77
Драмалау әдісі – оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйретуді
қарастырылады.
Рефераттау жүйесі әдісі. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына
дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп қарастырады.
Онда оқушы ұсынылған мақала немесе кітаптармен танысу, әдебиеттің
мазмұнынын баяндау, одан кейін түсінігі бойынша реферат даярлау, т.б.
шараларды атқарады.
Зерттеулерге сәйкес оқушыларға құндылықтарды меңгертуде тарих пәні
мұғалімдері тӛмендегідей тәсілдерді кеңінен қолданады:
- барлық назарды мәнін анықтауға бұру;
- үлгі оқиға және кітап оқыту;
- құжат және фильмдер кӛрсету;
- тарихи орындар мен музейлерді аралату;
- жекелеген тұлғалар ӛмірбаянымен жұмыс ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеу жасату;
- ӛзіндік үлгі болу [193].
Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған оқушылардың жобалау әдісі –
құндылық негізін түзетін жүйелі білімді қалыптастыруға және басқа оқу
пәндерінен алған түсініктерін кіріктіру мен тұтастық сипат беру үшін басты
әдіс болып табылады.
Оқушы іс-әрекеті. «Мәңгілік Ел» құндылықтарына сәйкес оқыту үдерісін
ұйымдастыруда оқушының тұлғалық қасиеттерін назарда ұстау керек. Мектеп
оқушысы жеке тұлғасының, мәдениетінің маңызы, құрылымы мен құрамын
талдау және оны басшылыққа алу кезінде психологтардың (С.В.Ковалевтің,
К.К.Платоновтың, А.А.Коганның, Жан Пиаженің т.б.) еңбектері басшылыққа
алынады Оқушының жеке тұлғасын зерделеуге сәйкес тӛрт қасиетін атап
кӛрсетуге болады. Олар:
1) бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығушылығы);
2) тәжірибесі (адамның даярлығы, білімі, дағдысы, іскерлігі мен әдеті);
3) психикалық үдерістері (қабылдауы, ойлауы, түйсінуі, зейіні, есі, ерік-
жігері, сезімі, эмоциясы);
4) темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық
негіздері, жасы, жеке тұлғаның жыныстық қасиеттері мен потологиялық
ӛзгерістері) [197].
Құндылықтарды оқытуда жеке тұлғаның интенсивті қалыптасуының
бастауы мектептегі оқу жылдарында ӛтеді және ол педагогтардың, әрбір
оқушыны қамтыған, жалпыға бірдей қабылданған түрлі іс-әрекеттерімен
байланысты. Осыған сәйкес құндылықтарды оқыту кӛптеген факторлардың
ықпалында және оқушы жеке тұлғасының құндылықтарды меңгеру және
жүзеге асыруы күрделі үдеріс деп қарастырылады.
Оқушы қоғамдық ӛмірге белсене қатыспайынша жеке тұлғалық дамуының
жүзеге асуы мүмкін емес. Бұған дәлел ретінде Л.Н.Коган былай деп жазады:
«жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, тарихи даму барысында ӛзгеретін қоғамдық
78
қатынастарды игеру үдерісі. Бұл меңгеру ойша жүзеге аспайды, ол
түрлендіруші іс-әрекет барысында жүзеге асады» [198, с. 35].
«Мәңгілік Ел» құндылықтарына сәйкес оқушылардың жас шамасына
байланысты құндылықтардың қалыптасқандығы – бұл жеке тұлғаның қоғамдық
мәдениет жүйесі құраушыларының нақты кӛрінісі. Оқушы құндылықтарының
жеке тұлғалық формасы оның жалпы формасының қарапайым кӛшірмесі
болмайды және болуы мүмкін де емес.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді
ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының ӛзін тану үшін және
ӛмірлік мәселелерін шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды
жүргізе алуы. Ол үшін тӛмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдырудың
маңызы зор [178, б. 92-64]:
- ӛз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге ӛзіндік
түсінік пен танымды қалыптастыру;
- ӛзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік кӛзқараспен
қарай алу;
- ӛзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу,
одан ӛзі үшін нәтиже шығару;
- ӛз біліміндегі олқылықтарын кӛре білу және оны жоюдың жолдарын
табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, ӛзіндік
шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сӛйтіп, бала ӛзін-ӛзі дамыту,
тәрбиелеу, ӛз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Ӛз ерекшелігі мен
деңгейін таниды.
Оқыту технологиясы. Оқытудың нәтижелі болуының педагогикалық
технологияларға байланыстылығы алдыңғы тарауда айтылған болатын.
Ж.Қараев педагогикалық технологияны нақты ӛмірлік тәжірибеде іске
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп біледі. Ал
күнделікті сабақ ӛткізуге арналған мұғалімнің жоспарын технология ретінде
қабылдауға болмайтынын ескертеді [98]. Педагог ғалымның ойынша (нақты
және ұғынықты болу үшін) оқу үдерісін (Опр) мынадай ӛрнекпен кӛрсетуге
болады:
Опр ═ Ы (ынта) + Тқ (танымдық қызмет) + Б (басқару). Ал мұндағы
баланың (немесе оқушының) танымдық қызметі тӛмендегідей ӛрнекпен
анықталады: Тқ═ӘБН+ОРә+Ан+Тә+ТҮЗә (Бұл жердегі ӘБН - әрекеттердің
бағдарлау негіздері, ОРә - орындау әрекеттері, Ан – аралық нәтиже, Тә -
тексеру әрекеті, ТҮЗә - түзету енгізу әрекеті).
Ӛрнектен кӛріп тұрғандай оқыту үдерісінде оқушының танымдық іс-
әрекеті басымдыққа ие және нәтиженің жоғары болуының кепілі. Оқыту
үдерісін жобалауда танымдық қызметке ықпал ететін факторларды есте ұстау
қажет. Олардың бірі - ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім
беру саласында тӛмендегідей міндеттерді шешу кӛзделіп отыр: компьютерлік
техниканы,
интернет,
компьютерлік
желі,
электрондық
және
Достарыңызбен бөлісу: |