52
Көлденең талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен
салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі
баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік
береді.
Қайта құрылымдау – бизнестің ұлғайтуға алып келетін құны өндіріс ресурстарын
тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы кәсіпорын (бизнес) – болжамды уақыт кезеңде, кәсіпорын қызметін
тоқтату ықтималдылығы туралы ақпарат жоқтығы.
Қолма-қол ақша ағынын дисконттау–бағалау объектісінен күтілетін, бағалау
күнінде оның құнына тиісті дисконттауды пайдаланатын, болашақ ақша ағындарының
(кірістерінің) түрлендіру.
Қайтарудың (кірістіліктің) мөлшерлемесі – табыс (шығын) сомасының қатынасы
және (немесе) инвестицияланған қаражат көлеміне қатысты құнның өзгеруі.
Құн – бұл сатып алушы қандай да бір затты немесе объектіні айырбастауға дайын
тұратын ақшалай балама.
Материалдық емес активтер –материалдық активтер қатрына жатпайтын, бірақ
кәсіп орын үшін айтарлықтай құндылығы бар активтер.
Реверсия – иелену кезеңінің соңында сатудан алынатын меншіктік объектінің табысы.
Салыстыру базасы – сандық көріністегі қаржылық, өндірістік немесе өзге де
сипаттамасы, объектінің бағалау үлгілері бойынша мәмілелер бағаларымен өзара
байланысты.
Салыстырмалы тәсіл – бағалау объектілерді ұқсас объектілермен салыстыруға
негізделген және оларға қатысты баға туралы ақпараты бар, әдістердің құнын бағалаудағы
бағалау объектісінің жиынтығы.
Сипат үшін бақлаусыз жеңілдіктер - бақылаусыз сипатты ескере отырып
бағаланатын пакет ( кәсіпорынның жалпы пакет акциялар құны) үлесінің құны азаятын
шама.
Синергетикалы әсер – компаниялардың бірігуге дейінгі жиынтық құнын
салыстырғандағы біріктіруі және біріккен компаниялар құнының асуы.
Табыстық тәсіл – бағалау объектісінен күтілетін табыстарды пайдалануға, бағалау
объектісінің құнын бағалауға арналған әдістердің жиынтығын анықтауға негізделген.
Табыстың капиталдандыруы – болашақ табыс пен объектінің бағаланатын
ағымдағы құны арасындағы өзара байланысты айқындайтын процесс.
53
Таза активтер –актив ұйымдарының сомасын шегеру арқылы есептейтін және
бухгалтерлік есеп-қисаптың деректері бойынша айқындайтын және міндетті соммасын
есепке қабылдайтын шама.
Тарату құны – егер бағалау объектісі аз мерзімді экспозицияның қалыпты мерзімде
шеттетілуі ұқсас объектілер болуы тиіс жағдайдағы бағалау объектісінің құны.
Тәуекел - болашақта белгілі бір кірістер табысының ықтималдығын төмендету және
олардың бағалау жүргізу күнінде құнын азайтатын мән-жайлар.
Тікелей талдау – кәсіпорынның қаражат құрылымы мен олардың көздерін
көрсететін, жеке бөлімдер мен баланс мақалаларының талдауы, қаржылық есептің
нәтижелері.
Ұйымның іскерлік беделі – материалдық емес (заңды идентифициялық емес) актив,
фирмалық атауының, беделінің, тұрақты клиентерінің, орналасқан жерінің және аналогты
факторларының арқасында туындайтын, олардың құны ерекшелеуге және жеке-жеке
бағалауға болмайды, бірақ олардың қосымша табысын немесе басқа да экономикалық
пайдаларын негіздейді.
Шығындық тәсіл – тозуын және ескіруін ескере отырып, қажетті өсімін молайту
үшін не бағалау объектісін алмастыратын, шығындарды анықтауға негізделген, бағалау
объектісінің құнын бағалауға араналған әдістердің жиынтығы.
«Бизнесті бағалау» пәні бойынша тапсырмалар
1-тапсырма
Мынадай сипаттамаға ие кеңсе ғимаратының қалдықтық қалпына келтіру құнын
(ҚҚҚ) анықтау. Ғимараттың ауданы 2000 ш.м. құрайды; ғимарат 12 жыл бұрын
салынған және оның жалпы болжамды қызмет мерзімі – 60 жыл. Құрылыс ұйымдарының
нормативтік тәжірибесінен дәл осындай жаңа ғимараттың құрылысына кететін үлесті
шығын ш.м./350 теңге/ құрайды деуге болады.
Шешімі
Ұқсас жаңа ғимараттың құрылысына кететін есеп-қисап шығындары мынаны
құрайды:
ш.м./350 теңге х 2000 ш. м = 700000 теңге
54
Қалдықтық қалпына келтіру құны ғимараттың (ғимараттың өміршеңдік кезеңінің
жалпы мерзімінің қалған бөлігі) тозуын өлшеумен анықталады. Тозудың желілік
сипаттамасына жол беру кезінде ғимараттың ҚҚҚ мынадай арақатынаспен есептеледі:
ҚҚС = 700000 х [(60 - 12) / 60] = 560000 теңге
Жауабы: Ғимараттың ҚҚҚ 560000 теңге құрайды.
2-тапсырма
Келесі ақпаратты пайдалана отырып, 20 жыл бұрын салынған аурухана ғимарты
үшін ауыстырудың қалдықтық құнын анықтау (АҚҚ):
Осындай аруханаға ұқсас (ауқымы мен пішіні бойынша) қазіргі заманғы ғимаратқа
кеткен белгілі жоспарлық шығындар 4500000 теңге құрады:
Жаңа аурухана жоспарына заманауи (экологиялық, құрылыс, денсаулық сақтау және
т.б.) нормативтерді қолданумен бірге қосымша (бағаланып отырған ауруханамен
салыстырғанда) сметалық құны 300000 теңге құрайтын оптикалық-талшықты байланыс
құралдар кешенімен жабдықтау қосылды;
Нысанды нормативтік ұстау бойынша өткен 20 жыл ішінде жүргізілген
жұмыстарды қоса есептегенде, сарапшылар бағаланып отырған аурухананың өміршеңдік
кезеңінің жалпы ұзақтығын – 80 жыл деп белгіледі.
Шешімі
Бағаланып отырған нысанмен салыстырғанда «ауыстыратын» аурухананы
оптикалық-талшықты байланыс құралдарымен жабдықтау функционалдық қажеттілік
болып табылмайды деп есептегендіктен, сондай-ақ оның тозу динамикасын желілік деп
есептей отырып, ауыстырудың қалдықтық құнын бағалаудың келесі мәнін аламыз:
АҚҚ = (4500000 теңге - 300000 теңге) х [(80 - 20) / 80] = 3150000 теңге
Жауабы: арухананың АҚҚ 3150000 теңге құрайды.
3-тапсырма
Жылдық жалға алу төлемі 300 ш.м./дол., өндірістік-техникалық модульдердің жалға
алушылармен толығуының жылдық орташа пайызы 90%, мүлік иесінің орталықтағы жер
үшін жылына 600 мың дол. салық төлемдері және ұстауға, орталықтағы күзетке кеткен
және т.б. бір жылдағы шығындар 1,2 млн дол. кезніде ауданы 20 мың ш.м. өндірістік-
техникалық орталықты жалға алуға арналған капиталдандырылған құнды бағалау.
Осыған ұқсас жалға алынған бизнестің кірістік көрсеткіші 12% деп есептелсін.
Шешімі
Өндірістік-техникалық орталық иесінің таза жылдық кірісі салық төлемдері мен
ұстауға, күзетке және т.б. кеткен шығындарды алып тастағанда, барлық жалға берілген
алаңдардан (90%) келіп түсетін жалға беру төлемінен құралатын болады: