Оқу әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл жерде олардың жас және дербес ерекшеліктері еске алынады. Мысалы, бастауыш сыныптарда түсіндіріп оқыту әдісі, сауаттылыққа оқытудың аналитикалық-синтездік әдісі қолданылады, ал жоғары сыныптарда лекция, өз бетінше жұмыс істеу әдісі, лабораториялық бақылау және басқа әдістер пайдаланылады.
Сыныптағы оқушылардың білім дәрежесі, дербес қабілеті әр түрлі болады. Сондықтан оқыту үрдісінде дайындығы күшті оқушылар тапсырманы мұғалімнің бақылауымен өз бетінше орындайды, ал дайындығы нашар оқушылар тікелей мұғалімнің басшылығымен орындайды.
Оқытудың сапасы мектептің оқу-материалдық және техникалық базасына байланысты. Оқыту әдістерін және құралдарын үйлесімді пай-далануда оқу пәндерінің ерекшелігі, мектеп лабораторияларының, оқу кабинет-терінің түрлі көрнекі және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі ескеріледі 17,27б.
Кесте 1 - Оқыту әдістерінің дидактикалық мақсат-міндеттеріне
сәйкестік шарты
Дидактикалық мақсат
|
Оқыту әдістері
|
1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы
|
1. Мұғалімнің сөздік әдістерімен білімді баяндауы.
2. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары:
а) кітаппен немесе басқа әдебиеттермен жұмыс істеу;
ә) бақылау және тәжірибе.
|
2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту
|
- Материалды қайталап оқу
- Қайталау жаттығулары
- Қайталау, қорытындылау әңгімесі
|
3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру
|
- Ауызша сұрақ
- Жазбаша бақылау жұмысы
- Лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар
|
Оқыту әдістерін таңдау ертеден-ақ дидакт-ғалымдарды толғандырып келеді. Осы мәселеге қатысты танымал ғалымдардың көзқарасын қарастырып көрелік. Ю.К.Бабанский «Оптимизация педагогического процесса» атты еңбегінде оқыту әдістерін оңтайлы таңдау мәселесіне тоқтала отырып, бірақатар сұрақтарға жауап іздеген 35.
Оқыту әдістерін оңтайлы таңдау үшін нені басшылыққа алған жөн?
Әдістерді оңтайландыру оқытуды оңтайландырудың маңызды да, ең қиын элементі болып табылады. Ол оқыту әдістерін саналы таңдауды және олардың бөлінген (не қажетті) уақыт аралығында оқу-тәрбие нәтижесін алуға мүмкіндік беретін үйлесімділігі мен ара-қатынасын қарастырады.
Қолданыстағы оқыту әдістерін («барлығынан аз-аздан» немесе «барлығынан тең», болмаса «талап етілгенін») таңдауға деген көзқарастан айырмашылығы оңтайландыру барысында оқыту әдістерінің әрқайсысы нақты дидактикалық міндеттер шеңберін шешуге бағытталады. Осы орайда басқа да міндеттерді шешуге жанама әсер етеді, бірақ бұл қандай да өзге әдістердің көмегімен шешілуі мүмкін міндеттерді көздемейді.
Оқыту әдістерін оңтайлы таңдауды жүзеге асыру және оларды тиімді үйлестіре білу үшін мұғалім педагогикадағы барлық әдістерді, олардың (таңдауға қажетті) тұтас классификациясын білуі тиіс.
Мұғалімнің әдістердің алуантүрлілігі жөнінде түсінігі қаншалықты мол болса, оның оқушылармен қарым-қатынасы соншалықты көпқырлы, ғылым негіздерінің мазмұны туралы білімі соншалықты терең де, ауқымды, оның үстіне таңдалатын әдістер кешені жанды, әрекетті, саналы, сондықтан да тиімді болады.
Осылайша, оқыту әдістерін оңтайландыру мұғалімді келесі жағдайларды ескере отырып, саналы және негізделген таңдау жасауға бағыттайды:
а) сабақ міндеті (білім беру, тәрбие, даму);
б) сабақ мазмұны;
в) материалдың күрделілік деңгейі;
г) сыныптың дайындық деңгейі;
д) оқытудағы түрлі әдістердің мүмкіндіктері, мықты және әлсіз тұстарының
салыстырмалы сипаттамасы;
е) мұғалімнің өзіндік ерекшелігі, тұлғалық мықты тұстары;
ж) оқу кабинетінің мүмкіндігі;
з) оқу уақытының болуы;
и) мектепте орнаған моральдық-психологиялық жағдайлар т.б. 35,100-101б.
Оқыту әдістерін таңдауға деген осы тектес ықпал мұғалімді жекелеген әдістерді даралаудан, нақты сабақта жетекші, басым түскен әдістерден негізсіз бас тартудан сақтандырады.
Ю.К.Бабанский нақты оқу міндетін шешуде оқыту әдісінің салыстырмалы тиімділігін есепке алу қажеттігін атап өтті. Мәселен, оқушылардың теориялық білімін қалыптастыру міндетін шешу үшін сөздік әдістер орынды болмақ. Егер танымдық сипатын ескерсек, онда теориялық білімді қалыптастыру үшін Ю.К.Бабанский мәселелі-ізденіс әдістерін ұсынады 36.
Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін таңдауды мұғалімнің жауабын қажет ететін сұрақтардың жиынтығы ретінде ұсынады (кесте 2).
Оқыту әдістерін таңдау мәселесін В.И.Загвязинский нақтырақ қарастырған 37. Ол тәжірибеде оқыту әдістері бей-берекет таңдалатынын атап өтті. Таңдау мұғалімнің өзіндік тәжірибесінің шекарасында, «барлығынан аз-аздан» деген қағидамен анықталады. Педагогикалық негізделген әдістерді таңдауды жүзеге асыру үшін барлық оқыту әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін және нақты оқыту әдістерімен шешілетін міндеттерді білу қажет.
Кесте 2 - Оқыту әдістерін таңдау жолдары
1-сұрақ. Тақырыпты үйретуді оқушылардың өзіндік жұмысы әдісімен ұйымдастыруға бола ма?
|
Егер мазмұны өз бетінше оқуға қолайлы, түсінікті жеңіл; оқушылар тақырып бойынша өзіндік жұмысқа дайындалған; сабақта оқушылардың өздігінен оқуына уақыт берілсе ұйымдастыруға болады.
|
Егер материал күрделі болса; оқушылар оқулықпен өздігінен жұмыс жасауға дайын болмаса; сабақта оқушылардың өздігінен тақырыпты оқуына уақыт жетпесе, онда ұйымдастыруға болмайды.
|
Мұғалімнің таңдауы:мұғалім оқушылардың оқулықпен өзіндік жұмыс әдістерін немесе оның басшылығымен оқу жұмысы әдістерін (әңгіме, әңгімелеу, лекция) таңдайды
|
2-сұрақ. Осы тақырыпты оқытуды проблемалық-ізденіс әдістерімен ұйымдастыруға бола ма?
|
Егер материалдың күрделілігі орташа деңгейде болса; оқушылар білімді проблемалық меңгеруге дайындалған болса; сабақта проблемалық әңгіме ұйымдастыруға уақыт болса, әрине болады.
|
Егер материал өте күрделі; оқушылар осы тақырып бойынша проблемалық жағдай-ларды өздігінен шешу үшін білімдері жеткілікті болмаса; проблемалық әңгімеге қажетті уақыт болмаса ұйымдастырмайды.
|
Мұғалім таңдауы: егер, мүмкін болса, проблемалық-ізденіс әдісін ұйымдастырады, болмаса, репродуктивтік әдісті қолданады
|
3-сұрақ. Тақырыпты оқытуды дедуктивті әдістермен ұйымдастыруға
бола ма?
|
Егер оқулықтағы материал мазмұны дедуктивті баяндалса; егер баяндау логикасының дедуктивтіктілікке өзгеруі оқулықпен салыстырғанда оқушылар үшін үлкен қиындық туғызбаса, осы әдісті қолдануға болады.
|
Егер оқулықтағы материал мазмұны индуктивті ұсынылған болса, баяндау логикасын қайта құру тақырыпты меңгертуді қиындатса, онда бұл әдісті қолданудың қажеті жоқ.
|
Мұғалім таңдауы: егер мүмкін болса, дедуктивті әдісті таңдайды, болмаса – индуктивті оқытады.
|
4-сұрақ. Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістерді үйлестіруге бола ма?
|
Негізгі міндеттер мен тақырып мазмұнының ерекшелігі мүмкіндік берсе; мұғалімнің оқу-материалдық мүмкіндігі болса, онда үйлестіруге болады.
|
Шешілетін міндеттер мен тақырып мазмұнының ерекшелігі әдістерді үйлестіре жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе; қажетті құрал-жабдықтар болмаса, онда үйлесім таппайды.
|
Мұғалім таңдауы: мұғалім сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің ең дұрыс үйлесімін таңдайды.
|
5-сұрақ. Мектеп оқушыларының оқуын ынталандыратын және түрткі болатын қандай әдістерді қолдануға болады (ойындар, эмоционалды ынталандыру)?
|
Егер оқушылар қызметін белсендендіру, оқылатын материалға қызығушылығын арттыру қажет болса; тақырып мазмұны осындай әдістерді қолдануға мүмкіндік берсе; рациональды әдістерді қолдануға болады
|
Егер оқушыларда ерекше ынталандыру тәсілдерінсіз-ақ қызығушылық пайда болмаса; тақырып мазмұны ойындарды ұйымдастыруға мүмкіндік бермесе; бұл әдістер қолданылмайды.
|
Мұғалім таңдауы: мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ынталандыратын және түрткі болатын мақсатты түрдегі әдістерді таңдайды.
|
6-сұрақ. Қандай бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін қолдану қажет?
|
Мұғалім таңдауы: мұғалім бақылаудың негізгі мақсатына, материал мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай және лабораториялық жұмыс өткізуге арналған материалдық базаның жеткіліктілігіне қарай ауызша, жазбаша, лабораториялық бақылауды таңдайды.
|
7-сұрақ. Сабақ барысын түзету үшін қандай «қосымша» оқыту әдістері қолданылады?
|
Мұғалім таңдауы: егер сабақ жоспарлағандай өтпесе, онда мұғалім қолданып жүрген әдістерін таңдайды.
|
Оқыту әдістерін таңдауды жеңілдетудің екі жолы бар 16,128б:
Таңдау бірліктерін ірілендіру және олардың санын оқыту әдістерін біріктіру
арқылы шектеп, алдын ала таңдалған критерийлер бойынша үлкен топтарға біріктіру. Бұл жолды Ю.К.Бабанский құрастырды.
Ең ірі, тұтас дидактикалық құрылымдарға - қазіргі оқыту (әдістемелік)
жүйесіне көңіл бөлу: хабарлау, бағдарламалау, мәселелі, релаксопедттік және т.б. Бұл жолды В.И.Загвязинский ұсынды.
В.И.Загвязинскийдің пікіріне сүйеніп, оқыту типтерін таңдау факторларын ұсынайық:
1) оқыту мен тәрбиелеудің жетекші мақсаты, сондай-ақ тақырыпты, бөлімді оқытудың нақты міндеттері;
2) оқылатын материалдың сипаты, оның білім берушілік, дамытушылық мүмкіндіктері;
3) оқушылардың дайындық деңгейі, оқытылатын тақырыпқа қызығушылық дәрежесі 37,74-75б.
В.И.Загвязинский оқу материалының оқыту типіне және мүмкін болатын оқыту әдістеріне сәйкестігін (кесте 3) келтірген.
Кесте 3 - Оқу материалының оқыту типіне және мүмкін болатын оқыту әдістеріне сәйкестігі
Материал сипаты
|
Мүмкін болатын оқыту типтері
|
Мүмкін болатын оқыту әдістер
|
Тұтас, сипаттау-фактологиялы
|
Хабарлау, бағдарламалау
|
Ақпараттық әңгіме, мәтінмен жұмыс, оқыту бағдарламасымен жұмыс
|
Тұтас, логикалы-дәлелді
|
Хабарлау, проблемалы
|
Талқылап баяндау, эвристикалық әңгіме, лекция
|
Тұтас, образды-эмоциялы
|
Хабарлау, проблемалы, релаксопедтік
|
Сипаттау-әңгіме, проблемалы баяндау, көркем мәтінді оқу
|
Дискретті, сипаттау-фактологиялы
|
Хабарлау, бағдарламалау, догматикалық
|
Ақпараттық әңгіме, оқыту бағдарламасымен жұмыс, әңгімелесу.
|
Дискретті, логикалы-дәлелді
|
Хабарлау, проблемалы, бағдарламалау
|
Талқылап баяндау, эвристикалық әңгіме, оқыту бағдарламасымен жұмыс
|
Оқыту әдістерін таңдау мәселесін И.Я.Лернер білім беру мазмұнын іріктеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі идеяларымен бірлікте шешеді.
Білім беру мазмұнының құрамына төрт құрауыш кіреді: сабақ, іс-әрекет амалдары, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге деген эмоциялық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. И.Я.Лернер осы құрауыштарға түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік әдістерді, проблемалық баяндау, эвристикалық, зерттеушілік әдістерді енгізеді 38. Білім беру мазмұнының қандай да бір құрауыштарын меңгертуде нақты әдіс не анықтауыш, не көмекші рөл ойнайды.
Интерактивтік оқытудың нақты және болжамды мақсаттары болады. Осындай мақсаттардың бірі – оқытуға жайлы, ыңғайлы жағдай құру, яғни оқушы өзінің жетістігін, интеллектуальдық дербестігін сезінетіндей жағдай, бұл оқыту үрдісінің өзін нәтижелі ете түседі.
Сабақтағы интерактивтік іс-әрекет өзаратүсіністік, өзараәрекеттестік орнататын диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыс, зерттеу жобалары, ролдік ойындар, құжаттармен және сантүрлі ақпарат көздерімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, суреттер т.б. жұмыстар ұйымдастырылады.
Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:
- тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
- тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
- оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
- педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивтік әдістерді қолдану келесі жағдайларды не шарттарды құруға мүмкіндік береді:
саналуан шешімдерді іздеуді және талдауды талап ететін мақсаттар мен міндеттер қоюға;
күтілген нәтижеге жету үшін саналуан тәсілдерді таңдауға;
коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытуға; атқарылған жұмыстар туралы ойлануға;
шапшаңдық және ептілік секілді маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға;
шешім қабылдау барысында ойлануға, мәселеге сын тұрғысынан қарауға;
өзгелердің пікірін құрметтеуге, топта, командада тиімді жұмыс жасай білуге, жаңа жағдайларға, жаңа ұжымға, өзгермелі ортаға тез бейімделуге.
Интерактивтік оқыту бір мезетте бірнеше міндеттерді шешеді:
коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнатуға көмектеседі;
ақпараттық міндеттерді шешеді, өйткені оқушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, олай болмағанда ортақ іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкін болмас еді;
жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын (анализ, синтез, мақсат қою т.б.) дамытады, яғни білім беруші міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді;
тәрбиелік міндеттерді қамтамасыз етеді, өйткені топпен, командамен жұмыс жасауға, өзгелердің пікірін тыңдауға үйретеді.
Интерактивтік оқыту тағы да бір маңызды міндетті шешеді. Сөз релаксация, жүйкеге түсетін жүктемені жою, зейін қою, іс-әрекет формасын алмастыру т.т.б. туралы болып отыр.
Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.
Интерактивтік оқыту технологиялары.
Жұптық жұмыс.
Ротациялық (ауыспалы) үштік.
Карусель – Айналмақ
Шағын топтармен жұмыс.
Аквариум.
Аяқталмаған сөйлем.
Миға шабуыл.
Броундық қозғалыс.
Есептеу ағашы
Өз атынан сот.
Азаматтық тыңдау.
Ролдік (іскерлік) ойын.
Пресс (сығымдау) әдісі.
Өз қағидаңды ұстан.
Дискуссия.
Дебаттар.
Қазіргі уақытта әдіскерлер мен мұғалімдер бірқатар топтық жұмыс формаларын дайындады. Олардың ішінде кең тарағаны - "үлкен шеңбер", "желқаңбақ", "аквариум", "миға шабуыл", "дебат". Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивті оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданады.
Мысалы: Топтық өзара әрекеттестіктің ең қарапайым формасы - "үлкен шеңбер". Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ орындықтарға үлкен шеңбер құрып отырады. Мұғалім проблеманы тұжырымдайды.
Екінші кезең. Нақты уақыт аралығында (шамамен 10 минут) әр оқушы жеке, өз парағына проблеманы шешуге арналған ұсыныс шараларын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойымен оқушылар өз ұсыныстарын оқиды, топ үнсіз тыңдайды (сын айтылмайды) және әр бөлім бойынша пікірлер тақтаға тіркеліп жазылады – оны жалпы шешімге қосу не қоспау туралы дауыс береді. Сұрақтың шешімін табу жолдарын тез анықтау мүмкін болғанда ғана "үлкен шеңбер" тәсілі оңтайлы болады.
"Аквариум" - диалог формасы, онда бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды. Шеңбер ішіндегі оқушылардың проблема бойынша диалогтарын шеңбер сыртындағы оқушылар көрермен ретінде қарайды. Бұл әдіс-тәсілдің «Аквариум» аталуының өзі осыдан шыққан.
Осы ұйымдастырылған әдіс-тәсіл мектеп оқушыларына өз құрбыластарын сырттай, бір қырынан көруге мүмкіндік береді:
- олар қалай қарым-қатынас жасайды,
- басқалардың ой-пікірін қалай қабылдайды,
- туындаған дау-дамайды қалай шешеді,
- өз ойын қалай жеткізеді т.б.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз қағидаңды ұстан» - деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз ұстанымдарын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивті шығғармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдісімен байланыстырылған.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алуы тиіс: Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық көз жеткізуі керек.
Сабақта интерактивітік оқытуды ұйымдастыру ережесі.
Бірінші ереже. Жұмысқа шамасына қарай барлық қатысушылар (оқушылар) қатыстырылуы тиіс. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау үрдісіне қатыстыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолданған пайдалы. Екінші жағынан, мұғалімнің белсенді оқыту әдістерін меңгеруі қандай да бір форманы тікелей енгізбейінше мүмкін еместігін ұмытпаған жөн. Белсенді оқыту әдістері туралы көптеген әдебиеттерді оқуға болады, бірақ оларды тікелей қолдануы, яғни өзінің ойынға, пікірталасқа т.б. қатысуы арқылы үйренеді
Екінші ереже. Қатысушылардың психологиялық дайындығын да ойластырған жөн. Яғни, оқушылардың осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау қажет. Сабақққа келген оқушылардың барлығы бірдей қандай да бір жұмыс формасына «тікелей енуге» психологиялық тұрғыда дайын болмайтынын ұмытпаған жөн. Осыған орай қатысушыларға өздерін еркін сезінуі үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап, оқушының өз-өзінен ашылуына мүмкіндік беру пайдалы
Үшінші ереже. Интерактивтік технологияны қолдануда оқушылар саны көп болмауы, яғни 30 адамнан аспауы тиіс. Осы шартты ұстанғанда ғана шағын топтың жұмысы нәтижелі болады. Өйткені топ мүщелерінің әрқайсысының қарастырылған мәселе бойынша пікір айтуға, сөз сөйлеуге мүмкіндігі болуы тиіс.
Төртінші ереже. Жұмыс жасайтын (сабақ өтетін бөлменің) орын талапқа сай болуы тиіс. Яғни, оқушылар топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар бір-бірін таңдау, тақта, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатындай жағдайды алдын ала қарастыру. Шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар немесе үлестірмелі материалдар алдын-ала дайындалып тұрғаны дұрыс.
Бесінші ереже. Қаралатын мәселелерді және атқарылатын жұмыстарды сабақтың ең басында талқылау қажет және оны бұзбауға тырысқан жөн. Мысалы, барлық қатысушылар кез-келген айтылған көзқарастарға шыдамдылық, сабырлылық танытып, әрқайсысысының сөйлеу құқығын құрметтеу қажеттігін келісіп алған дұрыс.
Алтыншы ереже. Қатысушыларды топтарға бөлу еркін таңдау негізінде құрылғаны дұрыс. Содан соң кездейсоқ таңдау принципін қолданған орынды.
Топтық жұмыс барысында мұғалім саналуан функцияларды орындайды:
топтағы жұмыс барысын бақылауды;
сұрақтарға жауап береді;
жұмыс тәртбін, қарсы пікірлерді не дау-дамайды реттейді;
қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға немесе топқа көмек көрсетеді.
Тәжірибе көрсеткендей, топтық жұмыс – іс-әрекетті ұйымдастыру формасы, ал ең бастысы топтың іс-әрекет мазмұны болып табылады. Сондықтан осы жұмыс формасын тиімді қолданғанда шешілетіндей мәселелерді қарастыру қажет, яғни ойлауды дамытуға арналған жағдай құру қажет, материалды «жеңілден күрделіге қарай» принципімен іріктеу керек. Топтық жұмыс үшін алғашқы біліктікті меңгергеннен кейін шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қарастыру қажет.
Жұмыс барысында интерактивтік оқыту технологиясын жүйелі қолдану мүмкіндік береді –
оқушыға:
тұлғалық рефлексияны дамытуға; ортақ жұмысқа саналы түсінстікпен араласуға; оқу іс-әрекетінде белсенді субьективті ұстаным қалыптастыруға; қарым-қатынас дағдысын дамытуға; адамгершілік нормалары мен ортақ іс-әрекет ережелерін қабылдауға; танымдық белсенділігін арттыруға.
сыныпқа:
сыныпты топтық бірлік ретінде қалыптастыру; танымдық қызығушылықты арттыруға; топтық рефлекция кезінде талдау және өзіндік талдау дағдыларын дамытуға;
мұғалімге:
білім беру үрдісін ұйымдастыруға деген стандарттан тыс көзқарасына; оқу ғана емес, басқа да жағдайларда тұлғааралық өзараәрекетке деген мотивациялық дайындығын қалыптастыруға.
Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек. [17]
Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенуіне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да, жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Бұл педагогикалық үрдісті демократияландыруға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесін бір-бірінің жауаптылығын сезінеді.
ІІ. Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
2.1 Бастауыш мектептің қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану жолдары
Бастауыш оқу – білім берудің ең негізгі саласы. Бастауыш білім жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында не бастауыш сатысында оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы арқылы қамтамасыз етіледі. Негізгі мектеп пен жоғары сынып оқушылары осы жерден дағды алып, алғашқы және негізгі дайындықтардан өтеді.
Бастауыш сатының өзіндік ерекшелігі – ғылымның негізгі салаларының бастапқы түсініктері осы жерде беріліп, интеграцияланған пәндердің, сараланған оқыту жүйесінің болуында. Сонымен қатар оның өзіндік оқыту теориясы, өзіндік әдіснамасы қалыптасқан 45.
Жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру тәжірибесінде әдістерді жаңаша көзқараспен қолдану басты талаптардың бірі. Себебі дұрыс ұйымдастырылған оқыту үрдісі – білім мазмұнын сапалы меңгертетін бірден бір жол. Ал оқушыға терең де тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруде қазақ тілінің алатын орны ерекше.
Қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты сапалы да, саналы білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Орынды және дұрыс қолданылған әдістер сабақтың алдына қойылған мақсатын анықтайды, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіреді
Білім беру әдістері сан алуан. Қазақ тілі әдістемесі осы әдістерді қолданады, өз пәні тұрғысынан қайта қарастырады. Сондай-ақ «Қазақ тілі» пәнінің ерекшелігіне қарай өз әдістерін құрады және енгізеді. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсеткенде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Әрине, білім беру әдістерін таңдап қолдану, оны қай уақытта іске асыру және білім беру әдістерін қай материалға байланысты сұрыптап алу - әдістеменің қиын, әрі күрделі мәселесі. Сондықтан оқушылардың жас ерек-шеліктерін, сауаттылық деңгейлерін, танымдық, логикалық ой-өрістерінің дамуын ескеріп, оларға ұсынылатын тілдік материалдардың көлемін таңдау аса қажет. Оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді.
Мемлекеттік тілді меңгеру және құрметтеу өзекті мәселе. Сондықтан өскелең ұрпақты ана тіліне оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа әдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай әр мұғалім қазақ тілін оқытуда жаңа әдістемелік технологияларды қолданып жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Әрине, тілді меңгертуде әлі де көптеген қиыншылықтар жетерлік. Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен туындайды. Тілді меңгертудің негізі- есту, көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып, оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. Яғни, жеке тұлғаны қалыптастыру жолы. Қазақ тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: оқытуда ең бірінші негізгі түйін - оқушы, ал ұстаз – мұғалім ғана емес – ол тану әрекетінің дамытушысы. Демек, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып әрі нәтижелі әрі қызығарлық сабақ жүргізу, интерактивті тәсілді пайдалану – біздің басты міндетіміз.
Ғалым С.Р.Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралында зерттеуші ғалымдардың оқыту әдістерін топтауын басшылыққа алып, әр топтаудағы жекелеген әдістерге тоқталды. «...әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады» - деп, әдістердің тиімді жолдарын таңдауды мұғалімдерге жүктейді 48.
Мектептің бастауыш сатысында оқытудың мақсаты:
- оқытудың келесі сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабілеттерін және біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететін қарапайым білім негіздерін меңгерту;
- негізгі оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру;
- ұлттық ділін, өз елінің мәдени-тарихи ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетті таныту.
Жалпы бастауыш білім (1-саты) оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерін, оқу әрекеттеріне өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениетін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгертуді қамтамасыз етеді.
Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептің бастауыш сатысында Филология білім саласына Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу пәндері енеді.
Бастауыш сатыда Филология білім саласын оқыту жүйелі-концентрлі ұстанымға негізделіп, мазмұны жағынан кешенді сипатта болады. Оқытудың бұл құрылымы тілді оқытудың коммуникативтік – іс-әрекеттік бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдік білімнің жаңаша сапасын қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.
Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзіндік мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының тілдік іс-әрекеттерге ауызекі және жазба тілдегі толыққанды дайындығын қамтамасыз етеді.
Қазақ тілі пәнінен оқытудың басты мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Қазақ тілін оқытуда сөйлеу туралы түсінік беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілдік құбылыстарды талдау, орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту міндеттері қойылды.
Қазақ тілі пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. «Қазақ тілі» оқулықтары жаңартылып, жаңа мазмұнда дамыта оқытуға негізделіп құрылған. Бағдарламалық материалдардың Тіл және сөйлеу, Фонетика, Лексика, Сөзжасам, Морфология, Синтаксис, Мәтін, Пунктуация бөлімдерінен құрылуы негізгі тілдік ұғымдарды бір-бірімен тығыз байланыста қарастыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы теориялық білімді ұғыну мен оны сөйлеу әрекетінде практикалық тұрғыдан меңгеру үрдістерінің бірлігіне қол жеткізілді. Қазақ тілі пәні 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады, оқу жылында 136 сағат.
Қазақ тілін оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының мектеп компонентіне (таңдау пәндер) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
Қазақ тілінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізімі:
Қазақ тілі оқулығы (2-4 – сыныптар).
Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар).
Қазақ тілінен үлестірмелі дидактикалық материалдар (2-4-сыныптар).
Диктанттар жинағы (2-4-сыныптар)
Қазіргі білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге орай бастауыш сыныпта оқытуды жетілдіру әр ұстаздан дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.
Бүгінгі таңда әдіс түрлерін жетілдіруге және ең тиімділерін ұстаздардың таңдап алуына толық еркіндік берілген. Осыған орай мектеп мұғалімдері соңғы кезде интерактивті әдістерді жиі қолдана бастады
Оқытудың интерактивтік әдістеме элементтерін белсенді ендіру жұптасып, шағын және үлкен топтарда жұмыс жасауды көздейді.
Оқытудың интерактивтік әдістемесі мұғалімнен етене сіңген көптеген ықпалдарды қайта қарауды талап етеді. Мысалы, сыныпта оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасын орнату жеңіл секілді. Бірақ өзара сыйластық болмаса, бірін-бірі тыңдай білмесе, ортақ дұрыс басшылық болмаса сабақты өткізгенмен еш нәтиже алынбайды.
“Интерактивтік оқыту әдістемесі” – ағылшын тілінен. “interact” – өзараәрекетестікте болу, бір-біріне әсер ету; ауыспалы топ құрамында өзараәрекеттесу арқылы оқыту дегенді білдіреді.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті тақта оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.
Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал – жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу технологиясындағы автономды түрде меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік береді.
Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтары есебінен оқытушыларға «тақтаның алдында тұрып түсіндіру».
Егер сабақ барысында оқушылар арасында, сондай-ақ оқушылар мен мұғалім арасында өзара әрекетестік жоғары деңгейде көрініс тапса, онда біз оқыту мен оқуды интерактивті деп атаймыз. Осындай өзараәрекеттестік әдетте қандай да бір мәселені қалай шешу қажеттігін және ұсынылған шешім қаншалықты тиімді екенін талқылау формасында өтеді
Ең бастысы бұл жерде проблеманы шешу үрдісі ұсынылған шешімнен де маңыздырақ екенін түсінген маңызды. Өйткені интерактивтік әдістеменің мақсаты жай ақпарат беру емес, оқушылардың жауапты өз бетінше таба білу дағдыларын қалыптастыру.
Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзараәрекеттестік сапасын анықтамайды. «Өзараәрекетестік» әдісінің негізгі ерекшелігі сол, ол Ашылу үрдісін ұсынады, оның мәні оқушылардың өзараәрекетестік арқылы оқу дағдыларын меңгеруінен тұрады.
Ең нәтижелі оқыту дәл өзараәркеттестік үрдісінде жүзеге асады. Мектеп оқушылары дискуссия, яғни пікірталас кезінде тез үйреніп, жақсы еске сақтайды деген пікір бар. Бұл келесі себептер жүзеге асады:
оқушылар ақпарат алып қана қоймайды, олар басқа нұсқаларға қарағанда, өздерінің шешім қабылдаудағы жолы және шешімнің өзі неліктен дұрыс деп есептелді деген сұрақтарға логикалық түсініктеме беруге мәжбүр;
Оқушылар идеяны тереңінен қарастырады, өйткені олар негізсіз құрылған қорытындының талас туғызатынын біледі;
Оқушылар проблеманы шешу барысында өзінің және өзгелердің тәжірибесін қолданады. Осындай ортақ білім қоры кез-келген жеке оқулықтағы білімнен артып түседі;
Мұғалім де оқушылардан бір жаңалықты ести отырып, үйренеді.
Көптеген сыныптарда тек ең үздік, озат оқушылар сұрақтарға жауап береді, ал қалғандары үнсіз қалатыны тәжірибе жиі байқалады. Оқушы сынып алдында еркін шығып, әсіресе, қандай да бір фактілерге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен жеткілікті деңгейде сізге сенім артуы тиіс. Бәлкім, сіз “сендер білесіңдер ме?” деген дәстүрлі сұрақтың орнына “сендер не ойлайсыңдар?” деген сұраққа оқушылар әдеттенгенге дейін жеке оқушылармен өзараәрекеттесуден бас тартуды жөн көретін шығарсыз. Оның орнына оқушылардың өзараәрекеттесуіне негізгі күшіңізді салыңыз.
Оқушылар өз пікірі мен идеяларын өз қалауымен ашық айтуы үшін мұғалім келесі пайдалы тәсілдерді қолдануы қажет:
1) Әрқашанда олардың айтқан пікіріне алғыс білдіріңіз.
2) “Берілген жауап дұрыс емес деп есептеймін“ деп айтпаңыз, оның орнына басқа оқушылар осы пікірмен келісе ме, сұраңыз. Егер бүкіл сынып талқыланған сұрақты дұрыс түсінбесе, онда сізге оларға өз көзқарасыңызды түсіндіруіңізге болады
3) Пассивті оқушыларды таңдауға тырысыңыз. Кейде кейбір оқушылар пассивті болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың да өзгелерден ұтымды өзіндік ойы не пікірлері болуы және сыныптың талқыланатын мәселеге деген басқаша көзқарасын туғызуы мүмкін.
Интерактивтік әдістеменің, кез-келген оқыту әдістемесі секілді топтағы өзараәрекеттестікті ұйымдастыруға ықпал ететін көптеген тәсілдері бар. Бұл тәсілдерді төмендегідей классификациялауға болады:
Сәйкестікті іздеу
Рейтинг
Топтастыру
Дұрыс/дұрыс емес
Дұрыс немесе өзгерісті талап етеді
Артықшылығы мен кемшілігі
Сіз қалай ойлайсыз?
Зерттеу және есеп беру
Ролдік ойын
Миға шабуыл
Дебаттар
Сондай-ақ интерактивті болатын көптеген тапсырма түрлері де бар, оның барлығы мұғалімнің шығармашылығына байланысты.
Мәселен, Сәйкестікті іздеу тәсілін қарастырайық. Оқушылардан осы тапсырманы орындау барысында сипаттау сөзінің не сөйлемнің сәйкестігін анықтау талап етіледі және де бұл тапсырманы күрделі мәтіндермен таныстыруды бастағанға дейін орындау ұсынылады. Бұл ұғымдардың мағынасын бекіту үшін таптырмас тапсырма.
Тапсырма “Сәйкестікті іздеу”. Жұптасып жұмыс жасай отырып, қандай жануардың қандай төлі бар екенін анықтаңдар.
Кесте 4
Жануарлар
|
Төлі
|
1. Ит
2. Қой
3. Жылқы
4. Сиыр
|
А) Қозы
Б) Бұзау
В) Күшік
Г) Құлын
|
Кесте 5. Тапсырма “Ертегілер”
№
|
Пікірлер__М_енің_пікірім'>Пікірлер
|
Менің пікірім
|
1
2
3
4
5
6
|
Ертегілер оқуға жеңіл, тез жатталады.
Оларды ересектер де, балалар да жақсы көреді.
Ертегілер түрлі ғажайыптарға толы.
Олар қашанда жқсылықпен аяқталады.
Мен де ертегі жаза аламын.
Мен ертегі оқығанды жақсы көремін.
|
|
Дұрыс/ дұрыс емес тәсілі бойынша
Бұл тәсілді орындау барысында оқушылар айтылған пікірді мұқият қарастырады да, дұрыс не дұрыс емес деп шешім қабылдайды. Бұл бұрын меңгерген ұғымдарын бекітудің, оқушыларды қажетті жауапты іздеуге бағыттаудың және олардың түсінігін тексерудің жақсы тәсілі. Нәтижесінде біраз пікірталас туындайды.
Дұрыс немесе өзгерту қажет. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар айтылған пікірді талдай отырып, дұрыс не қате екендігін шешеді. Егер қате болса, онда пікірді дұрыс жауабы боларлықтай жазу қажет.
Кесте 6
№
|
Пікір
|
Дұрыс/Дұрыс емес
|
1.
2.
3.
|
А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ақын.
Абайға әжесі Зере ертегілер оқып беретін еді.
Ертегі – бұл ойдан шығарылған әңгіме
|
|
Кез келген жағдайда теориялық және практикалық материал оқыту үрдісі үшін түсінікті, ыңғайлы сипатталуы тиіс.
Материалдарды құрастыру, оны білім беру бағдарламасы ретінде ұсыну идеясы бағдарламалап оқыту (60-жылдары) және компьютерлік оқыту (80-90 жылдары) жүйесінде айқын көрініс тапты 50,219б.
Бағдарламалап оқыту әдісі өзіне көрнекілік, әрі практикалық әдісті енгізеді. Сондай-ақ бағдарламалап оқыту өзіндік нақты ерекшелігі бар оқыту түрі, технология ретінде қарастырылады. Бағдарламалап оқыту әдісінің де өзіндік ерекшелігі бар, бірақ оның негізінде мәтінмен жұмыс, практикалық жұмыстың қандай да бір түрі, оқытудың сұрақ-жауап әдісі жатыр.
Бағдарламаланған оқытудың көздеген үш талабы бар:
а) ұсынылатын материалдың айқын, дәл құрылымы;
ә) материалды оқушыға аздаған мөлшермен беру: әр мөлшер – білімді меңгеру «қадамы»;
б) кері байланыс, яғни әр қадамнан кейінгі өзіндік бақылау.
Материал оқушыға жеке беріледі, әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Өзіндік бақылау мұғалімнің не компьютердің берген сұрақтарымен алмастырылады 50,220б.
Өкінішке орай, бағдарламаланған оқыту бастауыш мектепте кеңінен қолданылмады. Шетел тәжірибесінде эксперименттік оқу құралдары шыға-рылып, қолданыс табуда. Отандық тәжірибеде бағдарламаланған оқыту әдіс-темесін құру өзекті мәселелер қатарынан өз шешімін табуы тиіс.
Ал компьютерлік бағдарламалар соңғы онжылдықта қарқынды дами бастады. Десек те, қазақ тілі әдістемесіне қатысты компьютерлік бағдарламалар бүгінгі тәжірибемізде сұранысқа айналып отыр.
Қазіргі уақытта мектепте не үйде компьютерді қолдану келесі жағдайлармен шектеледі:
- компьютер оқушының сұрағын қабылдайды және экранда мәтін, сызба,
модельдер түрінде жауап береді;
- оқушы компьютер бағдарламасына енгізілген тапсырмаларды орындайды, ал компьютер жауаптарды жинақтай отырып, олардың дұрыстығын бағалайды 50,220б.
Әйтседе, осы салада, оның ішінде теория саласында оқытудың компьютерлік әдістемесін құру қажеттігі туындайды.
Технологияның дамуына орай интерактивтік тақтаны қолдану туралы әдістемелік нұсқаулар дайындалып ұсынылуда. Бұл бастауыш сыныптарға да қажетті құрал, өйткені интерактивті тақта оқушылардың оқуға деген қыызығушылығын туғызады, әрі мектепте оқытылатын білімді тиімді меңгертуге ықпал етеді. Бастауыш мектепте келесі факторларды ескерген жөн: балалардың балабақшадан соң мектеп табалдырығын аттап, сабақтарда өзін-өзі ұйымдастыра білуі және орасан зор ақпараттарды меңгеруі өте қиын. Бұл жағдайда, бастауыш мектептегі сабақтарда интерактивтік тақтаны қолдану педагог үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы ажырамас көмекшісіне айналады.
Білім беруде интерактивтік тақтаны қолданудың үш басты бағытын қарастырайық:
Презентациялар, яғни тұсаукесер, демонстрация және моделдеу. Сабақта оқу материалын түсінуді жақсарту үшін интерактивтік тақтамен бірге талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру және басқа да ресурстар қолданылады.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады.
Интерактвтік тақтаны қолдану барысында сабақ қарқынын (темп) арттыру. Интерактвтік тақтаны қолдану сабақты жоспарлауды жақсарта түседі және оның қарқынын арттырады.
Презентациялар, демонстрация және моделдеу
Интерактивтік тақта – тұтас сыныпты оқытуға арналған құнды құрал. Бұл – сабақты оқушылар үшін жанды, әрі қызықты ұйымдастыруда мұғалімге көмек боларлық визуалды ресурс. Интерактивтік тақта визуалды құралдардың кең диапазонын (карталар, кестелер, сызбалар, диаграммалар, фотосуреттер және басқалары) қолдана отырып, оқушыларға ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Сабақта оқушылар белсенділігін арттыру.
Көптеген мұғалімдер интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда оқушылар сабаққа деген қызығушылық танытып, белсенділік көрсетеді деген пікір білдіреді. Оқушыларға берілген ақпарат қолжетімді, әрі түсінікті, бұл сыныптың түсіністік атмосферасын жақсартады.
3.Сабақ қарқынын ұлғайту. Егер сіздің сабағыңызда интерактивті тақта болса, онда оқушы тақтаға тапсырманы қашан жазып болады деп күтудің қажеті жоқ және ол уақыт алар еді. Мұғалім экранға алдын-ала дайындалған материалды шығарып қоя алады, сабақтың уақыты да үнемделеді. Қалған уақытыңыз берілген тапсырманы орындуға ғана жұмсалады
Интерактивті тақтадағы барлық жазбаларды компьютерде сақтап қоюға болады, оны келесі сабақта өтілген материалды қайталау барысында қайта ашуға болады.
Толықтай функциялайтын интерактивтік тақта әдетте 4 компоненттен тұрады:
компьютер
мультимедиялық проектор
талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру
интерактивтік тақта.
Мультимедиялық проектор және интерактивтік тақта компьютерге қосылады. Компьютердің мониторындағы бейнелер проектор арқылы интерактивтік тақтаға түсіріледі.
Интерактивтік тақталар тура және кері проецияланған болуы мүмкін. Интерактивті тақтаның қымбат моделдері проекторды қолданбайды, оның сенсорлық плазмалы панельдері болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Интерактивтік тақтаның негізгі артықшылығы мен кемшілігі, білім беруде интерактивтік тақтаны қолдануды көздегенде туындайтын кедергілер 7-кестеде салыстырмалы талданып берілген.
7-кесте
Интерактивтік тақтаның артықшылығы мен кемшілігі
Кемшілігі
|
Артықшылығы
|
Интерактивтік тақта стандартты тақталарға немесе экранды проекторларға қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады
|
Интерактивтік тақталар әдеттегі тақталарға ұқсайды, сонымен қатар ол мұғалімге сыныппен үнемі байланыста бола отырып, оқыту құралдарын оңай және еркін қолдануға көмектеседі.
|
Интерактивтік тақтаның беткі қабаты зақымдануы мүмкін, зақымдалған беткі қабатты ауыстыру өте қымбат (оны жөндеу жаңа тақтаның бағасына тең болуы мүмкін).
|
Интерактивтік тақта электронды оқыту құралдарын кеңінен қолдануға көмектеседі, өйткені олар стандартты құралдарға қарағанда тыңдармандарға ақпаратты тез жеткізеді.
|
Интерактивті тақтаның беткі қабатында берілетін бейнелерді тақтаның қасында тұрған адам денесімен жауып тұруы мүмкін.
|
Интерактивті тақта мұғалімге сабақтағы иллюстративті материалдың (интернеттен алынған сурет немесе ірі масштабты кесте, мәтіндік файл немесе географиялық карта) көлемін ұлғайту есебінен материалды қабылдауын да арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің сабақтағы оның сөзін толықтыратын таптырмас серігі болып табылады.
|
Көшірілмелі интерактивтік тақталар (проекторлар) ұрлықтан, бүлдіру, яғни зиян келтіруден т.б. сақтандырылуы қажет.
|
Интерактивті тақталарды нақты аудиторияларға бейімдей отырып, материалды түсіндіру барысында әдістемелік материалдардағы қандай да бір кемшіліктерді тура сабақ үстінде түзетуге мүмкіндік береді.
|
Көшірілмелі тақталарды қолдану барысында жаңа орынға көшірген сайын тақтаны (тепе-теңдігін сақтап) орнатып отыру қажет.
|
Интерактивті тақталар оқушыларға қызықты да, қызу талқылаулар жасап, топтық дискуссияларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.
|
Интерактивті тақтаның кеңейтілген функцияларын сауатсыз қолдану экрандағы ақпараттың дұрыс көрініс таппауына әсер етеді.
|
Интерактивті тақталар оқушыларға ортақ жұмысты орындауға, мұғалімнің ұсынған тапсырмаларына орай ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақталар оқушыларға ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі
|
Аталған кемшіліктердің басым көпшілігі маңызды емес, яғни білім беру үрдісінде интерактивті тақтаны қолданудан бас тарту туралы ой туғызбайды.
Бастауыш мектепте дыбыстың және бейнеәсердің көмегімен интерактивті тақтамен жұмыс жасау ойынның жалғасы іспеттес. Өйткені саналуан магнит қаламды, лазерлік таяқшаны, «ғажайып» таяқшаны қолдану логиканы, шығармашылық ойлауды, моториканы дамытып қана қоймай, өз жұмысына қайта оралып, жіберілген қателіктерді талдауға мүмкіндік береді.
Интерактивті әдістермен өткізілген сабақтардан кейін оқушылардың ойлау қабілеті артады және келесі бағытқа қарай дамиды:
1. Жекеден жалпыға
2. Тәуелділіктен тәуелсіздікке
3. АКТ қолдану дағдыларына
4. Интиуциядани логикаға
5. Ортақ ойдан баламаға
6. Шығармашылық пен визуальды әсерге
7. Тәуелсіз зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларының эволюциясына
8. Талдау, зерттеу, меңгеру және ой қорыту қабілеттері артады
9. Бізді қоршаған кез-келген объектіні сипаттау қабілеті қалыптасады
11. Оқушылар компьютерлік бағдарламалармен танысады
12. Жеке зерттеулерін презентация, яғни тұсаукесер формасында ұсыну қабілеті қалыптасады
13. Көпшілік немесе аудитория алдында еркін сөз сөйлеу қабілеті қалыптасады.
Бүгінгі білім сапасы үшін басты бағыт - ақпараттарды тек білу ғана емес, оны дұрыс қолдана білу. Электрондық ақпарат туралы жаңа технологиялардың түрін, қолданылуын оқушыларға іс жүзінде пайдалану үшін, әр мұғалім өз уақытында ізденіп, білімін жетілдіріп отыру қажет. Осы тұста ерекше атап тоқталатын құрал – интерактивті тақта.
Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал.
Интерактивті тақта 1991 жылы SMART Technologiesins фирмасында ойлап табылды. Тақтаға аса жоғары баға берген тек мұғалімдер ғана болды.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwand указкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. “Оң қол” сонмен бірге “сол қолмен” жұмыс жасауға қолайлы құрал.
Интерактивті тақта арқылы сабақты түрлендіріп, қызықты, көркем қылуға болады. Экранға қаламмен қол тигізіп қана, жұмысты жүргізуге болады. Мұнда бор, сүрткіштің қажеті жоқ.
Интерактивті тақта – мектептегі жай тақтаның көлеміндей үлкейтілген компьютер. Енгізілген мәлімет төңірегіне қарай көптеген дайын, әсем, тартымды бейнеленген көрнекілік пен оқытудың барлық жағдайын қолдануға болады.Интерактивтік тақта мультимедиялық компьютер бола алады, өйткені ол тек мәтін жазып қана қоймай, қозғалмалы әртүрлі көрнекілік, жануар, құстардың дыбыстауын, теңіз толқынының дүбірін, таза табиғат көрінісін т.с.с мүмкіндіктің бәрін ұсынады.
Интерактивті тақта шет елде пайда болғандықтан Қазақстан Республикасының менталитетіне сай көрнекілік жоқ. Сондықтан сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктерді сканер арқылы дискіге енгізіп, интерактивті тақтаның кітапхана ресурсына қосып енгізуге болады.
Кез-келген сабақтың екі субьектісі болады, ол – мұғалім және оқушылар. Тақта үшінші субъекті бола алмайды. Тақта емес, мұғалім оқытады. Сыныпта интерактивтік тақтаның болуы сабаққа дамытушы сипат бермейді, оны айқын мақсаты бар, тиімді әдістерді қолданатын мұғалім ғана дамытушы сипатқа айналдыра алады. Ал тақта – бұл мұғалімнің қолындағы пайдалы құрал. Ең алдымен, материалды іріктеу, оны әдістемелік және техникалық өңдеу қажет.
Қазір бірінші сынып оқушыларының көпшілігінде ұялы телефон, сынып оқушыларының 75%-да арнаулы компьютер бар. Балалар телефонның,компьютердің пернетақталарының тетігін еркін меңгерген, сондықтан тақтаға үйрету үшін арнайы білім талап етілмейді, балалар мұғалімді жай бақылай отырып, жұмыс тәсілдерін тез меңгереді.
Бүгінде оқушылардың визуалды ақпаратқа деген қажеттілігі артып отыр. Интерактивтік тақта сабақтың қандай мақсатына, қай кезеңінде қолданылатынына қарамастан деректерді визуалды ұсыну құралы (кіші мектеп жасында көрнекі-әрекеттік және көрнекі-образды ойлау басым келетініні ұмытпаған жөн) болып табылады. Бұл тақта ақпаратты әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсінеді және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, сызбаларды беруде өте ыңғайлы.
Бүгінгі таңда көптеген мектептерде мұғалімдер компьютерлік файлдарды көрсететін ақ экранды электрондық проектормен жұмыс жасауда. Интерактиті, яғни экранды тақтаның әдеттегі тақтадан айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады.
Оқыту үрдісінде ИТ қолданылады:
күнделікті сынып жұмысына арналған әдеттегі тақта ретінде (тек бор электронды қарындашпен алмастырылған);
оқу ақпаратын визуализациялау үшін демонстрациялық экран ретінде (слайд, көрнекі материал, фильм көрсету);
интерактивтік құрал ретінде - цифрлық түрде дайындалған арнайы бағдарламалық материалдарды қолдану жұмысы;
Тұтас сабақ барысында тақтаны қолдану міндетті емес, сабақтың нақты бір кезеңінде қолдануға болады.
Сурет 4.
Кіші мектеп оқушылары интерактивтік тақтамен қызыға жұмыс жасайды. Олар тақтаға шығуға қорықпайды. Егер қате жіберілген болса, онда маркердің көмегімен қателескен бөлігін кетіре алады, сондықтан балалар өздерін интерактивтік тақта алдында еркін, сенімді сезінеді. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдамайды. Оның үстіне бұл оларға қызықты, сондай-ақ сабақ барысында мотивациясы артады.
Сабақ барысында жүргізілген барлық жұмыстарды, барлығы тақтаға орындаған, жазылған жазбалар мен белгілерді компьютерде келесі сабаққа дейін сақтауға болады.
Интерактивті тақта жұмыстың фронтальды формасын түрлендіруге және дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде жеке үйлестіруге мүмкіндік береді
Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Осы визуальды ресурс жаңа материалды өте жанды, әрі қызықты баяндауға көмектеседі.
Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Осылайша, интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндігін қолдана отырып, мақсатқа жетуге болады.
Қай сабақта қандай әдістер таңдалса да, балалардың танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге негізделеді 54.
Қазақ тілін, ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.
Ю.Б. Зотов өзінің «Организация современного урока» атты еңбегінде де осы мәселе төңірегінде өз пікірін білдіре отырып, қазіргі сабақ жүйесінде оқыту әдістерін таңдау мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігін атап өткен 55.
Демек, мұғалім әрқашанда өзінің білімі мен біліктілігін, шеберлігін жетілдіруі тиіс. Сонда ғана оңтайлы оқыту мәселесіне қатысты тиімді әдістерді таңдау және қолдану аралығында қарама-қайшылықтың болуына жол бермейді.
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Біз қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерді таңдай отырып, оны қолдану арқылы оң нәтижеге жетуге болатынына көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |