35
Жұмыс
іздеушіні
профильдеу
нəтижелері
ЖОЖЖ-ға кіргізілуі мүмкін іс-шаралар (іс-əрекеттер)
ЖОЖЖ
жасалған
мерзім
8. Психологиялық қолдау, психо-эмоционалдық жағдайды оңалту
жəне оңтайландыру.
9. Топтық оқуларға (тренинг жəне оқыту, кəсіптік бағдарлау) жолдау.
Жұмыссыздардың бірінші санатына кіретін, яғни жұмысқа орналасу əлеуеті
жоғары жəне мотивациясы күшті жұмыс іздеушілерге ұсынылатын іс-шаралар оларға өз
бетімен жұмыс іздеу жəне жұмысқа орналасу үшін мүмкіндігінше көп ақпарат беру
қажеттілігімен анықталады. Сонымен қатар, бұл санаттағы жұмыссыздарға бос жұмыс
орындары туралы хабарлау жəне/немесе кəсіпкерлік белсенділікті қолдау сияқты іс-
шаралар ұсынылуы мүмкін.
Екінші санатқа кіретін жұмыс іздеушілерге, жұмыс іздеу үшін ақпарат беру
бойынша іс-шаралардан басқа, жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді іс-
шараларына жататын іс-əрекеттерді тағайындау ұсынылады. Сонымен бірге бұл
санаттағы жұмыс іздеушілерге елдің басқа аймақтарына ерікті түрде қоныс аудару
бойынша кеңес беру жəне қолдау көрсету сияқты іс-шаралар ұсынылуы мүмкін.
Үшінші топқа кіретін жұмыс іздеушілерге көбіне психологиялық қолдау, психо-
эмоционалдық жағдайды оңалту жəне оңтайландыру қажет болады. Сондай-ақ бұл
санат үшін əлеуметтік кəсіптік бағдарлау, қоғамдық жұмыстар сияқты іс-шаралар
ұсынылуы мүмкін.
80. Әрбір іс-шара үшін менеджер ол қай күнге дейін орындалуы тиіс (аяқталу
мерзімі) екендігін көрсетеді (Жұмысқа орналастыру жеке жоспарының 2-бөлімін
қараңыз, 6-қосымша).
81. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушіні оның
ЖОЖЖ шеңберінде жұмыс табу жəне оны сақтап қалу бойынша істеуге тиісті барлық іс-
шаралары (іс-əрекеттері) туралы хабардар етеді.
Менеджер жұмыс іздеушіге ЖОЖЖ-ды орындау бойынша ақпаратты қай
мерзімде беруі керек жəне өткізілетін іс-шаралар мен кездесулерге қай мерзімде баруы
керек екендігін түсіндіруі тиіс.
Менеджер жұмыс іздеушіге ЖОЖЖ-да көрсетілген барлық іс-шаралардың (іс-
əрекеттердің) орындалуы міндетті екенін түсіндіруі керек.
Менеджер жұмыс іздеуші ЖОЖЖ шеңберінде қандай іс-шаралар (іс-əрекеттер)
орындау керек екендігін, неліктен жəне қай мерзімде одан белгілі бір іс-əрекеттерді
жүзеге асыру талап етілетіндігін түсінетініне көз жеткізуі керек.
Менеджер жұмыс іздеушіге, егер ол ЖОЖЖ-ға кіретін белгілі бір іс-шараларды
(іс-əрекеттерді) орындаса, немесе оның өмірлік жағдайлары өзгерсе, Жұмыс
іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджеріне (онымен бірге ЖОЖЖ жасаған) кез келген
мүмкін тəсілмен (ЖҚО-ға өзі барып, телефон немесе электрондық пошта арқылы)
хабарлауы тиіс екендігін түсіндіруі керек.
Менеджер жұмыс іздеуші өз құқықтарын, міндеттерін жəне іс-əрекеттерін
түсінгендігіне көз жеткізу тиіс.
Менеджер жұмыс іздеушіге ол жұмысты неғұрлым белсенді іздесе, оны табуға
мүмкіндігі соғұрлым жоғары екенін екендігін түсіндіруі тиіс.
82. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушілерге жұмысқа
орналасуға жəрдемдесу бойынша іс-шаралар (іс-əрекеттер) əзірлеу кезінде ескеруі
керек:
- жұмыс іздеушінің жұмыс істеу қабілеті;
- жұмыс іздеушінің білімі, тəжірибесі, дағдылары, жасы, физикалық жағдайы жəне
денсаулығы (психикалық денсаулықты қоса алғанда);
36
- жергілікті еңбек нарығының жағдайы;
- оқу мекемелерінде тиісті курстарда орындардың болуы;
- жұмыс іздеушіге қоғамдық көліктің қолжетімділігі;
- жұмыс іздеушінің отбасына көмек көрсету қажеттілігі;
- жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының талаптарын сақтауы үшін жұмыс
іздеушінің қаржылық шығындары;
- жұмыс іздеушінің өмір сүру жағдайлары;
- ЖОЖЖ-да көрсетілген жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларға жұмыс
іздеушінің қатысу мүмкіндігіне əсер етуі мүмкін кез-келген басқа жағдайлар.
83. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері барлық қажетті ақпарат
жұмыс іздеушінің ЖОЖЖ-ына енгізілгеніне көз жеткізуі тиіс. ЖОЖЖ қысқа жəне
құрылымдалған болуы керек.
5.4 Жұмыс іздеушінің жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын орындауы
туралы ақпарат беруі
84. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеуші жұмыс табу
немесе оны табуды жақындату үшін қандай іс-шараларды (іс-əрекеттерді) орындағаны
туралы білуі керек.
85. Жұмыс іздеуші ЖОЖЖ-да көрсетілген мерзімде Жұмыс іздеушілерді қолдау
бөлімінің менеджеріне жұмыс іздеу бойынша қандай іс-əрекетер жасағаны жəне
ЖОЖЖ-ды қалай орындағаны туралы ақпарат беруі тиіс.
Ақпарат жұмыс іздеуші тарапынан ЖОЖЖ-ға қол қойылғаннан кейін екі аптадан
кем емес мерзімде беріледі. ЖОЖЖ-ды орындау туралы ақпарат беру мерзімі ЖОЖЖ-
да көрсетілген іс-шараларды (іс-əрекеттерді) орындау мерзімдеріне сəйкес келуі тиіс
(қысқа мерзімді, орта, ұзақ мерзімді).
Егер жұмыс іздеушінің ЖОЖЖ-да көрсетілген жұмысқа орналастыру мақсатына
қол жеткізілсе, ЖОЖЖ аяқталғаннан кейінгі ақпарат жұмыс іздеуші тарапынан
берілмейді.
Жұмыс іздеуші ақпарат бергенде қандай жұмыстарға өтініш бергені, қандай
қысқамерзімді кəсіби курстарды аяқтағаны, қандай сұхбаттасуларға барғаны, қанша
сағат уақытша жұмыс орындарында жұмыс істегені жəне басқа да іс-əрекеттері мен іс-
іс-шаралары туралы хабардар етуі тиіс.
ЖОЖЖ-дың орындалуы туралы ақпаратта жұмыс іздеуші сондай-ақ көрсете
алады:
- ол қандай бос жұмыс орындарына өтініш берді;
- жұмыс іздеу мəселесі бойынша қандай жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктерімен (агенттермен) кездесті;
- ол қандай оқыту курстарына өтініш берді;
- ол қандай тəжірибелерге өтініш берді немесе қандай тəжірибеден өту
орындарына барды.
Жұмыс іздеуші егер олар ЖОЖЖ-ға кірмеген болса да, барлық орындаған іс-
əрекеттері мен іс-шараларын көрсетуі керек.
86. Жұмыс іздеуші берген ЖОЖЖ-ды орындау туралы ақпарат оған жəне Жұмыс
іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджеріне жұмыс іздеушінің жұмыс іздеуі қалай өтіп
жатқанын түсінуге көмектеседі.
Менеджермен кездесу кезінде жұмыс іздеуші өз қызметінің нəтижелері туралы
сөйлесіп, оған қандай қолдау қажет екендігін талқылайды. ЖОЖЖ-бен бірге атқарылған
жұмыс туралы ақпарат жұмыс іздеушінің жұмыс іздеуін ары қарай жоспарлау үшін негіз
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |