Бұл дипломдық жобада Талдық



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата15.02.2018
өлшемі0,81 Mb.
#9715
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

67 

 

СНИП  II-12-77  «Шудан  қорғаныс»  және  ГОСТ  12.1.036-81  бойынша 



жүргізіледі [17].  

Шу  деңгейін  өлшеу  шуөлшегіш  деген  аспап  есептелінеді.  Ол  жиілікті 

спектр бойынша дыбыстық қысым деңгейін өлшейді, тіркейді, зерттейді. Шу 

өлшегіштерде  көбінесе  А,Б,С,Д  жиілікті  сипаттамалармен  реттегіш 

сүзгілермен жабдықталған. «А» шкаласы стандарт болып келеді және барлық 

шуөлшегіштерде  бар.  Шуды  жуықтап  бағалау  үшін  шуөлшегіштің  «А» 

шкаласы бойынша дБА шама шартымен қолданады. 

Дыбыстық  қысым  деңгейін  өлшеу  «С»  сипаттамасын  қосқан  кезде 

жүзеге асырылады. Бұл кезде шуөлшегіште жолақты сүзгілер жалғанады.  

Егер  шу  тональді  немесе  импульсті  болса,  онда  шекті  мүмкін  деңгейі 

ұзынжолақты шу үшін деңгей мәні 5 дБ-ға аз болуы үшін қолданады. 

Импульсті  шуды  кәдімгі  шуөлшегіштермен  өлшеуге  болмайды,  себебі 

үлкен инерцияға ие.  

Шудың спектрлік құрамы көбінесе арнайы аспаптар шу анализаторымен 

зерттеледі.  Әртүрлі  октавалық  жолақтардағы  дыбыстық  қысымның  деңгейін 

өлшейтін октавалық анализаторлар көп ткралған.  

Дыбысжұту әдісі ауадағы дыбысжұтқыш материалдар бойынша тараған, 

оны  жылуға  айналдыратын,  толқыннның  дыбыс  энергиясын  жұтуға 

енгізілген.Дыбыс  өткізбейтін  материалдар  —  машина,  аппарат,  прибор 

жұмысы  кезінде  діріл  мен  соққы  шуын  бәсеңдету  үшін  қолданылатын 

материалдар.  Оған  ағаш  талшықты  тақта,  асбест,  картон,  минерал  мақта, 

поливинилхлоридті  линолеум  мен  тақта,  синтет.  түкті  кілем,  эластикалық 

кеуек пластмасса, т.б. жатады. Діріл шуын бәсеңдету үшін машина серіппелі 

амортизаторға орнатылады. Жиілігі төмен инфрадыбысты өткізбеу үшін болат 

серіппе,  ал  жоғары  жиілікті  дыбысты  өткізбеу  үшін  резина  амортизатор 

қолданылады. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі децибелмен (дБ) өлшенеді. Тұрғын 

және  қоғамдық  үйлер  бөлмелері  қоршау  құралымдарының  (ішкі  қабырға, 

пәтераралық  қабырға,  қабатаралық  жабын)  дыбыс  өткізбеу  дәрежесі,  әдетте, 

40 — 50 дБ болуға тиіс. Өндіріс орындарындағы шу 80 дБ-ден аспауы керек. 

Бұл  үшін  массасы  үлкен  берік  элементтерге  серпінді  жеңіл  төсемдер  мен 

кеуек  материалдар  алмастырылып  жасалған  қабаттама  құралымдар  тиімді. 

Қабатаралық жабынға салынған серпінді төсем немесе әдейі қалдырылған ауа 

аралығы да адам жүрісінің дүрсілін бәсеңдетеді [18]. 

Шудан  жекеленген  қорғау  құралын  ұжымдық  қорғау  құралымен  шуды 

шекті  деңгейге  дейін  төмендете  алмағана  жағдайда  пайдаланған  тиімді. 

Жекеленген  қорғаныс  құралы  естілетін  дыбыс  деңгейін  10...45  дБ-ге  дейін 

азайтуға мүмкіндік береді. 

Жекеленген  қорғаныс  құралдарына  шуға  қарсы  құлаққаптар,  арнайы 

қосымша беттер, дулыға мен каскалар, арнайы киімдер қолданылады. 

Құлаққаптар  дыбыс  сіңіретін  материалдан  жасалынады,  адам 

құлағының ішкі жағына кіріп тұрады және доға тәріздес серіппемен ұсталып 

тұрады. 


Дулыға  адамды  қарқынды  шудан  қорғайды,  тек  есту  мүшесімен  ғана 


68 

 

қабылдағанда емес, сонымен бірге организмге бас сүйегі арқылы енеді. 



 

4.1 кесте - Дыбыс қысымының жұмыс орындарындағы жеткілікті мөлшерлері 

 

Дыбыс  қысымының  деңгейлері  (дБ),  октавтың  жолақтарындағы 



жиілік (Гц) 

Қолданылатын 

63 

125 


250 

500 


1000 

2000 


4000 

4500 


80 

75 


60 

54 


60 

51 


60 

40 


Нормативтіден 

91 


83 

77 

73 


70 

68 


66 

60 


 

Қатты  денелер  арқылы  2-63  Гц  жиілікте  берілетін  тербеліс  дірілдік 

тербіліс  деп  аталады.  Діріл  шығу  көздеріне  қарай  технологиялық,  көліктік, 

көліктік  технологиялық  болып  бөлінеді.  Организмге  әсер  ету  бойынша  ішкі 

және жалпы болып бөлінеді.  

Діріл  қатты  денедегі  механикалық  тербелісті  білдіреді.  Үлкен 

амплитудасы  бар  (0,500,003  мм)  төмен  жиіліктегі  (3-100  Гц)  тербелістерді 

адам  діріл  немесе  сілкіну  ретінде  қабылдайды.  Дірілдің  әсері  болған  кезде 

адам  ағзасына  орта  жүйке  жүйеснің  талдауыштары  –  вестибулярлық,  тері 

және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби 

дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.  

Діріл  ауытқу  жиілігімен  және  амплитудасымен,  жылдамдықпен  және 

үдемесімен  сипатталынады.  Әсіресе  адам  денесінің  немесе  жеке 

органдарының  (адам  денесі  үшін  6…9  Гц,  басы  6  Гц,  асқазаны  8  Гц,  басқа 

органдары  үшін  –  25  Гц  шектерінде)  тербелістер  жиілігімен  сәйкес  келетін 

еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 

60  және  90  Гц  арасында  жатады,  ол  көз  қарашығының  резонансына  сәйкес 

келеді. 35…250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті 

болып табылады.  

Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, 

қыртыстарын,  кабиналарды  және  т.б.  экран  түрінде  дыбысты  оқшаулайтын 

және  дыбысты  жұтатын  қондырғыларды  орнату  арқылы  шуылды 

төмендетудің тәсілдері кең таралым алды.  

Машина  және  жабдықтың  дірілінен  күресу  және  жұмыс  істейтіндерді 

содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін 

вибродемпфирация – механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа 

түріне,  әсіресе  жылулыққа  айналдыру  құбылысын  кең  қолданатын  болды. 

Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және 

т,б,  пайда  болуын  бәсеңдету  үшін  дірілді  оқшаулататындарды:  резеңкені, 

тығындарды,  киізді,  болат  серіппеліні  кең  қолданады.  Жұмыс  істейтіндерді 

ЖҚҚ  ретінде  қалың  резеңкелі  табаны  бар  арнаулы  аяқ-киімді  пайдаланады. 

Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, 

олар иіліп бәсеңдетуші  материалдан  дайындалады.  Діріл  мен  шуылдың  адам 

ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс 

режімін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-

алдын  алу,  мысалы,  гидропроцедуралар  (қол  мен  аяққа  жылы  ванналар, 

витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады [19].  



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау