Pisa халықаралық зерттеулеріне сай математика бағыты бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудың



жүктеу 1,9 Mb.
Дата26.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#27347

PISA халықаралық зерттеулеріне сай математика бағыты бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудың

тиімді жолдары

Нағима Медетбекқызы Өмірбек

52 орта мектептің математика және информатика пәні мұғалімі



Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы

Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты. Әлемдік білім кеңістігіне еліміздің енуі мемлекет пен қоғамның талаптарына сәйкес келе жатқан ұрпақты оқытуды «Үздіксіз білім беру» концепциясын іске асыруға септігін тигізетін құзыреттілік қажеттілігін туындатады.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет. Қазақстанның PISA бағдарламасына қатысу қажеттігі мәселесі алғаш рет 2001-2004 жылдары Сорос-Қазақстан Қоры бастамасымен жүзеге асырылған «Өзгеріп келе жатқан әлемдегі жалпы орта білім берудің ұлттық стандартын дамыту» жоба шеңберіндегі пікірталастың тақырыбы болды. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте жүзеге асырылып, Қазақстанға жалпы орта білім берудің ұлттық стандарттарын қайта құру саласында халықаралық сарапшылық қолдау көрсетуді, сондай-ақ қазақстандық мамандардың осы саладағы әлеуетін көтеруді көздеді. Жобаның ең басты нәтижесі ретінде Қазақстанның «Outcome Based Education» (Нәтижеге бағдарланған білім) тұжырымдамасын қабылдануын атап айтуға болады. Оның негізгі мағынасы – білім алудың күтілетін нәтижелерін жастардың саналы таңдау жасауына және қазіргі әлемде тиімді бағдар табуына мүмкіндік беретін іргелі құзырлықтар жиынтығы ретінде мүлде жаңа тұрғыдан түсіну. «Құзіреттілік – оқушының іс-әрекеттердің әмбебап тәсілдерін меңгерумен көрінетін білім жүйесі, ал құзірет дегеніміз - алға қойған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін мұғалімнің құзіреттілік тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіру қажет екендігі дәлелденіп отыр. Ең бастысы шыңға шығуға талпыну бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз танымдық талпыныстар жасауға үйренеді.Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45орын. 2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша-52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленген.Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді:

1) Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға бейімделу  оқу сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 5% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 28,6%);

2) Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);

3)  Әртүрлі ғылыми жаратылыстану ғылымдарындағы түсіндірмелерді біріктіретін, аталмыш түсіндірмелерді өмірлік жағдайларда қолдануға бейімдеу, жаратылыстану ғылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді жұмыс істеу ғылыми жаратылыстану сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 3,6% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%)

Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірде оларды қолдануға жеткілікті түрде үйрете білмегенімізді көрсетеді.     «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. ЭЫДҰ арқылы жүзеге асырылатын PISA зерттеуі ерекше орын алады. Өйткені, оған әлемдік экономиканың жартысынан астамы үлес қосады. Екіншіден, PISA тапсырмаларының тәжірибеге бағыттылық дәрежесі мен тапсырмаларды құрастырушылардың біліктілігі жоғары. Бұның барлығы PISA-ны 15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр.

PISA халықаралық тест тапсырмалары 15 жастағы білім алушылардың мектепте меңгерген академиялық білімін өлшемейді. Зерттеуде олардың академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану (өмірлік дағдылар), сонымен бірге мәселелерді қою мен шешу, модельдеу, ойлауда қолданатын білімі мен дағдыларының деңгейлері бағаланады.



Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді. Қазақстан Республикасы PISA зерттеуіне екі мәрте қатысып, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жастағы білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады.

Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл болып жүзеге аспақ. Сондықтан интерактиві тапсырмаларды пайдаланып компьютерлік тестілеуге назар аударған жөн.

РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде,сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды. 2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.   Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.  РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсеретеді:

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

2) оқыту нысандары мен әдістері;

3)білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау



жүйесі ;

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің

оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

6) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді

рөлі.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.   Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары. Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:

-Басқарушылық-проблеманы шешу қабілеті;

-Ақпараттық -өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы



білім ала білуі;

-Коммуникативтік - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша,



жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті;

-Әлеуметтік -әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті;

-Тұлғалық-өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби

өзін- өзі анықтау, төзімді болу қабілеті;

-Азаматтық - қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде



өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті;

Технологиялық -тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті. PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Гонконг және т.б.) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың инварианттық және вариативтік бөліктері арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілуі қажет. PISA зерттеуі нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді.



PISA халықаралық зерттеулеріне сай математика бағыты бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тәжірибеде пайдаланып жүрген тапсырмаларға тоқталсақ, мысалы:

1. Маржан мектепке бара жатқанда, көшедегі температура 0-ден 3 градус төмен болды,ал үйіне қайтқанда температура 0-ден 5 градус жоғары болды. Температура қанша градусқа өзгерген? (1-сурет)

2.Қайсы суретте шаршының 2/3 бөлігі боялған? (2-сурет)



1-сурет 2-сурет

Қорыта келгенде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін айқындайды.  Сондықтан PISA халықаралық зерттеулеріне сай өз тәжірибемде математика сабағында  PISA есептерін құрастырып «симметрия», «үшбұрыштар», «арифметикалық және геометриялық прогрессия» тақырыптарында көптеп қолданамын. Мысалы:

1.Үш рет кесу арқылы, ірімшікті қалай тең 8 бөлікке бөлуге болады? 3-сурет 4-сурет

2.Бөренелерді орманда сақтау үшін суреттегідей жинап қояды. Егер бір жинақтың астынғы қатарында 12 бөрене бар болса, осы жинақтағы бөрененің саны нешеу?(4-сурет) PISA халықаралық зерттеулері түйіні оқушының игерген білімін өмірде пайдалана алу жағдайын көрсетеді.Ұлттық намыс жоғары болу үшін, бізді алпауыт елдер тануы үшін, әлемдік додадан жоғары орын алуымыз керек. Ол үшін мектеп мұғалімінің тұғыры биік, білімі жоғары, шығармашыл, құзырлы ұстаз болуы керек, сонда ғана көш түзеледі. Көш тізгіні ұстазда екенін ұғынайық.    



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек»

2. Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы

3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.



4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 г.

5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Тыңдаушының жұмыс дәптері //NIS-PEARSON.
жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау