Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 224,42 Kb.
Pdf просмотр
бет13/18
Дата04.02.2020
өлшемі224,42 Kb.
#28202
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 

минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан кейін әрқайсысы 20 минуттан 2 

үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістер кезінде таза ауа барынша көп пайдаланылған жағдайда, 

қозғалыс ойындары жасалады.

      Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс 

көзделеді.

      242. Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау 

мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін 

ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3 сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5 

сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8 сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11 сыныптарда – 3 

сағаттан асырмау. 

      243. Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша көп рұқсат етілген саны ұзақтығы 25 – 30

минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуға тиіс. 

      244. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, 

оқу-тәрбиелік қызметті және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге 

асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы 

лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі.

Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны 

ұйымдастыру кезінде 1 балаға кемінде 4 м есебімен жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (

жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және 



кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді. 

      245. Тірек мектебіндегі (ресурстық орталықта) оқу-тәрбиелеу процесі бірыңғай оқу 

жоспарының негізінде жүзеге асырылады және магниттік шағын жинақталған мектеп оқушылары үшін 

ұзақтығы он күн оқу сессиясын жүргізу енгізіледі (бағытты – қазанның бірінші он күндігінде, 

аралық – ақпанның бірінші он күндігінде, қорытынды – сәуірдің үшінші он күндігінде). Сессия 

аралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады. 

      246. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы кәсіби білімнің оқу 

бағдарламаларын іске асыратын білім беру обьектілеріндегі оқу жүктемесі белгіленген білім беру 

стандарттарынан асып кетпеуі тиіс.

      Осы Санитариялық қағидалардың жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу режиміне қойылатын 

талаптарына сәйкес, сондай-ақ ұйымның ерекшелігіне және бейініне сәйкес арнайы білім беру 

ұйымдарында тәрбиені және оқу сабақтарын ұйымдастыру көзделеді.

      247. Бір сарынды еңбек кезінде (конвейерлік өндіріс, ұсақ бұйымдарды жинау және басқалары

) жұмыстың әрбір 50 минутынан кейін 10 минуттық үзіліс сақталуы тиіс; жұмысқа дейін және әрбір 

2 сағат сайын өндірістік гимнастика жүргізіледі (7 – 8 минут). Станокта жұмыс істейтін тоқыма 

өндірісі мамандықтары үшін жұмыстың 3 – 3,5 сағатынан кейін 40 – 50 минуттық үзіліс жасалады. 

      248. Өндірістік оқу оқу-тәрбиелеу процесінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың 

технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді.

      249. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт объектілерінде алғашқы медициналық көмек 

көрсету үшін медициналық пункттер көзделеді.

      Спорт және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар спорт киімімен келіп, спорттық аяқ киімін

киюлері тиіс.

      250. Объектілерде құс, аң және балық асырайтын тірі табиғат бұрышын ұйымдастырған кезде 

ветеринариялық ілеспе құжаты болуы қажет.



11. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      251. Білім беру объектілерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету 

қамтамасыз етіледі.

      Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы 

медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.

      252. Бейімделген, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, көп пәтерлі тұрғын үйдің 1-ші 




қабатында, жеке үй иелігінде орналасқан ұйымның медициналық үй-жайларының жиыны мен ауданы 

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен 

келісіледі.

      253. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру

ұйымдарына, КТББО-ға, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарына жаңа түскен

балалар үшін ойын бөлмесінде бір балаға ауданы 2,5 м , жатын бөлмесі – 1,8 м , дәретхана – 0,8 м

2

2

болатын карантиндік бөлімше көзделуі тиіс.



      254. Жалпы білім беру және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға

арналған білім беру ұйымдарында, КТББО-да медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны ауданы

кемінде 18 м болатын дәрігер бөлмесін, ауданы кемінде 14 м  болатын емшара жасау бөлмесін 

2



қамтиды. Интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 

арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, 

КТББО үшін қосымша изолятор көзделеді. 

      255. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында 1,2 м биіктікте 

әйнектелген қалқа құрылғысы арқылы медициналық кабинетпен жапсарлас орналасуы тиіс. Изолятор 

палаталарындағы 1 орынға ауданы кемінде 6 м  қабылданады.

2

      256. Оқущылар аз уақыт болатын білім беру мекемелерінде, сондай-ақ мектептен тыс білім 



беру ұйымдарында медициналық кабинет көзделмейді.

      257. Емшара бөлмесінде алдын алу 

 жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар 

екпесін


мен алдын алу екпелерін бір мезгілде өткізуге рұқсат етілмейді. 

      258. Ауылдық елді мекендердегі медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған 

кезде ауданы кемінде 12 м  болатын бөлме жабдықталады.

2

      259. ТКБ, ЖОО-да медициналық үй-жайларды жатақханалар мен оқу корпустары жанында 



орналастырады, мұнда әрқайсының ауданы кемінде 18 м  болатын дәрігер, емшара кабинеті көзделеді.

2

Жатақханаларда изолятор көзделеді.



      260. Арнайы білім беретін ұйымдарда ұйымның бейініне қарай қосымша арнайы медициналық 

үй-жайлар қарастырылады. 

      261. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде физиотерапиялық кабинет, емдік 

дене шынықтыру, логопед кабинеттері немесе залдары және сырқаттың бейіні бойынша басқа да 

үй-жайлар көзделеді.

      262. Медициналық кабинеттің жабдықталуына арналған медициналық жабдықтар мен 

құрал-саймандардың тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 

 белгіленген.

13-қосымшада

      263. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторлары, сондай-ақ профилактикалық медициналық 

тексерулер кезінде анықталған және (немесе) жекелеген жіті аурулармен ауырған студенттер, 

оқушылар және тәрбиеленушілер диспансерлік есепке алынады және кейіннен сауықтыру арқылы 

бақылауға алынады;

      264. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. 

Обьектілерде балалардың денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын

нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шараларының жоспары жасалады.

      265. Мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде балалар мен жасөспірімдерге 

профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Объектілердің балалары, жасөспірімдері және 

персоналы профилактикалық егулер алуы тиіс.

      266. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:

      1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;

      2) балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың арасында 

сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлайды;

      3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;

      4) тереңдетілген медициналық тексеру нәтижелері бойынша динамикалық бақылау тобын (

денсаулық топтары), дене бітімінің даму деңгейін, дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық 

топтарды айқындайды;

      5) емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізеді (оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық 

жағдайын жүйелі түрде бақылау, күн сайын амбулаториялық қабылдау, шынықтырудан және 



жүктеу 224,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау