31
«
Сіздің отбасыңыздың мүшесі сізбен бірге Алматыда тұра ма ?» деген сұраққа 43,1%-ы ия,
ал 56,9% - жоқ деп жауап берді. Ия деп жауап берген респонденттер өздерімен тұратын
отбасы мүшелерін де атап өтті: жалпы алғанда 450 адам. Осылайша, бұл зерттеу
сауалнамаға 1000 тікелей қатысушының жағдайын ғана емес, сонымен қатар 450 ішкі
көшіп-қонушының – отбасы мүшелерінің жағдайын көрсетуде.
Респонденттер өздерімен бірге келесі туыстарының тұратынын атап өтті: әйелі/күйеуі –
жауап бергендерді
ң 44,4%-ы, ағасы/інісі - 36,9%, әпке/қарындас/сіңлісі - 27,3%,
баласымен бірге тұратындардың саны да сондай , 23,3 % - анасы, 20,9% - қызы, 17,3% -
әкесі, 2,4% - қалыңдығы/күйеуі, 0,3% - әжесі.
Бірге тұратын отбасы мүшелері негізінен жастар: респонденттердің 93,1%-ы туыстарының
жасын 18-30 жас деп көрсетті, 37,5% - 5 жасқа дейін, 19,9% - 5 пен 10 жас аралығы. Жауап
бергендердің 30,4%-ы ғана 30 бен 50 жас аралығындағы туыстарымен бірге тұрады, ал
20,5% -
жасы 50-ден асқан туыстарымен тұратын болып шықты.
Жас көшіп -қонушылардың өздерімен бірге тұратын туыстарының білім деңгейі қандай ?
Респонденттердің 91%-ы отбасы мүшелерінің орта білімі бар екенін , 50,3% - орташадан
жоғары, 1,3% - университеттік, 1,3% - бастауыш және 2% - білімінің жоқ екендігін
көрсетті.
«
Сіз келесі бес жыл ішінде Алматыда қалуды немесе басқа жерге қоныс аударуды
жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 68%-ы келесі бес жыл ішінде
Алматыдан кетуді жоспарламайтынын айтты, 22,3% әлі белгілемеген, 5,4% – туған
қаласына қайтып оралуды жоспарлауда, 3,1% - басқа жерге көшіп кетуді жоспарлауда
және 1,2% – басқа елге кетіп қалғысы келеді.
Қалуды жоспарлап отырған 680 респонденттің басым бөлігінің аяқталмаған жоғарғы
білімі бар (226 – оқуын жалғастырып жүрген студенттер); 141 респонденттің аяқталған
жоғарғы білімі бар, 181 – орта мектепті бітірген, 66 - техникум/колледж бітірген, тағы 46-
ы техникумда/колледжде оқиды.
Жұмыспен қамтылу бойынша қалуды жоспарлаған респонденттердің 50,1%-ын
жалданбалы қызметкерлер , 40,3% – студенттер, 15% - өз-өзін жұмыспен қамтығандар
құрайды.
Алматыдан кетуді жоспарлап отырған тұлғалар өзінің жоспарын келесі себептермен
түсіндірді: «туыстарына жақынырақ жерге көшіп және жеке басының өмірін құру » -
76,9% респондент; «жұмыс іздеу және одан арғы уақытта жұмысқа орналасу» - 15,3% жас
көшіп-қонушылар; «білім алу үшін шетелге кету » - 3,5% респондент. Жауап бергендердің
1,8%-
ы өзінің шешімін Алматыдағы бағаның қымбаттығымен, тұрғын үй не жұмыс
жоқтығымен әрі қолайсыз экологиямен түсіндірд і. Респонденттердің 1,4%-ы Астана қ.
олар үшін ілгері жылжуға мүмкіндіктер көбірек болады деп санайды. Жауап бергендердің
1,1%-
ы кетудің себептері ретінде мемлекеттен көмектің жоқтығын, сыбайлас жемқорлық
пен ілгері жылжу үшін мүмкіндіктердің жетіспеушілігін атауда.
«
Сіздің ата-анаңыздың біреуі не екеуі қоныс аударушы /оралман ба?» деген сұраққа
респонденттің 4,6%-ы анасының, 4,9%-ы әкесінің оралман екенін айтты. Сауалнама ішкі
көшіп-қонушылардың жағдайын зерттеуге арналғандықтан, жауап бергендердің арасында
алдымен Қазақстан ның өзге өңіріне қоныс аударып, артынша Алматыға келген жас
оралмандардың бірнеше сауалнамасы ғана болды.
«
Сіз қандай да бір дінге не месе конфессияға жатасыз ба және ия десеңіз қайсысына
жатасыз?» деген сұраққа 91,6%-ы мұсылман дініне , 4,2% –православие, 4,1%-ы өзін
ешбір дінге жатқызбайтынын, ал 0,1%-ы–католик екенін айтты.
32
Бұл жағдайда, қай конфессияға жатуына байланыссыз жауап бергендердің 91,9%-ы өзін
діндәр деп санайды, 8,1%-ы өзін құдайға сенбейтіндер қатарына жатқызады
57
.
Сауалнамада бұл сұрақтарды бөле отырып, біз респонденттердің конфессияға не діни
салт-дәстүрге жатуы сол діннің (мұсылмандық христианство, буддизм, иудаизм) салт-
дәстүрлерін ұстанатынына негізделдік. Құдайға сенуші адам – бұл құдайға сенетін және
соның уағыздары бойынша өмір сүруге тырысатын адам.
Қорытынды
Алматыға көшіп келуші жастардың басым бөлігі қазақтар және олар жастардың үлесі
жоғары болып келетін елдің оңтүстік облыстарынан келген. Респонденттердің төрттен үш
бөлігі халқының саны 100 мың адамнан аз ауылдар мен қалалардан келген.
Респонденттердің 28,5%-ның жасы 20-дан төмен, тағы бір үштен бір бөлігінің жасы - 20-
22 жасты құрайды. Респонденттердің басым бөлігінің білімі орта білімнен жоғары (70%).
Негізінен, жас көшіп -қонушылар (68%) Алматыда жақын арадағы бес жыл бойы қалуды
жоспарлауда.
Алматыдағы жас көшіп-қонушылардың барлығы бірдей жақсы білім алған деп айтуға
болмайды. Жоғарыда айтылып кеткендей, тұрғын халықтың барынша осал топтарынан
құралған көшіп-қонушылар сұхбат алушылармен байланысқа шықпады және
сауалнаманың сұрақтарына жауап беруден бас тартып отырды.
Респонденттердің төрттен үш бөлігі ешқашан некеге отырмаған, ал 21,4%-ы тіркелген
некеде тұрады. Респонденттердің арасында тіркелмеген некеде тұратындар, бөлек тұратын
не ажырасқандар да бар.
Жауап бергендердің
43%-
ы Алматыда отбасы мүшелерімен бірге
тұрады, олардың 93%-ы 18 бен 30 жас аралығындағы туыстарымен бірге тұрады.
3.2.
Көшу себептері
Респонденттерді көшуге мәжбүрлеген қандай себеп? Бұл сауалға жауап берген кезде
респонденттер жауаптардың біреуден артық нұсқасын таңдай алатын. Жас көшіп -
қонушылардың 57,4%-ы үшін бұл «білім алу», 54,1% үшін - «табыстың жеткіліксіздігі»
болды. Респонденттердің 43,4%-ы себеп ретінде «бұрынғы тұрғылықты орны бойынша
жұмыс/еңбекақы
болмағанын»,
31,8%-
ы
–
«
өзінің
өмір
сүру
деңгейі
қанағаттандырмағанын», ал 21,5%-ы - «отбасылық себептерді» атап өтті. .«Медициналық
қызметтердің жеткіліксіздігі» жауап бергендердің 1,5%-ы үшін «өте маңызды» және
3,3%-
ы үшін «елеулі» болды, барлығы 4,8%.
22
жастағы бойжеткен Қостанай облысының Арқалық қаласынан келді. Оның 26
жастағы ағасы ауыр науқасқа шалдыққан және оған үнемі медициналық көмек қажет.
Барлық отбасы (әке-шешесі, ағасымен) көшіп келуге мәжбүр болды . Қазіргі уақытта
олар Шаңырақ ықшамауд анында 2 бөлмені жалдап тұрып жатыр . Талғар қ.
туыстарының үйінде тіркелген.
57
Бұл сауалдар зерттеудің басында сауалнаманы сынақтан өткізгеннен кейін бөлінген болатын . Сынау
барысында кейбір респонденттер өздерін құдайға сенуші деп санайтынын, алайда бірде-бір дәстүрді дінге
жатқызбайтынын және діни салт-дәстүрлерді ұстанбайтынын көрсетті. Бұл респонденттер өздерін
тенгриандықтар деп атады.