Бұл бітіру жұмысында тапсырмаға сәйкес мекеменің Web-сайтын құру жүзеге



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10095
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
    Навигация по данной странице:
  • 1.5.3 MySQL

33 

 

MySQL),  онымен  жұмыс  істейтін  команданы  PHP  скриптің  құрамына  қосу 



керек.  Тілдің  мүмкіндіктерін  түрлі  функциялардан  тұратын  қосымша 

модульдердің  көмегімен  кеңейтуге  болады.  Олар  PHP-  интерпретаторы 

(түсіндірушісі)  орнатылған  жерде  болады.  Мысалы,  Zlib  модулі  PHP 

бағдарламасына .zip форматындағы мұрағаттармен жұмыс істеуге көмектеседі, 

ал  libswf  –  Flash  роликтерімен.  PHP  жетілдіруші  тіл  болғандықтан,  жаңа 

модульдері  жиі  шығып  тұрады.  Дегенмен,  оларды  тек  web-серверге 

орнатқаннан  кейін  ғана  тексеруге  болады.  Хостинг  қызметінің  провайдері 

мұндай  әрекетке  қарсы  болуы  мүмкін.  Сондықтан,  қандай  да  бір  модульдің 

функцияларын  пайдаланбас  бұрын,  сайт  орналасқан  web-сервердің  оны 

қолдайтынын тексеру керек. Ол үшін  жолы көрсетілген бетті 

серверге жүктеп браузер арқылы ашу болғаны. Онда php версиясы, web-сервер 

параметрлері және т.б. модульдердің қасиеттері көрсетіледі. 

 

PHP  тілінде  жазылған  бағдарлама  серверде  өңделеді.  Браузерлер  PHP 



коды  бар  бетке  сұраныс  жібереді.  Сервер  сұранысты  РНР  интерпретаторына 

орындауға  береді,  интерпретатор  генерацияланған  HTML    кодты  серверге 

қайтарады,  соңында  сервер  клиентке  нәтижені  көрсетеді.  Ешқандай  PHP  код 

браузерге түспейді. Бастапқы PHP кодты көру мүмкін емес. 

 

PHP кемшіліктері.Өзінің идеологиясы бойынша алғашында PHP кішігірім 



скриптерді  жазуға  бағытталған  еді.  PHP  интерпретацияланатын  тіл 

болғандықтан,  компиляцияланатын  C  тілімен  жылдамдығы  бойынша 

салыстырыла  алмайды.  Алайда,  көлемі  аз  бағдарламаларды  жазуға  PHP-ға 

теңдесі жоқ. 

 

РНР-дің қолдануын үш топқа бөлуге болады: 



1)  ең  оңайы,  бірақ  күрделісі  –  бұл  РНР  тілінде  сайт  және  модульдерді 

құрастыру.  Сайттың  тұрақты  бөліктерін  (мәзір,  денесін,  баннерлерін)  жеке 

файлдарға  жазып,  шақырып  отыру  –  әр  бетке  жазғанша  әлдеқайда  жеңіл. 

Мысалы, мәзірге жаңа бөлімді қосса. 

2)  келесісі–  кішігірм  жеке  бағдарламаларды  құру.  Ол  сауалнама, 

конференция, форум болуы және қандай да бір ақпаратты серверге сақтау үшін 

РНР қолданылуы мүмкін. 

3)  материалды сайтқа FTP арқылы жүктемей, админ панелі арқылы қонақ 

кітабының  формасын  толтыратындай  енгізу.  Бұл  жағдайда  2  бағдарлама 

жазылады,  бірі  администратордың  сайтқа  ақпаратты  ендіруі  мен  екіншісі, 

кірушілерге  ақпартты  көрсету.  Қазіргі  заманғы  сайттың  көбісі  осылай 

ұйымдастырылған.  

 

Алғашында  РНР  Personal  Home  Page  сөзінің  қысқартылуы  болған,  енді 



Personal Hypertext PreProcessor мағынасында. 

 

 




34 

 

1.5.3 MySQL 



 

MySQL – үлестірілген мәліметтер қорының жылдам және мықты басқару 

жүйесі. Ол ақпаратты тиімді түрде сақтауға, іздеуге, сұрыптауға және таңдауға 

мүмкіндік береді. 

Артықшылықтары: 

-  Web-  қосымшаларының  файлдық  нұсқаларына  қарағанда  кодтың  әлде 

қайда  кішігірім  болуы  (2-3  есе).  Оның  құрастыру  уақытысын  үнемдеп,  өңдеу 

үрдісін жеңілдетеді; 

-  С  тілінде  жазылғандықтан  МҚБЖ  сұраныс  процедураларының  жоғары 

жылдамдығымен орындалуы. 

Кемшіліктері: 

-  қосымшаның  web-сервердің  және  мәліметтер  серверінің  жұмыс  істеу 

тиімділігіне  тәуелділігі.  Екі  сервердің  бірі  істен  шығатындығы,  біреуін 

қолданғанға қарағанда мүмкіндігі жоғары; 

-  МҚБЖ  қолданғанға  қарағанда  файлдық  жүйемен  жұмыс  істеу  әлде 

қайда жылдам іске асады. Мысалы, сұранысты жылдам өңдейтін әйгілі Google 

іздеу жүйесі файлдық жүйеге негізделген және мәліметтер қорын қолданбайды. 

- МҚБЖ- сін қолдану 2 себепке байланысты: Интернетте ақпарат пассивті 

түрде берілуі мүмкін (қолдаушы тек оқи алады) және активті түрде- қолданушы 

ақпаратты  енгізіп,  өңдей  алады.  Бұл  қонақ  кітапшасы,  форумдар,  чаттар, 

блогтар, wiki-жобалар, контентті басқару жүйесі және т.б. 

Аталған  жағдайда  МҚБЖ-ны  қолдану  ерекшелігі  айқын:  ақпаратпен 

байланысты  барлық  іздеу,  жазу  операцияларын  SQL  сервер  өзіне  жүктейді, 

программист  тек  web-қосымшаның  логикасын  қадағалайды.  MySQL 

мәліметтерге  қатынау  құқығын  қадағалап  отырады,  бір  уақытта  құқығы  бар 

қолданушылар мәліметпен жұмыс істей алады. 

 

 

 



1.5.4 AJAX 

 

 

Қазіргі  уақытта  web-  жобаларды  жасау  күннен  күнге  күрделене  түсуде, 

осыған орай олардың іске асуы баяулауда. Және құрастырудың өзі көп уақытты 

алады. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: 

1)  шаблондар.  Қазіргі  кезде  web-қосымшларын  құруда  клиенттік  және 

серверлік  бөлімдерін  бөліктеуге  ұмтылады,  сол  себепті  шаблондарды  бірге 

қолданады.  Түрлі  технологияларды  бір-бірімен  байланыстыра  пайдалану 

құрастырушының  уақытын  қымбатқа  түсіреді.  Мысалы,  барлық  форматау 

стильдері  CSS-қа  немесе  XSL-ға  жазылады,  HTML  немесе  XML  мәліметтері 

басқа бөлімдерде сақталады, серверлік өңдеулер үшіншісінде, мәліметтер қоры 

тағы  біреуінде.  Егер  5-6  жыл  бұрын  аталғанның  барлығы  бір  файлда 

ұйымдастырылған болса, қазір бұл сирек кездеседі; 




35 

 

2)  бұдан да күрделі жобаларды құрастыруда кодтың құрылымданғандығы 



мен оқуға ыңғайлылығы талап етіледі. Программалық кодты беттеушінің, яғни 

дизайнердің кодымен араластыру қажет емес. Екі маманның жұмысын бөліктеу 

қажеттілігі туындайды. Сол кезде жоба сапалығы жоғарылай түседі; 

3)  AJAX  (Asynchronous  JavaScript  and  XML-  асинхронды  JavaScript  және 

XML) – web-қосымшаларының қолданушылар интерфейсінің интерактивтілігін 

ұйымдастыру  әдісі.  Ол  браузер  мен  web-  сервер  арасында  «фондық»  режимде 

мәлімет  алмасуға  мүмкіндік  береді.  Нәтижесінде,  мәліметтері  жаңартылған 

web-бет  толығымен  қайта  жүктелмейді  де,  web-қосымша  жылдам  және 

ыңғайлырақ болады. AJAX – DHTML концепсиясының бір компоненті. 

 

Артықшылықтары: 



-  трафиктің  үнемдеуі.  Бетті  толығымен  қайта  жүктеудің  орнына,  тек 

өзгерген  бөлікті  жүктеу  web-қосымшамен  жұмыс  істеу  кезіндегі  трафикті 

үнемдеуге AJAX елеулі септігін тигізуде; 

-  серверге  түсетін  жүктеме  азаяды.  Мысалы,  Gmail-да  оқылған  хаттарды 

белгілегенде,  сервер  тек  мәліметтер  қорына  өзгертулер  енгізіп,  клиенттік 

скриптке операция сәтті орындалғандығы туралы мәлімет жіберіледі. Бет қайта 

жүктеліп клиентке берілмейді; 

-  Интерфейс  шапшаңдығының  (реакция)  жылдамдауы.  Тек  өзгерген 

бөлікті  ғана  жүктеу  керек  болғандықтан,  қолданушы  өзінің  әрекеттерінің 

нәтижесін бірден көред. 

Кемшіліктері: 

-  браузердің  стандартты  құралдарымен  интегрирленуі.  Динамикалық 

құрылатын беттер браузер кірген беттер тізімінде көрінбейді, сол себепті кірген 

беттерді қайта көруге мүмкіндік беретін «Артқа» батырмасы жұмыс істемейді. 

Бірақ  бұл  мәселені  шешетін  скриптер  бар.  Тұрақты  URL-да  беттің  контенті 

керекті немесе ұнаған материал жаңарып отыратындықтан сақталынбайды. Бұл 

мәселелерді фрагмент идентификаторын динамикалық өзгертуі арқылы шешуге 

болады(#-дан кейінгі URL бөлігі); 

-  динамикалық  жүктелетін  құрылым  іздеу  машиналарына  қол  жетімсіз. 

Іздеу машиналары JavaScript-ті орындай алмайды, сондықтан құрастырушылар 

сайт құрамына қол жеткізетіндей альтернативті жолдарды ескеру керек; 

-  сайт статистикасын  жүргізудің  ескі  әдістері  актуалдылығы  төмендеуде. 

Көптеген статистиканы қызметтері AJAX-ты қолданатын беттерді жүрмейді; 

- браузерде әрқашан JavaScript қосулы болуы міндетті. 

Бұл  технологиялардың  пайда  болуы  мен  дамуы  ұйымдастырылған  және 

басқаруға  ыңғайлы,  икемді  жүйелердің  шығуына  септігін  тигізбей  қоймады. 

Бірнеше  тілдерді,  қызметтерді  ортақ  пайдаланып,  дайын  шаблондарға 

кигізілетін  сайттардың  дамуы  арта  түсуде.  Әрбір  пайда  болған  жаңа  шешім 

жоғарыда айтылған технологиялар негізінде жасалады. 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау