Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту (Сан есімнің сөйлемдегі қызметі) Құзіреттілікке жеткізетін



жүктеу 165,5 Kb.
Дата18.02.2020
өлшемі165,5 Kb.
#29312
түріСабақ

Пәні:

Қазақ тілі

Пән мұғалімі:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

Сыныбы:

7 – сынып

Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Тіл ұстарту (Сан есімнің сөйлемдегі қызметі)

Құзіреттілікке жеткізетін

мақсат – міндеттер:



Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріп өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру.

Тақырып бойынша алған ақпараттарды өмірде қолдана білуін қалыптастыру.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі туралы білімдерін кеңейту. Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже:

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: блжау жасау, ертегінің мазмұныны талдау, салыстыру жасау арқылы оқушылардың қиялын дамытады. Ойын еркін жазуға үйренеді. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.

Сабақтың түрі:

Интербелсенді сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік, практикалық, көрнекілік әдісі, болжау кестесі, ой қозғау

Сабақта қолданыла-тын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру, Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту әдісі



Көрнекілігі:

Кестелер, суреттер, топтық тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, қоршаған орта

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлеметсіздер ме?

-Кезекші сыныпта жоқ оқушылар бар ма?

-Олай болса,сабаққа дайындаламыз.

Сыныпта психологиялық ахуал орнату.


Топқа бөлу.

Мұғаліммен амандасу,сыныпта кімнің жоқ екенін айтып,сабаққа дайындалып қатысу.
«Шаттық шеңберінде» оқушылар бүгінгі күнге бір –біріне жақсы тілектерін тілейді.

1,2,3 сандарын санау арқылы топқа бөлінеді.



Сәлемдесу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым- қатынастар орнату.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


  1. 75 – жаттығу.



  1. Галерея әдісі



  1. «Автор орындығы» стратегиясы







бастауыш

баяндауыш

анықтауыш

толықтауш

пысықтауыш

Атау септік

Жіктеліп, көмеші етістік тіркесіп

Заттың санын, ретін, мөлшерін

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес

Етістіктің алдында келіп



75-жаттығу

Екі мың шақырым жер – есептік, анықтауыш

Бес-алты жүз мың жан – болжалдық, анықтауыш

Жүз мыңнан артық үй – есептік, анықтауыш


Әр топқа тест жұмысы беріледі. Топ өзара бірін-бірі бағалайды.
«Автор орындығы» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. – ыншы,- інші, - ншы, - нші жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
4. – лап, - леп, - дап, - деп, - тап, - теп жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
5. Ай, жыл, ғасыр, күн аттарымен тіркескен реттік сан есім қалай жазылады?
6. Цифрмен сан есімдерге жалғанатын жалғаулар қалай жазылады?
7. Шамалы, жуық, тарта шылаулары емле бойынша қалай жазылады?


бастауыш

баяндауыш

анықтауыш

толықтауш

пысықтауыш

Есептік, жинақтық, бөлшектік

Сөйлем соңында келіп

Сөйлемде әдеттегі қызметі

Атау мен іліктен басқа септікте

Топтау с.е. –лап,-леп,-дап,-деп,-тап,-теп



Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендерін үй

тапсырмасын тексеру арқылы бақылау.






ІІІ.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс жасау.

Оқушының өз бетімен жұмыстануы



Үйге тапсырма


Бағалау

Кері байланыс. Рефлексия .

Оқушының өз бетімен орындайтын қосымша тапсырмалары




І. Қызығушылықты ояту сатысы

Ой қозғау. «Суретті көрнекіліктер» стратегиясы

Үш жігіттің, бұлақтың, жолдың, ару қыздың


суреттері көрсетіледі.
ІІ. Мағынаны тану сатысы

Түрік жазушысы Назым Хикметтің  «Үш жігіт туралы хикая» атты ертегі мәтінімен жұмыс жүргіземіз.



«Болжау кестесі» стратегиясы

Мәтіннің 1-бөлігі: «Бірінші жігіт жүре-жүре шаршап, жарты жолда ұйықтап қалады. Жігіт оянса, оның бас жағында бір ару қыз тұр екен.

- Жігіт-ау, сен қайда бара жатқан жансың? – деп сұрайды әлгі сұлу қыз.

- Өлместің тауын іздеп бара жатырмын, - деп жауап қатады жігіт.

- Өлместің тасы алыста, асқар таулар мен аңғарлардың ар жағында, қанды құдықта жатыр. Оған баруға бар өмірің жетпейді сенің. Одан да менімен бірге осында қал,» — дейді көрікті қыз.


Сұрақ:- Бірінші жігіт кербез сұлуға не деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

Не болады деп  ойлайсың?  Дәлелің         

Мәтіннің  2-бөлігі: «Қатты шаршап келе жатқан екінші жігіт ағып жатқан бір бұлақты көреді. Жігіт шыдай алмай, бұлақтан рақаттана су ішіп, әрі қарай жүруге шамасы келмей сол арада қалып қояды,» - деп аяқталады.
Сұрақ: Екінші жігіт одан кейін не істеді деп ойлайсыңдар?

Мәтіннің 3-бөлігі: «Үшінші жігіт болса, әрі қарай жүре беріпті. Ол қатты шөлдеген. Су ішкісі келсе де, кездескен бұлақтан су ішпепті. Үшінші жігіт қатты шаршап-шалдықса да, демалмастан алған бетінен қайтпаған...» — деген  жолдармен  аяқталады.
Сұрақ:Үшінші жігіт мақсат-мұратына жетті деп ойлайсыңдар ма?

Мәтін құрамынан сан есімдерді табу.
Әр топ мәтін бөліктеріндегі сан есімі бар сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдау жасайды.

Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға орындайды.



Оқулықпен жұмыс. 74-жаттығу. Сөйлем мүшесіне қарай талдау жаса.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.

Жуан-жіңішке сұрақтар әдісі

12. Алғашқы екі жігіттің жолда қалуы өздеріне деген сенімсіздіктен бе, әлде жалқаулықтан па?

3. Ертегідегі үш жігітті салыстрып көрейікші. Әр жігітке мінездеме берейік.

(өткен тақырып сын есіммен байланыстыру)


Ой қорыту.

- Мәтін мазмұны түсінікті ме?

- Үш жігіттің әрекетінен қандай ой түйдік?

- Мәтін мазмұны бойынша ойларыңызды қалай түйіндер едіңдер?

- Ертегі мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер  айтуға болады.

Мәтінді түйіндеуден шыққан тақырыптардың біріне сан есімдерді қатыстырып, ой толғау жазу. Өткен ережелерді қайталау.
Бағалау критерийлері арқылы әр топ басшылары бағалайды
Бүгінгі сабақтан алған әсерім...Смайликтер арқылы бағалау.

І. Сәйкестендір



ІІ. Логикалық сұрақтар





Топтық тапсырма
Оқушылар осы суреттер арқылы ертегіде не туралы айтылатынын   болжап, өз ойларын айтады.

Әр топқа мәтін бөліктері ұсынылып отырылады.

Жігіт сұлу қыздың айтқанына көніп, қалып қояды.

Әр бөліктен соң болжауларын айтады.

Оқушылар мәтін бөлігін оқи отырып, бұл сұрақтың жауабын топта талқылап, болжау жасалады. Мәтіндегі жауаппен салыстырып, мәтіннің 2 бөлігі оқылады.
Әр топтан оқушылар болжамдарын айтады.

Оқушылар топта талқылап, өз ойларын, дәлелдерін айтады. Одан соң мәтіндегі жауап оқылып, салыстырады.мәтінніңнің 3 бөлігі оқылады.

Әр топтан оқушылар болжамдарын айтады.

Оқушылар өз ойларын айтып, ертегідегі дұрыс жауаппен салыстырады.



Әр топ мәтіннің үш бөлігінен сан есімдерді тіркес-кен сөздерімен теріп жазады. Түрленуіне талдау жасайды, сөйлемдегі қызметін анықтайды.

Топтық жұмыс

І топ. Бірінші жігіт – реттік сан есім, анықтауыш.

Бір ару – есептік сан есім, анықтауыш

ІІ топ.Екінші жігіт – реттік сан есім, анықтауыш

Бір бұлақ – есептік сан есім, анықтауыш

ІІІ топ.Үшінші жігіт – реттік сан есім, анықтауыш

Оқушылар талдау жұмысын жазбаша түрде дәптерлеріне орындайды.

Топтық жұмыс. Сан есімді түрлендір.

І топ. Септе. Екі

ІІ топ. Тәуелде. Үшеу

ІІІ топ. Жікте. Екінің бірі

74-жаттығу. Аман-есен жиырма үй Бекболаттың ауылына көшіп барады. Бекболат әр кедейге бір-екі соқа жасап берді.
Бірінші жігіт- көрсеқызар, өз ісін жауапкершілікпен қарамайтын жігіт.

Екінші жігіт- еріншек, қиындыққа төзе алмайтын, шыдамсыз жігіт.

Үшінші жігіт- шыдамды, еңбекқор, алған бетінен қайтпайтын, алған істі аяғына дейін жеткізе алатын жігіт.
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.

Түйін: 5 минуттық эссе

1. Шаршап-шалдығуды білмейтін, көкірегінде сенімі бар адам дегеніне, мақсат-мұратына жетеді.



2. Ізденген жетер мұратқа.

3. Жаман болатын жігіт шегіншек келер.

4. Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.



6. Ермек қуған бәлеге жолығады,

Еңбек қуған қазынаға жолығады.


Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алып, түсінбеген жерлерін сұрап анықтайды.
Әр топ басшысы өз тобы туралы айтып, бағалайды.

Оқушылар смайликтер арқылы өз әсерлерін білдіреді.


Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру.

1. ...атасын білмеген жетесіз (жеті)


2. Қызға ... үйден тыйым (қырық)
3. ... сомың болғанша, ... досың болсын (жүз)
4. ... ала болса, ауыздағы кетеді (алтау)
5.Білекті ... жығар, білімді ... жығар (бір,мың)
6.Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені (екі)
7. ... жасар бала алыстан келсе, ... қария сәлем берер (алты,алпыс)
8. ... өлшеп , ... рет кес. (жеті,бір )
9. Білгенің - ... , білмегенің - ... (тоғыз,тоқсан тоғыз)
Оқушылар топтық жұмысты өз беттерінше орындайды.

1) Сегіз, тоғыз.


2)Тоқсанбай, Мыңжас, Екібастұз, Бірлік, т.б.
3) 101, 202, 303, 1001, 111, 222, 11, 22, т.б.
4) Он - 10, жүз - 100, миллион - 1000000.


Сан есімдерді табу арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.

Оқушылар жаттығу жұмысын орындау арқылы сан есімдердің атқаратын қызметін ажырата алады.

Өз беттерінше жұмыстану арқылы ойлау қабілеттері дамиды.


Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға үйренеді.


Сәйкестендіру кестесін орындау арқылы сан есімді тауып, мағыналық түрлерін ажыратуға дағдыланады.

Бағалай критериилері:

Білу. 0-3


  1. бірде-бір сұраққа жауап бермесе;

  2. 1-2 сұраққа жауап берсе;

  3. 3-5 сұраққа жауап берсе;

  4. 6-8 сұраққа жауап берсе.

Түсіну. 0-3



  1. жұмысқа қатыспай, үнсіз отырса;

  2. бір ғана ереже айтса;

  3. 2-3 ереже айтса;

  4. Үштен көп ереже айтса.

 

Қолдану. 0-3



  1. топтық жұмысқа мүлдем араласпай, үнсіз отырса;

  2. топтық жұмыста өте төмен белсенділік көрсетсе;

  3. топтық жұмыста орташа белсенділік көрсетсе;

  4. топтық жұмысқа жоғары белсенділікпен қатысса.

Талдау. 0-3 сөйлем мүшесін, сөз тіркесін, құрмалас сөйлемнің түрін табу.



  1. ешбір талдау жасамаса;

  2. бір талдау ғана жасаса;

  3. екі талдау жасаса;

  4. Үш талдау жасаса.

Жинақтау. 0-3



  1. Бір ғана сөйлемі дұрыс болса;

  2. 2-3 сөйлемі дұрыс болса;

  3. 4-7 сөйлемі дұрыс болса;

  4. 8-10 сөйлемі дұрыс болса.

 

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Білу


Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Қорытынды баға

























жүктеу 165,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау