24
қайта жіктелуі мүмкін (жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастырудың мониторингі
тəртібін қараңыз).
Егер профильдеу қайта жүргізілген болса, Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің
менеджері нақты жұмыс іздеушіге жаңа жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын
жасауы тиіс.
52. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушілердің əр
санаты (профильдік тобы) үшін өз жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды,
ол нақты жұмыс іздеушіні жұмысқа орналастыру үшін ең нəтижелі іс-шаралардан
тұрады (Жұмыс іздеушіге жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын дайындау тəртібін
қараңыз).
53. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің меңгерушісі профильдеу рəсімі
жүргізілуінің дұрыстыған, соның ішінде жұмыс іздеушінің сəйкес санатқа (профильдік
топқа) жатқызылуының жəне жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын дайындаудың
дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады.
4.2 Профильдеу формасы жəне жұмыс іздеушінің жұмысқа орналасу
əлеуетін анықтау əдістемесі
54. Профильдеу формасы жұмыс іздеушінің жұмысқа орналасу əлеуетіне əсер
ететін 17 фактордан (сұрақтардан) тұрады, профильдеу формасының 2 тарауының 1-
17 тармақтары (1-кесте).
Жұмыс іздеуші Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджеріне №1, 2, 3
сұрақтарға жауаптарды оны жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу кезінде ЖОЖК
толтыру барысында береді. Сондықтан «Еңбек нарығы» ААЖ-дың «Профильдеу»
бөлімінде бұл сұрақтардың нəтижелері автоматты түрде қойылады.
55. Факторлардың мəні нақты жұмыс іздеуші үшін жұмыс іздеуші берген
ақпараттың негізінде автоматты түрде қойылады. Фактордың жұмысқа орналасу
əлеуеті деңгейіне əсер ету маңыздылығына байланысты жұмыс іздеуші белгілі бір
баллдар алады.
Жұмыс іздеушінің жұмысқа орналасу əлеуетін арттыратын факторға төменірек
балл қойылады.
1-кесте. Жұмыс іздеушіні
профильдеу формасы
1. Жұмыс іздеуші туралы ақпарат
Тегі
Аты
Әкесінің аты
ЖСН
Телефон
Туған күні
2. Жұмыс іздеушінің келесі сұрақтарға жауап беуін өтініңіз. Тек бір ғана жауап
нұсқасын таңдаңыз.
№
Жауаптар
Сұрақтар
Балл
Нəтиже
1. ЖҰМЫС
ІЗДЕУШІНІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ
1
Сіздің жасыңыз нешеде?
16-24
0,5
25-49
0
50-ден асқан (ер адам)
0,5
50-ден асқан (əйел адам)
1
2
Сіздің біліміңіздің деңгейі қандай?
жалпы орта
3
ТжКБ
2