Биологиялық қауіпті объектілерде биотәуекелдерді басқару жөніндегі



жүктеу 0,75 Mb.
бет1/6
Дата12.01.2020
өлшемі0,75 Mb.
#26437
  1   2   3   4   5   6


№ исх: 193-ОД от: 13.12.2016

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау комитеті төрағасының

2016 жылғы _____________

№ ___ бұйрығына

2-қосымша




Биологиялық қауіпті объектілерде биотәуекелдерді басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер


  1. Осы Биологиялық қауіпті объектілерде биотәуекелдерді басқару жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне ведомстволық бағынысты, аса қауіпті инфекциялар (бұдан әрі – АҚИ) қоздырғыштарының штаммдарымен немесе олардың бар болуына күдікті материалдармен жұмыс істейтін ұйымдарға арналған.

  2. Осы әдістемелік ұсынымдарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылған:

  1. биологиялық агенттер (бұдан әрі – БА) немесе уыттар – бұл адамның немесе жануарлардың организмдеріне түскен кезде немесе олармен, сондай-ақ өсімдіктермен жанасқан кезде олардың сырқаттануын немесе өлімін тудыруға қабілетті микроорганизмдер және бактериялық, өсімдіктен немесе жануардан шығатын белоктық күрделі қосындылар;

  1. биологиялық қауіпсіздік – жұмыс істейтін персоналды, тұрғындарды және қоршаған ортаны БА әсерінен қорғауға бағытталған медициналық-биологиялық, ұйымдастыру және инженерлік-техникалық іс-шаралар және құралдар жүйесі;

  1. биологиялық қорғаныш (бұдан әрі – биоқорғаныш) – БА және уыттарды жоғалтуды, ұрлатуды, дұрыс пайдаланбауды, диверсиясын, рұқсат етілмеген қол жетімділікті немесе алдын ала жоспарланған рұқсат етілмеген таралуын болдырмау мақсатында оларды қорғауды, бақылауды және есепке алуды қамтамасыз ету;

  2. биотәуекел – биологиялық агент немесе уыт әсер ету көзі болған жағдайда зиянды әсердің пайда болу ықтималдығы мен зиянды әсер дәрежесінің үйлесімі;

  3. биологиялық қауіпті объект (бұдан әрі – БҚО) – технологиялық тізбегінде негізгі компоненттері микроорганизмдер, метаболикалық қызмет және микробиологиялық синтез өнімдері болып табылатын биологиялық фактор болатын ұйым.

  4. түзетуші шаралар – анықталған сәйкессіздік немесе өзге де жағымсыз жағдайлардың себептерін жоюға бағытталған іс-қимылдар;

  5. тиісті микробиологиялық әдістер – биологиялық агенттердің әсер етуін болдырмау немесе азайту үшін қолданылатын жұмыс әдістері;

  6. үздіксіз жетілдіру – биологиялық тәуекелдерді басқару саласындағы ұйымның саясатына сәйкес биологиялық тәуекелдерді басқарудың жалпы тиімділігін арттыру мақсатында биологиялық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірудің үздіксіз процесі;

  7. тәуекелді бағалау – БА және осыған байланысты әлеуетті әлеуметтік, медициналық-биологиялық, фито-ветеринариялық, экологиялық және экономикалық салдарлардың ену және таралу ықтималдылығын ғылыми негізделген бағалау.

  8. алғашқы қорғаныш кедергілері – тиісті жабдықтың немесе арнайы қорғаныш құрылғыларының тұйық шектелген көлемінде микроорганизмдер, олардың тіршілік әрекетінің өнімдерін және құрамында олар кездесетін немесе оларды жұқтырған түрлі еңбек объектілерінің өнімдерін физикалық ұстап тұруды жүзеге асыратын кедергілер;

  9. биотәуекелдерді басқару жүйесі – биологиялық тәуекелдер және оларды басқару мәселелері бойынша ұйымдастыру саясатының әзірленуін және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін БҚО басқару жүйесінің бір бөлігі.



2. Биотәуекелдерді басқару жүйесі


  1. Өзінің билігінде АҚИ қоздырғыштары немесе олардың болуына күдікті материалдары (бұдан әрі - БҚО) бар ұйым қызметінің шеңберіндегі зертханалық биотәуекелдерді басқарудың негізгі тетігі жоспарлау-орындау-тексеру-әрекет ету циклі арқылы биоқорғау мен биоқауіпсіздік талаптарын бірыңғай тұжырымдамалық басқару жүйесіне біріктіруге негізделген тәсіл болып табылады.

  2. Ұйым басшысының тапсырмасы бойынша жектекші мамандарды, зертханалар (бөлімдер) меңгерушілерін қатыстыра отырып, биоқауіпсіздік бойынша маман (ол болмаған жағдайда – режимдік комиссия) осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес Ұйымда биотәуекелдерді басқару саясатын әзірлейді. БҚО басшысы Саясатты бекітеді.

  3. Саясат:

1) персоналды, келушілерді, халық пен қоршаған ортаны ұйымның жұмысында пайдаланылатын немесе сақталынатын биологиялық агенттерден қорғауға;

2) биологиялық агенттердің (бұдан әрі– БА) абайсызда/қасақана таралуын немесе тәуекелдерді бағалау және тиісті бақылау шараларын өткізу қажеттелігін қоса алғанда, олардың әсер ету тәуекелдерін төмендетуге;

3) ұйымның меншігінде немесе оның жұмысында пайданылатын биологиялық агенттерге қолданылатын кез келген заңнамалық талаптарды сақтауға;

4) биологиялық тәуекелдерді тиімді басқару қажеттілігі «денсаулық пен қауіпсіздікке» қатысты емес барлық қолданыстағы талаптардан басым түсетіндігін мойындауға;

5) барлық қызметкерлерді және тиісті үшінші тұлғаларды пәрменді ақпараттандыруға, сондай-ақ осы тұлғалар тобын биотәуекелдерге қатысты жеке міндеттемелерімен таныстыруға;

6) биотәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін үздіксіз арттыруға бағытталған.



  1. Ұйымның режимдік комиссиясы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Саясат сапасына бақылауды жүргізеді және Саясатты бекіту (қайтка қарау) туралы өзінің ұсынымдарын береді.

  2. Саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін ұйымның басшысы барлық персоналдың рөлдері мен міндеттерін құжаттамалық ресімдейді. Мыналарға:

1) объектіні қорғауға және төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) кезіндегі іс-қимылдар бойынша барлық персоналға жаттығу сабақтарын өткізуге;

2) жұмысқа қабылдаудың және қорғалған аумаққа жіберудің алдында персоналдың жарамдылығы мен сенімділігін талдауға;

3) персоналды оқытуға;

4) ұйымда тұрақты жұмыс істемейтін инженерлік-техникалық персоналдың (немесе келушілердің) зертханаға кіруіне рұқсаттарды ресімдеуге;

5) ЖҚҚ уақтылы сатып алуға, дезинфекциялық құралдардың кемімеймін қоры және оларды зертханаларға беруге;

6) дезинфекциялық құралдарды бақылауға;

7) тәуекелдерге бағалау жүргізуге және жою бойынша ұсынымдар бере отырып тәуекелдерге қатысты кез келген күрделі мәселелерді тіркеуге;

8) медициналық қалдықтарды залаласыздандыру, дезинфекциялау және кәдеге жарату бойынша әзірленген рәсімдерді үйлестіруге және мониторинг жүргізуге;

9) I-II топтағы микроорганизмдерді, I-II топтағы микроорганизмдерді жұқтыру күдігі бар немесе жұқтырған материалдарды тасымалдау бойынша жұмыстарды үйлестіруге;

10) I-II топтағы микроорганизмдерді сақтаудың қауіпсіздігін және есепке алынуын қамтамасыз етуге;

11) биологиялық қауіпсіздік және қорғауға қатысты мәселелер бойынша қосалқы және шаруашылық қызметкерлерімен байланысты қамтамасыз етуге;

12) зертхананың / бөлімнің / ұйымның биологиялық қорғау жоспарын әзірлеуге және бекітуге;

13) зертханалар / бөлімдер / мекемелерде аварияларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және бекітуге;

14) I-II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін немесе өндірістік қызмет түрі бойынша «жұқпалы» аумақ үй-жайларына баратын қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 135-тармағының 2) тармақшасына сәйкес вакцинациялау жүргізуге;

15) вакцинациялау / қайта вакцинациялаудан бұрын және кейін стандартты әдістердің біреуімен иммунитет деңгейіне бағалау (жыл сайын) жүргізуге;

16) нормативтік құжаттарға сәйкес диспансерлік бақылау жүргізуді ұйымдастыруға (жыл сайын);



  1. обсервация кезінде күн сайын термометриялау арқылы немесе жіті ішек ауруының симптоматикалық кешенін анықтау мақсатында қызметкерлерге медициналық бақылауды ұйымдастыруға;

  2. биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау бойынша бағдарламалардың іске асырылуын бақылауға жауапты тұлғалар көзделеді.

Жауапты тұлғалар тоқсан сайын ұйым басшысының алдында жасалған жұмыстар туралы есеп береді және жетілдіру бойынша ұсынымдар береді.

  1. Зертханалар (бөлімдер, бөлімшелер) басшылары тәуекелдерді басқару жүйесінің жоспарын (бұдан әрі– Жоспар) әзірлейді, оны осы Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік бойынша маман, ал ол болмаған жағдайда режимдік комиссия мүшелерінің біреуі бағалайды және Режимдік комиссиямен келісіледі. Жоспарды ұйымның басшысы бекітеді. Бөлімшелердің Жоспарлары негізінде ұйым бойынша жалпы Жоспар жасалады.



3. Биотәуекелдерді бағалау


  1. Биотәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді басқару жүйесінің орталық буыны болып табылады, жинақталған ақпаратқа негізделеді және:

  1. әкімшілік-ұйымдастырушылық құрылым және ұйымдағы биоқауіпсіздік және биоқорғау жағдайы туралы стандартты үлгідегі ақпаратты ұсынуға;

  2. ұйымдағы биоқауіпсіздік және биоқорғаудың мықты және әлсіз жақтарын анықтауға;

  3. ұлттық деңгейде БҚО биоқауіпсіздігі және биоқорғалуы туралы ақпараттылықты арттыруға;

  4. БҚО биоқауіпсіздік және биоқорғауды нығайту бойынша қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін ұлттық директивті органдарға объективті мәліметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

  1. БҚО-дағы биотәуекелдер әрбір бағалау мынадай талаптарды сақтау арқылы жүргізіледі:

  1. ұйым басшысының бағалау тобын құру және өз билігінде І-ІІ патогенді топ микроорганизмдері немесе оларды жұқтыруға күдікті материалдары бар зертханалардағы бағалау мерзімдері туралы бұйрығының болуы;

  2. бағалау тобының мүшелері бағалау әдістері және құралдары бойынша арнайы оқудан өтуі тиіс. Бұндай оқыту бағалау жүргізу бойынша теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды үйлестіруі тиіс.

  3. бағалау тобының төрағасы зертханалардағы бағалаудың дұрыс және уақтылы өткізілуіне жауап береді;

  4. бағалау жүргізіліп жатқан зертхананың меңгерушісі жоспарланып отырған жұмысты қамтамасыз ету үшін ұйым әкімшілігімен тығыз ынтымақтастықтың орнауына жауап береді.

  1. Биотәуекелдерді әрбір жаңа бағалау не тиісті бағалауды қайта қарау мынадай жағдайларда:

1) жаңа биологиялық агенттерді пайдалануды немесе жұмыстың реттілігін не көлемін қайта қарауды қоса алғанда, жаңа жұмысты бастау немесе жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу;

2) жаңа зертханалар салу / қолданыстағы құрылымдар мен жабдықтарды немесе олардың пайдалану жолдарын түрлендіру;

3) персоналды (мердігерлер, келушілер және басқа да бейінді емес қызметкерлерді қоса алғанда) орналастырудың (ауыстыру) қайта қаралған және жоспарланбаған схемасын қолданысқа енгізу;

4) стандартты операциялық рәсімдерге (бұдан әрі – СОР) өзгерістер енгізу;

5) ТЖ мен күтпеген жағдайлардың пайда болуы;

6) ішкі/сыртқы қағидаларға және нормативті ережелерге нақты және әлеуетті сәйкессіздікті анықтау (жаңа заңнаманың күшіне енуі немесе ірі апат нәтижесіндегі әсер ету) кезінде жүргізіледі.



  1. Биотәуекелдерді бағалау кезінде мыналарға назар аудару қажет:

  1. жұмыс жабдықтарын пайдалану;

  2. жұмыс үй-жайларының сипаты және орналасуы;

  3. электрді пайдалану;

  4. химиялық заттардың немесе денсаулыққа зиянды химиялық өнімдердің әсері;

6) биологиялық факторлардың әсері;

  1. қоршаған орта факторлары және жұмыс ортасы (жеткіліксіз немесе тиісінше жарықтандырмау; температураны, ылғалдылықты және ауа айналымын дұрыс бақыламау; ластанушылардың болуы);

  2. персоналдың оқығандылығы;

  3. психологиялық факторлар (еңбек сипаты, қақтығысты жағдайлар, жұмыс істеуге, тапсырмаларды орындауға және шешім қабылдауға әсер ететін мән-жайлар, авария жағдайындағы реакция және басқалары);

  4. еңбекті ұйымдастыру;

  5. басқа факторлар (жануарлармен жұмыс істегенде қауіптілік; нашар климаттық жағдайлар және басқалары);

  6. тәуекелге ұшыраған қызметкерлер мен басқа тұлғалар;

  7. ерекше қорғауды қажет ететін қызметкерлер (жасы үлкен қызметкерлер, бала емізетін және жүкті әйелдер; оқудан өтпеген немесе тәжірибесі аз қызметкерлер, вакцинациялауға қарсы көрсетілімі бар және дәрі қабылдап жүрген қызметкерлер).

  1. Биотәуекелдерді бағалау рәсімін мынадай схема бойынша жүргізу керек:

  1. бағалау жоспарын жасау;

  2. бағалау әдісін таңдау;

  3. осы Әдістемелік ұсынымдарға 3-9-қосымшаларға сәйкес деректер жинау;

  4. тәуекелге ұшырайтын адамдарды анықтау;

  5. осы Әдістемелік ұсынымдарға 10-қосымшаға сәйкес жағдайдың орын алу мүмкіндігіне және салдарына қарай биотәуекелдерді бағалау;

  6. осы Әдістемелік ұсынымдарға 11-қосымшаға сәйкес биологиялық тәуекелдердің әрқайсысын: өте төмен, орташа, жоғары, өте жоғары деп жеке-жеке құжаттамалау;

  7. осы Әдістемелік ұсынымдарға 12-қосымшаға сәйкес биотәуекелдерді жою немесе азайту жоспарын жасау және бақылау әдістерін таңдау;

  8. қосымша жақсарту құралдарының санын анықтау;

  9. биотәуекелдерді жою немесе азайту жоспарына сәйкес бақылау жүргізу. Егер күтілген жақсарулар болса, процесті аяқтау. Егер күтілген жақсарулар болмаса, жаңа бағалау жүргізу және циклды қайталау;

  10. жұмыстың әрбір кезеңін құжаттамалау;

  11. есепті жасау;

  12. жұмысқа тартылған барлық тұлғаларға ақпарат беру.

  1. Зертханалардың (бөлімдер, бөлімшелер) басшылары биологиялық қауіпсіздік маманымен, ол болмаған жағдайда режимдік комиссия мүшелерінің бірімен бірлесіп тәеукелдердің басымдылығын анықтайды және осы Әдістемелік ұсынымдарға 13-қосымшаға сәйкес бөлімшенің биологиялық қауіпсіздігі және қорғалу актісін толтырады, осы Әдістемелік ұсынымдарға 14-қосымшаға сәйкес зертханадағы тәуекелдерді басқару стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) әзірлейді.

  2. Биологиялық қауіпсіздік бойынша маман (ол болмаған жағдайда режимдік комиссияның бір мүшесі) ұйымдағы сәйкессіздіктердің жалпы тізімін жасайды және зертханалардағы тәуекелдердің басымдылығын ескере отырып, БҚО-ға Стратегияны әзірлейді. Стратегияны ұйым басшысы бекітеді. Сәйкессіздік анықталған зертхана (бөлім, бөлімше) басшылары Стратегияның орындалуына жауапты болады.



4. Биотәуекелдерді азайту бойынша шаралар


  1. Биотәуекелдерді азайту бойынша іс-шаралар негізгі 4 топқа бөлінеді:

      1. инженерлік-техникалық шаралар;

      2. әкімшілік шаралар;

      3. практикалық әдістер мен рәсімдер;

      4. жеке қорғаныш құралдары.

  1. Инженерлік-техникалық шараларға зертханалар, жабдықтар, материалдар, құрылыстар және басқаларды арнайы жобалау жатады.

  2. Инженерлік-техникалық шараларды жүзеге асыру үшін жауапты маманды тағайындаған дұрыс (объектіге және жабдыққа қатысты міндеттерді ескере отырып).

  3. Жауапты адамның функциясына объекті тұрғысынан тәуекелді бағалауға көмек көрсету, құрылыс жұмыстары мен техникалық қызмет кеөрсетуді үйлестіру, сондай-ақ мердігерлермен байланыс жасау кіреді.

  4. Аталған функцияларды бірнеше тұлғалардың атқаруына болады, бірақ бұндай жағдайларда кез келген қателікті болдырмау үшін функциялар нақты анықталуы және бірізділік қамтамасыз етілуі тиіс.

  5. Әкімшілік шараларға биотәуекелдерді қадағалау үшін пайдаланылатын Саясат, стандарттар және басшылыққа алынатын қағидаттар, нұсқаулықтар жатады.

  6. Әкімшілік шаралар қызметкерлерді олардың жұмыстарына қатысты тікелей қауіптерден қорғау үшін тәуекелдердің көздерін басқаруға превентивті тәсіл арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ осындай көздерге негізделген авариялар/оқиғалар жағдайында биотәуекелдердің салдарларын ескеру үшін жүзеге асырылады.

  7. Өндірістік және тәжірибелік жұмыстар жүргізетін әрбір құрылымдық бөлімше үшін І-ІІ патогенді топ қоздырғыштарымен нақты жағдайларда жұмыс сипатын және технологиялардың ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз жұмыс істеу режимін анықтайтын Биологиялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әзірлейді. Бұл ретте қауіпсіздік талаптары санитариялық қағидалармен регламенттелетін талаптардан төмен болмауы тиіс. Нұсқаулық ұйымның режимдік комиссиямен келісіледі жіне оның басшысымен бекітіледі. Биоқауіпсіздік және биоқорғау шараларын күшейтуді қажет ететін жаңа әдістерді және әдістемелік тәсілдерді әзірлеу және/немесе енгізу кезінде Ұсынымдарға тиісті толықтырулар енгізеді.

  8. Биологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу үшін толық және ішінара жағдайда жұмыс жасайтын арнайы қызметкер (қызметкерлер) болғаны дұрыс.

  9. Жоғарғы басшылық міндеттемелері бар және / немесе биотәуекелдерді басқаруға әсер етуі мүмкін тапсырмаларды орындайтын персоналдың осындай тапсырмаларды орындауға құзыретті болуын (оқуын) қамтамасыз етеді.

  10. Ұйымда барлық персоналға арналған денсаулықты бақылау бағдарламасы (медициналық-биологиялық шаралар) әзірленеді, бекітіледі және қолданылады, сондай-ақ вакцинациялауға қажеттелік анықталады.

  11. І-ІІ патогенді топ микроорганизмдерімен жұмыс істейтін ұйымда ұрлықтың, қоздырғыштарды мақсатынан тыс қолданылудың алдын алу мақсатында биологиялық қорғау жоспар болады. Биологиялық қорғау жоспарында: қоздырғыштарды қорғау және есепке алу; персоналдың сенімділігі; физикалық қорғау; ақпаратты қорғау бөлімдері ескеріледі.

  12. Персоналдың сенімділік дәрежесінің жоғары болуына мынадай міндеттерді іске асыру арқылы қол жеткізіледі:

  1. барлық қызметкерлерден ақпараттарды жария етпеу туралы міндеттеме алу;

  2. оқу, тестілеу жүргізілуін және барлық персоналдың біліктілігін бағалауды қамтамасыз ету;

  3. «екі тұлға қағидасын» пайдалану (жалғыз жұмыс істеуге тыйым салу);

  1. І-ІІ патогенді топ қоздырғыштарына тікелей қолжетімділігі бар немесе бұл микроорганизмдерді немесе олардың болуына күдікті материалдарды пайдалануға қатысты міндеттерді орындайтын тұлғаларды тіркеу персоналды тексеру бағдарламасының негізі компоненттері болып табылады. Бұндай тұлғаларға:

  1. І-ІІ патогенді топ қоздырғыштарымен тікелей байланысы бар тұлғалар;

  2. І-ІІ патогенді топ қоздырғыштары туралы ғылыми және техникалық білімі бар тұлғалар;

  3. І-ІІ патогенді топ қоздырғыштарын немесе олардың болуына күдікті материалдарға тікелей қолжетімділігі бар немесе пайдаланатын тұлғалар;

  4. І-ІІ патогенді топ қоздырғыштарының әдейі тарауына немесе ұрлануына тікелей немесе жанама себеп болған тұлғалар;

  5. қалған барлық тұлғалар тек тасымалдауға қатысты қолжетімділікке ие. Оларға І-ІІ патогенді топ қоздырғыштарына тікелей байланысы жоқ, олармен жұмыс істеуде ғылыми және техникалық біліксіз болуы мүмкін тұлғалар жатады.

  1. Жұмыс процесінде қызметкерлердің жұмысын есепке алуды қамтамасыз ету үшін мынадай мәселелер серпінімен көрсетілетін персоналдың картотекасы жасалады:

  1. еңбек қызметінің сипаттамасы;

  2. қызметкердің тәртібі туралы мәліметтер;

  3. жеке сипаттағы ақпарат;

  4. денсаулық жағдайы туралы мәліметтер (жыл сайынғы толық медициналық тексеру);

  5. қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы мәліметтер.

  1. Персоналдың картотекасында басқа көздерден алынған мынадай құпия ақпарат болады:

  1. белгілі бір қағидалар мен нормаларға сәйкес өзінің тікелей міндеттерін орындау;

  2. жұмыс процесінде техникалық құралдар және қауіпсіздік шараларын пайдалану;

  3. қызметкердің «екі тұлға қағидасын» қамтамасыз етуі;

  4. қызметкердің жұмыс күні аяқталғаннан кейін қоғамдағы тәртібі (жалпы қабылданған нормаларға сәйкес келуі тиіс);

  5. жеке мәселелерді талқылау немесе шешу барысындағы ашықтық.

Құпия сипаттағы ақпарат сенімді қорғалуы, оған қолжетімділік шектеулі болуы тиіс.

  1. Басшылық биологиялық қорғау жоспарында көрсетілген қорғау шараларын жүргізу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.

  2. Ұйымда биологиялық агенттер, уыттар мен материалдарға қатысты оқиғалар мен ТЖ туындауының ықтимал мүмкіндіктерін анықтауға арналған жоспарлар мен рәсімдер, сондай-ақ ТЖ туындауының алдын алу, ден қою және ықтимал аурулар немесе оларға қатысы болуы мүмкін басқа да зақымдануларды оқшаулауға арналған жоспарлар мен рәсімдер болуы тиіс.

  3. Авариялық жағдай мен ТЖ кезіндегі іс-қимылдар жоспары биологиялық тәуекелдердің барлық аспектілерін қамтиды және құрамында осы Әдістемелік ұсынымдарға 15-қосымшаға сәйкес жалпы қауіпсіздік, қорғау мен медициналық қауіпсіздік мәселелері болады.

  4. Практикалық әдістерге және рәсімдерге тиімділігі тәжірибеде дәлелденген рәсімдер мен әдістер жатады. Төменде берілген маңызды ережелер зертханалық жағдайларда (GLP) пайдаланылуы тиіс тәртіпте берілген:

  1. биологиялық қауіпсіздіктің халықаралық коды І-ІІ топ қоздырғыштарымен жұмыс жүргізілетін бөлмелердің есіктерінде көрсетілуі тиіс;

  2. зертханалық үй-жайлар тазалықта және тәртіпте ұсталуы, онда жұмысқа қатысы жоқ материалдар болмауы тиіс;

  3. жұмыс беттері ықтимал қауіпті материалмен ластанғаннан кейін және жұмыс күні аяқталған соң тез арада дезинфекциялануы тиіс,

  4. зертханалар қызметкерлері инфекциялық материалмен манипуляциядан кейін және жұмыс күнінің соңында қолдарын жууы тиіс;

  5. барлық техникалық рәсімдер аэрозоль түзілу мүмкіндігі барынша төмендетілетіндей етіп жүргізілуі тиіс;

  6. барлық жұқпалы материалдар, үлгілер мен өсірінділер зертханадан жою немесе қайта пайдалану алдында залалсызандырылуы тиіс. Олар автоклавтау немесе сақтау үшін түрлі-түсті белгілері бар (қалдықтар тобын анықтайды) герметикалық пластикалық пакеттерге салынуы тиіс. Бұл ыдыстар қатты контейнерлерде сақталуы тиіс. Залалсыздандыру үшін пакеттерді зертханадан тыс жерге тасымалдау қажет болған жағдайда оларды зертханадан шығару алдында жабылуы қажет герметикалық (түбі қатты) контейнерлерге салу керек;

  7. зертханаларда арнайы киім немесе халат киіп жүру керек. Бұл киіммен зертханалық үй-жайдан тыс жерлерге, оның ішінде, кеңселер, кітапханалар, персонал бөлмелері немесе қосалқы үй-жайларда жүруге болмайды;

  8. басы ашық аяқ киім киюге болмайды;

  9. зертханалық қорғаныш киімі жеке киім сақталатын шкафтарда немесе тартпаларда сақталмауы тиіс;

  10. көз бен бетті инфекциялық материалдардың шашырауы мен түсуінен сақтау қажет болған жағдайда қорғаныш көзілдірігін, экрандар, күнқағарлар, бетперделер мен басқа да қорғаныш құралдарын кию керек;

  11. зертхананың жұмыс аймағына қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өткен және ерекше қорғаныш талаптарын (мысалы, иммундау) орындаған тұлғалар жіберілуі тиіс;

  12. зертхананың үй-жайлары жұмыс уақыты кезінде жабық тұруы тиіс. Жұмыс аймақтарына балалардың кіруіне жол берілмейді;

  13. жәндіктер және кеміргіштермен жұмыс тәртібін анықтайтын бағдарламалар әзірленуі тиіс;

  14. тікелей жұмыс жүргізілмейтін жануарларды зертханадан тыс жерде ұстау керек;

  15. шприцтер мен инелер тек парентеральды инъекциялар және зертханалық жануарларда сұйықтықты аспирациялау үшін пайдаланылуы тиіс. Оларды ыдыстардың ішіндегі сұйықтықты жинау үшін пайдалану шектелуі болуы тиіс (ыдыстарды ашу және тамшуырларды пайдалану керек);

  16. шприцтер мен инелерді инфекциялық сұйықтықтармен манипуляциялар кезінде автоматты тамшуырлардың алмастырғыштары ретінде пайдалануға болмайды. Мүмкін болатын жағдайда өткір инелерді канюлалармен алмастыру керек;

  17. қан, инфекциялық материалмен немесе жұқтырылған жануарлармен кездейсоқ тікелей байланыс болуы мүмкін барлық рәсімдер кезінде қолғап кию қажет;

  18. барлық зертханалық және инфекциялық материалға қатысы бар персоналдан кезең-кезеңмен қан сарысуының фондық сынамаларын жинау ұсынылады. Олар тиісті үлгіде сақталуы тиіс. Зертханада жұмыс жүргізілетін агенттерге және орындайтын тапсырмаларға (ұсынымдарға) байланысты қосымша сынамаларды кезең-кезеңмен қайталап жинау керек;

  19. зертхананың басшысы персоналдың зертханалық жұмыстардың қауіпсіздік техникасын оқуына жауап береді. Техникалық қауіпсіздік бойынша ұсынымдар мен жұмыстардың белгілі және әлеуетті қауіптілігін айқындайтын зертханалық оқу құралдары, сондай-ақ бұндай қауіптерді барынша азайтатын немесе жоятын тәсілдер мен әдістер болуы керек. Персонал қауіпті материалмен жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпараттандырылуы керек, сондай-ақ стандартты қағидаларды қолдану мен жұмыстардың қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті нұсқаулықтарды зерделеуі және оларды басшылыққа алуға міндетті. Зертхананың басшысы персоналдың оны түсінетіндігіне сенімді болуы тиіс;

  20. зертханада белгіленген тәртіпте қолдануға жіберілген дезинфекциялық құралдар пайдаланылады;

  21. белгісіз салдарларға алып келетін инфекциялық материалдардың төгілген барлық жағдайлары, инфекциялық материалдармен жанасуға күдіктер туралы тез арада зертхананың басшысына жеткізу керек. Оқиға туралы жазбаша хабарлама (рапорт) дайындау қажет. Ұйымда биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде авариялардың пайда болуының ықтимал мүмкіндіктерін анықтау үшін жоспарлар мен рәсімдер жүзеге асырылуы тиіс. Бұндай жағдайларда іс-қимылдарды жоспарлау биотәуекелдердің барлық аспектілерін және сондай-ақ жалпы қауіпсіздік, қорғау және медициналық қамтамасыз етуді қамтиды. Зардап шеккен адамды оқшаулау және емдеу туралы шешімді қабылдау аварияның түріне және тәуекел дәрежесіне байланысты болады;

  22. рәсімдердің қауіпсіздігі тиісті микробиологиялық әдістермен қамтамасыз етіледі.

  1. БҚО аумағына шығу үшін қызметкерлер қосымша бас киімдермен, жылы халаттар (мақталы кеудеше), тиісті аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.

  2. Персоналды патогенді микроорганизмдерден қорғау мақсатында «жұқпалы» аумақта жұмыс істеу үшін қорғаныш киімдерін пайдаланады (обаға қарсы костюмдер, оқшаулағыш костюмдер және басқа да қолдануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдары).



жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау