Білім беру бағдарламасы мамандығы: Газ инжинирингі технологиясы



жүктеу 2,61 Mb.
бет7/12
Дата19.02.2018
өлшемі2,61 Mb.
#10185
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1. Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы) сәйкес әзірленді.

«Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәні студенттерді мұнай, газ және газконденсат кен орындары туралы негізгі мәліметтермен, мұнайдың және табиғи газдың физикалық-химиялық негіздерімен, сондай-ақ кен орындарын игеру негіздерімен таныстыру курсы болып табылады.

Модульдердің жалпы саны: 6

Сағаттар саны: 80

Кредиттер саны: 2.0

«Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәнінің бағдарламасы білім ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім ұйымы, жұмыс берушілердің және жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін, аймақтық компонентті жүргізу бөліміндегі бағдарламалық материалды оқу жүйелігіне негізделген өзгерістерді енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электрондық оқу құралдарын, аудио және видео материалдарды, әдістемелік көрнекті құралдарды қолдану, сондай-ақ әртүрлі формаларды, оқу процесінің ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.

Арнайы пәндермен пәнаралық бірлесу студенттердің оқып үйренетін пәнін мамандық, келешек еңбек қызметі масштабтарында толық қабылдауын қалыптастырады, әртүрлі оқу бағдарламаларының өзара байланыстарын түсінуге көмектеседі.

2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Мұнайдың, табиғи газдың және қабатты судың физикалық-химиялық қасиеттері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнайдың, табиғи газдың және қабатты судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру, және осы білімдерді кен орындарын игеру және бұрғылау кезінде қолдану.


Модуль тапсырмалары:

    1. Мұнайдың негізгі физикалық қасиеттерін оқып үйрену.

    2. Мұнайдың негізгі химиялық қасиеттерін оқып үйрену.

    3. Табиғи газдың негізгі физикалық қасиеттерін оқып үйрену.

    4. Табиғи газдың негізгі химиялық қасиеттерін оқып үйрену.

    5. Қабатты сулардың құрамы мен қасиеттерін оқып үйрену.


Модуль 2. Мұнай, газ және газконденсат кен орындары туралы негізгі мәліметтер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай мен газдың пайда болу негіздерін түсіну, кен орындарының пайда болу табиғатын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Мұнайдың пайда болу негіздерін оқып үйрену.

2.2. Газдың пайда болу негіздерін оқып үйрену.

2.3. Қабат жинаушы, жинақтағыш тұтқыштар, кендер сияқты ұғымдарды

танып білу.

2.4. Кен орындарын түрлер бойынша жіктеу.

2.5. Жыныстардың құрамы мен қасиеттерін (кен орындарының тау-кен

геологиялық параметрлері, өткізгіштігі) оқып үйрену.


Модуль 3. Мұнай кен орындарын игерудің негіздері және ұңғымаларды пайдалану
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Кен орындарын іздеу мен барлаудың әртүрлі тәсілдерін түсіну және қолдану, іздеу-барлау жұмыстарының негізгі кезеңдерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Ұңғыма, ұңғыманы бұрғылау ұғымдарын танып білу.

3.2. Бұрғылау ұңғымаларының мақсаттары мен тағайындалулары бойынша

жіктеу.


3.3. Кен орындарын іздеу мен барлау тәсілдерін танып білу.

3.4. Іздеу кезеңі туралы білу және тану.

3.5. Барлау кезеңі туралы білу және тану.

3.6. Кен орынның өнеркәсіптік құндылығы туралы білу және тану.

3.7. Кен орындарының тау-кен геологиялық параметрлері туралы білу және

тану.


3.8. Мұнай кендерін жіктеу.
Модуль 4. Мұнай мен газды өңдеу негіздері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай мен газды өңдеу негіздерін танып білу, өңделетін өнімдерін және олардың айырмашылықтарын түсіну, мұнай өңдіру және газ өңдіру зауыттарының түрлерін жіктеу, сондай-ақ мұнай мен газ өңдірудің қазіргі жағдайын бағалау.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Өңделген мұнай өнімдері (отын, мұнай майлары, басқа мұнай өнімдері)

туралы білу.

4.2. Мұнай өңдеу кезеңдерін жіктеу.

4.3. Өңделетін мұнайды дайындау процесін сипаттау.

4.4. Мұнайдың алғашқы өңдеу процесін сипаттау.

4.5. Мұнайдың екінші өңдеу процесін сипаттау.

4.6. Мұнай өнімдерін тазалау процестерін сипаттау.

4.7. Мұнай өңдеу зауыттарының түрлерін жіктеу.

4.8. Өңделген газ өнімдері туралы білу.

4.9. Газ өңдеу зауыттарының негізгі нысандары туралы білу.

4.10. Компрессорлық әдісті сипаттау.

4.11. Абсорбциялық әдісті сипаттау.

4.12. Конденсациялық әдісті сипаттау.

4.13. Газфракциялау қондырғылары туралы білу.
Модуль 5. Мұнай және газ өңдірудегі ақпараттық технологиялар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай және газ өңдеу саласындағы шешімдер үшін пайдаланылатын қазіргі бағдарламалық жасақтаманы таңдау және қолдану.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Бағдарламалық жасақтаманы және аппараттық бөлімнің талаптарын

анықтау.

5.2. Бағдарламалық жасақтаманы анықтау үшін Интернетті қолдану.

5.3. Бағдарламалық жасақтаманы орнату, мәліметтерді енгізу, мәліметтерді

өңдеу, есептер мен графиктерді құру.

5.4. Белгіленген уақытта мұнай және газ өңдіруде берілген кейстің шешімін

табу үшін, таңдалған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану.



    1. Түскен мәліметтерді талдау.

Модуль 6. Мұнайдың дүниежүзілік нарығы
Оқудың нәтижесі:

Дүниежүзілік нарықтағы мұнай мен газдың жағдайын, халықаралық сауданың ерекшеліктерін, мұнай бағаларын белгілеуде ОПЕК-тің рөлін түсіну.


Модуль тапсырмалары:

6.1. «Дүниежүзілік мұнай және газ нарығы» ұғымын түсіну.

6.2. «Халықаралық сауда» ұғымын түсіну.

6.3. «ОПЕК» ұғымын және оның халықаралық саудадағы рөлін анықтау.

6.4. «Мұнай бағаларын белгілеу» және «газ бағаларын белгілеу» ұғымдарын

түсіну.
3. Оқыту әдістері:



  • Дәрісханада талдау

  • Студенттің өзіндік жұмысы

  • Дәріс

  • Практикалық жұмыс


4. Оқыту ресурстары:

  • Үлестірме материалдар

  • Жеке компьютер

  • Интернет


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. SamuelA.VanVactor. Introduction to the Global Oil&Gas Business, Penn

Well Corporation, Tulsa, Oklahoma, АҚШ. 2010.

5.2. Martin S.Raymond, William Leffler. Oil and Gas Production in Non-

Technical Language. Penn Well Corporation, Tulsa, Oklahoma, АҚШ. 2006.

5.3. А.А.Коршак, А.М. Шаммазов. Мұнай-газ ісінің негіздері, Дизайн

Полиграф Сервис. Уфа. 2005.
6. Курсты бағалау жүйесі


Бақылау тапсырмалары

10 %

Семестрлік тесттер

60 %

Қорытынды емтихан

30 %

Барлығы

100 %

Бағалар шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төмен өту балы



0-49

F

0.0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіби білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Кәсіптік пайдалану

Мамандығы: Газ инжинирингі технологиясы
Біліктілігі: Мұнай, газ және химиялық үрдістерді өңдеу технигі

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны
беті

1.

Түсіндірме жазба

96

2.

Курстың мазмұны

97

3.

Оқыту әдістері

106

4.

Оқыту ресурстары

106

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

106

6.

Курсты бағалау жүйесі

107


1. Түсіндірме жазба
Осы тәжірибелік оқыту бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен сәйкес әзірленген (ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызы күнгі № 1080 қаулысы).

«Кәсіптік пайдалану» пәні барлау мен анықтаудың, кенорындарын қазудың, сипаттамалар мен қауіпті факторлардың, негізгі бақылау-өлшеу жүйелері мен кәсіп экономикасы негіздерінің жалпы шолуын қарастырады. Зертханалық жобалар теориялық ұғымдарды қолдайды және студентке практикалық сабақтар орындауға көмектеседі.

Модульдердің жалпы саны: 30.

Сағаттар саны: 90.

Кредиттер саны: 3.0

«Кәсіптік пайдалану» пәні бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Жұмыстық білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім беру ұйымы жұмыс берушілер талаптары мен жергілікті жағдайларды ескеретін аймақтық компонентті енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды меңгеру бірізділігіне негізді өзгертулер енгізуге құқылы.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электронды оқу құралдарын, аудио және бейне материалдарды, әдістемелік көрнекі құралдарды пайдалану, оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылаудың әртүрлі формаларын, әдістерін таңдау ұсынылады.

Сәтті меңгеру үшін бағдарлама теориялық (дәріс) сабақтарды зертханалық-практикалық, семинарлармен кезектестіруді қарастырады.

Арнайы пәндермен пәнаралық интеграция студенттердің меңгеріліп отырған пәнді мамандық, болашақ еңбек қызметі масштабында бүтін қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндік береді, әртүрлі оқыту бағдарламаларының өзара байланысын түсінуге көмектеседі.

2. Курс мазмұны
Модуль 1. Терминологиялық сөздік
Оқыту нәтижесі:

Жалпы терминологияны түсіну.


Модуль тапсырмалары:

1.1. Жалпы қабылданған терминдерді зерттеу.


Модуль 2. Мұнай кенорындары.
Оқыту нәтижесі:

Табиғи газ, саз өнеркәсібі саласының даму тарихын талқылау, мұнайдың шығу тегі және геологиясы туралы әңгімелеу.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Жер қыртысындағы кен жыныстарының түрлерін сипаттау; мұнай мен

газдың жиналу себебі болып табылатын геологиялық түзілімдер, осы

мұнай кендерінің шығу тегі.

2.2. Газ өнеркәсібінің әртүрлі салаларын зерттеу, оның ішінде, барлау,

бұрғылау, анықтау, кенорнын қазу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау,

сақтау және маркетинг.

2.3. Қазақстанда табиғи газдың анықталу және оның Батыс Қазақстанда

өндірілу тарихын зерттеу.
Модуль 3. Мұнай кенін барлау
Оқыту нәтижесі:

Мұнай мен газдың болуын анықтау үшін қажетті геологиялық және геофизикалық іздеу әдістерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Қазақстандағы газ кенорындарының барлау жұмыстары тарихын зерттеу.

3.2. Жер үсті және жер асты зерттеулерін өткізу қажеттілігін, сонымен қатар,

мұнай мен газды барлау үшін аэрофототүсірілімнің маңыздылығы

туралы зерттеу.

3.3. Мұнайды барлаудың негізгі геофизикалық әдістерін сипаттау, негізінен,

сейсмикалық, гравиметрлік, және магнитометрлік.

3.4. Бұрғыланған және қазылатын ұңғыма ауданындағы түзілімдерді

геологиялық бағалау әдістерін сипаттау, негізінен, ұңғымаларды

геофизикалық қазудың электр, радиобелсенді және дыбыстық-

акустикалық әдістері туралы.

Модуль 4. Жерлердің топографиялық түсірілімі
Оқыту нәтижесі:

Батыс Канадада пайдаланылатын геофизикалық зерттеулер жүйесімен танысу, және ұңғымалар, жалға алынған мұнай учаскелері мен жер үсті жабдықтарының орналасқан орындарын жылдам және дәл анықтау үшін осы жүйелерді пайдалануды үйрену.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Доминионды топографиялық түсіру Жүйесін сипаттау және ерекше

учаскелердің орналасқан орнын анықтау үшін бірегей сәйкестендіргіш

жүйесін түсіндіру.

4.2. Қазақстанда жерге иелік ету принциптерін түсіндіру, негізінен, батыс

бөлігінде.

4.3. Топографиялық түсірілімнің Ұлттық жүйесін сипаттау және ерекше

учаскелер қалай анықталатындығын түсіндіру.


Модуль 5. Бұрғылау әдістері және жабдық
Оқыту нәтижесі:

Бұрғылау әдістерін талқылау, белгілі бір әдіс үшін жабдық қай элементтері сәйкес келетіндігін білу, сонымен қатар, бұрғылау кезіндегі қауіпсіздік техникасының базалық білімін меңгеру.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Ұңғымаларды бұрғылау алдындағы жұмыстарды сипаттау.

5.2. Айналдыра бұрғылау кезінде пайдаланылатын жабдық инструменттері

мен компоненттерін сипаттау.

5.3. Көлбеу-бағытталған және көлденең бұрғылау кезінде пайдаланылатын

жабдық инструменттері мен компоненттерін сипаттау.

5.4. Бұрғылаудың арнайы процедураларын түсіндіру.

5.5. Ұстану қажет қауіпсіздік шараларын сипаттау және ұңғыманы бұрғылау

кезінде анықталған тәртіппен пайдаланылатын амалдарды талқылау.
Модуль 6. Сынақ жүргізу, аяқталған ұңғыма және қазу технологиясы
Оқыту нәтижесі:

Құдықтың ықтимал алаңын сынау үшін пайдаланылатын әдістерді талқылау, жаңа ұңғыма жабдығын орнатуды аяқтау, ұңғымадан бастапқы мұнай өндіру.


Модуль тапсырмалары:

6.1. Сұйықтық сипаттамаларын және ұңғыманың өндірістік потенциалын

анықтау үшін пайдаланылатын сынақтарды атау және сипаттау.

6.2. «Ұңғыманы аяқтау» анықтамасын беру, ұңғыманы аяқтаудың негізгі

сатыларын, және аяқталған ұңғыманың негізгі элементтерін сипаттау.

6.3. Пайдаланудың табиғи және механикалық әдістерін, және ұңғымадан

бастапқы мұнай өндірудің екінші әдістерін сипаттау.
Модуль 7. Мұнай және газ құрамы, өткізу шарттары
Оқыту нәтижесі:

Мұнай мен табиғи газға қатысты қолданылатын химия негіздерін, және олардың негізгі топтамалары мен өткізу шарттарын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

7.1. Мұнай мен табиғи газға қатысты қолданылатын арнайы химиялық

терминдер мен анықтамаларды талқылау.

7.2. Табиғи газдағы көмірсутек қосылыстары құраушыларын сипаттау.

7.3. Табиғи газдарды ластайтын және сирететін көмірсутек емес

компоненттерді сипаттау.

7.4. Мұнай мен табиғи газ түрлерін анықтау.

7.5. Мұнай мен табиғи газды өткізу және жеткізу шарттатын сипаттау.


Модуль 8. Кіріспе – Сұлбалар
Оқыту нәтижесі:

Ағындар диаграммаларын зерттеу көмегімен қалай Маңызды, толық ақпаратты жинауға болатындығын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

8.1. Технологиялық сұлбаларды түсіне алу қаншалықты маңызды екендігін

сипаттау.

8.2. Инженерлік-технологиялық сұлбаларда пайдаланылатын жабдықтардың

шартты белгілерін анықтау.

8.3. Газқұбыр сұлбалары мен бақылау-өлшеу аспаптарында пайдаланылатын

шартты белгілерді анықтау.
Модуль 9. Бақылау-өлшеу аспаптарындағы шартты белгілеулер
Оқыту нәтижесі:

Осы үрдіске қатысты өлшеулер мен басқару принциптерін тапсыру үшін технологиялық үрдіс және бақылау-өлшеу аспаптары сұлбаларын түсіну.


Модуль тапсырмалары:

9.1. Технологиялық позиция (сәйкестендіру нөмірі) нөмірі бойынша алынған

ақпарат бойынша бақылау-өлшеу аспабының негізгі функциясын

түсіндіре алу.

9.2. Символ желісінде пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспабының сигнал

түрін анықтау.

9.3. Әмбебап шартты белгі бойынша аспаптың орналасқан орнын сипаттау.

9.4. Технологиялық үрдіс қалай өлшеніп және бақыланатындығын

түсіндіретін технологиялық үрдіс және бақылау-өлшеу аспаптары

сұлбаларын түсіну.


Модуль 10. Технологиялық үрдіс сұлбалары – Операциялар бірізділігі, материалдық баланс
Оқыту нәтижесі:

Материалдық баланс ведомосі мен технологиялық үрдіс сұлбасының тағайындалуын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

10.1. Материалдық баланс көмегімен жабдық және газ құбыры өлшемдері

туралы қажетті ақпаратты қалай ұсыну керектігін түсіндіру.

10.2. Технологиялық жабдық жұмысының принциптерін қысқаша сипаттау

үшін материалдық баланс пен технологиялық үрдіс сұлбасының қалай

пайдаланылатындығын түсіндіру.


Модуль 11. Әрекеттер бірізділігі сұлбалары – Механикалық өндіру

Оқыту нәтижесі:

Операциялар бірізділігі сұлбаларының нақты құрылымдарын, құрама бөліктерін және пайдаланылуын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

11.1. Операциялық бірізділігі сұлбаларының стандартты құрама бөліктері

мен нақтылауларын сипаттау.

11.2. Механикалық қазу сұлбаларының жалпы мақсаттары мен

тағайындалуын түсіндіру.

11.3. Механикалық қазу сұлбаларында пайдаланылатын жалпы қабылданған

аббревиатураларды түсіну.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Модуль 12. Жоба, қарапайым процедуралар зертханалық жұмыстар
Оқыту нәтижесі:

Ұңғымадан қазуды бастар алдында ескеру қажет технологиялық үрдіс жобасы, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік ерекшеліктерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

12.1. Дайындық үшін жабдықты таңдауға әсер ететін факторларды талқылау.

12.2. Зертханалық жұмыстар өткізу үшін қажетті қауіпсіздік техникасы

процедураларын талқылау.

12.3. Газ кенорнында пайдаланылатын іске қосу және орнатудың негізгі

процедураларын талқылау.




Модуль 13. Қазу кезіндегі шиеленістер және олардың алдын-алу – зертханалық жұмыстар
Оқыту нәтижесі:

Мұнай және газ ұңғымаларын іске қосу және кейін пайдалану үрдісінде орын алатын қазу кезіндегі шиеленістер түрлерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Ұңғыманың кейбір құрама бөліктеріндегі коррозия түрлерін және

коррозияның пайда болу қауіпін төмендететін пайдаланылатын

әдістерді сипаттау.

13.2. Ықтимал механикалық мәселелер туралы талқылау және қалай

олардың алдын-алынатындығын немесе жойылатындығын сипаттау.

13.3. Гидраттарды қалыптастыру туралы талқылау, және олар туғызатын

шиеленістерді және гидраттардың алдын-алу немесе жаңқалау үшін

қажетті әдістер туралы толық ақпаратты сипаттау.
Модуль 14. Газқұбырын қыздыру – зертханалық жұмыстар
Оқыту нәтижесі:

Гидраттардың пайда болуының алдын-алу үшін ұңғыманың жоғарғы бөлігін қыздыру үшін жабдық түрлерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

14.1. Жанама қыздыруы бар әртүрлі жылытқыштар конфигурациясын

сипаттау.

14.2. Газқұбырдың сызықты жылытқышын пайдаланымға енгізу кезіндегі

операциялар бірізділігі туралы талқылау.

14.3. Жылытқыштарға қызмет көрсетудің пайдалану және техникалық

мәселелерін сипаттау.

14.4. Сызықты жылытқышты таңдау кезіндегі параметрлер туралы тілім

талқылау.
Модуль 15. Газды сепарациялау процедуралары және жабдық зертханалық жұмыстар
Оқыту нәтижесі:

Ұңғымаға қарапайым ағынның физикалық сипаттамалары туралы әңгімелеу және ағынды 3 фазаға бөлу үшін қажетті жұмыстар барысын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

15.1. Ұңғымада пайда болған реагенттердің күрделі қоспасы туралы

сипаттау және осы реагенттердің физикалық құрамын сипаттау.

15.2. Сұйықтықтар, газдар мен қатты заттарды бөлу кезіндегі факторлар мен

принциптерді сипаттау.

15.3. Сепарациялық жабдық түрлері мен конструкцияларын анықтау.


Модуль 16. Сепараторларзертханалық жұмыстар
Оқыту нәтижесі:

Суды, гидрокарбон сұйықтықтар мен қатты бөлшектерді газ ағынынан бөлу үшін сепараторлар жұмысын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

16.1. Сепараторлар модификациялары мен сипаттамаларына қойылатын

талаптарды сипаттау.

16.2. Сепараторлардың алуан түрлерін сипаттау.


жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау