«Сұрақ-жауап» айдары
Тұрғын үй көмегін тағайындау
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Ұлан бөліміне азаматша Татьяна Петровна жүгінді. Ол ХҚКО-ға жалғыз тұратын зейнеткер ретінде тұрғын үйге көмекке құжаттар тапсыра алам деп сұрады. Ол үшін қандай құжаттардың қажет?
Оның сұрағына аталған бөлімнің реттеу зал басшысы М.А.Калибекова жауап береді:
Әрине, тапсыра аласыз. Қазіргі таңда, дәл солай «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталатын мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Мәслихаттың шешімі бойынша жеке топқа жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, ЧАЭС қатысушылары, «ауған соғысына қатысушылар» топтастырылады және олар үшін 6 % - дейінгі коммуналдық қызметтер шығыны үшін жеткілікті үлесін қарастырады. Білу керек нәрсе, егер отбасында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, әскерде қызмет атқармаған, оқымайтын, жұмыс істемейтін еңбекке жарамды тұлғалар бар болса, отбасы тұрғын үй көмегін алуға құқылы бола алмайды. 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-қағатын немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындарды қоспағанда. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында есептелмейді.
Тағы бір ескеретін маңызды жайт, егер Сіз заңды некеде тұрсаңыз, бірақ жолдасыңыз Сіздің пәтеріңізде тіркелмеген болса, оның кірісі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есептелінетін болады. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, егер заңды некеде бола тұра, жолдасыңыздың тұрғылықты жері туралы білмесеңіз және осы сұрақ бойынша құқық қорғау органдарына жүгінбесеңіз.
Құжаттарға қатысты, Сізге тапсыру керек:
Сізбек бірге тұратын отбасы мүшелерінің барлығының жеке бас куәліктері;
Тұрғын үйге құқық орнатушы құжат (жекешелендіру шарты немесе сыйға тарту, сату-сатып алу шарты және т.б.), Сіздің құқық меншігіңізге қандай тұрғын үйдің тиесілі екендігі туралы ақпараттық анықтама, бұл ХҚКО-да берілетін № 6 нысан. Ол жылына бір рет беріледі;
Отбасының барлық мүшелеріне мекенжай анықтамасы;
Отбасының кірісі туралы өткен тоқсанның анықтамасы, бұл анықтамаларды әрбір үш ай сайын тапсыру қажет болады;
Егер жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс істейтіндігі туралы анықтама, немесе зейнетақы куәлігі. Егер жұмыс істемейтін болсаңыз – жұмыссыздық туралы анықтама;
Жалғыз басты аналарға АХАТ қызметінен берілетін №4 нысанды анықтама;
Тұрғын-үйді күтіп ұстауға арналған төлемдер туралы түбіртек, коммуналдық және байланыс қызметтері үшін түбіртек (өткен тоқсанның), стационарлы емес газды плиталарды үйлер үшін – газ баллондарын қолдану туралы анықтама (өткен тоқсанның). Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, сенімхат түпнұсқасын тапсыру қажет.
Және де, құжаттар пакетін тапсырған мерзімнен бастап қызмет күнтізбелік 10 күн ішінде көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
ХҚКО «РМК» ШҚО бойынша филиалының Ұлан аудандық бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |