Дербес компьютерді пайдаланудың ең танымал бағыттарының бірі компьютерлік графикамен жұмыс істеу екендігі белгілі



жүктеу 105,99 Kb.
Дата17.01.2018
өлшемі105,99 Kb.
#7608


Түсінік хат
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген, орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.   Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ .

Дербес компьютерді пайдаланудың ең танымал бағыттарының бірі – компьютерлік графикамен жұмыс істеу  екендігі белгілі.

Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең – қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды.

“Компьютерлік сауаттылық” білім беру курсы оқушылардың текстік және графикалық редакторлар, жарнамалар мен қарапайым презентациялар құру бағдарламаларының көмегімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық мазмұнды мәліметтерді қамтиды.


Мақсаттары:
 - Қазіргі компьютерлік технологияларды оқып үйренуге және меңгеруге деген қызығушылығын ояту;

- Дербес компьютердің программалық жабдықтары туралы білімдерін толықтыру, тереңдету және жүйелеу;

- Оқушылардың текстік, графиктік редакторлармен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

Міндеттері:

- Оқушылардың танымдық қызығушылығын, теориялық және шығармашылықпен шабытты ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен бірге ең тиімді шешім алуға көмектесетін алгоритмдік ойлау жүйесін жетілдіру;

- Есте сақт ау, логикалық ойлауын дамыту, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;



- Оқытудың электрондық бағдарламаларымен жұмыс істеуге, қосымша материалдар іздеуге және оны тиімді пайдалана білуге үйрету;


19

Құю. Көлем. Көлеңке.

1

20

Автофигуралар.

1

21

Автофигураларды қисайту , бұру, өлшемін өзгерту.

1

22

WordArt текстік объектісі.

1

23

Жобалау жұмысын орындау.

1

24

Publisher – мен танысуБағдарлама ерекшеліктері.

1

25

Бағдарлама терезесі.

1

26

Баспа жарияланымдары.

1




ІV тоқсан (8 сағат)




27

Жобалау жұмысын орындау.

1

28

Бос жарнама.

1

29

PowerPoint бағдарламасы-мен танысу.

1

30

Презентациялар  дизайны мен слайдтар макеті.

1

31

Слайдқа  объектілер енгізу.

1

32

Анимациялық эффектілер. Презентацияны көрсету.

1

33

Жобалау жұмысын орындау.

1

34

Қорытынды сабақ

1

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны




І тоқсан (9 сағат)




1

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасының ережелері.

1

2

Компьютерлік графика (векторлық және  растрлық).

1

3

Графикалық редактор Paint. Құралдар панелі.

1

4

Қалыңдықтары мен түстері әртүрлі түзу және қисық сызықтар салу.

1

5

Формасы, ені, түсі  әртүрлі қылқалам пайдалау.

1

6

Боялған және боялмаған әртүрлі фигуралар – тіктөртбұрыш, көпбұрыш , дөңгелек, элипстер тұрғызу.

1

7

Құю және Бүріккіш құралдарын пайдаланып суреттер салу.

1

8

Ерекшелеу элементтерін қолданып суреттерді жылжыту, көшіру.

1

9

Суреттке текст енгізу.

1




ІІ тоқсан (7 сағат)




10

Үзіндіні бейнелеу, бұру, созу және еңкейту.

1

11

Дайын фотографиялармен жұмыс.

1

12

Жобалау жұмысын орындау.

1

13

Қортынды сынақ

1

14

Word редакторының графикалық мүмкіндіктері.

1

15

Сурет салу тақтасы.

1

16

Суреттерді файлдан енгізу.

1




ІІІ тоқсан (10 сағат)




17

Диаграмма тұрғызу.

1

18

Сызық типтері. Штрих типтері.

1

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


Оқушылар нені білуі керек:


  •  информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  •  векторлық және растрлық графика айырмашылықтарын;

  •  графикалық  редакторлар мүмкіндіктерін;

  •  презентация мен жарнама құру бағдарламаларының мүмкіндіктерін;

  • Paint терезесінің элементтерін;

  • құралдар тақтасындағы батырмалар қызметін;

  • объекті қисайту мен  симметрияны қолдану алгоритмін;

  • мозаиканы, суретті  пиксельдер көмегімен құру тәсілдерін.

  • кескін құруға  қажетті Word терезесінің элементтерін қолдана білуді;

  • Сурет салу панелінің батырмаларының қызметін;

  • Кескінді өзгерту мүмкіндіктерін (қисайту, бұру, құю, кескінге көлем және көлеңке қосу).

  • PowerPoint бағдарлама терезесінің құрамын;

  • бағдарлама мүмкіндіктерін және қолданылу аймақтарын;

  • презентация құру әдістерін;

  • мультимедиялық эффектілер қосу мүмкіндіктерін.

Оқушылар нені үйренуі тиіс:




  •  күнделікті өмірден графиканы қолданудың мысалдарын келтіре білуді.

  • құралдар тақтасының батырмаларын пайдалана білуді;

  • суреттер салуды, суреттік файлды сақтауды және ашуды;

  • объектіні ерекшелеу, орын ауыстыру, көшіру, өлшемін өзгертуді;

  • қайталанатын  объектілерден сурет құрастыруды;

  • объектіні берілген бұрышқа бұруды;

  • мозаика құру және олардан суреттер құрастыруды;

  • тор көмегімен сурет салуды.

  • жариялымдардың параметрлерін (түстік және шрифтік схемаларды)  өзгертуді;

  • қосымша әртүрлі графикалық объектілер енгізуді;

  • әртүрлі жариялымдар құруды (визиттік карточка, ашық хат, мақтау қағазы, жарнама, меню, т.б)

  • PowerPoint-ты іске қосуды және жұмысқа керекті панелдерді орнатуды;

  • өз бетімен типтік презентацияларды құруды;

  • өз көрмелерін  жобалауды және қорғауды.


Мазмұны:

    1. Кіріспе -2 сағат

Қауіпсіздік техникасының ережелері.

    1. Растрлық графикалық редактор Paint-пен жұмыс істеу негіздері-11 сағат

Құралдар панелімен жұмыс. Мәтін қою.

    1. Word мәтіндік редакторындағы графика-10 сағат

Мәтінді құрастыру. Мәтіндік редактор мүмкіндіктері.

    1. Publisher бағдарламасында жарнамалар дайындау-

5 сағат

Бағдарлама ерекшеліктер, баспаға шығару

ережелері.


    1. Мультимедиялық презентациялар құру-5 сағат

Презентация құру дизайны, слайд макеті.

    1. Қорытынды сабақ-1 сағат

Пайдаланылған әдебиеттер:


 1.      ҚР  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға   міндетті  стандарттары  Алматы – 2008
2.      Информатикадан  30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,  А.Б. Дәулетқұлов       Алматы  – 2004
3.      Информатика 7 оқулығы. Ермеков Н.Т. Стифутина Н.Ф. Атамұра 2012.
4.      Шелепаева А.Х., Поурочные разработки по информатике. Универсальное пособие. – М.: «Вако» 2005 год
5.      Программно-методические материалы по информатике, 1 – 11 класс,  – М.: «Дрофа», 1999 год
6.      Информатика  негіздері    № 1 – 6     2005-2012 жыл
7.      Компьютерлік  дизайн (әдістемелік құрал)  С.Т.Мұхамбетжанова, Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев
8.      Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Учебное пособие. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.
9.      Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Практикум. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.

Интернет Ресурстары:

  • http://www.rusedu.info – Білім берудегі  ИКТ

  • http://www.orakul.spb.ru – “Азбука PC” – үйренушілерге арналған.

  • http://www.syrtsovasv.narod.ru – “Информатика” бөлімі – мұғалімге арналған материалдар

  • http://metodist.lbz.ru/avt_masterskaya_BosovaLL.html – мұғалімге арналған материалдар

жүктеу 105,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау