кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші
бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары
6. Мыналар:
1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісі жаңадан бастаған кәсіпкерлер салалық шектеусіз;
2) өңірлерде өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.
Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын Кәсіпкерлердің;
2) кредит/кепілдік алу үшін өтініш берген күні ағымдағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ Кәсіпкерлердің;
3) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК-тен аспайтын берешектің болуына жол беріледі) Кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
7. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын Кәсіпкерлер;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
8. Мынадай:
1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
3) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
4) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
5) овердрафт түріндегі;
6) бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
9. Бағдарлама шеңберінде Банктер:
1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
10. Кепілдік Банктер жаңа жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша ғана беріледі.
11. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
12. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің аффилирленген және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
14. Қоса алғанда 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша айналым қаражатын толықтыруды кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын Жоба шеңберіндегі кредиттің(- тердің) сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің біреуі үшін онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету. құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін;
4) Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында немесе Қаржы агенттігінің өзге де бағдарламаларында көзделген Бағдарламаның оқыту жобалары шеңберінде оқудан өтуі ұсынылады.
16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мөлшері 20 млн. теңгеден асатын кредиттеріне кепілдік беру Кепілдік беру қағидаларының осы бөлімінің 20-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.
17. Кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің) сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) кепілдік беру мерзімі — 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, қоса алғанда 100 %-ына дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет корсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттардан басқа) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
18. Кепілдік беру шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
19. Кәсіпкер/Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойылғанға дейін Қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының ОД %-ын төлейді.
20. Қаржы агенттігіне Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыруға құқылы.
21. Қаржы агенттігі төлеген Банк талаптарының көлемі Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік қоржын көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-нан жоғары шектен асқан кезде, мұндай Банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
22. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
23. Мынадай:
1) Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарлама әлеуетті қатысушының және онымен аффилирленген заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, Қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
4. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп
салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау» екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары
24. Мыналар:
1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында жобаларды іске асыратын және /немесе іске асыруды жоспарлайын Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.
Бұл ретте Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын Кәсіпкерлердің;
2) кредит/кепілдік алу үшін өтініш берген күні ағымдағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ Кәсіпкерлердің;
3) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК-тен аспайтын берешектің болуына жол беріледі) Кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
25. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын Кәсіпкерлер;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
26. Мынадай:
1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
3) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
4) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
5) овердрафт түріндегі;
6) бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
27. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.
28. Бағдарлама шеңберінде Банктер:
1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
29. Кепілдік Банктер жаңа жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша ғана беріледі.
30. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
31. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің аффилирленген және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
32. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
33. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша ішінара, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін. Қоса алғанда 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша айналым қаражатын толықтыруды кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
34. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын Жоба шеңберінде кредиттің(-тердің) сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте Ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі - 3 (үш) жылға дейін.
35. Кәсіпкер үшін:
1) экономиканың басым салаларындағы Жобалар бойынша кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің) сомасы қоса алғанда 360 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
36. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) сомасы бір Кәсіпкер үшін қоса алғанда 1850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредит! (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
37. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) мөлшері қоса алғанда 360 млн. теңгеге дейінгі соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.
38. Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
39. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден жоғары соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды.
40. Кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
41. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, қоса алғанда 100 %-ына дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттардан басқа) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
42. Сомасы 180 млн. теңгеден жоғары кредит(тер) бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
43. Кепілдік беру шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
44. Кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойылғанға дейін Қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда 2 (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының 0,1 %-ын төлейді.
45. Қаржы агенттігіне Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыруға құқылы.
46. Қаржы агенттігі төлеген Банк талаптарының көлемі Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік қоржын көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде, мұндай Банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
47. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
48. Мынадай:
1) Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарлама әлеуетті қатысушының және онымен аффилирленген заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, Қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
5. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі
49. Кәсіпкер/Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер (бұдан әрі - Кәсіпкер) Банкке кредит алуға өтінішпен жүгінеді.
50. Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес Банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, Жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер берген құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкерді қамтамасыз етудің, кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, жобаны Қаржы агенттігінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.
51. Оң шешім қабылданған жағдайда, Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банк осы Кепілдік беру қағидаларына 1 - 3-қосымшаларға сәйкес кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды Қаржы агенттігіне береді.
52. Қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша алған құжаттарды қарайды және Жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша кәсіпкердің және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асқан жағдайда, кейінгі Жобаларды қарау 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
53. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Банкке жолдайды. Бұл ретте, Қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.
54. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда, Қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банкке Қаржы агенттігінің кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешімі бар хат жібереді.
Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
55. 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
1) Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(дер) шарт(тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі Қаржы агенттігіне жіберіледі.
Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хаты алынғаннан кейін Банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара беруге жол беріледі;
2) Банктен банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін Қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, Банкке жібереді. Кәсіпкер Қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;
3) Банк кепілдік шартына қол қояды, оған Кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Қаржы агенттігіне жібереді;
4) Қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін Банк Кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
56. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша:
1) Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін Банк Кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасының есебі көрсетілген кредит шарттары туралы тиісті хат жібереді;
2) Банктен хат алғаннан кейін Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын Кәсіпкер-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/ анықтама (кәсіпкердің (Кәсіпкер-заңды тұлғаның уәкілетті адамының) мөрімен (бар болса) және қолымен расталған көшірмесі);
лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (кәсіпкердің мөрімен (бар болса) және қолымен расталған көшірмесі);
жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Егер Кәсіпкер-заңды тұлға акционерлік қоғам нысанында құрылған болса, бұған қоса акциялар эмиссиясының проспектісі және акционерлер тізілімінен үзінді (кәсіпкердің мөрімен расталған көшірмесі/түпнұсқасы) ұсынылады;
Кәсіпкер Қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
Кәсіпкердің салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы жылындағы қаржы есептерінің көшірмесі және/немесе оның басшысы растаған дебиторлық және кредиторлық берешекті (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) толық жаза отырып, қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін, интернет-ресурстарда орналастырылған ақпарат (заңды тұлғалар үшін);
Банктің кепілдік беру сомасының есебімен бірге кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;
Қаржы агенттігінің кәсіпкерге кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (Банктің мөрімен расталған);
Жобаны іске асырудың болжамды мерзімдерін, шарттарын қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асырудың бизнес-жоспары;
3) Бағдарламаның жергілікті/өңірлік үйлестірушісі Кәсіпкерден құжаттар мен ақпараттың және өтініштің бәрін алғаннан кейін мынадай іс- шараларды жүзеге асырады:
өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не осы Кепілдік беру қағидаларының және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
Жобаны алдын ала қарайды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үшін Жоба бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлері барлық құжаттар мен ақпаратты алған/қалыптастырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жобаны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, ол мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Жоба бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
Кәсіпкердің жобасын Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысының күнін, уақытын және өткізу орнын айқындайды, бұл туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді;
барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кәсіпкерлер жобаларының тізімін, құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, ӨҮК қарауына шығарады;
5) құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған не осы Кепілдік беру қағидаларының және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
6) ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі;
7) ӨҮК күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жобалардың Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;
8) ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс;
9) ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады.
10) ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның критерийлері мен жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексереді;
экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын Кәсіпкердің жобаларын, сондай-ақ Кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір Кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар пакетін зерделейді;
ӨҮК мүшелері арасында Кәсіпкердің жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылауды жүргізеді;
Кәсіпкерлердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша Кәсіпкердің кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген Кәсіпкерлерді және олардың Жобаларын Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;
11) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
осы Кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне;
Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне Жобаны ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді;
12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін Қаржы агенттігі Банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес алдын ала кепілдік хатын жібереді;
13) ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады;
14) алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банк және Кәсіпкер Банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі Қаржы агенттігіне жіберіледі;
15) алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-на дейін ішінара кредит беруге жол беріледі;
16) ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін Қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде Қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, Банкке жібереді. Кәсіпкер Қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;
17) Банк кепілдік шартына қол қояды, оған Кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Қаржы агенттігіне жібереді;
18) Қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін Банк Кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
57) Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
58) Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында Қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай Қаржы агенттігіне былайша аударылады:
1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін Қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агенттігінен Кепілдік шартын жасасу туралы хатты алғаннан кейін Қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.
59. Бағдарлама шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/Қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдалануға болады.
6. Бағдарламаның мониторингі
60. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) Банк және/немесе Кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде Кепілдік беру шартын жасасқан Кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануының мониторингі;
2) Банк ұсынған деректер немесе өзге де шынайы ақпарат көздері негізінде Кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі.
61. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенттікі Кәсіпкер мен Банктен мониторинг нысанасына жататын барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде, салықты құпияны қамтитын ақпаратты сұратуға құқылы, ал Кәсіпкер мен Банк беруге міндетті, Жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
62. Кредиттің мақсатсыз пайдаланылғаны, Бағдарлама және/немесе кепілдік шартының талаптары бұзылғаны, Қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындаламағаны анықталған жағдайда, Қаржы агенттігі кепілдікті жоюға құқылы.
63. Банк Кәсіпкер жобасының мониторингін жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:
1) ай сайын - Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;
2) жылына бір рет - Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген, бірақ (бизнес-жоспарға сәйкес) Жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты міндетті түрде қамтитын мониторингі.
64. Осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті Банк Қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және бұған қоса Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.
65. Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті Банк Қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және бұған қоса Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.
66. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Уәкілетті органға осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кепілдік беру туралы есеп береді.
67. Банк қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулер немесе тыйымдар туралы, сондай-ақ Банк акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік құқығының бір мәрте сатылғаны немесе өзгеше бір мәрте ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы Банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
Кепілдік беру қағидаларына
1-қосымша
Жоба бойынша қажетті кепілдік сомасының есебі (ЖКС атауы)
|
Жобаның атауы
|
Кредит сомасы, мың теңге
|
Кредит мерзімі, ай
|
Кепілді қамтамасыз ету
|
Бағалау құны, мың теңге
|
Кепіл құны, мың теңге
|
Қажетті кепілдік сомасы, мың теңге
|
Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%)
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лауазымды адам ____________________ Т.А.Ә.
қолы, мөр
Жауапты қызметкер ____________________ Т.А.Ә.
қолы
Кепілдік беру қағидаларына
2-қосымша
Кімге ____________________ әкімдігі
Достарыңызбен бөлісу: |