«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
«ӨЛКЕТАНУ – КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ
ӘДЕБИ КЕҢІСТІКТІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»
Семинар-практикумының
БАҒДАРЛАМАСЫ:
31 наурыз 2016 ж.
09-00
ОКЖ қызметкерлері
Семинардың мақсаты – кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру.
9.00-9.10
|
Мақсаттары мен Міндеттері
Власова Л. В. – «Балқаш қаласы ОКЖ» КММ директоры
|
9.10- 9.40
|
Байболатова П. Б. - Ақпараттық-кітапнамалық бөлімінің басшысы.
Тақырыбы: «Кітапханадағы өлкетану жұмысы: бастамалар, әдістемелер, жетістіктер»
|
9.40-10.00
|
Мұстафина А. – Ақпараттық-кітапнамалық бөлімінің кітапнамашысы.
Тақырыбы: «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» өлкетану көрмесіне кітап-шолу
|
10.00-10.30
|
Искакова Р. Ғ. - №4 "Сырлас" кітапхана-филиалының меңгерушісі.
Тақырыбы: «Қала. Тарих. Тұлға.»
|
10.30.-10.50
|
Абилкасова М. А. - №3 кітапхана-филиалының меңгерушісі.
Тақырыбы: «Берегите природу родного края»
|
10.50-11.20
|
Пікір алмасу: «Шығармашылық пен жаңартпалар алаңы».
Өлкетану бойынша тағы қандай жұмыстар жасауға болады?
|
11.20 -12.00
|
Практикалық жұмыс:
«Өлкетану» ДБ бойынша Рабиспен жұмыс
|
«КІТАПХАНАДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫ: БАСТАМАЛАР, ӘДІСТЕМЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР»
Семинардың мақсаты – кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру. «Өлкетану өзінің туған жеріңді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді»,- деп академик Лихачев Дмитрий Сергеевич айтқан екен. Өлкетану кітапханалық қызметі - белгілі бір жер туралы ақпараттарды жинау мен таратуға бағытталған кәсіби қызметтің бір бөлігі болып табылады. Бұл қызметтің бағыты – өлкетану қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету, белгілі бір аймақ туралы ақпараттарды тарату.
Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе, туған жеріміздің саңлақтарымен өткізілген кештер мен кездесулер, танымдық сабақтар - туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін оятумен қатар, өз ата-бабаларын мақтан етуге шақырады. Балқаш қаласындағы танымал әдебиет, мәдениет, өнер иелерімен, спортшылармен таныстырудың, яғни, кіші отанға деген махаббат пен азаматтық борышты өтеуге баулудың маңызы зор. Бөлімнің алға қойған мақсаты – кітапхана пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың кешенді ақпараттық жүйесін құру, өлкетану ақпараттарының насихатталуы мен сақталуын қамтамасыз ету, жастардың бойында туған өлке тарихына деген қызығушылықты қолдау және дамыту.
Семинар барысы онлайн режимде жүргізілді. Ақпараттық-библиографиялық бөлімі ОКЖ сайтындағы «Өлкетану» бөліміне жауапты болғандықтан, өлкеге қатысты бар мәліметтермен толықтырылып отырады. Өлкетану бөлімі 4 бөлімнен тұрады:
Балқаш өңіріне арналған аңыздар
Балқаш өңіріне танымал есімдер
Мультимедиялық топтамалар
ТБД «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке»
Сол мақсатта мынандай істерді қолға алудамыз: - Өлкетану құжаттарының қорын қалыптастыру және толықтыру; - Мәліметтер және ақпараттар қорын құру (электрондық, тақырыптық папкалар, аудио-бейне және т.б.);
Электронды папкалар:
Балқаш қаласының адамдары-121 МБ
Балқаш қаласының тарихы-47 МБ,
Балхашцы афганцы -5,38 МБ
История предприятии города-124 МБ;
Қоңырат – 86 МБ;
Саяқ-16,5 МБ;
История города-3,58 МБ;
Сардарбек-92 МБ;
Попов-145 МБ;
Адамбекова Қ. - 108 МБ,
Бөкейхан Ә. - 130 МБ,
Қонаев Д. - 52,9 МБ,
Жидебай батыр - 65,4 МБ,
Жиров В. - 67,4 МБ,
Көше аттары - 61,1 МБ,
Мағауйя Хамзин - 68.0 МБ,
Милованов Федор - 26.1 МБ,
Орманбетұлы Нарманбет - 267 МБ,
Русаков М. П. - 65,7 МБ,
Қошқарбайұлы Шашубай - 77,6 МБ,
Люди Прибалхашья-1 - 61,2 МБ,
Люди прибалхашья-2 - 63,3 МБ
«Е-Книга»-637 МБ
«Е-Статьи»-52,3 МБ
- Жергілікті ақын - жазушыларға арналған кітапнамалық көрсеткіштер;
- Барлық пайдаланушыларға ақпараттық, библиографиялық және анықтамалық қызмет көрсету;
- Кітапхананың анықтамалық аппаратын жүргізу;
- Толық мәтінді ДБ қалыптастыру;
- «Заң» ДБ бойынша құқықтық ақпараттар беру;
- Анықтамаларды орындау (тақырыптық, анықтайтын, фактографиялық, статистикалық және т.б.);
- Виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;
- ОКЖ сайтындағы «Өлкетану» бөлімін мәліметтермен толықтыру;
«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкетану құжаттарының қорын сақталуы» жобасы аясында Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасында 147 кітап цифрланып, сандық түрге келтірілді. Кітаптар әрсалалы. Балқаш өңірінің ақын – жазушыларының шығармалары, Балқаш қаласының жалпы тарихы, оның ішінде: өндіріс, өнеркәсіп орындары, кен өндіру, металлургия өдірісі туралы кітаптар қамтылған.
СD-Дискі «Балқаш өңірінің әдеби мұрасы - Литературное наследие Прибалхашье» 147 кітап енгізілді.
Аралбаев Т.С
Әбілқайыр А.
Башар, Ж.
Базилев Р.Н.
Бекенова М.
Бекмағамбетов, К.
Григорьева, Т.
Григорьев, К.
Ғалыұлы Ж.
Жүнісов О.
Каукербекұлы С.
Кәрім Н.
Кәріпбаев Ә.
Қойшыманов, Т.
Мұқай І.
Надирбеков Ж. Р
Нұмұханбетов, Н.
Нұртазин, М.
Скляров Н.
Төлендинов Ж.
Кітапхана жүйесі ЭК РАБИС бағдарламасымен жүргізеді.
ББК таблицасы бойынша сөздіктер мен классификатор «тематикалық рубрика» толықтырылған. «Кітап» ЭК библиографиялық жазылымдары 2014 жылдың басынан бастап редакциялана бастады. «Кітап»; «Мақала»; «Өлкетану»; «СД»; «Мерзімді басылым»; «Экология»; «Маман» ЭК-тарына «Сирек қор», «Е-Кітап», «Е-Мақала» ЭК қосылды.
Кітапханалар арасындағы бөлініп берілген газет, журналдар жазылымы кітапханааралық «экспорт-импорт» арқылы алмастырылып тұрады. Толық тексті базын С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана мен Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасы жасайды.
Барлық кітапхана филиалдарында «Кітап»; «Мақала» электронды каталогтары толықтырылады.
«ТУЫНДЫСЫ МЕН ТАҒДЫРЫ ҰШТАСҚАН БІЗДІҢ ӨЛКЕ»
өлкетану көрмесіне кітап-шолу
Бүгін сіздерді ақпараттық библиография бөлімінде кенді өлкемізге арналып ұйымдастырылған «Туындысы мен тағдыры ұштасқан» атты кітап көрмесімен таныстырып өтейін. Көрмедегі өлкетану кітаптары үш бөлімнен тұрады:
1. Балқаш қаласының тарихы
2. Балқаш мыс зауыты
3. Балқаш өңірінің ақын-жазушыларының шығармалары.
Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттанарлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. А.С.Барковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша, «Өлкетану-бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы. Ол әртүрлі әдістері мен мазмұнына қарамастан, өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады».
Балқаш қаласының тарихы
Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 жылдар) Құжаттар мен материалдар жинағы. Қарағанды: ЖШС «Арка және К», 2007-438 с
Балқаш қаласының 70 жылдық мерейтойына арналған. Мұнда Балқаштың қалыптасуы кезең-кезеңімен баяндалады. Балқашта қандай жаңалықтар болды, не салынды осының бәрі осы кітапта бар.
Жасампаз жылдар жетістігі. Балхаш хроника событий. Составители: С.Ж.Жаксылыкова, А.Б.Исабекова, Б.С. Бейсенбаева - Караганды, Экожан, 2011-6. қазақша, орысша.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекет құрылысының негіздері Балқаш қаласының Тәуелсіздік жылдар бойынша негізгі оқиғалары мен жеткен жетістіктері жазылған. Осы кітаптан көптеген мағлұмат алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |