2.4 Негізгі құралдарды жалдаудың есебі
Жалгерлік — жалдаушыға шаруашылық және басқа қызметті дербес жүзеге асыру үшін қажетті табиғи ресурстарды, кәсіпорындарды және басқа мүліктік кешендерді және мүлікті келісім - шарт негізінде мерзімдік қайтарымды пайдалану.
Жалгерліктің нәтижесінде жалға беруші және жалға алушы (жалдаушы) арасында жалдау шартына негізделген қарым — қатынас пайда болады. Жалға беруші — жалдау шарты бойынша жалға берілеетін мүліктің меншік иесі. Меншік иесі мүлікті жалға беруге уәкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай — ақ заңды және жеке тұлғалар жалға мүлік алушы заңды немесе жеке тұлға. Заңды немесе жеке тұлғалар халықаралық бірлестіктер мен жалдаушы бола алады.
Жалдау шарты — тараптардың еріктігі және толық теңдігі негізінде жасасқан жалдау шарты негізінде мүлікті жалға беру туралы жалға беруші мен жалдаушы арасындағы келісім.
Жалдау ақысы — жалдаушының жалға алған мүлік үшін жалдау мерзімі кезінде тұрақты түрде төлейтін төлемі. Жалдау ақысына жер және басқа табиғи ресурстарды жалдаудан басқа жолданған мүліктің құнынан амортизациялық аударымдар, жалдау мерзімі өткеннен кейін жөндеуге жұмсалатын қаражат, сондай - ақ жылдық процент кіреді. [24.16 б]
Жалгерлік процент - жалдау шартында нақты ақша сомасы түрінде белгіленетін жалданатынн мүлік құнының үлесі.
Халықаралық тәжірибеде жалгерліктің үш түрі болады: ұзақ мерзімді, орташа мерзімді және қысқа мерзімді.
Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) - мүлікті үш жылдан астам мерзімге сжолдау. Ұзақ мерзімді лизинг жалдау шартының мерзімі біткен соң мүлікті жалға берушіге қайтаруды көздейді. Қаржылық лизинг жалгерлікті ұзақ мерзімді несиелеу нысаны. Жалдаушы мүлік құнын жылдық төлемдер арқылы өтейді.
Орташа мерзімді жалдау (хайринг) - жалдаушыға меншік иесі құқығын бермей, мүлікті бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге жалдау.
Қысқа мерзімді жалдау («рейтинг» «чартер») — жалдаушының мүлікті бүдан кейін сатып алу құқығынсыз жалға алуы. Жалдау мерзімі бір жылға дейін. Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда жоғарырақ. Чартер әдетте рейсті (кемені, ұшақты) бірнеше қатар рейстерді, белгілі бір мерзімге («таймчартер») жалдауға жасалады.
Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың есебі және ұзақ мерзімге жалға қатысты есептеулер үшін қаржы - шаруашылық қызмет бухгалтерлік есебінің бас шоттар тізбегінде мынадай жинақталатын шоттар мен қосалқы шоттар қарастырылады. [24.19 б]
12 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының (121 - 125 - шоттар) 2 - ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар» аралық шоты. Жалға алынатын негізгі құралдардың талдамалы есебі, әр объектіге жекеше немесе бірдей объектілердің тобына ашылатын негізгі құрал -жабдықтарды мүліктік есептеу корточкасында (үлгі № НҚ —6) жүргізіледі.
Келіп түсетін жалдау міндеттемелерінің есебі 334 - ші «Басқа дебиторлық қарыз шотында және соған ашылатын» «Келіп түсетін жалдық міндеттемелер» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шот негізгі, активті, есеп айырысу шоты 334 — шоты жалға беруші кәсіпорындар қолданады.
Жалға беруші кәсіпорындар мен үзақ мерзімге алынған негізгі құралдар обектілерінің жалдау арқылар бойынша есеп айырысулардың есебін жүргізу үшін 683 - ші «Жалдық міндеттемелер» деген шот қойылады.
Есеп айырысу аналитикалық есебі «Түрлі дебиторлар мен және кредиторлар мен есеп айырысуларды есепке алу тізіміндемесінде» немесе машиннограммада жүргізеді. 683 - шотын жалға алушы каәсіпорындар қолданады.
13 - ші « Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің шоттарына (131 -134) жалға алушы кәсіпорындар ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құрал - жабдықтардың қолданылып жүрген амортизация нормалары бойынша есептелген тозу сомасын есептейтін «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» аралық шотын енгізеді. [32.97 б]
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал — жабдықтардың құнын толық төлегеннен кейін, жалдау уақытында есептелген тозу сомасы меншікті негізгі құрал - жабдықтардың тозу сомасына қосылады. Жалға алушы кәсіпорында жалға алынған негізгі құрал - жабдықтардың нақты бары және қозғалысы баланстан тыс 001 — ші «Жалға алынған негізгі құрал -жабдықтар» шотында жүргізічледі.
«Облжылукоммунқуат» МКК — да негізгі құралдарды жалға алу және беру операциялары есепті кезеңде жүргізілмеген, сондықтан олар есепке алынбаған.(20.45б)
Достарыңызбен бөлісу: |