Бұл бітіру жұмысында тапсырмаға сәйкес мекеменің Web-сайтын құру жүзеге



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

17 

 

2)  «Finance  Master»  ЖШС-ның  web-сайтын  жобалау.  Сайттың  жобалану 



кезеңдері  бойынша  әр  қадамы  сипатталынады.  «Finance  Master»  ЖШС-нің 

басшыларының  қойған  талаптарының  іске  асырылуының  нақты  әрекеттері, 

сайтты жылжыту тәсілдерінің үдерісі ашылып жазылады. Бұл бөлім дипломдық 

жобаның  негізі  болып  табылады.  Себебі,  сайтты  құру  құралдарының 

нысандары  ашылып,  интернет  желісіндегі  іздеу  жүйелері,  каталогтар  мен 

тематикалық  қорлардан  сайттың  көрінуі  мен  индекстелуінің  жүзеге  асуы 

көрсетіледі; 

3)  жобаны  экономикалық  талдау.Сайтты  құрудың  тиімділігі  талданып, 

жұмсалған шығындар нәтижелері шығарылады

4) өміртіршілік қаупсіздігі. 

Дипломдық  жобада  «Finance  Master»  ЖШС-нің  сайтын  құру  тапсырма 

ретінде  алынған.  Осы  тапсырманы  жүзеге  асыру  үшін    келесідей  есептер 

қойылды: 

- «Finance Master» жайлы ақпарат жинақтау; 

- Web-сайт мазмұнын анықтау; 

- Web-сайт құру құралдарын таңдау; 

- теориялық материалдарды жүйелеу; 

- Web-сайтты жүзеге асыру, іске қосу; 

- іздеу жүйелеріне оңтайландыру. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


18 

 

1 WEB-сайттың қазіргі заманғы қоғамдағы ролі 



 

1.1  Internet  технологияларын  бұқара  ақпарат  құралдарында  (БАҚ) 

пайдалану 

 

Internet  қолданушыларына  қол  жетімді  ақпарат  арнайы  программалық 

қамтама  орнатылған  компьютерлерде  (web-серверлерде)  орналасады.  Бұл 

ақпараттың  маңызды  бөлігі  web-сайттар  түрінде  ұйымдастырылған.  Олардың 

әрқайсысында өз аты (адресі) Internet-те болады. 

Web-сайт  –  бұл  web-серверлерде  орнатылған  және  домендік  аты  (адресі) 

бар,  арнайы  келтірілген  ақпарат.  Қолданушы  компьютерінде  web-сайттарды 

қарастыру үшін браузерлер деп аталатын арнайы программалар қолданылады. 

Web-сайт  бір-бірімен  өзара  байланысқан  web-беттерден  құралады.  Web-

бет    *.htm  кеңейтілімі  бар  мәтіндік  құжатты    құрайды,  ол  браузер  терезесінде 

ақпараттың  қай  түрде  көрсетілетінін  анықтайтын,  арнайы  командалар  және 

мәтіндік ақпаратты бар HTML- кодты құрайды. Web-бетке барлық  графикалық, 

аудио-видео  ақпараттар,  әлбетте  кірмейді,  олар    *.gif,  *.jpg,  *.mid,  *.mp3 

кеңейтілімі бар жеке файлдарды құрайды.  

Web-сайттың әр беті берілген web-бетке сәйкес сайт адресінен және файл 

атауынан  құралған  өзінің  Internet    адресі  болады.  Осылайша,  Web-сайт  –  бұл 

өзара  байланысқан  гипермәтін  құжаттардан  (web-беттерден)  құралған,  web-

серверлерде  орналасқан  және  жеке  адресі  бар  ақпараттық  қор.  Web-сайтты 

Internet желісіне қосылған кез келген тұтынушы көре алады [1]. 

 

Web-сайттар  барлық  қасиеттері  бойынша  келесідей  топтарға  бөлінеді 



(Қосымша А, 1сурет): 

 

3) қызметтің қол жетімділігіне қарай: 



      - ашық – кез келген қолданушылар мен тұтынушылар үшін барлық 

қызметтердің қолжетімді болуы. Жартылай ашық – сайтқа қатынау үшін 

қолданушы тіркелу қажет (әдетте бұл қызмет тегін); 

 

 -  жабық  –  ұйымның  толықтай  жабық  қызмет  сайты  (корпоративтік 



сайттар),  жеке  тұлғалардың  сайты.  Мұндай  сайттар  шағын  қолданушылар 

тобына  арналған.  Жабық  сайтқа  әдетте  инвайттар  (шақыртулар)  арқылы 

қатынауға болады. 

2) табиғи құрамына қарай: 

  -  статикалық  –  құрамдас  бөліктері  алдын-ала  дайындалып  жасалады. 

Қолданушыға барлық ақпарат серверде сақталған күйде беріледі

           -  динамикалық  –  құрамы  кез  келген  мәліметтер  негізінде  арнайы 

скриптілермен (программалармен) генерациялайды. 

3) физикалық орналасуы бойынша: 

- интернет желісінің сыртқы сайттары; 

- локальді сайттар – тек локальді желі шегінде қол жетімді. Бұл ұйымның 

корпоративті  сайттары  ғана  емес,  провайдердің  локальді  желісінде  жеке 

тұлғалар сайты болуы мүмкін;  



19 

 

4) 



ақпаратты  ұсыну  сұлбасы  және  орындалатын  тапсырмалар 

категориялары  және  ақпарат  көлемі  бойынша  web-қорлардың  келесі  типтерін 

бөліп көрсетуге болады; 

-  бизнес  басшыларының  интернет  өкілеттіктері  (интернетпен  сирек 

байланысатын сауда және қызметтер); 

-  сайт-визитка  –  сайт  басшысы  жайлы  жалпы  ақпаратты  құрайды  (ұйым 

немесе жеке тұлға). Қызмет түрлері, тарихы, прайс, байланыс мәліметтері, жүру 

сұлбасы, яғни тікелей визитка картасы

-  өкілеттік  сайты  –  әдетте  бұлай  кеңейтілген  функциясы  бар  сайт-

визитканы  атайды:  көрсетілетін  қызметтер,  портфолио,  кері  байланыс  пішіні 

және т.с.с. жалпы ақпаратты сипаттайды; 

- корпоративті сайт – компания өміріндегі оқиғалар мен қызметтер, тауар, 

компания  басшысы,  визитка  және  өкілеттік  сайттарда  ұсынылатын  ақпарат 

толықтығымен ерекшеленеді, әдетте контентпен (іздеу, галерея, форум) жұмыс 

жасау үшін түрлі функционалды құралдарды құрайды; 

- өнім каталогы – каталогта тауар/қызметтер, сертификаттар, техникалық 

және  тұтынушылық  мәліметтері  толығымен  сипатталады.  Мұндай  сайттарда 

тауарлар/қызметтер жайлы ақпарат болады; 

- интернет-дүкен – өнім каталогының сайты,  оның көмегімен тұтынушы 

өзіне қажетті тауарларға тапсырыс жібере алады

-  промо-сайт  –  нақты  бір  өнім  немесе  тауар  белгісі  жайлы  сайт,  мұндай 

сайттарда  бренд,  жарнамалық  акциялар  (сайыстар,  жарыстар  және  т.с.с.)  

түбегейлі ақпарат орналасады; 

- сайт-квест – өзара байланысқан логикалық есептерді тізбектей шешетін 

жарыстар ұйымдастыратын интернет сайты. 

5) ақпараттық қорларына қарай: 

-  тақырыптық  сайт  –  қандай  да  бір  нақты  тақырып  жайлы  шағын 

тақырыптық спецификалық ақпарат ұсынатын сайт

-  тақырыптық  партал  –  бұл  арнайы  тақырып  бойынша  түбегейлі  ақпарат 

қамтитын  өте  үлкен  web-қор.  Парталдар  тақырыптық  сайттарға  ұқсас,  бірақ 

қолданушылармен  өзара  байланысты  құрайды  және  тұтынушыларға  партал 

аумағында  (форумдар,  чаттар)  пікір  алмасуға  мүмкіндік  береді  –  яғни 

қолданушының бар болу ортасы. 

6)  Web-қызмет  –  бұл  WWW  (World  Wide  Web)  желісі  аумағында  қандай 

да бір тапсырма орындауға арнайы құрылған қызмет. 

- хабарландыру тақтасы; 

- сайттар қоймасы, мысалы, Open Directory Project – ашық қойма; 

- іздеу жүйелері – Yandex, Google; 

- пошталық қызмет; 

- Web-форумдар; 

- блог қызметі; 

- файл алмасу пирингті қызмет – Bittorent; 

- дата хостингтік (мәліметтерді сақтау) қызмет – мысалы, Skydrive; 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау