Биологиялық қауіпті объектілерде биотәуекелдерді басқару жөніндегі



жүктеу 0,75 Mb.
бет2/6
Дата12.01.2020
өлшемі0,75 Mb.
#26437
1   2   3   4   5   6

5. Тиімділікті бағалау


  1. Тиімділікті бағалау басқару жүйесінің қорытынды кезеңі болып табылады және оларды төмендету бойынша іс-шараларды жүргізгеннен кейін жүйеде қандай ерекше іс-қимылдар жетіспей тұрғандығын көрсетеді.

  2. Тиімділікті бағалаумен байланысты аспектілердің негізгі санаттары:

  1. бақылау – басқару бойынша процестер, рәсімдер, құрылымдар мен міндеттер;

  2. растау – осы Әдістемелік ұсынымдарға 16-20-қосымшаларға сәйкес аудит және инспекциялау арқылы жүйені тексерудің жүйелік процесі;

  3. жетілдіру – ішкі және сыртқа кері байланыс негізінде биотәуекелдерді басқару саласында мақсаттарды қою және оларға жету;

  1. Тәуекелдерді басқару жүйесін тиімді басқаруға қол жеткізу үшін құрамына:

  1. кіріс бақылауы (жоспарларды бағалау);

  2. мониторингтік бақылау (қызмет етуін бағалау);

  3. шығу кезіндегі бақылау (тиімділікті бағалау) кіретін ішкі бақылау қажет.

  1. Ішкі бақылауды жоспарлау кезінде осы Әдістемелік ұсынымдарға 21-қосымшаға сәйкес бақылау әдістерін, ақпаратты жинау мен талдауды, қателер мониторингін және түзетуді ескеру қажет.

  2. Ішкі бақылау жүйесі басты қағидат – ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерде биоқауіпсіздік пен бақылау рәсімдерінің бірыңғай стандарттарын қолдануға негізделген. Рөлдер мен жауапкершілік мынадай қағидаттарға сәйкес бөлінеді:

  1. жоғарғы басшылық объектінің қауіпсіздігін ішкі бақылау саясатын бекітеді және оның тиімділігіне баға береді, ішкі бақылаудың жалпы стратегиясын бекітуге және кезең-кезеңмен қайта қарауға жауап береді;

  2. ұйымдағы биологиялық қауіпсіздік бойынша жауапты маман ұйымдағы ішкі бақылау рәсімдерінің тиімділігін (оның ішінде ішкі аудит есептері мен тәуекелдерді басқару жүйесінің есептері негізінде) жалпы бағалауды жүзеге асырады;

  3. режимдік комиссия мүшелері бөлімшелерде ішкі аудит жүргізеді және бөлімшенің қауіпсіздігіне тікелей баға береді;

  4. бөлімшелердің меңгерушілері және өзге қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес стандарттар және регламенттеуші құжаттар арқылы ішкі бақылауды жүзеге асырады.

  1. БҚО биологиялық қауіпсіздігі туралы қорытынды соңғы өнім болып табылады және объектідегі жұмыстың нақты жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді:

  1. персонал мен жақын жерде тұратын халық үшін қауіпті объектінің тәуекел дәрежесі;

  2. БҚО-да ТЖ туындау мүмкіндігінің дәрежесі;

  3. ықтимал салдарларын бағалау;

  4. ТЖ алдын алу және БҚО-дағы ТЖ жоюға дайындық бойынша іс-шараларды бағалау;

  5. тәуекелдерді төмендету және БҚО-дағы төтенше жағдайлардың салдарларын жеңілдету бойынша іс-шараларды бағалау.

  1. БҚО-ның қауіпсіздігі туралы қорытынды жыл сайын беріледі және ұйымда әзірленген екі жүйе: биотәуекелдерді басқару жүйесіне және осы Әдістемелік ұсынымдарға 22-қосымшаға сәйкес ішкі бақылау жүйесіне негізделеді.

  2. БҚО-ның қауіпсіздігі туралы қорытынды: титул парағын, мынадай: «Ұйымның жалпы сипаттамасы», «ТЖ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері», «Ұйымдағы авариялық және жарақаттанушылық сипаттамасы», «Ұйымның қауіпсіздігін және ТЖ-ны жоюға дайындығын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың сипаттамасы» бөлімдерін қамтиды. Соңғы бетінде әзірлеушілердің қолтаңбалары болады.

  3. БҚО-ның қауіпсіздігі туралы қорытындыға:

  1. ұйымдағы ықтимал ТЖ салдарлары көрсетілген ахуалдық жоспар, бұл ретте ТЖ дамуының тек анағұрлым қауіпті және анағұрлым ықтимал сценарийлері беріледі;

  2. тәуекелді бағалау әдістерін көрсете отырып, объектінің тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша есептеулер;

  3. персонал мен жақын жерте тұратын халық үшін объектінің тәуекел дәрежесі көрсеткіштерін негіздеуші және растаушы материалдар;

  4. ТЖ ықтималдылығы және тәуекел дәрежесі (табиғи құбылыстар және апаттар);

  5. БҚО-да биотәуекелдерді төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге арналған ұсынымдар қоса беріледі.

  1. Кез келген сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған шараларды, сондай-ақ жетілдірулерді енгізуге мүмкіндіктерді қоса алғанда, инспекциялық\аудиторлық тексерулердің нәтижелерін көрсететін есептік құжаттарды жүргізу қажет.

  2. Құпия ақпараттың (мысалы, микроорганизмдерді сақтауға арналған тоңазытқыштардың орналасуы) кездейсоқ ашылуын болдырмау үшін бақылау рәсімін осы Әдістемелік ұсынымдарға 23-қосымшаға сәйкес алдын ала әзірлеу және ұйым басшысымен бекіту қажет.

Биологиялық қауіпті объектілерде

биотәуекелдерді басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша


Ұйымдағы биотәуекелдерді басқару саясатын бағалау
Бағалау күні_____________________________________________________________

Бағалауды жүргізген адам_________________________________________________

Режимдік комиссияның отырысында бекітілді: __________________________

(хаттаманың №, күні)

Бағалау индикаторы (кестеде):


Саясатта белгіленген жұмыстың бөлімі


Иә

Жоқ

Персоналды, мердігерлерді, келушілерді, халықты және қоршаған ортаны жұмыста пайдаланылатын немесе мекемеде сақталатын биологиялық агенттер және уыттардан қорғау





Биологиялық агенттер мен уыттардың байқаусызда таралуы немесе олардың әсер ету тәуекелін төмендету





Тәуекелді бағалау жүргізу және тиісті бақылау шараларын қабылдау қажеттелігін қоса алғанда, қауіпті биологиялық материалдардың рұқсат етілмеген таралуының тәуекел дәрежесін қолайлы деңгейге дейін төмендету





Мекеменің меншігіндегі немесе жұмыста қолданылатын биологиялық агенттер мен уыттарға қолданылатын кез келген заңнамалық актілерді сақтау





Биологиялық тәуекелдерді тиімді басқару қажеттілігі «денсаулық пен қауіпсіздікке» қатысты емес барлық қолданыстағы талаптардан басым түсетіндігін мойындау





Барлық қызметкерлерді және тиісті үшінші тұлғаларды пәрменді ақпараттандыруға, сондай-ақ осы тұлғалар тобын биотәуекелдерге қатысты жеке міндеттемелерімен таныстыру





Биотәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін үздіксіз арттыру





Барлығы иә\жоқ






1. «Жоқ» бағасымен көрсеткіштер тізімі

2. Ұйымның режимдік комиссиясының бекіту немесе қайта қарау туралы ұсынымдары

Биологиялық қауіпті объектілерде

биотәуекелдерді басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

2-қосымша
Жоспарлауды бағалау
Зертхана______________________________________________________

Бағалау күні______________________________________________

Бағалауды жүргізген адам _________________________________

Қатысты (зертхананың өкілі)_____________________________________



Бағалау индикаторлары (кестеде):


Көрсеткіштер (индикаторлар)

Иә

Жоқ

Барлық орындалатын әдістемелерге ҚР нормативтік құжаттарының болуы





Қауіпсіздік стандарттарының болуы (CDC, ДДСҰ және т.б.)





Ұйымдағы бекітілген Тәуекелдерді басқару бойынша саясаттың болуы





Тәуекелдерге бағалау жүргізілуін ұйымдастыру бойынша бұйрық, күндері, жауапкершіліктер, міндеттер және өкілеттіліктер





Тәуекелдерді бағалау рәсімдерінің орындалуын және тәуекелдерді қолайлы деңгейге дейін төмендету бойынша шараларға бақылау өкілеттіліктері бар тұлғалардың тізімі бар ұйым бойынша бұйрық





Тәуекелдерді жоспардан тыс бағалау жүргізу туралы ұйымның басшысы бекіткен қағидалар (жаңа жұмыстың бастамасы немесе күтпеген жағдайларда және төтенше жағдайларда жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу)





Зертхана қызметіне қатысты қауіптерді анықтау





Тәуекелдердің ықтималдылығын анықтау





Тәуекелдердің салдарын анықтау





Тәуекелдерді бағалау әдістері





Тәуекелдерді бағалау алгоритмі, ресурстарға қажеттілік





Тәуекелдерді басқару стратегиясы





Тәуекелдерді басқару стратегиясының орындалуын бақылауды жоспарлау





Мәліметтерді қорғау бағдарламасы







Күнделікті қызметті бақылау бағдарламасы





Жоспар бекітілді





Орындау мерзімдері





Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарының және алдыңғы жылға есептің болуы





Барлығы иә/жоқ






1. «Жоқ» бағасымен көрсеткіштер тізімі

2. Ұйымның режимдік комиссиясының бекіту немесе қайта қарау туралы ұсынымдары

Биологиялық қауіпті объектілерде

биотәуекелдерді басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

3-қосымша

Зертхананың қауіпсіз қызметін бағалау
Зертхана______________________________________________________

Бағалау күні______________________________________________

Бағалауды жүргізген адам _________________________________

Қатысты (зертхананың өкілі)_____________________________________



Бағалау индикаторлары (кестеде):


Көрсеткіштер (индикаторлар)

Иә

Жоқ

Асфальтталған аумақтар





Периметрі бойынша көгалдандыру





Периметрі бойынша қоршау





Тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттардан алшақтау





Тамақ ішу және тамақ өнімдерін уақытша сақтауға арналған жеке тұрған үй-жай





Изолятордың болуы





Аумақты аймақтау





Зертхананы аймақтау





Санитариялық өткізу, санитариялық торап, «таза» және «ластанған» арнайы киім мен аяқкиімге арналған шешінетін бөлме





Зертхана үй-жайының қажетті жиыны (орындалған жұмыс түрлері бойынша)






2 шығатын есіктің болуы (персонал үшін, үлгілер үшін)





Авариялық шығатын есіктің болуы





Әрбір кіретін және шығатын есіктерде жедел шығу есігі көрсетілген белгілердің болуы





Штаммдарды/материалдарды қабылдау (зертханаға кіре берісінде)





Алаңның жеткіліктілігі (қызметкерлер санының есепке алғанда)





Зертханалардың есіктерінде олардың тағайындалуы көрсетілген тақталардың болуы





Торлар (зертхананың бірінші қабаттағы барлық терезелерінде)





Қабырғалар мен төбелердің әрленуі (клейлі негіздегі маймен бояу, дез. құралдарға тұрақтылығы)





Жәндіктерден қорғауға арналған торлар (терезе және есік ойықтарының сыртынан)





Бұрыштар (ішкі және сыртқы – тегістелген)





плинтустар (саңылаусыз, кіріктірілген)





Едендер (саңылаусыз, сырғанақ емес, агрессивті сұйықтықтарға тұрақты)





Жиһаз (үстелдер, шкафтар, орындықтар) ашық түсті, үшкір бұрыштары жоқ, дезинфекиялық құралдарға тұрақты





Зертхана үй-жайларында қол жууға арналған раковиналардың, айна және дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыстардың болуы





Жылыту аспаптары тегіс, барлық жағынан жууға болатындығы, күн сайын жуылуы және дезинфекциялануы





Суық сумен қамтамасыз ету жүйесінің болуы





Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің болуы





Су таратқыш желілері (жабық, саңылаусыз жасалған)





Кәріз жүйесінің болуы





Септик (ағын суларды залалсыздандыруға және тазалауға арналған)





Биологиялық қауіпсіздік бокстерінің болуы (БҚБ)





Жасанды және табиғи жарықтандырудың болуы (аралас, біріктірілген)





«Жабық» типті шамдар





Зертхананың қуат көзінің резервтік көзі





Ғимараттың жерге тұйықталу контуры





Аварияның жарықтық дабыл белгісі





Аварияның дыбыстық дабыл белгісі





Зертхананың күзетілуі





Кілттер ұйым бойынша кезекшіге қол қойып өткізіледі





Өсірінділері бар тоңазытқыштардың кілттерін (мөрлерін) сақтау (зертхананың меңгерушісінде)





Термостаттарда, тоңазытқаштарда, шкафтарда, жұмыс бөлмелерінің есіктерінде құлпылар мен пломбалардың болуы





Бейнебақылаудың болуы





Барлығы иә/жоқ






1. «Жоқ» бағалауымен көрсеткіштер тізімі

2. Ұйымның режимдік комиссиясының бекіту немесе қайта қарау туралы ұсынымдары

Биологиялық қауіпті объектілерде

биотәуекелдерді басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

4-қосымша

Персоналды бағалау
Зертхана______________________________________________________

Бағалау күні______________________________________________

Бағалауды жүргізген адам _________________________________

Қатысты (зертхананың өкілі)_____________________________________



Бағалау индикаторлары (кестеде):


Көрсеткіштер (индикаторлар)

Иә

Жоқ

Оқытуды бағалау

Білім беру (атқаратын қызметіне сәйкесс)





АҚИ жұмыс істеуге арналған алғашқы мамандандыру курстарында оқудан өту





Біліктілігін арттыру (жетілдіру курстары, тренингтар, семинарлар және т.б.)





Биоқауіпсіздік бойынша тренингтарге қажеттілік тізімі







Арнайы тренинг-тестілеу (алдын ала)





Практикалық әдістерді өңдеу арқылы арнайы тренинг-тестілеу





Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша персоналды арнайы медициналық дайындау жоспары







Жедел медициналық көмек көрсету бойынша ұсынымдардар (көру қабілетін жоғалту, күю, жарақат және т.б.)





Өткір және тікенді заттарды қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдардар







Келушілер, мердігерлер, қосалқы мердігерлермен нұсқаудық





Персоналдың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және І-ІІ ПБА жұқтырған немесе жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын білетіндігіне аттестаттау актілерінің болуы





Зертханаға кіру-шығуды бағалау

Зертханаға кіру-шығу ережесі (хаттама, СОР)





Қызметкерлерге І-ІІ ПБА жұқтырған немесе жұқтыруға күдікті биологиялық материалмен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бұйрықтың болуы





Бөгде тұлғалардың зертханаға кіруін тіркейтін журналдың болуы (инженерлік-техникалық қызметкерлер және т.б.)





Жұмыстан шығу кезінде объектіге кіру рұқсатынан айыру (рұқсатнамаларын қайталып алу, кілттерді, кіру кодтарын ауыстыру және т.б.)





Қажет деп танылса персоналды тез арада физикалық алыстату





Медициналық-санитариялық қамтамасыз етуді бағалау

Тексеру сәтіндегі медициналық байқау (диспансерлеу)





Күн сайынғы термометриялау журналының болуы





Аллергиясы немесе антибиотиктерді көтере алмайтын қызметкерлер тізімінің болуы





Іссапарға шығу\еңбек демалысының алдындағы обсервация





Қызметкерлер алатын кез келген емдеудің сипаты және осы емге тиісті тәуекелдер\басымдылықтар туралы ақпараттылық





Зертханада алғашқы көмек көрсету құралдарының болуы (алғашқы көмек көрсетуге арнаған дәрі қорпашасы; ПБА апат кезіне арналған дәрі қорапшасы)





Оқшау үйдің толымдылығы





Вакцинациялауды бағалау

Персоналдың вакцинациялау кітапшасының болуы





Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұлғаларлдың тізімінің болуы





Персоналдың вакцинациялау сипаты, вакцинаға тән тәуекелдер\басымдылықтар туралы хабардар болуы





Вакцинациялауға дейінгі және кейінгі серологиялық тексеру инәтижелері





Персоналдың сенімділігін бағалау

Персоналды басқару бағдарламасы





Адамның сенімділігі мен мінез-құлығының қауіпсіздігін тексеру рәсімдерінің болуы





Зертхана меңгерушісімен қақтығысты жағдайларды шешеу механизмдерінің болуы





Персоналдың авариялар, оқиғалар немесе қауіпсіз емес жағдайлар / мінез-құлықтар туралы хабар беруге дайындығы, сонымен қатар жоғарыда аталған туралы хабар берген жағдайда, қызметкерді қорғау





Әріптестердің жеке өмірі мен абыройына құрметпен қарау





Отбасының құрамы туралы мәліметтердің болуы





Жұмыстан шығару кезінде объектіге қатысты ақпаратқа, оның ішінде құжаттамларға, компьютерлендірілген есептік құжаттар мен мәліметтерге қолжетімділігінен айыру





Адамның сенімділігі туралы арнайы қызметтердің қорытындыларының болуы (объектіге кіру рұқсаты)





Барлығы иә/жоқ






1. «Жоқ» бағалауымен көрсеткіштер тізімі

2. Барлық мүдделі тұлғаларға тәуекелдер туралы ақпарат.
Биологиялық қауіпті объектілерде

биотәуекелдерді басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

5-қосымша


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау