоғамның Жарғысына, сондай - ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Филиалдың орналасқан жері: 485541, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Рысқүлов ауданы, Луговая станция, Призаводская көшесі, 1.

Филиалдың жеке теңгірімі болады. Филиал өз қызметін ұйымдастыру және жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде ағымдық шоттарын ашады.

Филиалдың өз атауы, тауарлық белгісі және Қоғамның атауы бар мөрі, мөртаңбасы және бланклері болады.

Филиалдың қызмет мерзімі шектелмеген.

Қоғам қызметінің мәні:

– Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісінің қүрылысын, күтіп ұсталуын және жаңғыртылуын жүзеге асыру;

– Тасымалдау процесін бақылау;

– Магистральдық темір жол желісіне қызмет көрсету;



– Теміржол көлігімен жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалдауын жүзеге асыру;

– Теміржолдың жылжымалы құрамын, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;



– Жүк жіберушілердің, алушылардың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың белгіленген пунктеріне дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету;

– Маркентингілік қызмет;



– Әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, тікелей және аралас қатынастар жүйесін үйымдастыру;

– Қазақстан Республикасының тасымалдау элеуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

– Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісу бойынша темір жолдың транзиттік- көліктік коридорларын қалыптастыру жөніндегі шараларға қатысу;

– Сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік үйымдармен экономикалық ынтымақтастықты дамыту;

– Өнімдерді, қызметтерді экспорттау (импорттау);



– Ақпаратты қорғаудың техникалық қүралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, сервистік қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет;

– Қоғамның қызметі туралы материалдарды эзірлеу және қорыту, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, бейнефильмдер шығару;

– Ақпараттық қызмет көрсету;



– Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады;

Филиал ескірген жарамды рельстеді жөндеу мен пісірудың, жолдағы рельстерді егеудің, бунақтағы рельстерді пісірудің жалғағыштары дэнекерлеудің, сондай -ақ желімденген бүрандалы түйіспелердің, рельстік жалғағыштардың және басқа да өнімдердің көлемін үлғайту мақсатында қүрылған.

Филиал қызметінің мәні:

Жолдағы рельстерді егеу, айқастырмаларды және рельстердің ұш жағын балқыту, жалғағыштарды дәнекерлеу, бунақтағы рельстерді пісіру бойынша өндірістік жоспарларды орындау;

Ескірген жарамды рельстерді қайта қалпына келтіру жүмыстарын, сондай-ақ рельстік жалғағыштарды желімденген бүрандалы түйіспелерді жолдық қүрал саймандар мен керек жарақтарды дайындау;

Жолдың үстінгі қүрылысы материалдарын жөндеу үшін ережелер, нүхқаулар жэне технологиялық процестер картасын әзірлеуге қатысу болып табылады;

Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады;

Филиалды басқару бойынша Қоғамның қызметтеріне:

Филиал туралы ережелерді бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

Филиал қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу, Филиалдың жоспарын және олардың орындалғаны туралы есептерді бекіту;

Филиал директоры мен, оның орынбасарымен, Филиалдың бас инженерімен және бас бухгалтерімен жеке еңбек шарттарын жасау, өзгерту және түзу;

Штатық кестені бекіту және Филиалдың қүрылымын белгілеу;



Тағайындалуы Қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін Филиалдың лауазымдар номенклатурасын бекіту;

Филиалдың өндірістік - қаржылық қызметінің жоспарларын бекіту;

Филиал қызметінің нәтижелері бойынша жылдың есептерді, аудитордың есептері мен қорытындыларын бекіту, Филиалдың пайданы бөлу тәртібі мен шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;

Филиалдың материалдық қаражатарының көлемін, нысанын, сондай- ақ оларды бөлудің тэртібін белгілеу;

Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның Жарғысында көзделген өзге іс-әрекеттер жатады;

Филиалдың қызметін тікелей басқаруды директор жүзеге асырады;



Филиалдың директоры Филиалдың жүмысын үйымдастырады және Қоғам берген сенімхат негізінде оны басқарады, Филиалға жүктелген міндеттерді орындау орындаушылық жэне еңбек тәртібінің жағдайы және осы Ережемен белгіленген қызмет түрлерін Филиалдың жүзеге асыруы үшін жауапты болады;

Филиалдың директоры:

Қоғам берген сенімхат бойынша Қоғам белгілеген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді;

Қоғам бекіткен жоспарларға сәйкес Филиалдың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

Филиалға бекітіліп берілген қаражатқа өзіне берілген қүқықтар шегінде иелік етеді;



Берілген өкілеттіктер шегінде Филиалдың барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті болып табылатын бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

Банктерде Филиалдың ағымдық шоттарын ашады;



Лауазымдар номенклатурасына сәйкес Филиал қызметкерлерімен
еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді, бұзады, Филиал қызметкерлерінің
лауазымдық нүсқаулық карточкаларын бекітеді, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оларға көтермелеу шараларын және жазаларды қолданады;

Филиал қызметкерлерінің қызметтік және коммерциялық құпияны қүрайтын мәліметтерді жария етілуден қорғау жөніндегі іс - шараларды орындауын қамтамасыз ету, құпиялық режимін сақтау;

Белгіленген тәртіппен өзге де қүқықтарға ие болуы мүмкін;



Тағайындалуы Қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін Филиалдың қызметкерлерімен өзге еңбек шартын бұзу туралы Филиалдың директорына орындалуы міндетті болып табылатын нүсқаулар беруге Қоғамның қүқығы бар;

Филиалдың директорының орынбасары өз құзыреті шегінде, шығыс хат- хабарларға қол қояды;

Филиалдың Мемлекеттік ұйымдармен және өзге де мекемелермен Филиалдың қызмет мәселелері бойынша хат- хабар алмасуына тек жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің немесе Қоғам басшылығының келісімі арқылы рухсат етіледі;

Филиалдың оған Қоғам берген қаражаттан, сондай- ақ Қоғамның жалпы теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдың құралдардан, шаруашылық қызметің барысында сатып алынған құнды қағаздар мен материалдық емес активтерден тұратын мүлікке ие болады;

Филиал теңгеріміне кіретін -мүлік Қоғамның меншігі болып табылады;

Филиал осы Ережеде белгіленген міндеттерді орындау үшін Қоғам белгілеп берген шешім жэне шартпен қаржы - шаруашылық қызметті жүзеге асырады;

Филиалдың қаржы- шаруашылық қызметін тексеру Қоғамның оған уәкілеттік берілген бөлімдері, қажет болған жағдайда Қоғам тағайындайтын немесе тарататын аудиторлық қызметтер жүзеге асырады;

Филиалдың қаржы- шаруашылық қызметін бақылауды олармен жасалған шарттар негізінде аудитор немесе аудиторлық ұйымдар жүзеге асыруы мүмкін;

Аудитор және аудиторлық ұйымдар өздеріне қажетті барлық материалдарды, бухгалтерлік немесе өзге құжаттарды және жеке түсініктемелерді Филиал қызметкерлерінен талап етуге құқылы;

Аудитор және аудиторлық ұйымдар өздері жүргізген тексерулердің нәтижелерін Қоғамның Басқармасына және (талап етуі бойынша) Қоғамның директорлар кеңесіне жібереді;

Филиалдың қызметі Қоғамның директорлар кеңесінің шешімі бойынша, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа жағдайларда тоқтатылады.

Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың қүрамы мен қүрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі.

Баланс мэліметтері бойынша кәсіпорын активтерінің қүрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынды (1.1-кесте).

Кестеде келтірілген мэліметтерден «Қазақстан темір жолың акционерлік қоғамының активтерінің нақты қүнын көрсететін баланс валютасының 2006 жылдың басындағы көрсеткішті сол жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 387711 мың теңгеге немесе 35 пайызға кемігенін көреміз.

Сонымен бірге кестенің мэліметтерінен үзақ мерзімді активтердің үлесіне қарағанда жоғары. Егер есепті жылдың басында ұзақ мерзімді активтердің үлесінен 20,6%-ға (60,3-39.7) артқан болған болса, жылдың аяғында 74%-ды (87-13) құрады.

Есептегі жылы ұзақ мерзімдердің активтерінің құны 33795 мың теңгеге немесе 5%-ға кеміген болса, ал ағымдағы активтердің құны да бірнеше есе кеміген. Оның сомасы 353916 мың теңгеге немесе 21,4%-ға кеміген.

Кесте 1.1

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының баланс активтерінің есептегі жылғы құрамы мен орналасуы


Көрсеткіштер



2006 ж. басында

2006 ж. аяғында

Өзгеріс (+,-)

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

Мың, тг

%

Активтер құны, барлығы

1133392

100

745681

100

-387711

-35,0

Оның ішінде: Ұзақ мерзімді активтер

682966

60,3

649171

87,0

-337,95

-5,0

А) Негізгі құралдар

682966

60,3

649171

87,0

-337,95

-5,0

Ағымдағы активтер

450426

39,7

96510

13,0

-353916

-21,4

Оның ішінде: Тауар-материалдық

427247

37,7

96336

12,9

-330911

-22,5

Б) Ақша қаражаттары

6

-

-

-

-

-

В) Дебиторлық қарыздар

23173

2,0

174

0,1

-22999

-25,0

Кәсіпорнының өндірістік потенциалы

1110213

98,0

745507

100,0

-364706

-32,0

Активтердің мобильдік коэф. (4 ж/1 ж)

х

0,39

х

0,13

х

х

Мобильдік және имобильдік

х

-

х

-

х

х

Қорлар қатынасы коэфф. (4 ж/1 ж)

х

0,66

х

0,15

х

х

Негізгі құралдардың нақты құнының коэфф. (3 ж/1 ж)

х

0,60

х

0,87

х

х


Ағымдағы активтердің ішіндегі көрсеткіштерде ең үлкен үлес салмақты тауарлы материялды босалқылар құрайды. Жыл басында олардың сомасы 427247 мың теңгені немесе 37,7 пайызға кеміп отыр, ауытқуы 33091І мың теңгеге немесе 22,5 пайызға кемігендігін байқауға болады.

Ары қарай кәсіпорынның өндірістік потенциалын қарастыратын болсақ, бүл көрсеткіште жоғарыда талдап кеткен үзақ мерзімді және ағымдағы ективтердің кемуінің негізінде жылдың басында 1110213 мың теңгеге немесе 98 пайызға кеміген, ал жыл соңында 745507 мың теңгеге немесе 100,0 пайызды құраған. Жалпы кәсіпорын активтерінің құнының 32 пайызына ие.

Акционерлік қоғамның активтерінің мобильділік коэффициенті оптимальды деңгейі кем екендігі байқалады, өйткені ол жыл басында 0,39 пайызға тең болса, ал жыл аяғында 0,13 пайыз құраған.Бүл коэффициенттің оптимальды белгісі 0,5 көп болуы тиіс.

Келесі анықтаған коэффициентіміз мобильдік және имобильдік қорлардың қатынасы. Бүл коэффициент жыл басында 0,66 үлесі құраса, ал жыл соңында 0,15 пайызды құраған. Жыл соңындағы деңгейі нормаға сай келмейді. Өйткені оның нормасы да 0,5 -тен жоғары болуы қажет. Негізгі қорлардың нақты құнының коэффициенті қойылған талаптар сай келгендігін анықтауға болады.



Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасаудың келесі кезеңінде баланс активтерінің құралу көздеріне талдау жасалынады.

Мүнда кәсіпорынның мүлкі мнешікті капиталдың және міндеттемелердің есебінен құралатындығын ескеру қажет. Меншікті капитал мен міндеттемелердің ара қатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді.

Қаржылық қорытынды есеп активтері құралу төмендегі 1.2- кесте бойынша жасалынады. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы активтерінің құралу көздерінің 2006 жылғы құрамы мен құрылымы кестенің мәліметтерінен кәсіпорын мүлкінің құралу көздерінің есепті жылда 38771І мың теңге немесе 35,0 пайызға кемігенін көреміз. Бүл өсім негізінен сырттан алынған капиталдың өсімімен қамтамасыз етіледі. Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың басында -9711І мың теңгені немесе -8,5 пайызды қүраса, ал жыл аяғында 97386 мың теңгеге немесе 13,06 пайызға кеміді. Жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 275 мың теңгеге немесе 28,3 пайызға кеміген.

Меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталатын тәуелсіздік коэффициенті есепті жылдың ішінде 0,085-нен 0,130-ке дейін төмендеген, яғни ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді. Негізгі тәуелсіздік коэффициентінің дұрыс деңгейі немесе нормасы (0,5-0,6) жоғары болуы керек.

1.2- Кесте

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы активтерінің

құралу көздерінің 2006 жылғы құрамы мен құрылымы





Көрсеткіштер

2006 жылдың басына

2006 жылдың аяғына

Жыл ішіндегі өзгеру(+,-)

Сомасы

мың теңге

Үлесі

Сомасы мың теңге

Үлесі

Мың теңге

%-бен

А

Б

1

2

3

4

5

6

1.

Кэсіпорынның барлық капиталы, Оның ішінде:

1133392

100

745681

100

-387711

-35,0

1.1

Меншікті капитал

-97111

-8,5

97386

13,06

275

-28,3

1.2

Сырттан алынған капитал

1230503

108,5

648295

87,0

-582208

-47,3

2.

Тэуелсіздік коэффициенті (1.1:1)


жүктеу 196,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау