Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет56/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70

 
126 
 
 
Болашақ  тарих  мұғалімдері  берілген  тапсырма  бойынша  ӛздерінің  және 
оқытушылардың педагогикалық  үдерісті  жүзеге  асырудағы  кәсіби  іс-әрекетіне 
талдау  жүргізді.  Осының  бәрі  сайып  келгенде,  білім  алушылардың  арнайы 
кәсіби-педагогикалық  білімін,  іскерлігі  мен  дағдыларын,  педагогикалық 
үдеріске,  педагогикалық  үдерістегі  құндылық  қатынасын  және  оқу 
материалдарының құндылықтарын терең түсінуін шыңдай түсті. 
Қазақстан  Республикасы  2016-2019  жылдарға  арналған  білім  беруді 
дамытудың 
Мемлекеттік 
бағдарламасының 
негізгі 
басымдықтарында 
мұғалімнің  жеке  тұлғасы  оқушылардың  білімін  қалыптастыруда  ғана  емес, 
олардың  ӛмірлік  жағдайда  алған  білімдерін  қолдана  отырып,  құбылыстар  мен 
жағдайларды дұрыс түсіну дағдысын дамытуда және ӛзгерістерге толы дүниеде 
ӛзіндік  сенім  ұялату  сынды  құндылықтарға  тәрбиелеуде  маңызды  роль 
атқаратыны айтылған [245]. 
Болашақ  мұғалімдер  тарих  пәні  бойынша  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға 
даярлауда 
оқыту 
нәтижелері 
құндылық 
құраушыларының 
қалыптастырылғандығын  кӛруге  болады.  Себебі,  құндылық  құраушылар 
құзыреттіліктерді 
қамтиды. 
Біздің 
зерттеуімізде 
құзыреттіліктерді 
қалыптастыру негізгі мақсат болмағандықтан ол жӛнінде терең сипаттамаймыз. 
ЖОО  болашақ  тарих  мұғалімдерінің  құндылық  қатынастар  бойынша 
тӛмендегідей құраушысын қалыптастыру міндетті болып табылады. Олар: 
Құндылықтарды таңдау бойынша: құндылықтарды оқу, меңгеру бойынша 
алдына  мақсат  қояды;  жетістікке  жетуді  қалайды;  ӛзіндік  тұжырым 
қалыптастыру  үшін  әртүрлі  кӛзқарастарды  мақсатты  түрде  зерттейді;  ӛз 
кӛзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары сенім кӛрсетеді. 
Құндылықтарды  қалыптастыру  бойынша:  пәннің  оқу  материалдарына 
(тарихи,  фактілік,  т.б.)  байланысты  ӛзінің  әрекеттеріне  деген  жауапкершілікті 
ӛзіне  жүктейді;  құндылықтарды  меңгеру  мен  жүзеге  асыруда  ӛзінің 
мүмкіншіліктері  мен  шектеулерін  түсінеді;  ӛзінің  қабілеттері,  мүдделері  мен 
нанымдарына сәйкес болашаққа жоспарлар құрады. 
Құндылықтардың  әрекеттерден  кӛрінуі  бойынша:  оқуда  ӛз  бетінше  және 
дербестік  танытады;  бірлесе  жұмыс  жасауға  ынта  танытады;  дәлелді  айғақтар 
келтірілгенде ӛзінің кӛзқарасын қайта қарастырып, әрекеттерін ӛзгертуге дайын 
екендігін кӛрсетеді; салауатты ӛмір салтын ұстанған дағдыларды тұрақты түрде 
кӛрсетеді; 
ӛзінің 
нақтыланған 
әрі 
бірізді 
ӛмірлік 
ұстанымдарын 
қалыптастырады. 
Болашақ  тарих  мұғалімдеріне  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  бойынша 
тӛмендегідей педагогикалық тапсырмалар берілді. 
Тапсырма  1.  Болашақ  тарих  мұғалімдерінің  танымдық  әрекетін  арттыру 
үшін берілетін тапсырма кезеңдері. 
1.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  бойынша  объектілерді  және 
құбылыстарды салыстыру. 
2. Мақсат қою («Мәңгілік Ел» құндылықтарын түзетін оқу материалдарын 
салыстыру нәтижесінде нені білу қажет). 


 
127 
 
 
3.  Салыстыру  және  салыстыру  жоспарын  құрастыру  жүзеге  асырылатын 
белгілерді бӛліп алу. 
4.  Іріктеп  алынған  белгілердің  барлығы  бойынша  салыстырылатын 
объектілер немесе құбылыстар сипатталатын фактілерді іріктеу. 
5.  Әрбір  белгіні  талдау  негізінде  салыстырылатын  объектілердің 
арасындағы ұқсастық немесе айырмашылық сипаттарын белгілеу. 
6.  Ұқсастықтардың  немесе  айырмашылықтардың  себептерін  түсіндіру 
немесе ұқсастықтардан немесе айырмашылықтардан туындайтын салдарларды 
түсіндіру. 
Тапсырма  2.  Практикалық  іскерліктерді  қалыптастыру  үшін  берілген 
тапсырмалар. 
1.  Міндеттің  қойылуы,  іскерліктің  мәнін  ашу  –  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарында  неге  бағдар  алу  қажет,  құндылықтар  тарихын  анықтау, 
оларды түсіндіру жоспарын құрастыру, т.б. 
2.  Құндылықтарды  қалыптастыру  үшін  қажетті  білім,  іскерліктерді 
анықтау. 
3. Оқытушының құндылықты анықтауы, сипаттауы. Нәтижелерді кӛрсетуі. 
4. Оқу материалдарын талдау әрекеті тәсілдерін ӛңдеуі, қайталауы. 
5. Білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарды орындауы. 
Тапсырма  3.  Оқыту  құралымен,  оқу  материалдарымен  жұмыс  жүргізуге 
байланысты тапсырма. 
1.  Оқыған  мәтіннен  (оқу  материалынан)  қажетті  ақпаратты  табыңыз: 
объектілер,  тарихи  құбылыстар  атауы,  ұғымдар  мен  терминлердің 
тұжырымдалуы,  тарихи  үдерістің  (құбылыстың)  сипаттамасы,  олардың 
себептерін түсіндіріңіз. 
2. Сұраққа (тапсырмаға) жауап дайындау (ауызша немесе жазбаша). 
3. Жоспар құрастырыңыз және жоспар бойынша қайта айтып беріңіз. 
4. Оқулық мәліметтері бойынша салыстырыңыз. 
5.  Сілтеме  іріктеңіз  және  кӛшіріп  жазыңыз  (негізінен  қосымша 
әдебиеттерден). 
6.  Мәтін  (оқу  материалы)  бойынша  тезис  құрастырыңыз.  Мәтінді 
конспектілеңіз. 
7. Терминдер сӛздігін жазыңыз. 
Зерттеу  жұмысымыз  тарихшы  мұғалімдердің  әдістемелік  даярлығын 
қамтамасыз  етуге  бағытталғандықтан  педагогикалық  тапсырмалар  әзірленді 
және тәжірибелік жұмыс барысында пайдаланылды. 
Тапсырма  1.  Тәуелсіздік  біздің  басты  құндылығымыз.  Оқушы  тәуелсіздік 
бойынша  алдыңғы  сабақта  ӛткен  теориялық  мағлұматтарды  ӛз  дәрежесінде 
білмейтіні анықталды. Ол негізінен тӛмендегідей ұғымдар болатын: тәуелсіздік, 
әнұран,  елтаңба,  еркін  жүргізілетін  саясат,  мемлекеттер  теңдігі,  еркін 
экономикалық қатынас, халықтың еркіндігі, т.б. 
Осыған байланысты: 
1.  Білімді  білу  деңгейінде  бағалауды  Б.Блум  таксономиясы  бойынша 
анықтаңыз. Себебін, түсіндіріңіз. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау