Болашақ музыка маманының шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық іс әрекеті



жүктеу 78,8 Kb.
Дата08.02.2018
өлшемі78,8 Kb.
#9100

Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің оқытушысы Мұзапбарова Қалия Шамшиевна.

Болашақ музыка маманының шығармашылық қабілетін дамытудағы оқытушының педагогикалық іс - әрекеті.
Қазіргі заманнын талаптарына сай қоғамымыздын көптеген салаларынын өзгеруіне, дәлірек айтсақ өсіп жетілуіне байланысты мамандардың өз ісін жетік білетін және кәсіби біліктілігі жоғары болуы керек.

Білім беру тәрбиесі үнемі жаңарып, өзгеріп отырып сапалы болуы керек. Оқытушылардын педагогикалық үйрету іс - әрекеттеріне ерекше талап қойылады.

Оқытушының іс - әрекеті - сол оқушыны ұрпақтан ұрпаққа тарайтын адамзат мәдениеті мен тәжірибесін беруге, ол оқушының қоғамда қандай да бір іс - әрекет атқаруына, оның тұлға болып қалыптасуына бағытталған ерекше бір - іс - әрекет. Әлеуметтік - педагогикалық шындықты әрлендірудегі оқытушының белсенділігінің бірі - педагогикалық іс - әрекеті.

Педагогикалық іс - әрекетті бағдарлауға, басқаруға, құрастырып бейнелеуге болады. Бұл амалдардың барлығы да оқытушының белгілі бір іс - қимылының әрекеті болып табылады. Оқытушы студентпен тығыз қарым - қатынаста дәріс бере отырып, ол оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, үлкен ғылым әлемімен байланыстыра отырып оның дамуына, әс - әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына тікелей ықпал етеді. Қай саланың болмасын өз ісін жете меңгерген шебері болады. Бұл - кәсіби іс әрекетке жатады. Оның алуан түрлері бар. Ол мамандыққа байланысты функцияларды орындау үшін керекті білім, біліктілік, дағды жүйесін талап етеді. Жоғарғы кәсіби деңгейге және оның нәтижелеріне жету үшін теориялық және практикалық білім алу арқылы, өзбетімен білімін көтеру және тереңдету арқылы адам бұл білім мен білікті меңгереді.

Оқытушының іс әрекеті - кәсіби іс - әрекеттің бір түрі, оның мазмұны оқыту, тәрбиелеу, дамыту.Кәсіби педагогикалық іс - әрекеттерді төмендегідей сипаттаймыз:

А. Іс - әрекетпен арнайы білім мен біліктілігі бар адам ғана шұғылданады.

Ә. Іс - әрекетті жүзеге асырудың түрлері - сабақ, сынып.

Б. Іс - әрекет белгілі бір мақсатты көздейді; оқушыға білім жүйесін беру, білім мен білікті қалыптастыру, тәрбиелеу, оқушының шығармашылық қабілетін, ынтасын, ойын, зейінін т.б дамыту.

В. Іс - әрекет мақсаты көбіне оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын анықтайды.

Г. Іс - әрекеттің ерекше сипатын түсінуде оқытушымен ерекше қарым - қатынаста болады.

Д. Іс - әрекеттің нәтижелері -- оқытушының оқытқан баласының білімі мен білік деңгейі.

Педагогикалық іс - әрекеттің маңызды мәселесінің бірі оның бірлескен сипаты. Оқытушы өзінің мақсатын, іс - әрекетін оқушының білімі мен тәрбие деңгейімен ұштастыра отыру негізінде өз ара түсіністік пайда болады. Осы әрекетте коммуникативтік қабілет өзара түсіністік орнатуға және бірлескен іс - әрекет үшін жәйлы жағдай жасауға бағытталады.Оқу орындарында студенттер білік пен дағдыны негізінен аудиторияда музыкалық аспапты оқу барысында меңгереді.Музыка пәнінің мұғалімінің жалпы гуманитарлық жақтарынан басқа өзіндік ерекшеліктері әртүрлі орындаушылық, музыкалық іс - әрекеттермен де анықталады. Сабақ барысында музыка мұғалімі орындаушы - аспапшы да, вокалшы да, дирижер да, теоретик те, музыкалық тарихшы - насихатшы да болады. Жалпы музыка пәнінің оқытушысының шығармашылық іс - әрекеті музыкамен және жалпыпедагогикамен тығыз байланысты.Келешек музыка оқытушысының барлық іс - әрекет жүйесі педагогикалық міндеттерді талдауға және педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуге даярлығын қалыптастыруға, оқу процесін жақсартуға және жетілдіруге ықпал етуі тиіс.

Қазіргі кездегі оқыту тәжрибесі студенттердің шығармашылық дамуына, өзіндік ойлауын қалыптастыруға жеткілікті ықпал ете қоймайды. Ол көпшілік жағдайда оқытудың репродуктивтік әдістеріне бағытталады. Пайдаланылып жүрген әдістер мен тәсілдердің тиімділігі аз, үйткені ол студенттерді интеллектуалдық және эмоционалдық тұрғыдан жеткіліксіз дамытады, олардың белсенділігі мен дербестігіне қарқын бере алмайды, музыкалық және шығармашылық қабілетін дамытуға жеткіліксіз ықпал етеді.

Көптеген музыкант – педагогтардың пікірінше заманауи музыкалық оқытуда оқушылардың қабілетін жаттықтыру басымдық алады. Оқу жылы бойы бағдарлама бойынша оқытылған бірнеше шығарманы жаттау, дыбыс бойынша жұмыс істеу, ансамбльде ойнау, шығармашылықпен шұғылдану сияқты іс-әрекет түрлерімен шұғылдануға уақыт қалмайды. Мұғалім тек музыкалық аспаппен ғана жұмыс істеумен шектеліп қалмауы керек. Бірақ кей жағдайларда студенттердің музыкалық ойлауын дамытуға көңіл аз бөлінеді де, соның салдарынан орындаушылық ой-өрісінің дамуы тежеледі.

Ғылымның дәлелдегеніндей, көбінесе қозғалу және көру дағдылары тез және оңай қалыптасады. Музыкалық білім берудің заманауи әдістемесінде «көремін-естимін-ойнаймын» деген қағида қалыптасқан.

Орындаушылық іс- әрекеттің міндеттері мыналарды қарастырады: аспапта әртүрлі стильдегі шығармаларды орындау білігі; нотаның мәтінін оқу және өзінің орындаушылық тәжірибесінің негізінде музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін ашу білігі; музыкалық шығармамен өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; мектеп бағдарламасына енген репертуардың орындалу ерекшеліктерін білу.

Кез-келген аспапта ойнау өнері көркем бейне мен техникалық шеберліктің бірлігіне негізделеді, ол музыкантқа тыңдаушыға өзінің орындауы арқылы нені көрсеткісі келгендігін жеткізуге мүмкіндік береді. Өзінің техникалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру – музыканттың көркем шығармалар орындауда өзінің мүмкіндігін кеңейту жұмысы болып табылады.

Сонымен, негізгі музыкалық аспап (қобыз) класындағы оқу процесі орындаушылық және әдістемелік дайындықтың өзара байланысында, шығармашылық белсенділікке, дербестікке қажетілікті дамытуда деп есептейміз. Ең бастысы – сауатты, ой-өрісі кең, аспапты жақсы меңгерген музыка мұғалімін даярлау.

Жеке сабақтар негізгі музыкалық аспап класында ең негізгі жұмыс түрі бола отырып, мыналарды көздейді: болашақ маманның дамуына жеке тұлғалық көзқарас; оның шығармашылық дербестігін анықтау және қалыптастыру; оның іс-әрекетінің қайталанбас «технологиясын», кәсіби көзқарастарын дамыту.

Музыкалық шығарманың өзіндік ерекшелігін аша отырып, мұндағы эмоционалдық, поэтикалық ерекшеліктердің композициялық ерекшеліктермен өзара байланысын түсінуге көмектесе отырып, орындау кезінде оның қалай жүзеге асқандығын санасынан өткізу арқылы педагог шығармашыл музыкалық ойлауды тәрбиелейді, ол болашақ мұғалім тұлғасын кәсіби-шығармашылық тұрғыдан дамытудың қажетті шарты болып табылады.



Орындаған; Мұзапбарова Қалия Шамшиевна

2016 жыл.
жүктеу 78,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау