2.3 Негізгі құралдардың амортизациясының және оларды
жөндеудің есебі
Амортизациялық аударымдар өнімнің жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады. Амортизация латынның өтеу деген сөзінен шыққан. Амортизация — тозына қарай негізгі қүралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс, арнайы ақша қаржыларын негізгі қүралдарды қарапайым кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналым шығындарына енетін, амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады.
Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмсалады. Амортизация нормасы амортизациялық аударымдардың жылдық сомасынның негізгі құралдарын орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынас.(19.36б)
Амортизациялық аударым нормалары әдетте негізгі қүралдардың бастапқы және қалпына келтіру құнына процентпен белгіленеді. Есептелген амортизация сомасы ай - сайын өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына аударады. Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, шығын кеткен негізгі құралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Жалпы алғанда негізгі құралдар бойынша амортизация есептеудің жалға беру шартыньщ немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
12 «негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында есептелген негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды. Бұл ұзақ мерзімде алынған құралдар болып есептелінеді.
«Облжылукоммунқуат» МКК - да негізгі құралдардың тозуы 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады:
131 - Ғимараттар мен құрылыс жайларының тозуы;
132 - Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш құралдарының тозуы;
133 - Көлік құралдарының тозуы;
134 - Басқаларының тозуы.
Бұл шоттарға мынадай аралық шоттар алуға болады:
1. Меншікті негізгі қүралдардың тозуы.
2. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы.
Бұл шоттар пассивті шоттар. Бұл шоттардың кредиті бойынша есептелген амортизация есептеуі белгіленеді, ал дебетінде амортизация сомасын есептеп шығарады.
Бухгалтерлік есептің № 6 «Негізгі құралдардың есебі» деп аталатын ұлттық стандартында амортизацияны есептеудің мына әдістері ұсынылған:
1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияның бір қалапты есептеу әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады. Бұл бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс.
2. Амортизацияны - есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдістері өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген турлері пайдаланудың алғашқы жылдарына тиімдірек жұмыс істейтін немесе жоғары өнімділік қабылетін көрсетеді деген паймдауға негізделген.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісі мынадай 2 әдіске бөлінеді:
1. Кумулятивтік әдіс - латын тілінен аударылғанда - озу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу бойынша тозудың есептелу тәсілі, есептеу коэффициентінің бөлігі болып табылады, объектінің қызмет ету мерзімдегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
2. Азайып отыратын қалдық әдісі — бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отыратын қалдық әдісі деп аталады.
«Облжылукоммунқуат» МКК - да №6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизацияның есептердің төмендегі әдісі ұсынылған.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны тік сызықты бірыңғай есептеу әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады. Бұл әдіс құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірбиесінде қолданылып жүрген әдіс. Әрбір мерзім (жыл) үшін амортизациялық жарна соммасы амортизацияланушы құнды (объектінің бастапқы құнының оның жойылу құнын алып тастағанддағы) объектіні пайдалану мерзіміне байланысты болу арқылы есептелінеді. Амортизациялау нормасы тұрақты болады. Мысалы: кәсіпорында шілде айында «ГАЗ» - 52 — 01, жүк автокөлігінің бастапқы құны 50000 теңге. Яғни осы жүк автокөлігінің 1 жыл мерзім өткеннен кейінгі жойылу құны 5 000 теңге. Осы жүк автокөлігінің амортизациясын тік сызықты бірыңғай әдісімен есептеу төменде келтіріледі. [17.197 б]
Жылдық, тозу сомасы =
|
Бастапқы құн - жойылу құны
|
=
|
50 000 - 5000
|
=
|
45000
|
= 4 5000
|
Пайдалану мерзімі
|
10
|
10
|
Айлық тозу құны =
|
Жылдық, тозу сомасы
|
=
|
4500
|
= 375
|
12 ай
|
12
|
«Облжылукоммунқуат» МКК - ның бухгалтериясында негізгі құралдардың амортизациясы және тозуы бойынша келесі шаруашылық операциялар есепке алынған.
Кесте 5
«Облжылукоммунқуат» МКК - ғы негізгі құралдардың тозуының есебі.
№
|
Мазмүны
|
Сомасы
|
Дт
|
Кт
|
1
|
Көмекші өндірістің негізгі құралдарына
|
|
|
|
|
амортизация есептелінді:
|
|
|
|
|
- Автокөлік КО 503 - В
|
58351
|
924
|
133
|
|
- Автокөлік Газ - 52 - 01
|
61 676
|
924
|
133
|
Негізгі құралдар өндіріс процестерінде қатыса отырып, біртіндеп тозады. Тозудың 2 түрі болады: табиғи және сапалық тозу.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесінде қатысу нәтижесінде және негізгі құралдарды пайдалануға тікелей нәтижесінде және негізгі құралдарды пайдалануға тікелей қатысты емес, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен ылғалдан, материалдардың тот басуынан, ескеруінен пайда болады.(20.68б)
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге жұмыс істейтін негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланудағы негізгі құралдар өзінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлердің, ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін малдардың жаңа және жаңартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі құралдарды бүдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың уақытынан бұрын тоздырмау үшін оларды мерзім сайын жөндеп тұрады. Ұйымдастыру - техникалық белгілеріне қарап жөндеуді күрделі және ағымды деп бөледі. [23.67 б]
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектіні тұтастай алғандағы мен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Күрделі жөндеу әдетте жөнделетін объектілерді ішінара қайта құру мен қатар жүреді, бұл табиғи тозуды және маральдық тозу зардаптарын барынша жою керек. Ішінара қайта құру және жақсарту әдетте негізгі құралдардың бастапқы құнын ұлғайтпайды.
Ағымдағы жөндеу барлық құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оның тозған бөлшектерін ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Жөндеу есебі барлық жұмыстардың құжаттық рәсімделуін, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтауда, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылауды қамтамасыз етеді.
Негізгі құралдарды жөндеу негізінде шаруашылық және мердігерлік әдіспен жасалуы мүмкін.
Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдіс. Себебі арнайы жабдықталған субъектілер жүргізеді. Мысалы: автожөндеу заводы жөндеу құралы субъектілері және тағы басқалары, ол шаруашылық әдісіне өз күшімен және қаражаттарымен жүзеге асырады.
Күрделі жөндеу өткен негізгі құралдарды қабылдап алу «Күрделі жөндеуден өткен, қайта қарастырылған және жаңартылған негізгі құралдары қабылдау актісі» (үлгі № НҚ - 2) бойынша құжатталады.
Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілі қол қойылған актіні субъектінің бухгалтериясына тапсырады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшысы немес оған өкіметті адамдар бекітеді. [21.147 б]
Шаруашылық әдіспен негізгі құралдарды жөндеу цехының тыс желерде жөндеу бойынша шығындар тікелей өндіріс шығындарына апарылады. Бұл жағдайда өндіріс шығындары немесе айналым шығындары шоттары дебеттеледі. Мысалы: 126, 821, 934, 945 т.с.с. сонымен қатар мына шоттар кредителеді. Мысалы материалдар есебі бойынша шоттар 201 - 206, 208; әлеуметтік қажеттілігін аударымдар бар еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырулар 681, 651 - 653, 655 шоттар және де жабдықтаушылар мен, еншілес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айырысу шоттары. Мысалы: 671, 641 -643 шоттары кредиттеледі. [14.107 б]
Жабдықтар, автокөліктер, тракторлар т.с.с. басқа негізгі құралдардың объектілерін жөндеу бойынша шығындар 920 — шы «Көмекші өндірістер» шотында қарастырылады. Шығындар мынадай баптардан тұрады: Материалдар; Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу;
- Еңбек ақыдан есептелінген аударымдар;
- Электр энергиясы;
- Жылу, газ шығындары;
- Қосымша шығындар;
- Цехтарды басқаруға жұмсалған шығыңдар;
- Цех жабдықтарының амортизациясы тағы басқа да жөндеу
бойынша шығындар.
Егер кәсіпорын жөндеу қорын құратын болса, онда ай сайын жөндеудің барлық түрі үшін осы қорға жылдық қаржының 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалады. Жөндеу қорының есебі 686 - «Басқа да есептелген шығыстар» шотының «жөндеу қоры» аралық шотында кредиттеліп, ал жөндеу қорына аударымдар жасалса онда шоттар дебеттеледі: 126, 811, 821, 934, 945.
Есепті айда «Облжылукоммунқуат» МКК — да негізгі құралдарды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан шаруашылық операциялар бухгалтерияда тіркеліндеген.(21.56б)
Достарыңызбен бөлісу: |