47
əзірлейді. Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустардың нысанын,
құрылымын, əзірлеу жəне бекіту тəртібін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
42. Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру мен
жүргізу тəсілін жоғары оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз
бетінше жүзеге асырады.
43.
Кредиттік
оқыту
технологиясында
студенттердің
өздігінен
орындайтын жұмыстарының - тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар,
рефераттар, шығармалар, есептер жəне т.б. түрінде тексерілетін, оқу-
əдістемелік
əдебиетпен
жəне
нұсқаулықтармен
қамтамасыз
етілген
белгіленген тақырыптар тізбесі бойынша жұмыстардың (оның ішінде өзі
бетінше оқып меңгеруге бөлінген) көлемі артады.
44. Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен
жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) жəне студенттің толығымен
өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ).
45. ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын
студенттің аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу
сабақтарының кестесіне енбейді.
46. ОСӨЖ бен СӨЖ-нің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі
арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй
тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар
жəне семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының
орындалуына бақылау жүргізіледі.
47. Кредиттік оқыту технологиясының міндеті - студенттердің өзін-өзі
ұйымдастыру жəне өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту. Тиісінше,
оқытушылар мен студенттер жұмыстарының мынадай үлгілік циклдері іске
асырылады.
1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі
үш негізгі функцияны қамтиды.
Оқытушының бірінші функциясы - бағыттаушы-бағдарлаушылық
(тақырыпқа кіріспе, мақсат, міндеттерді қою, практикалық тиімділігін,
материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің мəні мен өзара байланысын
сипаттау, оқу-əдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл
студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.
Оқытушының екінші функциясы - консультативтік-түзетушілік. Бұл -
студенттің өзіндік жұмысында оқу əрекетін жүзеге асыруда консультативтік
көмек беру, жеке консультация жүргізу жəне тиісті түзету жұмыстарын
жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
Оқытушының үшінші функциясы - бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл
студенттердің білімін, шеберлігін жəне дағдысын бағалауды əртүрлі нысанда
жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу жəне т.б.), оларға
кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру,
оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» əрекеттерді,
өзара əрекеттестікті, эталондық тəсілдерді көрсетуін қарастырады.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
48
2) Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік
жұмысының (ОСӨЖ) үлгілік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция
кіреді:
Бірінші функция - оқу пəні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары
кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске
асыруды көздейді.
Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен
оқу-əдістемелік құралдарды, əдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын,
бақылау, курстық жұмыстарды жəне т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің əдіс-тəсілдерін білу,
қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру жəне өзіндік тəртіп талап
етіледі.
Студенттердің үшінші функциясы - өздерінде қиындық тудырған
жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі
қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу əрекетін орындау. Студенттер
шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар
жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл
сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды.
Студенттердің
төртінші
функциясы
түсініктеме,
ақыл-кеңес,
консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
48. Жоғары оқу орны оқу процесін барлық қажетті ақпарат көздерімен,
атап айтқанда, оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пəндері бойынша
əдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, өзіндік жұмыс бойынша
белсенді үлестірмелі материалдармен жəне нұсқаулықтармен, электронды
оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарының қолжетімді болуын
қамтамасыз етеді.
Əрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен
қамтамасыз етіледі.
49. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны бакалавриаттың
білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 1-
қосымшаға (бакалавриат үшін) жəне 2-қосымшаға (жоғары арнаулы білім
үшін) сəйкес басшылыққа алады.
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
50. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде əр пəн
немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.
51. Профессорлар-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау
кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу
жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша
оқытушының студенттермен байланыс жұмысының уақытын білдіретін
академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |