Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет27/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
4-кесте.
Уәжге әсер ететін факторлар 
УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР
УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР
түрлі оқыту мен оқу әдістерін 
пайдаланатын белсенді мұғалім 
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция 
оқитын мұғалім 
көп оқушыны қамтитын белсенді 
тапсырмалар 
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 
қатыспайтын тапсырмалар 
белгілі бір мағынасы бар және осының 
алдында өткен тақырыппен байланысты 
жаттығулар 
айқын емес, түсініксіз және осының 
алдында өткен тақырыптармен 
байланыспайтын жаттығулар 
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі 
тиісті деңгейде және барлық оқушылар 
орындай алатын етіп сараланған 
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және 
басында орындау тым қиын немесе қабілеті 
жоғары оқушылардың қабілеттері 
ескерілмейді 
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері 
қолданылады – сабақтың қандай 
болатынын күні бұрын болжау мүмкін 
емес 
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі 
қолданылады – сабақтың қандай болатынын 
күні бұрын болжап білуге болады 
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере 
отырып, сабақ қарқынын өзгерту 
сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және 
оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді
әр оқушыға жеке қолдау көрсету 
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді 
орынды мақтау және мұғалімнің пайдалы 
кері байланыс беруі 
мақтау айтылмайды және мұғалім 
оқушыларға жағымсыз кері байланыс береді
оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан 
күтілетін нәтижені біледі 
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің 
нені үйренетінін білмейді 
 
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және кері байланыс
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған оқу 
бағдарламасының оқу жоспарын әзірлеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқа 
авторлар (2003) мұндай тәсіл оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже 
беретінін айтады және мұны бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді. 


37 
Бірінші кезекте оқушылардың күшті жақтары мен олар кездестіретін қиындықтарды 
анықтап алу қажет. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылы 
және жазбаша жұмыстарын тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат әр 
оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады. 
Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар: 
-
мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін 
қолдайды; 
-
мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға 
көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды; 
-
мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу 
мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу 
үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді; 
-
мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре 
қолданады;
-
мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері 
байланыс ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге 
негізделеді (OECD, 2005).
Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытумен 
салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалімдер «сыныпты тыныштандырудың» 
(мұғалімнің сабақта тыныштық сақталуын қадағалауы, өзінің сөйлеуі) орнына, 
оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқай алу, шешім қабылдау мен 
тұжырымдау, түзете алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерін 
қалыптастыруы және дамытулары керек (Hattie, 2012). Мұндай хабардарлық мұғалімдер 
өздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралы 
ойланып, ой елегінен өткізген жағдайда ғана дамитын болады. Сол себепті 
тыңдаушылардың осындай ойлау дағдысын арттырып, оқу бағдарламасында көзделген 
белсенді оқу тәсілдеріне жаттығып дағдылануы үшін, біліктілікті арттыру курсы аясында 
ықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда қамтылатын белсенді оқу тәсілдері 
тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп, 
топтық жұмыс және ықшамсабақтар ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсілдерде оқу 
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын 
тәжірибелік идеялар қамтылған. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау