Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет31/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70

 
70 
 
кӛре  бастады.  Оқулықтар  педагогикалық  талаптарға  сай  болуы  да 
қарастырылды. Оқулықтар: тарихи ойлаудың танымдық әрекеттерінің артуына, 
белсенділік  пен  дербестіктің  дамуына;  мәліметтердің  мол  болуына; 
оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерінің артуына; оқу материалының 
түсінікті  жазылуын  қамтамасыз  етуге;  әдеби  және  ғылыми  құндылықтардың 
ерекшеленуіне;  түрлі  тарихи  деректермен  кеңейтілуіне  себепкер  болуы  керек 
[187]. 
ХХ ғасырдың 90-жылдары жарық кӛрген Қазақстан тарихы пәні бойынша 
оқулықтарда  жіберілген  кемшіліктерді  Б.К.Абдугулова  ӛзінің  ғылыми-зерттеу 
еңбегінде атап кӛрсетеді [80, б. 86-92], олар: 
- оқулықтардың мазмұнында оқушылардың ӛзіндік мәліметтерді талдауға, 
қорытынды  жасауға,  ізденуге  жетелейтін  тапсырмалар  жеткіліксіздігі 
(Қазақстан  тарихы.  Орта  мектептің  8-сыныбына  арналған  оқулық  /  Д.Бабаев. 
Алматы: Рауан, 1992. 176 б.); 
-  оқулықтарда  кездесетін  кейбір ұғымдарға, терминдерге  анықтама  беруді 
қажет етеді; жалпы тарихпен байланыстыратын кестелер жоқ; тақырыптардағы 
негізгі  мәтін  кӛлемі  біркелкі  емес  (Қазақстан  тарихы  (ХVІІІғ.-1914ж.).  Орта 
мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Ж.Қасымбаев. – Алматы: Рауан, 1993. 
192 б.). 
- оқыту мазмұнында схемалар, кестелер мүлдем жоқ; тақырыптар бойынша 
оқу материалдарының кӛлемі біркелкі емес; оқыту мазмұнын тапсырмалармен 
жетілдіру  қажет  (Қазақстан  тарихы.  Орта  мектептің  11-сыныбына  арналған 
оқулық  /  К.Нұрпейсов,  Б.Аяғанов,  Н.Жақсылықов.  –  Алматы:  Рауан,  1993. 
163б.). 
Сонымен  қатар,  Б.Абдугулова  Қазақстан  тарихы  пәні  бойынша  жазылған 
оқулықтар  мазмұнына  ақпараттық  баспа  құралдарында  жарық  кӛрген  сын-
ескертпелерді,  ұсыныстарды  дәйекті  сӛз  тіркестерін  келтіре  отырып  ӛзінің 
зерттеуінде баяндайды. 
Кейінгі  буын  тарих  пәні  бойынша  оқулықтарда  кемшіліктер  түзетілген 
және  мазмұны  жетілдірілген.  Сонымен  қатар,  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары 
бойынша оқу материалдары қамтылған. 
Республикамызда  жалпы  білім  беретін  мектептің  5-9-сыныптарына 
арналған  «Адам  және  қоғам»  білім  саласы  пәндерінің  оқу  бағдарламасында 
оқыту  мазмұны  қарастырылған  [188].  Оның  ішінде  «Қазақстан  тарихы»  пәні 
«Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын оқытудың ӛзегін құрайды. 
Тарих пәні  мұғалімінің оқытатын  пәнінің бірі  -  «Дүниежүзі  тарихы».  Бұл 
пәнді  оқытудың  мақсаты:  оқушыларды  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі 
адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі 
білім негіздерін қалыптастыру. 
«Дүниежүзі  тарихын»  оқыту  барысында  тӛмендегідей  пәндермен 
пәнаралық  байланыс  жүзеге  асырылатыны  кӛрсетілген:  Қазақстан  тарихы, 
география, әдебиет, қазақ, орыс, шет тілдері, химия және физика, математика. 


 
71 
 
Орта  мектепте  оқытылатын  «Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәні  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарын  оқытуға  да  бағдарланғандығын  кӛруге  болады.  Пәнді  оқыту 
міндеттері тӛмендегідей [188, б. 4]: 
- қазіргі қоғам мен адам ӛміріндегі қоғамдық ғылымның рӛлін анықтау; 
- оқушылардың бойында әлемнің ғылыми картинасын қалыптастыру;  
-  адам  және  адам  ӛмірінің  жоғары  құндылықтар  болып  табылатынын 
түсіндіру; 
- гуманизм, этика, бостандық, демократия, әлеуметтік прогресс пен рухани 
құндылықтар идеалдары арасындағы ӛзара байланысты анықтау; 
-  адам  құқықтары  мен  жалпы  ұстанымдарын  білуге,  оған  баға  беруге 
үйрету; 
-  азаматтылықты,  отансүйгіштікті,  жауапкершілік  пен  түрлі  ұлттар  мен 
халықтарға деген сыйластық кӛзқарасты қалыптастыру; 
-  этникалық  және  жеке  тұлғалар  арасындағы  қатынастарда  тӛзімділікті 
сақтау; 
- қоғамдық даму заңдылықтарын білу негізінде құқықтық сауаттылық пен 
мәдениеттілікке тәрбиелеу; 
-  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңын,  кодексін  және  басқа  да 
заңнамалық актілерін білу; 
-  ғылыми,  құқықтық  терминологияны  түсіну,  терминдерді  қолдана  білуге 
үйрету; 
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту; 
- оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы мен пікірталасқа 
қатысу қабілетін дамыту; 
- жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби 
бағдар туралы түсінігін дамыту. 
Орта мектепте оқытылатын пәндер «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға 
мүмкіндік  береді  деп  білеміз.  Олардың  мазмұнын  талдау  құндылықтарды 
оқушыларға  меңгертуді  қамтыған.  Біздер  мектептегі  тарих  пәнінің 
оқулықтарын және олардың қамтитын негізгі бӛлімдерін кӛрсетеміз. 
1.  Артықбаев  Ж.О.,  Сабданбекова  Ә.Ә.,  Әбіл  Е.А.  Қазақстан  тарихынан 
әңгімелер: Жалпы білім беретін мектептің 5 - сыныбына арналған оқулық [74]. 
Қамтылған  бӛлім  атаулары:  «Тарих  әлемі»,  «Тарихқа  саяхат»,  «Ғажайыптар 
әлемі», «ХХ ғасырдағы Қазақстан», «Бесінші бӛлім. Тәуелсіз Қазақстан». 
2. Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6 - сыныбына 
арналған  оқулық  [76].  Оқулық  мазмұны  қамтыған  бӛлімдер  мен  тараулар: 
Ежелгі  адамдардың  ӛмірі:  Қазақстан  аумағындағы  тас  дәуірі,  Қола  дәуіріндегі 
Қазақстан;  Ерте  темір  дәуіріндегі  Қазақстан:Кӛшпелі  мал  шаруашылығы  – 
тіршіліктің  қайнар  кӛзі,  Ерте  темір  дәуіріндегі  тайпалық  –  мемлекеттілік 
құрылымдардың  қалыптаса  бастауы,  Ерте  темір  дәуіріндегі  сақ  кезеңінің 
мәдениеті  (Қазақстан  ӛңірлері),  Қазақстан  аумағындағы  алғашқы  мемлекеттік 
бірлестіктер;  Қазақстан  кӛшпелілерінің  мәдени  жетістіктері:  Дін  және 
мәдениет. 


 
72 
 
3. Садықов Т.С., Жолдасбаев С. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы: Жалпы 
білім  беретін  мектептің  7  -  сыныбына  арналған  оқулық  [189].  Оқулықта 
қамтылған  бӛлімдер  мен  тақырыптар:  Ерте  орта  ғасырдағы  Қазақстан:  Ерте 
ортағасырдағы  мемлекеттер  (VI-IX  ғ.),  VI-IX  ғасырдағы  отырықшы  және 
жартылай  кӛшпелі  мәдениет;  Дамыған  орта  ғасырдағы  Қазақстан:  Дамыған 
орта ғасырдағы мемлекеттер (X-XIII ғ.), Ұлы Жібек жолы, ІХ ғасырдың екінші 
жартысы – ХІІІ ғасырдың басындағы, XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы 
Қазақстан,  Қазақ  халқының  қалыптасуы,  Қазақстанның  ХІV-XV  ғасырдағы 
мәдениеті;  Кейінгі  орта  ғасырдағы  Қазақстан:  Біртұтас  қазақ  мемлекетінің 
құрылуы,  Қазақ  хандығының  ХVІ-XVІІ  ғасырдағы  дамуы,  Қазақ  мемлекетінің 
ХVІ-XVІІ  ғасырдағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы,  Қазақстанның  ХVІ-
XVІІ ғасырдағы мәдениеті,  
4.  Аяған  Б.Ғ.,  Шәймерденова  М.Ж.  Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы: 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  9-сыныбына  арналған  оқулық  [71].  Оқулықта 
қарастырылған  бӛлімдер:  Қазақстан  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  және  1916 
жылғы  кӛтеріліс  жылдарында;  Қазақстан  тоталитарлық  жүйенің  алғашқы 
жылдарында;  Қазақстан  Кеңес  Одағының  құрамында  (1921-1991);  Тәуелсіз 
Қазақстан.  
5.  Жолдасбаев  С.  Қазақстан  тарихы:  Жалпы  білім  беретін  мектептің 
жаратылыстану-математика  бағытындағы  10-сыныбына  арналған  оқулық  [72]. 
Тӛмендегідей  тараулар  оқулық  мазмұнында  қарастырылған:  Тас  дәуіріндегі 
Қазақстан;  Қола  дәуіріндегі  Қазақстан;  Темір  дәуіріндегі  Қазақстан;  Қазақ 
халқының қалыптасуы; Кӛшпелілер ӛркениеті; Қазақстанда мемлекеттің пайда 
болуы  және  дамуы;  Кӛшпелілердің  рухани  мәдениеті.  Қазақ  даласының 
даналары; Қазақстан Ресей империясының құрамында.  
6. Тұрлығұл Т., т.б. Қазақстан тарихы (Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми 
мәселелері):  Жалпы  білім  беретін  мектептің  жаратылыстану-математика 
бағытындағы  11-сыныбына  арналған  оқулық  [77].  Бұл  оқулықта  авторлар 
тӛмендегідей  тараулардың  мазмұнын  ашқан:  Қазақ  халқының  XVII-XX 
ғасырлардағы  ұлт-азаттық,  тәуелсіздік  жолындағы  қаһармандық  күресі;  XX 
ғасыр  басындағы  Қазақстандағы  саяси  партиялар  мен  ағымдар;  XX  ғасырдың 
20-30- жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-
саяси,  мәдени  жағдайы;  Қазақ  халқының  этнографиясы;  Кеңес  дәуірінің 
алғашқы  кезеңіндегі  этнодемографиялық  ахуал;  Қазақстан  коммунистік 
партиясы  мен  комсомол  тарихынан;  Қазақ  диаспорасы;  Тәуелсіз  Қазақстан 
Республикасы (1991-2011) . 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  оқулықтардың  бӛлімдері  мен 
тарауларын  зерделеу  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  мазмұнын  толық  қамтиды 
деп айтуға болады. Олардың мазмұнын тӛмендегідей кӛрсетуге болады: 
- Еліміздің тәуелсіздігі және оның Астанасы; 
-  ӛмір  сүріп  отырған  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен 
келісімнің мәні мен маңызын; 
- еліміздің зайырлы қоғамда және жоғары руханият жағдайында ӛмір сүру 
жағдайын; 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау