Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы



жүктеу 0,63 Mb.
бет6/8
Дата14.11.2018
өлшемі0,63 Mb.
#20224
1   2   3   4   5   6   7   8

              және тарату

      1. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

      1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

      2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.

      3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:

      1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

      2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;

      2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:
      алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдары мен қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;
      алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;

      3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

      4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;

      5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен жұмысшы кадрлардың және орта буын мамандарының мамандықтары бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу;

      6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;

      10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;

      11) білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

      12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

      13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

      14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;

      16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;

      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.

      4. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:


      1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
      2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
      3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
      5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
      6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
      7) имандылық-рухани даму саласында педагог жұмыскерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
      8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

      1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.

      3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағайындалады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
      Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.

      8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.

      9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
      Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.

      9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.

      10. Осы бап қадағалау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы


              басшысының жауапкершілігі

      1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.


      Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогтік қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.

      3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

      1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

      2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

      3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

      4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

      5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

      6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік


                 әріптестік

      1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.


      2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:
      1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
      2) кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
      2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың практикадан өту үшін ұйымдардың жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;
      3) мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
      4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
      5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысу;
      6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.
      3. Әлеуметтік әріптестік:
      1) республикалық деңгейде;
      2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
      4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 6-тарау 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013  № 130-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

      Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.

      47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары,


              міндеттері мен жауапкершілігі

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.

      2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
      Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.
      Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.

      3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

      2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

      3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

      4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

      5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

      6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;

      7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

      8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

      10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

      11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

      12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

      4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:

      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;

      2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.

      5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.

      6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.

      6-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын және халықаралық мектептерді бітіргеннен кейін білім туралы құжат алған адамдарға білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификаттар береді. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкіл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.

      6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары (жалпы орта білім туралы үздік аттестат және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды сертификаттар балына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тест нәтижелері туралы сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар балына ауыстыруға арналған шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.
      Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
      Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.
      Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.

      8. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.

      10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

      11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.

      12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.

      13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.

      14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

      15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

      15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.


      Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

      16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

      17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      17-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
      Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган сенім білдірген агентке жүктеледі.
      Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

      17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:


      1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
      2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.
      17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
      1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
      2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;
      3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;
      4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
      17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
      2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
      3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
      4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
      17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.
      17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентінің бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.

      18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.


      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау