Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет33/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70

 
75 
 
немесе  құндылық  мағынасының  дұрыстығы  туралы  дәлелдеуге  болатын 
фактілерді жинақтаумен ынталандырылады [39; 193]. 
Оқыту  мазмұны  мен  әдістеріне  қатысты  М.И.Махмудов  ««Мазмұн-
әдістер» жүйесінде бірінші элемент жетекші болып табылғандықтан, сабақтарға 
ғылыми  негізделген  дайындық  оқып  үйренуге  жататын  білімдер  жүйесі  терең 
және  жан-жақты  талдаудан  (мұғалім  бір  сабақты  немесе  сабақтар  жүйесін 
жоспарлауға  кіріскен,  кіріспегеніне  байланысты  емес)  басталуы  керек  екенін 
тәжірибе  кӛрсетіп  отыр»  -  деп  атап  кӛрсете  келіп,  оқу  материалын  талдауды 
тӛмендегі  схема  бойынша  жүргізген  жӛн  екендігін  айтады  [194]:  а)  ұғымдық 
талдау;  ә)  логикалық;  б)  психологиялық;  в)  оқу  материалының  тәрбиелік 
маңыздылығын  талдау  және  г)  дидактикалық  талдау.  Бұл  ӛз  кезегінде  оқыту 
әдістерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. 
К.Д.Ушинский тарихи білім беруде, тарихты оқытуда оқиғаның тууы мен 
фактілерді, атаулар мен мерзімдерді айтып қоймай оларды адам ретінде танып, 
олардың  адамгершілігі  мен  ақыл-ойын  жетілдіруді  де  кӛздеу  керектігін  атап 
кӛрсетеді [195, с. 244]. 
Ғалымдардың  тұжырымдауынша  тарихи  және  логикалық  ойлау  тығыз 
байланыста  қарастырылады  (М.И.Кругляк,  И.Я.Лернер,  т.б.).  Оқушылардың 
ойын  дамытудың  негізгі  түрі  –  логикалық  тәсілдерді  игеруге  негізделген 
шәкірттердің тәжірибелік, ӛзіндік әрекеті саналады. Ондай әдістер: 
-  талдау  –  белгілі  зерделейтін  құбылысты  бӛлшектеу,  бӛліктеу  арқылы 
оқып үйрену; 
- жинақтау – бӛлшектерді, пәндерді біртұтас бірлікте, олардың арасындағы 
ӛзара байланыста оқып үйрену, себеп-салдарлық байланысты орнату; 
- салыстыру – пәннің, құбылыстың ұқсастығы мен ерекшелігін анықтау. 
Ф.П.Коровкин  «Вопросы  научно-методического  обоснования  учебника 
истории  древнего  мира  в  средней  школе»  еңбегінде  мектепте  тарих 
курстарында  оқу  материалын  іріктеуде  оқушылардың  білім  меңгеру 
ерекшелігін жаңаша шешті [196]. 
И.Я.Лернер  тарихи  ойлаудың  дамуында  логика  маңызды  рӛл  атқарады, 
бірақ  тарихи  ойлау  логикалыққа  алып  келмейді  дей  келе,  «Оқушылардың 
тарихи ойлауын қалыптастыру қажет» - деп біледі [186, с. 163]. 
Кез  келген  пәннің  оқу  материалдарын  ұғындыру  ұғымды  меңгертумен 
байланысты.  Ұғымдарды  тиімді  қалыптастыру  үшін  мынадай  әдіснамалық 
талаптарды сақтау қажет [66, б. 49]: 
1.  Ұғымды  қалыптастыру  үдерісінде  нақты  түсініктер  мен  образдардың 
ролін ескеру; 
2.  Терминдерді  алдын  ала  енгізу  мүмкіндігі  мен  оны  кейін  жүйелі  түрде 
ашу белгілерін ойластыру; 
3. Фактілерді жүйелі және ӛзара байланыста игеру, оны теориялық тұрғыда 
қорыту; 
4.  Теориялық  ұғымдарды  жекелей  емес  бұрыннан  бар  белгілермен 
байланыста оқыту. 


 
76 
 
Тарих  пәні  мазмұнында  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуда  осы 
кӛрсетілген  талаптар  басшылыққа  алынады  және  аталған  талаптар  бойынша 
болашақ  мұғалімдердің  даярлығын  қалыптастыру  үшін  педагогикалық 
тапсырмаларды құрастыруға болады. 
Тарих  пәнін  зерделеуде,  тарихи  материалдарды  оқып  үйренуде:  жеке, 
қайталанбайтын  фактілер  (оқиға);  бірнеше  рет  қайталанатын,  аналогиялық 
фактілер  (құбылыстар);  себептері  мен  нәтижелерінің  уақытына  сай  ӛзара 
байланысты 
фактілердің 
тізбегі 
(үдеріс) 
оқыту 
мазмұны 
ретінде 
қарастырылады.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуда  қазақ  жеріндегі 
оқиғалар,  құбылыстар  және  үдерістер  оқу  пәні  тақырыптарына  сәйкес 
қамтылады. 
Тарихи  фактілердің  мазмұнын  оқушы  кӛру  және  есту  сезімдері  арқылы 
қабылдайды. Тарих пәнін оқытуда фактілер туралы түсінік, ең алдымен, бірінші 
сигнал  жүйесі  арқылы  берілетін  болғандықтан  оқыту  үдерісінде кӛрнекіліктер 
ерекше  орын  алады.  Түсіндірме-иллюстрация  әдісін  қолдануда  тарихи 
материалдар  бойынша  иллюстрация,  схема,  картиналарды  кӛрсету  мұғалімнің 
әңгімесімен  қатар  қолданылады  және  олар  сандық  материалдармен 
толықтырылады. 
Мектеп  тарих  курсын,  оның  ішінде  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуда тӛмендегідей әдістер кеңінен қолданылады. 
Тарихты оқыту әдістемесін зерттеген Т.Тұрлығұл олардың педагогикалық 
тәжірибеде кездесетін мынадай бірнеше түрлерін жіктеп, сараптап кӛрсетеді: 
1.  Тарихи  материалды  ауызша  хабарлау  әдістері:  мұғалімнің  баяндауы, 
әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен сұхбаттасу әдістері; 
2.  Тарихты  кӛрнекі  құралдар  кӛмегімен  оқыту  әдістері:  бояулы  суреттер, 
оқулықтағы  иллюстрациялармен  жұмыс  жүргізу  әдістері  және  портретті, 
каррикатураны,  картаны,  экрандық  және  басқа  да  техникалық  құралдарды 
пайдалану әдістері; 
3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері: оқулықпен, 
тарихи  құжаттармен,  тарихнамалық  әдебиетпен,  кӛркем  әдебиетпен  жұмыс 
істеу  әдістері  жатқызылады  [64,  б.  131].  Аталған  әдістердің  тиімділігі  оқыту 
тарихында біршама тәжірибелік зерттеулерден ӛткен. 
Мұғалім оқушыны тарихи зерттеулердің әлеміне енгізгендей болады. 
Тарихты  оқыту  барысында  оқушылардың  санасында  нақты  бейне 
қалыптастыруға ұмтылыс жасалады. Ол үшін оқулық, картиналар мен карталар, 
т.б. кӛрнекіліктер пайдаланылады. Бұл кӛрнекілік әдісті қолдану іс-әрекеттері. 
Тарих пәнін оқытуда сұрақ және жоспар әдісі кең тараған. Олардың авторы 
пән  мұғалімі  бола  отырып,  оқушылар  үшін  үй  тапсырмасында  түрлі  жұмыс 
түрлерінде  қарастырады.  Оқыту  үдерісінде  жаңадан  іс  жүзіндегі  зертханалық 
және драмалау әдістері енгізілді. 
Зертханалық  әдіс  –  оқушылардың  тарихи  құжаттармен,  иллюстрациялық 
материалдармен  және  ғылыми  кӛпшілік  мақалалармен  дербес  жұмыс  жасауға 
үйрету жүйесін қамтиды.  


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау