Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет35/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70

 
79 
 
телекоммуникациялық  құралдарды,  электрондық  оқулықтарды  оқу  үдерісіне 
тиімді пайдалану арқылы білім сапасын кӛтеру. 
Білім  беруді  ақпараттандыру 

  бiлiм  беру  жүйесінің  барлық  қызметiне 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  енгiзу,  оны  пайдалану,  білім 
берудегі  ұлттық  моделдi  дамыту,  бiлiм  берудiң  сапасын  арттыру  және  оқыту 
мен  тәрбиелеудiң  психологиялық-педагогикалық  мақсаттарын  жүзеге  асыру 
бағытында оның мүмкiндiктерiн қолдану үдерісi [199, б. 42]. 
Л.И.Холина  және  Э.Г.Скибицкийдің  пікірінше,  білімді  ақпараттандыру  – 
бұл  білім  жүйесі  интенсивті  жұмыс  жасауы  мақсатында  қажетті  қазіргі 
ақпараттық  технологиялар  мен  телекоммуникациялар  арқылы  ақпаратты  беру 
және  білім  жүйесі  мүшелерінің  ақпаратты  жедел  алмастыру,  жедел  жинауды 
қамтамасыз  етуге,  ӛңдеуге,  жүйелеуге,  жинауға,  сақтауға  бағытталған  бір-
бірімен тығыз байланысты күрделі жүйелер кешені [200]. 
Ақпарат  технологиясы  -  ақпаратты
 
ӛңдеу  үшін  пайдаланылатын 
технологиялық
 
элементтердің,  құрылғылардың  немесе  әдістердің  жиынтығы. 
Ақпараттық технология (немесе кӛпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі 
компьютерлік  технология  негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау,  ӛндеу  және 
тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және  кибернетикалық 
тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны [201]. 
Телекоммуникация  ұғымы  грек  сӛзiнен  tele  -  қашық,  алыс  және  латын 
communication 

қарым-қатынас  сӛзiнен  алынған.  Телекоммуникация 
терминiнің қазiргi мәнiнде мәлiметтiң немесе ақпараттық қорлардың қашықтан 
берiлу 
құралдары 
түсініледі, 
олар 
оптоталшық 
және 
ғарыштық 
технологиялардың  қамтылуымен  бар  ақпараттық  технологиялық  құралдарға 
негiзделген 
қазiргi 
компьютер 
техникасының 
қолдануымен, 
яғни 
радиобайланыс,  теледидарлық,  телефон,  телеграф,  телетайптiк,  спутниктi 
байланыспен  жүзеге  асырылады  [202].  Телекоммуникация  технологиясы  -  бұл 
локальдық деңгейде (мысалыға, бір немесе бірнеше ұйым шеңберінде), сондай-
ақ  глобальді,  соның  ішінде  Интернеттің  Бүкіл  әлемдік  ақпараттық  желі 
шеңберінде пайдаланушының ақпараттық ӛзара ықпал етуін қамтамасыз ететін, 
заманауи  байланыс  құралдарын  пайдаланумен  әртүрлі  түрдегі  (символьдық, 
мәтiндiк,  график  түрiндегі,  аудио-видеоақпараттық)  ұсынылған  ақпараттарды 
тасымалдау,  аудару,  ақпараттық  алмасу,  ӛңдеу  тәсілдері,  әдістері,  амалдары 
мен құралдарының жиынтығы. 
Бiлiм 
беретiн 
мақсаттардағы 
телекоммуникациялық 
технология 
құралдарын  қолданудың  тӛмендегідей  түрлерін  атап  кӛрсетуге  болады,  олар: 
видеоконференция,  электрондық  пошта,  электрондық  конференциялар  (text-
based  conferencing),  электрондық  пiкiрталастар  (text-based  discussions),  факс, 
кабелдiк теледидар (cable TV), интербелсенді ТД (iTV). 
Телекоммуникация  құралдарының  мүмкiндiктерiн  пайдалану  бойынша 
оқушылардың іс-әрекетінің үш негiзгi бағыты қарастырылады: 
-  байланыстардың  электрондық  құралдары  арқылы  қарым-қатынас 
(электрондық  пошта,  электрондық  конференциялар  және  пiкiрталас,  тарату 
тiзiмдерi, видеоконференциялар, факс); 


 
80 
 
- CD-ROM-ғы, кабелдiк немесе интерактивті ТД ақпараттарға, Интернеттің 
ақпараттық қорларына қашықтықтан (дистанциялық) қолжетімділік
-  басқа  тұтынушылардың  пайдалануына  арналған  ақпараттық  қорларды 
жасау (интернет, CD-ROM немесе интербелсенді ТД арқылы). 
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан қашықтықтан оқыту технологиясын 
негізгі үш топқа бӛледі: 
-  аудиокӛрнекі  құралдар  (баспа  материалдары,  аудиокассеталар,  бейне 
кассеталар, бейне дискілер); 
- компьютерлік оқыту құралдары (компьютерлік ӛзін оқыту бағдарламасы, 
электрондық  оқулықтар,  модельдер,  интерактивтік  бейне  бағдарламалар  мен 
мультимедиа); 
-  телекоммуникациялар  жүйесі  (телеконференция,  электрондық  пошта, 
бейнемәтін,  интерактивтік  мәліметтер  базасының  кестесінде  жұмыс  істеу) 
[203]. 
Мектептің  ӛзінде,  орта  бiлiм  беру  жүйесiн  ақпараттандырудың 
мемлекеттiк  бағдарламасының  негiзгi  бағыттарының  бiрi  –  оқыту  үдерісiн 
ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын 
электрондық нұсқаға аудару жүзеге асырылуда. 
Электрондық  оқулықтың  мазмұны  оқушының  интеллектiлiк  ойлау 
қабiлетiн  дамытуға  бағытталады  және  оның  мынадай  қасиеттерi  бар: 
жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық кӛркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б. 
Пәндер,  оның  ішінде  тарих  пәні  бойынша  электрондық  оқулықтар  ара 
қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру 
үшiн қолданылады. 
Қазіргі  уақытқа  дейiн  бақылаушы,  жаттықтырушы,  модельдеушi, 
дидактикалық  ойындар  сияқты  қолданбалы  бағдарламалар  қолданылып  келдi. 
Бұл  бағдарламалар  оқушының  ӛздiгiнен  оқып-үйренуiне  және  ӛзiндiк  жұмыс 
жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi 
 
[202, с. 61-74]. 
Электрондық оқулықтарда оның мәтiндiк ақпараттына қарағанда графиктiк 
ақпараты  кӛбiрек  қамтылады,  себебi  ол  оқушының  ақпаратты  тез,  әрi  кӛрнекi 
түрде қабылдауына жағдай жасайды. 
Қазақстан  тарихын  оқытуда  электрондық  оқулықтарды  пайдалану 
оқушылардың оқу белсенділігін арттырады, оқу материалдарын түсіну деңгейін 
жоғарылатып,  білім  беру  сапасы  мен  білім  сапасының  артуына  ӛзіндік  ықпал 
етеді. 
Оқыту  нәтижесі.  Мектеп  тарих  курсын  оқуда  оқушыларда  тарихи 
түсініктердің үш түрі қалыптасады, олар: 
-  қоғамның  барлық  жағын  қамтитын  ӛткен  фактілер:  материалдық  ӛмір 
туралы  (еңбек  құралы,  шаруашылық  салалары  т.б.);  әлеуметтік-саяси  ӛмір 
(әртүрлі  топтар,  мемлекеттік  құрылыс);  тарихи  қайраткерлер  (қолбасшы, 
мемлекет билеушілері т.б.); тарихи-мәдени (халық тұрмысы, ӛнер т.б.); 
-  тарихи  уақыт  туралы  (белгілі  бір  кезеңдегі  тарихи  факт,  оның  ұзақтығы 
т.б.); 
- тарихи кеңістік туралы түсінік (нақты жерде жүзеге асқан тарихи оқиға). 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау