Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет36/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70

 
81 
 
Фактілерді  оқу  барысында  оқушылардың  санасында  тарихи  ұғымдардың 
белгілі бір жүйесі қалыптасады. Бұл жӛнінде тарих пәні мұғалімінің даярлығы 
жоғары оқу орнында қарастырылады. 
Тарих  пәні  мұғалімі  жалпы  білім  беретін  мектепте  негізінен  үш  пәнді 
оқыту  мүмкіндігі  бар.  Олар:  «Қазақстан  тарихы»,  «Дүние  жүзі  тарихы»  және 
«Адам.  Қоғам.  Құқық».  Аталған  пәндер  бойынша  теориялық  мағлұматтардан 
бӛлек  оқушылар  меңгеруі  тиіс  іс-әрекеттер  мен  тұлғалық  нәтижелерді  кӛруге 
болады (қосымша А. 2, 3, 4-кестелер). 
Пәнді  оқытудың  соңғы  нәтижесінен  басқа,  жеке  тұлғаны  оқытуда 
тӛмендегі құндылықтардың болуы қажет: 
-  белсенді  қарым–қатынас:  оқушы  мен  мұғалімнің  әрбір  мәселеде  ӛз 
кӛзқарастарын білдіріп отыруы; 
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам 
алдындағы жауапкершілігінің болуы;  
-  ӛзіндік  тәртіп:  ӛзіндік  бақылау  мен  бағалауды,  шешім  қабылдауды 
үйрену және оны дамыту
-  шыдамдылық:  әр  түрлі  пікірлерді  қабылдай  алу,  бір–бірінің  пікірлері 
мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. 
Қазіргі білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін білім меңгеру деңгейімен 
сәйкес қарастырады. Солардың бірі ретінде Б.Блумның таксономиясы бойынша 
білім меңгеру деңгейлері алынған [171, б. 115; 204]. Олар: 
1. Білу; 2. Түсіну; 3. Қолдану; 4. Талдау; 5. Бағалау. 6. Жинақтау. 
Жоғарыда  аталған  еңбектерде  білім  меңгеру  деңгейлері  бойынша 
критерийлер жасалған. Бізді деңгейлер бойынша білім алушылардың теориялық 
мағлұматтарды меңгерулері қызықтырады. 
1.  Білу  (бiлiм)  деңгейі  бойынша  білім  алушылар:  қолданыстағы 
терминдердi,  нақты  фактілерді,  әдiс-тәсілдерді,  негiзгi  ұғымдарды,  ережелер 
мен қағидаларды, т.с.с. есте сақтайды және еске түсіреді. 
2.  Түсiну  деңгейі  бойынша  білім  алушылар:  фактілерді,  ережелер  мен 
тәсілдерді  түсiнедi,  сӛздiк  материалдарды,  схемаларды,  графиктерді, 
диаграммаларды  түсiндiреді  және  оларды  математикалық  ӛрнектерге 
түрлендіреді,  бар  мәлiметтерден  туындайтын  себеп-салдарлық  байланыстарды 
дұрыс мазмұндайды. 
3.  Қолдану  деңгейі  бойынша  білім  алушылар:  ұғымдар  мен  қағидаларды 
жаңа  жағдаяттарда  пайдаланады,  заңдарды,  теорияларды  нақты  практикалық 
жағдаяттарда  қолданады,  әдiс-тәсілдердің,  т.б.  дұрыс  қолданылуын  жазып 
кӛрсетедi. 
4.  Талдау  деңгейі  бойынша  білім  алушылар:  оқу  материалындағы 
жасырынды,  айқын  емес  болжамдарды  анықтайды,  пiкiрлер  логикасындағы 
қателіктер  мен  кемшіліктерді  кӛрсетедi;  айғақтармен  және  салдарлардың 
арасындағы  ӛзгешелікті  жүзеге  асырады,  оқу  материалындағы  мәлiметтердiң 
маңыздылығын, т.б. бағалайды. 
5. Бағалау деңгейі бойынша білім алушылар: оқу материалының логикалық 
тұрғыдан  құрылымын  жазба  түрiнде  бағалайды,  бар  мәліметтерге 


 
82 
 
қорытындылардың  сәйкестігін  бағалайды,  ішкі  белгілерге  негіздей  отырып 
құбылыстар мен іс-әрекет ӛнімінің мәнін бағалайды. 
6.  Жинақтау  деңгейі  бойынша  білім  алушылар:  кішігірім  шығарма 
үлгілерін  жазады,  эксперимент  жүргізудің  жоспарын  әзірлейді,  әртүрлі  пән 
білімдерін  осы  немесе  басқа  қандай  да  бір  мәселені,  т.б.  шешу  жоспарын 
құрастыру үшін пайдаланады, кесте толтырады, т.б. 
Осы  аталған  деңгейлердің  ішінен  бізді  қызықтыратыны  және  білім 
меңгертуде жоғары деңгей үшін негіз болып табылатыны – түсіну деңгейі. 
1. Түсіну деңгейінің топтары: 
1)  Түсіндірме.  Оқушылар  қарым-қатынас  барысында  негiзгi  идеяларды 
анықтайды және олардың ӛзара байланыстарын келтіреді; 
2) Аударма. Оқушылар берілген  тапсырманың мағынасын сақтай отырып 
басқа жүйеге түрлендіреді. 
3)  Мысалдар.  Оқушылар  мәлiметтi  дұрыс  түсiнгендiктi  кӛрсету  үшін 
практикадан алынған фактілерге жүгінеді, соларды келтіреді. 
4)  Анықтамалар.  Оқушылар  ӛзіндік  тұрғыдан  ұғым  немесе  құбылыстың 
анықтамасын түсінікті сӛздермен құрастырады. 
2. Тапсырма түрлері: 
1)  «...  салыстырыңыз»,  «...  айырмашылығын  кӛрсетіңіз»  тапсырмаларына, 
«Қалай?», «Неліктен?» сұрақтарына жауап беру. 
2)  «Суретті  сипаттаңыз»,  «Кестеге  салыңыз  (түсіріңіз)»,  «Графикті 
оқыңыз» тапсырмалары. 
3) «Мысал келтіріңіз» тапсырмасы. 
4)  «Анықтамаға  тұжырым  жасаңыз»,  «Ӛз  пікіріңізді  білдіріңіз»,  «Ӛз 
сӛзіңізбен баяндаңыз» тапсырмалары. 
3. Нәтиже: 
1) Егер оқушы оқу материалдарын түсінген болса, екі объектіні салыстыра 
алады, оларға атау немесе түсінік береді; 
2) Егер оқушы оқу материалдарын түсінген болса, онда тапсырманың мәні 
мен мағынасын ӛзгертпестен, басқа формаға ауыстырып дәлелдейді
3) Егер оқушы оқу материалдарын түсінген болса, мысалдарды күнделікті 
ӛмірден келтіре алады; 
4)  Егер  оқушы  оқу  материалдарын  түсінген  болса,  ережені  немесе 
анықтаманы ӛз сӛзімен құрастырады. 
Жоғарыдағы  еңбектерді  оқып  үйрене  отырып,  оқу-тәрбие  ісінде  кең 
қолдану  нәтижесінде  оқушыларға  құндылықтарды  оқытудың  мынадай  жүйесі 
құрылады: 
1.  Құндылықтар  –  елдіктің  болмысы,  болашақтың  бағдары.  Рухани 
құндылықтарды сезіну, оларды сақтау ережесін санасына сіңіру, қалыптастыру. 
2. Оқушының ӛзін-ӛзі құрметтеуі. Ӛзіне-ӛзі бaғa беру, ӛзін-ӛзі құрметтеу, 
ӛз ӛміріне, құндылықтaрға жaңашa кӛзқaрасын қaлыптастыру. 
3. Ӛз құқығы мен оқу, еңбек тәртібін сaқтaу. Оқушы ӛмірдегі ӛзінің орнын, 
мектептегі, қоғамдағы ӛз құқығын қорғай білу, қоғaмдық тәртіпті сақтай біліп, 


 
83 
 
жaқсылыққа,  жaқсы  мінез-құлыққa  тәрбиелену,  жaуaпкершілікке,  шешім 
қaбылдaуғa үйрену. 
4.  Қоғамдық-әлеуметтік  жағдайдың  ӛзгеруіне  зейін  аударып,  іс-әрекетін 
түзету. Оқу, еңбек етудің әдіс-тәсілін, дағдысын қалыптастыру. 
5.  Логикалық  тәсілдерді  (ойлayын)  дамыту  арқылы  оқушының  ӛз  бойына 
игі қасиеттерін қалыптастыру, әлемдік, ұлттық мәдениетке, жалпы адамзаттық, 
«Мәңгілік Ел» құндылықтары арқылы жетуге талпыну. 
6. 
Шығармашылық 
іс-әрекетін 
арттыру 
үшін 
рухани 
қазына 
құндылығының деңгейін бағалау. 
Оқушыларға 
«Мәңгілік 
Ел» 
қҧндылықтарын 
оқытудың 
психологиялық негізі. 
Әдіснаманың  философиялық  деңгейінде  материалистік  диалектика 
кӛзқарасы тұрғысынан іс-әрекет жеке тұлғаны дамытудың негізі, құралы және 
шешуші  шарты  екені  белгіленген.  Бұл  факт  педагогикалық  зерттеулерде  және 
практикада  іс-әрекеттік  тәсілді  жүзеге  асыру  қажеттілігімен  үйлестіріледі.  Іс-
әрекет  –  бұл  адамның  қоршаған  ортаны  түрлендіруі.  Еңбек  мұндай 
түрлендірудің  бастапқы  формасы.  Адамның  материалдық  және  рухани  іс-
әрекетінің  барлық  түрлері  еңбектің  туындысы  және  қоршаған  әлемді 
шығармашылықпен түрлендіру оның басты белгісі. Адам табиғатты түрлендіру 
арқылы ӛзін де түрлендіреді және ӛзін дамытушы субъект ретінде таниды [180, 
с. 46]. 
Заманауи  психологияда  адам  психикасын  қалыптастырудағы  іс-әрекеттің 
рӛлі жоғары екендігіне мән берілген. Атап айтқанда: 

жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  іс-әрекеттің  жетекші  рӛлі 
(С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев); 
-  сыртқы  әрекеттің  ішкі  психикалық  жоспарға  интериоризациясы 
(Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин); 
-  ақыл-ой  әрекетін  кезеңдеп  қалыптастыру,  танымдық  іс-әрекетті  басқару 
(П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина), т.б. 
Оқушыларға  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту  мәселесін  шешу  үшін 
іс-әрекет теориясының әдіснамалық мәні ұғынықты бола түседі. 
Оқу жұмыстарын ұйымдастыруда іс-әрекет теориясы мен іс-әрекет тұғыры 
басшылыққа  алынады.  Іс-әрекеттік  тәсіл  әрекетті  талдау  немесе  стимул  мен 
реакция  арқылы  емес,  іс-әрекет  тілінде:  әрекет,  мотив,  мақсат,  операция, 
зерттеу заттарында және т.б. жүргізеді [205,б. 12]. 
Психологиялық  еңбектерде:  «іс-әрекет  –  бұл  реакция  және  оның 
жиынтығы емес  - ӛз  дамуы,  ӛзінің  ішкі  алмасуы  мен айналуы,  құрылымы  бар 
жүйе»  [205,  б.  22]  ретінде  қарастырылады.  Іс-әрекет  ұғымы  мотив  ұғымымен 
байланысты. Іс-әрекеттер мотивсіз болмайды; «дәлелденбеген» іс-әрекет – бұл 
мотивтен  айырылған  іс-әрекет  емес,  субъективті  және  объективті  жасырын 
мотиві бар іс-әрекет болып табылады [205,б. 34]. 
Кез  келген  іс-әрекеттің  ӛзінің  психологиялық  құрылымы  болады,  яғни 
олар: мотиві, мақсаты, әрекеті (операциясы), шарты мен құралы, нәтижесі. Егер 
іс-әрекеттік  тәсілді  жүзеге  асыруға  ұмтылып,  оқушының  іс-әрекетін  оны 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау