Бұл зерттеуде көрсетілген пікірлер мен қорытындылар Сорос -Қазақстан Қорының



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет3/31
Дата11.01.2020
өлшемі1,2 Mb.
#26199
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 

жоғарғы  оқу  орындарының  әкімшілік  ғимараттарында,  жатақханаларында,  сондай -ақ 



студенттік фестивальдерге келушілер мен қатысушылардың арасында жүргізілді. 

Жастардың  арасында  сауалнама  сонымен  қатар  сауда  орталықтарында  (ОӘД, MEGA, 

Қарқара,  Мегатау,  Алма), дүкендерде (Копейка, Мерей, Реалист), азық-түлік және жайма 

базарларда (Көк базар, Алтын Орда, Тастақ, Береке, Болашақ, Жетісу, Құлагер және т.б.), 

қызмет  көрсету  кәсіпорындарында  (Райымбек  даңғ.  Автожуу,  ТҚС,  жанармай құю 

станцияларында,  автотұрақтарда)  және  әкімшілік  ғимараттарында  (Райымбек  даңғ.  –

Сейфулин көш. бұр., Қазыбекби- Фурманов көш.бұр. және т.б.) жүргізілді. 

Сонымен қатар ,  сұхбат  қала  көшелерінде,  Жібек  Жолы  көшесінде,  ОӘД  жанында, 

Орталық  стадионның  жанында,  Ботаникалық  бағында, «Family»  саябағында,  Махатма 

Ганди  атындағы  саябақта,  «Саяхат»  автобекетінде,  «Алматы-1»  және  «Алматы-2» 

теміржол  бекеттерінде, «Қалқаман»  және  «Пятилетка»  ықшамаудандарында  (жастар  10 

төсек-орындық  барақ  типті үйлерді  жалға  алып отырған ),  «Шаңырак»  ықшамауданында 

(

балалы  отбасылар,  ата-анасымен,  аға -іні, әпке -қарындастарымен  бірге  2-3  бөлмеде 



тұратын)  жастардың арасында алынды. 

Орталық мешіт пен «Тастақ» мешітінің маңындағы мешітке келуші жастардан сауалнама 

алынды.   

Сұхбат  алуға  арналған  сауалнаманың  сұрақтары  көші-қон  мен  ақша  ау дарымдары 

бойынша жобаларды жүзеге асырудың тәжірибесін ескере отырып осы зертте уге арнайы 

түрде  әзірленген  болатын.  Алматы қаласындағы  жас  көшіп -қонушылардың  саяси  және 

әлеуметтік  белсенділігіне  ба

ға  беру 



Азаматтық  қатысудың

5

  (Civic Engagement) 



Азаматтық  қоғам  индексіне

6

 

арнап  Қоғамдық  саясатты  зерттеу  орталығының  ұжымы

7

Зерттеу жүргізуге арналған сауалнамада келесі категориядағы сауалдар қамтылған: 



 

қолданған әдістемеге негізделе отырып жүргізілді. 

• 

Алматы қаласында тұратын жас мигрантқа жалпы сипаттама;  



• 

қоныс аудару туралы шешім қабылдауға ықпал еткен жағдайлар; 

• 

тұрғын-үй жағдайы, қазіргі уақытта тіркеу құжатының болуы; 



• 

көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі; 

• 

жұмыспен қамтылуы, табысы мен ақша аударымдары;  



• 

әлеуметтік мәртебесі; 

• 

әлеуметтік және саяси белсенділігі. 



Зерттеуді  жүргізу  кезінде  сандық  және  сапалық  әдістер  қолданыл ды.  Жастардың  ішкі 

көші-қонына қатысты   пікірлер  мен  көзқарастарды  барынша  кең  қамтып  көрсету  үшін 

қосымша үш фокус-топтар жүргізілді, оларға сарапшылар, БАҚ, жастардың үкіметтік емес 

ұйымдарының,    көші-қон  мәселелерімен  айналысатын  үкіметтік  емес ұйымдардың 

өкілдері,  сондай-ақ  Алматы  қ.  Мемлекеттік  жастар  саясатын  дамыту 

қорының  өкілдері 

қатысты.  

Нақты  органдарға  беру  үшін  жүргізілген  жұмыстың  нәтижелері  бойынша  мәселелер 

маңыздылығына қарай жіктеліп, ұсыныстар әзірленді.  

                                                

5

Азаматтық қоғам индексіне баға беру әдістемесін Гейдельберг университетінің ғалымдары CIVICUS:World 



Alliance for Citizen Participation 

арнап әзірлеген болатын. 

6

  Meruert Makhmutova, Aitzhan Akhmetova (2011). Civil Society Index in Kazakhstan. Strengthening Civil 



Society.  CIVICUS  Civil Society Index 2008-2010. Analytical country report. Public Policy Research Center. 

Almaty. 


7

.

Азаматтық қатысу қоғамдық қатысу (socially-based engagement) мен саяси қатысудан (political engagement) 



құралады 


 



Алынған нәтижелер 

Бұл  зерттеу  жастар  көші -қоны  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  басты  мәселелерін 

белгілеп, ауыл жастарына қатысты қабылданған бастамаларды шектейтін факторлар  мен 

Алматыдағы жас көшіп-қонушыларды мазалайтын сұрақтарды  анықтап, бұдан ары қарай 

да  зерттеулер  жүргізуге  және  жастардың  ішкі  көші-қонына  байланысты әлеуметтік 

мәселелерді шешуге бастапқы ақпарат алуға мүмкіндік берді.  

Қазіргі  уақытта  ішкі  көшіп-қонушылар  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатынан  тысқары 

қалған.  Қалада  тіркелуі  туралы құжатының  болмауы  еңбек  келісімшартын  жасасу  

негізінде  жұмыс  табу  мүмкіндігін  азайтуда.  Нәтижесінде  көшіп-қонушылардың  басым 

бөлігінің  зейнетақы  қорларында  есепшоттары  жоқ,  олардың  балаларына  арналған 

жәрдемақы алуға, өзге де әлеуметтік игіліктерге ие болуға мүмкіндігі жоқ.  

Зерттеу  нәтиже лері  бойынша  ұсыныстар  әзірленді.  Олар  үкіметке,  атқарушы  және 

өкілдікті  органдарға,  азаматтық  қоғам  ұйымдарына  арналған  және  жас  көшіп-

қонушыларға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған.  

Ішкі  көші -қон  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  әзірлеу  кезінде  оны  әзірлеу  мен 

талқылауға  сарапшыларды,  талдау  институттарын,  азаматтық  қоғам  өкілдерін 

қатыстырып отыру қажет. Жедел шараларды қабылдау Алматыға келіп жатқан жас көшіп- 

қонушылардың  топтасуын  азайтып,  әлеуметтік  шиеленісу  мүмкіндігін  төмендетуге 

көмектеседі.  

Біздің  ойымызша,  зерттеудің  нәтижелері  Үкіметтің  жастардың  көші-қон  мәселелеріне 

қатысты  шешімдерді қабылдау  кезінде,  мемлекеттік  және  аймақтық  бағдарламаларды 

әзірлеу  кезінде,  жергілікті  ат

қару  органдарының  саясатында,  сондай -ақ  донорлық  және 

өзге халықаралық және қазақстандық ұйымдардың қызметінде қолданылып отыруы тиіс.  

Есеп беру келесі түрде ұйымдастырылған: 

1-

бөлімде  проблеманың  өзектілігі,  зерттеудің  мақсаттары  мен  міндеттерін  зерттеуді 



жүргізудің  әдістемесі  ашып  көрсетілген.  2-бөлім  ішкі  көші-қон  мен  жастар  саясатына 

қатысты  мемлекеттік  саясатқа  арналған.  3-бөлімде  Алматы  қаласындағы  жас  көшіп- 

қонушылардан сауалнама алу барысында анықталған басты  мәселелерге талдау жасалған. 

Әр бөлімнің түйіні бар, тұжырымында зерттеудің жалпы қорытындысы жасалып, барлық 

мүдделі тараптарға арналған ұсыныстар келтірілген. 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау