«бм қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 456 Kb.
бет3/23
Дата26.11.2018
өлшемі456 Kb.
#24580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген./под ред. проф. Д.Н.Ушаков. «Толковый словарь русского языка» том 2,стр 199./ Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.Метод – халықаралық термин болып орныққан сөз.Метод – сөзбе-сөз алғанда жол, прием т.б.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс – тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты. Негізінен Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы 4 саладан тұрады: 1 – педагогика-дидактиканың ғылыми теориялық негіздері, 2 – қазақ тілінің ғылыми саласы, 3 – тіл дамыту, тіл ұстарту, 4 – педагогикалық практика бөлігі болып келеді. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәні мынадай тараулардан тұрады: 1 – қазақ тілінің әдістемесі дербес ғылым екендігі; 2 – мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері: қазақ тілін оқытудың міндеттері, мазмұны, принциптері, әдістері, тәсілдері мен құралдары, сабақ оның түрлерін топтастыру; 3 – фонетика,орфоэпияның, лексиканың, сөзжасам мен грамматиканың, орфография мен пунктуацияның, стилистика мен тіл ұстартудың әдістемесі; 4 – сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым екендігі. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері.Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы. Қазақ тілін оқытуға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ тілі әдістемесінің тілі білімімен, педагогика, психология ғылымымен байланысы.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеті.

  3. Әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы.

  4. Методика дегеніміз не?

  5. Қазақ тілі методикасы нені зерттейтін ғылым?

  6. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?

  7. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны қалай анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы /нормативтік актілер № 254 – 256 ( 24829 )
15-тамыз, сәрсенбі,2007 жыл/
2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-бб. 3. Қазақ тілін оқыту методикасы.Жалпы редакциясын басқарған Құлмағамбетова Б. -Алматы: «Мектеп», 1988 , 5-12-бб 4.Қазыбайұлы С.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997, 4-10-бб
5.Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы - А., 1965, 3-8-бб 6.Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002. 3-7-бб.

2-дәріс



Тақырыбы: Қазақ тілі әдістемесінің зерттелу тарихы, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы.
  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің тарулары.
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуы мен зерттелуі.
  4. Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің алатын орны.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс-тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты. Негізінен Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы 4 саладан тұрады: 1 – педагогика-дидактиканың ғылыми теориялық негіздері, 2 – қазақ тілінің ғылыми саласы, 3 – тіл дамыту, тіл ұстарту, 4 – педагогикалық практика бөлігі болып келеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мынадай тараулардан тұрады: 1 – қазақ тілінің әдістемесі дербес ғылым екендігі; 2 – мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері: қазақ тілін оқытудың міндеттері, мазмұны, принциптері, әдістері, тәсілдері мен құралдары, сабақ оның түрлерін топтастыру; 3 – фонетика,орфоэпияның, лексиканың, сөзжасам мен грамматиканың, орфография мен пунктуацияның, стилистика мен тіл ұстартудың әдістемесі, 4 – сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі.
Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы, ең алдымен, тәжірибеде жинақталған фактілер мен эксперимент, бақылау жүмыстарының деректеріне аса көңіл бөлініп, қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің кемшілік жақтары анықталып, онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар қойылуында. Әсіресе, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-ақ олардың сөйлеу және есту қабілеттеріне, зейініне көңіл бөле отырып, тілдік материялдарды орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис, тіл дамыту бөлімдері ғалым-әдіскерлердің ұзақ жылдар зерттеу жүргізуі нәтижесінде, мектеп тәжірибесінде сыналып байқалды. Олардың кемшілік, жетістік жақтары нақтыланды. Грамматика саласын өткенде морфология және синтаксистен берілген тақырыптарды түсіндіру, салыстыра баяндау, әңгіме, сұрақ – жауап, көрнекілік т.б. көптеген әдістерді қолданған жөн.Барлық әдістер сабақтың үш мақсатын іске асыруға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру процесінде мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. Тәсіл – әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері – нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма беру т.б.

жүктеу 456 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау