61
3.1 сурет – Бас экран «Main» Genesis32
Кез келген сорғы стансасын басқанда, сорғы стансасына сәйкесінше
экран шығады (3.2 сурет), яғни өлшенетін құрылғыларымен және үш сорғысы
бар сорғы стансаның өзі көрсетіледі. Бұл экрандағы әрбір сорғы басқа экранға
батырма-навигация рөлін атқарады, яғни әрбір сорғы агрегатының автоматты
бақылау және басқару экраны болады.
3.2 сурет – Сорғы станциясын бақылау және басқару экраны (СС №1)
62
3.3 сурет – Ортатепкіш сорғысын басқару экраны
Scada Matlab жүйесімен OPC-server арқылы байланысады (3.4 сурет).
OPC – бұл екі тәуелсіз бағдарлмалар арасындағы көпір.
3.4 сурет –Genesis32-мен матлабта үлгіні байланысуы
OPC алдымен Genesis32 күйге келтіреді, кейін Matlab Simulink (3.5-3.7
сурет).
63
3.5 сурет – Кіріс және шығыстың күйге келтіруі
3.6 сурет – Genesis-те тэгтің келтіруі
64
3.7 сурет –Matlab-та тэгтің келтіруі
Алдымен OPC Configuration табылады, кейін OPC Read және OPC write
компоненттері қойылады, яғни мәліметтерді оқу және жазу. Matlab-та ПЧ-АД-
Насос үлгісі бар, яғни жиілікті түрлендіргіш – ансинхронды қозғалтқыш –
сорғы (частотный преобразователь - асинхронный двигатель – насос). Бұлмен
қатар каскадты жиілікті реттеу әдісі сорғы стансасын басқару логикасында
енгізілген. Бұл мақсаттың мәні келесіде. Тапсырмадан басқа құбырдағы
қысым реттеледі, тапсырма мәні көп болса, онда жұмыс доңғалағының айналу
жылдамдығыда жоғары болады. Бірақ та олар өздерінің максималды мәніне
жетсе сорғы желіден жұмыс жасайды және нақты айналу жиілігі бар қосымша
сорғы қосылады. Осылай барлық сорғы стансасы жұмыс жасайды және
олардың мәліметтері бақылаудың бас экранына жіберіледі.
4 бөлім. Өміртіршілік қауіпсіздігі
4.1 Сорғы станциясының еңбек шарты
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты “Жылу желісіндегі сорғы
станциясының басқару жүйесін жасап шығару” болып табылады. Бұл
жобаның қойылған есебіне сәйкес Талдықорған қаласының жылумен
қамтамасыз ету кешенінің негізгі элементі болып, диаметрі 500 және 700 мм
жылуөткізгіштен тұратын, магистралды айналмалы жылуөткізгіш болып
65
табылады. Магистралды айналмалы жылуөткізгіші «Басқуат» қазандығыммен
және 1, 2, 4, 5 орамды қазандықтармен қоректендіріледі.
Жылумен қамтамасыз ету кешені бес сорғы станциясымен
қамдалған.Сорғы станциясының жұмыс тәртібі жыл бойы.
Жергілікті рельфтің ерекшелігіне байланысты сорғы стансасы кешені
тек негзгі «Басқуат» қазандық қондырғысын кері берілетін желілік сумен
жұмыс істеп жатыр.
Жылға барлық сорғы стансасы бойынша электр энергиясының жиынтық
шығысы 135 890 мың. КВт/сағ немесе 0, 3 МВт/тәу құрайды.
«Өміртіршілік қауіпсіздік» бөлімінде біз үздіксіз жұмыс жасайтын
сорғы стансасындағы жұмысшылардың өміріне зиян келтіретін жағдайларды
қарастырамыз. Яғни, осыған байланысты дипломдық жұмысымда:
1. Шу мен дірілден қорғану шараларын теория жүзінде қарастыру;
2. Адам денесіне әсер ететін тоқ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қорғаныстық жерге қосуды есептеу.
4.2 Шу мен дірілден қорғану шаралары
Шу дегеніміз адамның естуіне жағымсыз әсер ететін және демалуына,
жұмыс істеуіне кедергі жасайтын дыбыстар жиынтығы. Дыбыс жиілікпен
және дыбыстық қысыммен сипатталады.
Дыбыс жиілігі дыбысталу биіктігін анықтап, есту қабілетіне әсер етеді.
Адамның дыбыстық органы 16 – 20 кГц жиілікте болады.
Шу дыбыстық қысым жиілігіне қатысты әртүрлі болады.
Шу 2 түрге бөлінеді: 1. Механикалық; 2. Аэродинамикалық
а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен жабдықтардың
қоспалы дыбысы.
б) Аэродинамикалық – дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және
механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш,
судың ағуы, т.б.
Сондықтан ең үлкен дыбыс механикалық жабдықтарда болғандықтан олардың
бір-бірімен жанасатын элементтерінің арасына және қырқаяқшаларының
тістерін үнемі майлап, қатты материалдың түрін қосады.
Мезгілдік сипаттамалары бойынша шу тұрақты және тұрақсыз болып
бөлінеді.
Тұрақты шуға дыбыс деңгейі 8 сағаттық күнде уақыт бойынша 5 дБА-
дан артық өзгертіндер жатады.
Тұрақсыз шу деңгейі дыбыс энергиясының орташа мәні дБА мен
сипатталады.
Жиілігі бойынша шулар төменгі жиілікті, ал егер төмен жиілікті (350Гц
дейін) салада дыбыс қысымының жоғары деңейі жатса ортажиілікті (350…800
Гц аралығында максимум мәні) және жоғары жиілікті болып бөлінеді.
Уақыттық сиапаттамасы бойынша шу тұрақты және тұрақсыз болып
бөлінеді. Тұрақтыға дыбыс деңгейі сегіз сағаттық жұмыс күнінде уақыт
66
бойынша 5 дБ А аспайтын шулар кіреді ( дыбыс деңгейі А шкаласы бойынша
шуөлшегішпен өлшенеді). Тұрақсыз шулар уақыт бойынша тербелмелі, үзікті,
импульсті болып бөлінеді. Тербелмелі шуға дыбыс деңгейі 5 дБ үзіліссіз
өзгеретін шу жатады. Үзіктіге 5 дБ сатылап өзгеретін. Импулсьстіге бір
немесе бірнеше дыбыыс сигналдарынан тұратын және олардың ұзақтығы 1 с
кем шулар кіреді.
Шу 65 дБ дейінгі деңгейінде түршігеді, психологиялық сипаттаманы
сипаттайды. Осындай шудың кері әсері зерделі жұмыста кезінде болады.
Көбінесе мұндай шу адамның өзімен пайда болады және өзіне әсер етпейді,
сол кезде басқаға түршігу туғызады.
65 – 85 дБ шу деңгей кезінде физиологиялық әсер туғызыу мүмкін.
Осындай деңгейдегі шу кезінде адамның пулсі, қысымы жоғарлайдыжәне тез
шаршайтын болады. Осындай аралықтағы шуда еңбек өнімділігін 30 %
төмендетеді.
Шу деңгейінің 85 дБ және жоғары болса есту мүшелерінің
зақымдалуына әкеледі. 85 дБ шу кезінде есту қабілетін жоғалту 3%, 90 дБ – 10
%, 100 дБ – 29 % құрайды. Соныемн қатар шу қан айналым жүйесіне, асқазан
белсенділігі төмендейді.
Шу қарқындылығын деңгейін акустикалық есептеулер орындау кезінде
басшылыққа алынады. Ал дыбыстық қысым деңгейін шуды өлшеу және оның
адамға әсерін бағалау кезінде ескеріледі.
Шулы цехта жұмыс жасайтын адамдарда 10 – 12 жылдан кейін
гипертония, ал импульсті шу кезінде гипертония нышаны 2 – 3 жылда
байқалады.
Адам организіміне қарқынды шу әсері қолайсыз түрде нерв
процестерінің өтуіне, шаршаудың пайда болуына, жүрек қан тамыр
жүйелерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Көптеген пайда болған клиникалық
белгі болып естудің болашақта төмендеуі, яғни құлақ мүкісінің пайда болуы.
Жоғары дыбыс қысымында болу, құлақтың дабыл жарғағының жарылып
кетуіне әкеліп соқтырады.
Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады.
Шум кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында
бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз – қан айналымды, жұмысқа
деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте
бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды
(сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.
Көбінесе өнеркәсіптік шулардың болуы әртүрлі дыбыстардың
араласуымен сипатталады. Өндірістік кездегі шу көздері болып жұмыс жасап
тұрған станоктар, механизмдер, электрлік машиналар, қосымша жабдықтар
болып табылады.
Шудың пайда болу көздері машинамен орындалатын, технологиялық
операциялармен ғана байланысты емес, айналматіректің айдауы, сонымен
қатар машинаның салмақсыз айналатын бөліктері болып табылады.
Тұрғын ғимараттарындағы, қоғамдық ғимараттадағы шуды өлшеу
Достарыңызбен бөлісу: |