114
дидактикалық құрылымы анықталған сабақ жобасының дұрыс, толық шығуына
септігін тигізеді [223, б. 246].
Кеңес беру лекциясы. Әртүрлі сценарий бойынша ӛткізуге болады.
Біріншісі – «сұрақ-жауап» түрі. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мектепте оқыту
бойынша лекция барысында лектор бүкіл курс бойынша немесе әрбір
құндылықты оқыту бойынша студенттердің сұрақтарына жауап береді [223, б.
245-246]. Мұндай лекцияның екінші түрі ―сұрақ-жауап-сайыс‖ болып келеді.
Лектор әрбір жаңа ақпармен, оның ішінде құндылық түрлерімен таныстыруды
сұрақ қою және қойылған сұраққа жауап іздеу мақсатында сайыс ұйымдастыру
арқылы іске асырады.
“Ми шабуылы” лекциясы. Лекцияда оқытушы студенттердің алдына
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын нәтижелі оқыту үшін шешімі табылуға тиісті
мәселені қояды. Олар әрбір құндылықты оқу пәні мазмұны бойынша оқыту
үшін дидактикалық құрылымдарды қалай анықтауға болады? Студенттер бұл
мәселені шешу үшін ӛз пікірлерін білдіріп жатады. Мұнан соң студенттердің
айтқан ойларын оқытушының кӛмегімен сарапшылар тобы талқылайды.
Студенттердің жауаптары ретінде тіркелетіні [223, б. 246-247]: әрбір
тақырыптың аясындағы тақырыпшаларды негізгі дидактикалық құрылым
ретінде алу немесе жылдар бойынша ӛзгерістерді назарға алу, фактілерді,
оқиғаларды, т.с.с. оқу элементтерін басшылыққа алу ұсынылуы мүмкін.
Аталған лекцияның негізгі ережесі - кез келген идеяны айтуға рұқсат
етіледі. Ми шабуылы кезінде идеяларды айтуды тоқтатуға, сын-пікір айтуға
болмайды. Барлық идеяларды жүргізуші жазып алады және қатысып
отырғандарға ұсынады. Шолу және қорытынды лекцияларда, жаңа материалды
проблемалық жолмен баяндауда аталған әдіс кеңінен қолданылды.
Кез келген лекцияның жалпы құрылымдық тірекшесі - тақырыпты дұрыс
қоюды ойластыру, лекция жоспарын ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған
әдебиеттерді ұсыну, содан кейін берілген жоспарды лекция барысында қатаң
сақтау.
Болашақ тарих мұғалімін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлауда лекцияның нысаны тарих ғылымы тарихында әлемдік тарихи
жағдайлардың себеп-салдарлық сипатын, әлеуметтік-саяси факторларын,
қоғамдық ӛмірдегі мәдени құндылықтардың, дәстүрлердің, әдет-ғұрып,
нормаларды, тарихи кезеңнің, оқиға мен құбылыстың адамзат ӛмірімен халық
тарихындағы мән-мағынасын ашып кӛрсету болады. Осылайша, лекциялар
тарих
ғылымының
пәндік
саласындағы
мазмұн
туралы
түсінікті
қалыптастырушы негізгі әдіс қызметін атқарады.
Лекцияның тиімділік шарттары:
1) оқытушының лекция жоспарын бӛлшекті қарастыруы;
2) оқушыларды лекция тақырыбымен, мақсатымен, міндеттерімен
таныстыруы;
3) ақпаратты логикалық жүйелі және
сабақтастықта жеткізуі;
4) лекция құрамындағы әрбір мәселеден кейін қысқаша түрде жалпылама
қорытынды жасап отыруы;