105
Сонымен қатар, педагогикалық үдерісте тарихты оқытудың негізгі
факторлары басшылыққа алынады:
- мемлекет
пен қоғам белгілеген мақсаттар;
- білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларында бекітілген оқу
материалдары (оқулықтар);
- оқыту үдерісінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы;
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
- оқыту нәтижелерін айқындау.
ЖОО тарихты оқыту әдістемесі пәні Отандық және жалпы тарихтың
негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға, теориялық жинақтау
мен анықтамалар қалыптастыруға кӛмектеседі. Олар тарихты оқыту мазмұнын
анықтайды.
Болашақ тарих пәні мұғалімдерін даярлау мазмұны тӛмендегідей оқу
материалдары мен тапсырмаларды қамтуы тиіс деп білеміз:
- этнопедагогика
материалдары мен факторларын;
- тарихи мағлұматтарға
сәйкес мәтінді;
- пәнаралық байланыс
материалдарын;
- хронологиялық, синхронды карталарды және
оларды жасауды;
- хабарламалар мен баяндамаларды және
оларды орындауды;
- педагогикалық ӛлшеу мен бағалауды жүзеге асыруды. Тесттік
тапсырмалармен жұмыс жасауды;
- критерийалды бағалауды орындауды;
- оқыту әдістерін: жобалау, ынтымақтастықта оқыту, т.б.
Тарихты оқыту әдістемесі педагогикалық - ғылыми пән ретінде
сипатталады, сондықтан болашақ мұғалім алдына
мынадай міндеттер қойылады
[66, б. 6]:
- теориялық сабақтарда берілген әдістемелік әдіс-тәсілдерді тиімді игеру,
оны педагогикалық тәжірибеде пайдалана білуге үйрену;
- оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру дағдылары мен
әдістерін үйрену;
- алдын-ала ӛз оқушыларын тарих ілімі арқылы ізгі ниетке баули алуға
бейімделу;
- әдістемелік курсты оқу барысында ӛзі игерген білімді тиімді пайдалана
білу;
- ӛзі жүзеге асырған оқу-тәрбиелік жұмысты ӛз бетінше талдап, ӛздігінше
жетілдіре білу т.б.
Бұл міндеттерді орындауда мұғалімге әдістемелік жұмыстың барлық
қырларын игеруі ӛте маңызды қажеттілік.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуда оқушыларға білім меңгерту ұғым
қалыптастырумен бірге жүзеге асырылады. Ұғымды қалыптастыру үдерісінде
нақты түсініктер мен образдардың ролі ескеріледі. Мысалы, «Тәуелсіз
Қазақстан» тақырыбын оқытқанда сәйкес сурет кӛрсете отырып, мұғалім
оқушыға тәуелсіздік алу жолын, азаттық жолындағы болған күрестер жӛнінде