107
деңгейде қамтамасыз етеді деп білеміз және біз осы кӛзқарас тұрғысынан оқу
үдерісін ұйымдастыруды қолданамыз.
ЖОО болашақ тарих пәні мұғалімдерін даярдауда, әдістемелік
дайындықты қамтамасыз ететін негізгі пән - «Тарихты оқыту әдістемесі».
5В011400 - Тарих мамандығы студенттеріне арналған «Тарихты оқыту
әдістемесі» пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) ӛзіндік мазмұны
бар.
Тарихшы мұғалімдердің базалық дайындық жүйесінде тарихты оқыту
әдістемесі пәні маңызды роль атқарады. Дидактикалық мақсаты – болашақ
тарих пәні мұғалімдерінің оқушылардың тарихи танымын қалыптастыру және
әдіс негізін кӛрсету.
Пәннің мақсаты - болашақ тарих пәні мұғалімдерінің жалпы орта білім
беретін және арнайы мектептерде тарих пәнін оқыту бойынша теориялық және
практикалық даярлығын жүзеге асыру.
Пәннің міндеттері:
- тарихи білім беру мен тәрбиелік
міндеттерімен таныстыру;
- тарихты оқыту әдістемесінің теориялық негізін болашақ мамандарға
меңгерту;
- білім берудің инновациялық түрлері туралы түсінік беру;
- тәжірибелік
іскерлікті дамыту;
- білім алушылардың қабілетін қалыптастыру, оларға білім беру мен
тәрбиелеу үдерісіндегі қорытындылар шығаруын қамтамасыз ету [168, б. 522].
Оқу пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылар және құзыретіне қойылатын
талаптар тӛмендегідей:
Тарихты оқыту әдістемесінде негізгі идеологиялық бағыттардың тарихи
дамуы, ежелгі заманнан бастап қазіргі күнге дейінгі тарихты оқыту әдістемесінің
негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері қамтылуы тиіс.
Болашақ тарихшы мҧғалім:
-
тарихты оқытудың әдісін түсіну үшін тарихи білімді қолдану
қажеттілігін;
-
оқушылардың жас
ерекшеліктерін;
-
әдебиеттердегі жаңа мәліметтерді пайдалану керектігін;
-
қазіргі заманғы оқытудың жаңашыл
тәсілдерін;
-
тарихи білімді оқытудың ерекшеліктерін білуі тиіс.
Сабақ барысында игерген теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдануды,
дәрістерді конспектілеуді, семинар сабақтарына дайындалуды, ғылыми
жұмыстың алғашқы сатыларын және тарихилық, ғылымилылық принциптерін
жүзеге асыруды орындауы тиіс.
Сондай-ақ, пән бойынша білімдерін есте сақтауды және тереңдетуді,
тарихи фактілер кешенінде негізгісін табуды, дәлелденген қортындыларды
жүйелеуді, талдап қорытуды, оқу материалын ӛздігінен жинауды және
жалпылауды, «Тарихты оқыту әдістемесі» курсы бойынша білімдерді
қолдануды, сонымен қатар, тарихи құбылыстарды талдау дағдыларын
меңгеруді жүзеге асыру керек.
108
Басқа пәндерге қарағанда тарихи құбылыстардың болжамдарын жасау,
әлемнің басқа халықтарының дәстүрлеріне, мәдениеттеріне құрмет кӛрсету
құзыреттіліктерін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттермен бірге игеруі тиіс.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша негізінен тӛмендегідей
тақырыптар қарастырылады:
1. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаттары
2. Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы және
тарихы
3. Тарихты оқытудың әдістері, құралдары, тәсілдері
4. Тарихи білім берудің құрылымы
5. Тарих сабағындағы жоспарлау
6. Тарих сабағы: классификациясы, түрлері, формасы
7. Тарихты оқытудың инновациялық
әдістері
8. Сын тұрғысынан жазу және
ойлау технологиясы
9. Жоба әдісі
10. Кейс технологиясы
11. Модульды-блоктық оқыту технологиясы
12. Тарих сабағында Интернет-технологияларын қолдану ерекшеліктері
13. Тарих сабағында оқушылардың білімдерін бағалау
14. Сыныптан тыс тарихты оқыту түрлері
15. Тарих кабинетін рәсімдеу ерекшеліктері [168, б. 523].
Кӛрсетілген тақырыптар болашақ тарих мұғалімдерінің жалпы әдістемелік
дайындығын жүзеге асыруға бағытталған деп білеміз. Оның ішінде «Мәңгілік
Ел» құндылықтарын оқыту бойынша болашақ тарих пәні мұғалімінің
дайындығын жекелеген тақырыптарды қосу арқылы күшейтуге болады.
Тарихты оқыту тәжірибесінде оқытушылардың ӛткен уақыттың барлық
жақтарын, атап айтқанда, рухани ӛмір, тұрмыс, салт-дәстүр, дін және әртүрлі
халықтардың ӛркениетке қосқан үлесі сынды салаларын түсініп, жеткізуге
деген талпыныстары байқалады. Сондықтан, тарихты оқыту «адам мен қоғам
туралы жалпы білім жүйесін құруға, социологиялық, географиялық және
психологиялық тәсілді қамтыған тарихи білім синтезін пайдалануға бағытталуы
қажет.
Түрлі әдіснамалық, теориялық, болжамдық ӛзгерістерді ӛзіндік ой-елегінен
ӛткізген кәсіби маманның тұлғасы мен білімін дамытуға сәйкесінше пәндік
білім салаларын оқу міндеті қойылуда. Сондай-ақ, тарих пәні мұғалімдерінің
«тарихты» оқумен біргі мәдениеттану, философия, әдебиет сынды ғылым
салаларын оқуға ынталарының арту себебін жалпы алғанда тарихи үдерісті
түсіну кӛпжақты білімді қажет етуінен деп түсіндіреді [177, с. 39-51].
Мектеп қабырғасындағы пәндерде оқытылатын құндылықтар бір пән
мазмұнында жүзеге асырылып қоймайды. Білімді жүйелі қалыптастыру,
дүниетанымдық идеяларды түсіну үшін пәнаралық байланыстарды орнату
маңызды. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды пайдалану жалпы тарих
курсының біртұтастығын және маңызды түсініктер мен дүниетанымдық
идеяларды меңгеруді қамтамасыз етеді
[229, б.3-4].