2-ші деңгейде студенттерден: 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде студенттің танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Тапсырмаларда қолданылатын сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса, т.б.
2-ші деңгейде 50 балл+ 30 балл = 80 балл = “4 ” журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса. Бұл жағдайда студенттің білім сапасына 1-деңгейдегі «дұрыс» пен «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлері қосылады.
3-ші деңгейде студенттер танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қортындылауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, анықтама бер, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме?, ..... дұрыс па?, т.б.)
3-ші деңгейде: 80 балл+ 20 балл= 100 балл = “5 ” журналға қойылады. Студенттің білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады.
4-ші деңгейдің тапсырмалары студенттерден зерттеу әдістерін пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, т.б.). Олар стандарттан жоғары болғандықтан өзінше 100-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда студент оқытушының көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында оқытушы әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” + белгісін студенттердің өздеріне қойғызып отырады.
Соңғы үш жыл бойы жоғарғы оқу орнында қолдана бастадық. ЖОО студеіттеріне арналған «Білім беру сапасын технологиялық амал негізінде басқару» әдістемелік оқыту құралы «Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы талаптарына негіздеп жасалды. «Ерітінділер туралы ұғым» әдістемелік оқыту құралы (жұмыс дәптері) химия пәні оқытылатын ЖОО «Жылу энергетика», «Құрлыс» және жаратылыс пәндері бөлімдері студеніттеріне арналады.
Нәтижесінде студенттердің тақырыпты меңгеру сапасын арттыру арқылы олардың оқу сапасын (семестрлер бойынша) арттыруға болады. Семестрлік оқу сапаларынан жоғары оқу орны түлектерінің білім сапасы түзеледі. Жоғарғы деңгейдегі көрсеткіштерді көрсете бастайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения: диссертация...докт.пед.наук: 13.00.01.-Алматы. 1994г. -314с.
Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология «Трехмерная методическая система обучения». Алматы, 2008г.
Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология уровневой дифференциации обучения в средней школе. Монография. –Алматы, 2000. -186с.
РЕЗЮМЕ
Задача, стоящая перед системой образования, поднять уровень, мыслительные способности обучающихся, привить интерес к обучению. При оценке знаний учащихся и студентов допускаются ошибки, такие как поблажки, переоценка знаний и т.д. В статье приводится методика технологии, направленная на повышение результатов образования.
SUMMARY
The challenge facing the education system, raise the level, the mental abilities of students, to instill an interest in learning. When assessing students' knowledge and students are allowed errors, such as concessions, the overestimation of knowledge etc. The article gives a method of technology aimed at improving educational outcomes.
Г.К.Тажкенова
Астана, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН
АРНАУЛЫ КУРСТАР АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазіргі жағдайда білім берудің алдыңғы қатарлы мақсаттарында өзгерістер өтуде. Үкімет талабымен қатар дара тұлғаның өзіндік дамуында қажетін қанағаттандыруға, жас маманның туындаған мәселелерді талдау іскерлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған үндеуінде ұлттық білім беру жүйесінің дүние жүзілік стандартқа сай, қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралып, Қазақстан Республикасының түгел дерлік бағдарламалық құжаттарынан өзінің көрінісін табуда.
Қазақстанда білім беру сапасын көтеру жоғары білім беру құрылымдарын реформалауды, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын ендіруді, педагогикалық процесті жетілдіруді қажет етеді.
Соңғы он жыл аралығында республикада жоғары ұлттық оқу жүйесін дамытуға себеп болатын бірсыпыра нормативтік құжаттар қабылданды. Олар біздегі жоғары білім беру жүйесінің дүниежүзілік білім беру кеңістігіне өтуіне жағдай туғызады.
Студенттердің өзіндік жұмысын белсендіру болашақ кәсіби маман әзірлеуде, білім деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттің стратегиясын іске асыруда аса маңыздылыққа ие болуда.
Студенттермен өзіндік жұмысты ұйымдастыру студенттердің қай курста оқитынына, қандай мектепті бітіріп келгеніне, студенттердің психологиялық даму ерекшеліктеріне, пәндердің өзіндік ерекшелігіне, мамандық әзірлеу ерекшелігіне және т.б. көптеген факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезеңде химия мамандарын дайындау ісінде бірнеше қайшылықтар туындап отыр. Олар:
кредиттік технологияға байланысты химиялық білім беруге арналған сағат саны мен химиялық материалдарды студенттерге толық меңгертудің арасындағы қарама-қайшылық;
химияның негізгі теориялық ұғымдарын сапалы меңгертуге қойылатын талаптар және оның орындалуы арасындағы қайшылықтар;
оқу жоспарында көрсетіліп отырған таңдау курстарына бөлінген сағат саны мен оған сәйкес арнаулы курстарды таңдаудың арасындағы қайшылықтар;
студенттердің сарамандық біліктілігін қалыптастыруға қойылатын талаптар және оны оқу ісінде жүзеге асыру арасындағы қайшылықтар.
Осы жоғарыда көрсетілген қайшылықтар жоғары кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті арасындағы сәйкес келмеушілікті, оны жетілдіруде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесін құруды керек етеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі өзіндік жұмыстармен салыстырғанда кредиттік жүйе жағдайындағы өзіндік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:
ақпараттық – коммуникациялық технология көздерін қолдануға арналған өзіндік жұмыстар (слайд-дәріс, мультимедиялық презентация, кейстермен жұмыс);
студенттің оқытушы қатысуымен орындайтын өзіндік жұмысы- интерактивті әдістермен ұйымдастыратын өзіндік жұмыстар;
тест тапсырмалары банктерімен жұмыс істеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Кредиттік жүйе бойынша студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы мен оқытушының қатысуы арқылы атқарылатын жұмысын саралап арнаулы курстарды тереңдетіп оқытуда субъектінің дербестілігін дамытатын өзіндік жұмыстарға аса мән берілді (1-сурет).
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында химияның арнаулы курстарын оқыту процесінде оқытушы мен студент субъектілер ретінде қарастырылады (2-сурет).
Оқытушы студентпен бірлесіп жұмыс істеу барысында оның білім деңгейінің жоғарылауына, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Бұл ынтымақтастық негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекетінің белсенді түрі жетіліп, оның нәтижесі бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.
Оқытушы мен студенттің ынтымақтастығы бірлескен төмендегі компоненттерден тұрады: Мазмұндық компонент химияның арнаулы курстарын оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Мұның негізгі мақсаты студенттердің кредиттік оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру. Мазмұндық компонентте студенттерге берілетін өзіндік жұмыстардың көлемі, орындалу уақыты, орындалу жолы көрсетіледі.
Мазмұндық компонент бойынша ұйымдастырылатын өзіндік жұмыс негізінде студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туады.
Студенттерге химиядан терең білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуының қандай дәрежеде әзірленгеніне байланысты болады.
1 -сурет – Химиядан арнаулы курстағы өзіндік жұмыстардың мазмұны
2-сурет – Кредиттік жүйе жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстары мен оқытушы қатысуындағы өзіндік жұмыстарын іске асыру әдістемелік құрылымы
Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, студентке арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Студенттерді оқытудың әр түрлі формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӨЖ және СОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастыруда олардың жекебас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен көлемін олардың деңгейлеріне қарай беру өте маңызды мәселенің бірі.
Мазмұндық компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыбы, жоспары, қолданатын әдіс түрі анықталып, құрылып, орындалу кестесі түзіледі. Өзіндік жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силлабуста беріледі.
Студенттің қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы студенттің өзіндік жұмысты дұрыс ұйымдастыруына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.
Процессуальды-әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады. Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады.
Оқытушы студенттерге білім беру кезінде мемлекеттік білім беру стандарты және типтік бағдарлама талабына сай оқу-әдістемелік кешенді, оқу жұмыс бағдарламасын, жұмыс бағдарламасын құрастырады. Оқу-әдістемелік кешендер студенттердің мамандықтарына, мамандануына, оқылатын пәннің мазмұнына тікелей байланысты болады.
Оқытушы мен студенттің іс-әрекеті оқу жұмысының әр түрін іске асыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына дәріс, сарамандық сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, студенттің оқытушы қатысуымен өтетін өзіндік жұмысы жатады. Оларды дәрісханалық, дәрісханадан тыс деп жіктейміз
Оқытушы қатысуымен жүргізілетін СӨЖ кредиттік жүйе жағдайында енгізілген оқыту формасы ретінде сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың осы түрінде әр қилы белсенді әдістер қолданыла отырып, студенттердің өзіндік жұмыстары ұйымдастырылады.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында дәріс сабақтар барысында дәстүрлі емес жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің дәріс барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты-рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Блокты-рейтингті оқыту жүйесі өзінің құрылымы, құралу сипаты жағынан объективті, нанымды жүйелі нәтижені өңдеу, диагностикалау, бағалауды қамтамасыз етеді. Рейтингтік жүйе-жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды.
Студенттердің химия пәні бойынша ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстарына керекті құрал жабдықтардың толық еместігі, химияның арнаулы курстары бойынша орындалатын өзіндік жұмыстардың мазмұны мен құрылымы және әдістемесінің жоқтығы;- химияның арнаулы курстарының теориялық мазмұнының айқындалып, ондағы өзіндік жұмыстар жүйесінің сараланбауы сияқты жағдайлар студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға кедергі болады. Осы айтылған мәселелерге байланысты келесідей қорытынды жасауға болады:
Химияның арнаулы курстарын оқыту кезіндегі студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі студенттердің танымдық-ойлау әрекетін белсендіріп, білім сапасын көтеріп, химиядан терең білім алуына мүмкіндік туғызады.
Студентттердің даралық, педагогикалық және психологиялық ерекшелігі мен белсенді оқыту әдістерін қолдануға негізделген әдістемелік жүйе саналы білім мен іскерлік, дағдыны қалыптастырып, алған білімдерін іс жүзінде үлкен шеберлікпен өздігінен қолдана алуына жағдай жасайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тантыбаева Б.С., МакановУ. Студенттер білімінің сандық сипаты // Ізденіс. – Алматы, 2006. – № 1. – 313–318 бб.
Даутова З.С. Кредиттік оқыту жүйесінде «Көмірсутектер» тақырыбын оқыту барысында экологиялық білім беру // «С. Аманжолов оқулықтары – 2007» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Өскемен, 2007. – 234–237 бб.
РЕЗЮМЕ
В работе рассматривается необходимость создания методической системы организации самостоятельных работ студентов при кредитной системе обучения через специальные курсы по химии.
SUMMARY
The need for a methodical system of organizing independent works in the course of the student credit system, through special courses of chemistry.
МАЗМҰНЫ
Әбдірайым Б.Ж. Участникам конференции «Повышение квалификации преподавателей в рамках президентской образовательной программы «Болашак» .................................................................................................................. 3
Нұрбек С. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру жолдары......................................................................................................5
Рысбеков Т.З. Развитие профессиональной компетентности
преподавателя вуза .....………………………………………………………………9
Батырша-ұлы С. Шетел профессорларының Франциядағы Париж–1 Сорбон университетінде стажировкасы................................................................................14
Ниязбекова Ш. Роль международной стипендии Президента Республики Казахстан «Болашак» по программе научные стажировки в посткризисный период………………....…………………………………………………………….17
Актаева А.У. Основные направления совершенствования системы подготовки и аттестации научных и научно-педагогических кадров в доктрине требований болонского процесса……….....................................………………………....……22
Алонцева Д.Л. Проблемы и перспективы подготовки специалистов в области нанотехнологий в Республике Казахстан: опыт научной стажировки в Японии по специальности «нанотехнологии»....................…………………………..……27
РОЛЬ ПРЕЗИДЕНТСКОЙ МЕЖДУНАРОДНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ «БОЛАШАК» В ХОДЕ МИРОВОЙ ИНТЕГРАЦИИ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Түгел Ә. Қазақстан ғылымы дамуындағы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының рөлі..............................................................................................33
Ussenbayev A., Kurenkeyeva D. Тhe research internship at the Вristol University: the practice of Recipients of the Bolashak Presidential scholarship........37
ВОПРОСЫ ИННОВАЦИОННОГО НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В РАМКАХ РЕАЛИЗАЦИИ ПРОГРАММЫ «БОЛАШАК»
Салыкжанов Р.С., Сагинов К.М., Жакиянова Ж.Г. Модульные образовательные программы как условие повышения академической мобильности обучающихся ………………………………………....…………….42
Байгабатова Н.К. Теоретико-методологические проблемы изучения этничности………………………………………….....…………………………….49
Жумабекова Д.Ж. О результатах научно-исследовательской деятельности выпускника программы «Болашак» в МГК им. П.И.Чайковского (научная стажировка)……………………………………………………………....…………55
ПОВЫШЕНИЕ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ ПРОФЕССОРСКО-ПРЕПОДАВАТЕЛЬСКОГО СОСТАВА ВУЗОВ В КОНТЕКСТЕ РЕАЛИЗАЦИИ БОЛОНСКОГО ПРОЦЕССА
Шаримова А.Г. Networking and teacher professional development…....………...61
Кобдикова Ж.У. Трехмерная методическая система обучения как эффективный механизм модернизации системы непрерывного образования................................................................................................................70
Шырынбаева Г.Қ. Оқытудың инновациялық технологияларына негізделген зерттеушілік іс-әрекет мазмұны..........................................................72
Тасыбаева Ш.Б., Арыстанбаев К.Е., Хамитова Б.М. Компетентность профессорско–преподавательского состава в области новых информационных технологий…………………………………….................................…...…………..78
Рахмадиева С.Б., Ескельдинова Ж.К. Компетенции выпускника как основные критерии эффективности образовательных программ…....………….82
Губайдуллина Г.Н. Формирование педагогической готовности преподавателей вуза в контексте реализации болонского процесса…….................................…...88
Суюндикова Ф.О., Ким Е.Г. О возможностях использования программы Borland Delphi 7 при создании электронного учебного комплекса по органической химии…………………………………….……..........……………...92
ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ ПОДГОТОВКИ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Шарипова Г.Б. Кредитная система обучения как один из актуальных путей модернизации высшего образования в образовательном пространстве (на примере Каз НПУ им. Абая и университета Тулуза 1)………………......………99
Сүлеймен Е.М., Хабиев А.Т. Проблемы науки в Казахстане и пути их решений....................................................................................................................104
Ниязова А.Е., Екибаева Н.А. Формирование профессиональной компетентности учителя иностранного языка в условиях реализации компетентностного подхода……………………………………..…..……......….109
Қошанова Г.Д., Байтенов А.Қ., Керімбек І.У. Информатикалық пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесі және оны практикада пайдалану........................117
Баймұханова А.Ж. Интеллектуалдық әлеуетті дамытудағы 12 жылдық білім берудің рөлі..............................................................................................................121
Бейсембаева Ж.А. Использование новых технологий обучения в преподавании иностранных языков……………………………….....……............................…...126
Даулетбекова А.К. Внедрение нанотехнологического образования: из опыта подготовки бакалавров, магистров и докторов (РhD)…….......…………......… 132
Ермекова Ж.К., Джанзакова Д.Д. Подготовка будущих учителей к деятельности по формированию и развитию познавательного интереса учащихся на основе модульной технологии обучения……...……….……....…137
Искакова Г.К. Подготовка политологов по программам магистратуры и докторантуры: опыт американских университетов и Казахстана…………......144
Назарбекова С.П., Адырбекова Г.М., Алтаева У.С. Непрерывность образования – залог конкурентоспособного специалиста…………..........….…148
Оралова Г.С. Интернационализация высшего образования в Казахстане: реализация на современном этапе………………….………………….......…….153
Тұрысбек Р. Тәуелсіздік кезеңінде ғылыми-педагогикалық маман дайындаудың басты бағыттары мен өзекті мәселелері......................................159
Тұтқышбай И.А., Тағаев Б.М. Ұлт зиялыларының тілі мен жаңа формациядағы мұғалім моделі...............................................................................167
Умаров А.А., Кадырбаева Г.П. Модель управления образовательной деятельности вуза……………………………………………….…….......………172
Қожахмет Х.Ж., Омаров Е.Б. Студенттердің күнделікті оқу үдеріс барысында дене тәрбиесімен айналысын ұштастыру негіздері.............................................182
Омаров Е.Б. Студенттердің өзара әрекеттестігі мен тұлға аралық қарым-қатынасын тәрбиелеудегі дене шынықтыру және спортық іс шаралардың мүмкіндігін анықтау................................................................................................187
Тойлыбаева Ж.Д., Тұтқышбай И.А. ҚР педагог кадрларын дайындаудың
мәселелері мен болашағы.......................................................................................192
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ КРЕДИТНОЙ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ В ВУЗАХ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ С ЗАРУБЕЖНЫМИ ВУЗАМИ, ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ РЕШЕНИЯ
Екибаева Н.А., Меджанова А.Д. Сравнительный анализ веб-показателей зарубежных вузов…………………………………………...……….....………....197
Тулекова М.К. Кредиттік технологиялық оқыту жүйесін қолдануды дамыту және жетілдіру жолдары.........................................................................................202
Шаяхметова А.А., Адилжанов Н.Б. Деятельность университета и его роль в национальной системе образования………………………………….......……...209
Кулакова Л.А. Кредитная система обучения Америки и Европы: преимущества, недостатки, использование международного опыта в системе отечественного образования…………………………………………....………...214
Жалкенова С.Т. Общая нацеленность образовательных процессов - ключ к качественному результату......................................................................................219
Нурушев М.Ж. Научная стажировка в МГУ им. М.В. Ломоносова -особенности и перспективы развития………....…………...……………...….…222
Сарсембаев Б.К., Сарсембаева А.С. Анализ кредитной технологии обучения в Middle East Technical University г.Анкара………….…...........................……….229
Sulkarnayeva А., Cardew S. Methods and practice of teaching academic modules in the English language at Master of Arts level (the research results)……........….….234
Шахметова Г. Б. Анализ реализации послевузовских программ подготовки магистрантов в университетах Малайзии………………………………....…….239
Байдилдинова Ә.Х. «Аударма ісі» бойынша маман дайындау: Ұлыбритания тәжірибесі.................................................................................................................244
Тулекова М.К. Кредиттік технологиялық оқыту жүйесін қолдануды дамыту және жетілдіру жолдары.........................................................................................254
Торсыкбаева Б.Б., Машан Т.Т. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» инновациялық технологиясының студенттер бiлiмiн бағалаудағы тиімділігі...................................................................................................................261
Тажкенова Г.К. Студенттердің өзіндік жұмыстарын арнаулы курстар арқылы ұйымдастыру............................................................................................................266
«БОЛАШАҚ» ПРЕЗИДЕНТТІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУШЫЛАР БІЛІКТІЛІГІНІҢ АРТУЫ
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция
материалдарының жинағы
Пішімі 60х84/1. Көлемі 17,25 б.т.
Таралымы 100 дана. Тапсырыс №235.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ РББ. Астана қ., Қажымұқан к., 13
Достарыңызбен бөлісу: |