69
Осы сорғы стансасында СНиП РК 2.04.03-2011 «Шудан қорғау»
бойынша анықталған [20].
4.3 Қорғаныстық жерге қосу құрылғысы
Қорғаныстық жерге қосу деп кернеу астында қалуы мүмкін болған
электр қондырғысының металды бөліктерін жермен арнайы қосуды айтамыз.
Қорғаныстық жерге қосуды машина корпусының, аспаптардың, электр
құрылғыларының, щит, пульт және шкафтардың металды корпустарына
жүргізеді.
Қорғаныстық жерге қосудың мақсаты корпус пен жер арасындағы
кернеуді, яғни жанасу кернеуін, осыған байланысты адам денесі арқылы
өтетін тоқты қауіпсіз мәнге дейін азайту.
Қорғаныстық жерге қосуды орындау талаптары:
a) барлық электр қондырғыларында айналмалы тоқтың кернеуі 380 В
немесе жоғары, тұрақты тоқтың 440 В немесе жоғары болса;
b) айналмалы тоқтың кернеуі 42 В жоғары және тұрақты тоқтың 110 В
жоғары болса электр қондырғыларында, аса қауіпті және жоғары қаупі бар
ғимаратта орналасқан;
c) жарылыс қаупі бар электр қондырғыларда әртүрлі айналмалы және
тұрақты тоқтың кернеуінде.
Жерге қосу құрылғысы жерге қосқыштан және жерге қосатын
сымдардан тұрады.
Жерге қосқыштар табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи жерге қосқыш ретінде ғимараттардың жерге көмілген тоқ
өткізетін бөліктерін, су құбырларын, кабелдің қорғасын қабатын пайдалануға
болады. Бірақ та табиғи жерге қосқыш ретінде газ және басқа жарылғыш
заттар жүретін құбырларды пайдалануға болмайды.
Жасанды жерге қосқыш ретінде болат, мыстан жасалған құбырларды
және басқа металдарды қолданады. Олар траншеяға топырақ қатпайтын
тереңдікте көміледі.
Қорғаныстық жерге қосу құрыылғысының техникалық жағдайын
анықтау үшін оларды мезгілімен тексеріп және кедергісін өлшеп тұру керек.
Кәсіпорындарда қорғаныстық жерге қосу құрылғысының кедергісін өлшеу
жылына екі рет жүргізіледі: жаз кезінде (топырақ кепкен кезде) және қыс
кезінде (топырақ қатқан кезде). Тексеру әр жыл сайын болса, онда әуе және
кабелдік желілерінде найзағай болу мерзімінің алдында [18].
Қорғаныстық жерге қосу есебі. Қорғаныстық жерге қосуды нақты
жерге қосу санына және жерге қосудың жіберілетін кедергісіне байланысты
қосатын ұзындығына қарай есептелінеді.
70
4.2 кесте – Берілген мәліметтер
Қорғаныстық жерге қосу түрі
Контурлы
Қорғаныстық жерге қосу ұзындығы l, м
2,7
Топыраққа жерге қосудың жіберілетін тереңдігі h,м
0,65
Маусымдық коэффициент Kc
2,0
Топырақтың меншікті кедергісі ρ , Ом∙м
70
Қорғаныстық жерге қосу диаметріd, мм
55
Қосылатын жолақтардың ені b, мм
50
ПУЭ бойнша жерге қосу жүйесінің жіберілетін кедергісіR,Ом
4
1. Жерге қосу ретінде диаметрі
мм болатын болаттан жасалған
құбырды таңдаймыз, ал қосатын түзгі ретінде ені
мм болатын болаттан
жасалған жолақты аламыз
2. Берілген аймақтағы жобаланған қондырғының топырақтың меншікті
кедергі мәнін немесе осы мәнге жуық мәнді таңдаймыз.
3. Бір жерге қосудан жерге жайылатын тоқтың электрлі кедергісін
анықтаймыз:
(
)
(
)
мұндағы
- топырақтың меншікті кедергісі;
- маусымдық коэффициенті;
- жерге қосу ұзындығы;
мм- жерге қосу диаметрі;
- топырақ бетінен жерге
қосудың ортасына дейінгі.
4. Өзара бөгетін ескермей жерге қосу санын есептейміз, яғни жерге
қосудың бір біріне әсер етеін,яғни өзара «экрандалу» деп аталатын құбылыс.
5. Экрандалу коэффициентін ескере отырып жерге қосу санын
есептейміз
мұндағы
- экрандалу коэффициенті;
-жерге қосу арақашықтығы.
71
6. Қосылатын жолақтың ұзындығын анықтаймыз:
7. Қосылатын жолақпен тоқтың жайылатын кедергісінің толық мәнін
есептейміз.
8. Жерге қосу жүйесінің кедергісінің толық мәнін есептейміз:
мұндағы
– экрандалу жолақтың коэффициенті.
4.1 сурет– Қорғаныстық жерге қосу схемасы
4.2 сурет–Қорғаныстық жерге қосудың орналасуы
Кедергісі R
зу
= 2,82 Ом жіберілетін кедргіден төмен, 4 Ом тең. Яғни,
жерге қосу диаметрі d = 55 мм n= 18 жерге қосу санына, орналасуына,
контурлы сұлбасына байланысты жеткілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.