Компьютерлік графика курсы Ашық сабақ "Фотографияларды өңдеу" 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Фотографияларды өңдеу
Сабақтың мақсаты: Әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны меңгерген , компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру:
Білімділік:
оқушылардың мүддесі мен қабілеттерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы орта білім мазмұнынының көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндіктер туғызу.
Мектеп сайтын жаңарту
Photoshop программасында жұмыс жасау дағдыларын тексеру
Алған білім біліктерін практикада қолдана білу қабілеттерін бағалау
Дамытушылық:
оқушылар мен олардың ата-аналарының білімдік сұраныстарын ескере отырып оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз ету, олардың өзіндік ерекшеліктерін , жеке тұлғаға бағдарлануды қамтамасыз ететін оқу-тәрбие процесінің жаңа түрлері мен тәсілдерін ұйымдастыруды жүзеге асыру
- практикалық дағдыларын дамыту
- өз бетімен жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, жүйелеу қасиеттерін дамыту , пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелілік:
әлем деңгейіндегі ақпарттық технологияны қолдануда нәтижеге жетудегі алғашқы қадамды , компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру
- өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу
- адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру
Сабақ түрі практикаға бағытталған білімдерін қорытындылау, бағалау сабағы
Қолданылатын материалдар:
интерактивті тақта
қалам
указка
Slate 2дана/бірі оқушы, екіншісі мұғалім үшін/
Activote тестілеу пульті 8 дана
Түрлі-түсті принтер
Сканер /2 дана/
Сабақ тақырыбы көрсетілген плакат
Презентациялар /Компьютерлік графика, «Отбасылық альбомға шолу жаса», көзге жаттығу, «Таңқаларлық құбылыстар мен керемет құрылыстар» әнімен/
Флипчарттар/ тб, тест, бегущая дорожка /
бағалау критерийлері / қонақтарға/
Фотошуақ /оқушылар жұмыстарынан/ плакат
Гимназия сайты www.gimnasy-seifullina.naro.ru
Гимназия сайтындағы шығармашылық күнге арналған веб-страница
Фотобумага
Қайшы
Скотч
Цифравой фотоаппарат/5 дана/
Видео-камера/ 2 дана суретке түсіріп алу үшін/
Интернет жүйесі
Ескі фотографиялар
Алдын – ала оқушылармен фотошопта дайындалған эскиздер: коллаж, фон, календарь 12 ай үстел календары
Сағат/интерактивтік тақта элементі/
Заметка /үй тапсырмасы көрсетілген/
Қызыл лента, шарлар, есікке ромашка гүлімен оқушылар және мұғалім фотографиясынан құралған макет, «Қош келдіңіздер!» кілемі, музыка
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі 2мин
Қонақтарды қарсы алу / «Шуақ» фотостудиясының ашылу іс-шарасын жүргізу. Оқушыларды , қонақтарды сабақ тақырыбымен, мақсат, міндеттерімен , сабақ жоспарымен таныстыру /бег дорожк дайындалып қойылады/
Сабақ 10.00 - 10.45 өтеді
- Тақтада интерактивтік тақта сағаты, жинақталған үй тапсырмасы заметкасы, бегущая строка шығып тұрады. Коврик «Қош келдіңіздер!»
Қонақтарды қарсы алу: Құрметті оқушылар және әріптестер ! Сіздер «Шуақ» фотостудиясының ашылу салтанатына келдіңіздер. Сіздерге ашылу рәсімін орындауды өтінеміз.
- музыка ойналып тұрады
- лента, қыздар, табақ, қайшы
1) Құраметті оқушылар және қонақтар! Сәлеметсіздер ме!
ҚР-сы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты /БМЖМС/ негізгі ережелерінде көрсетілген базистік оқу жоспарының вариативті /жылжымалы/ бөлігін / 6.8 және 6.9 пункті/ негізге ала отырып «Компьютерлік графика» курсы бағдарламасы жасалынды.
ҚР-ның жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізгі ережелерінде көрсетілген базистік оқу жоспарының вариативті бөлігін негізге ала отырып «Компьютерлік графика» курсы бағдарламасын жасадым, соның негізінде бүгін әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны меңгерген , компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру мақсатымен «Фотографияларды өңдеу» тақырыбында жоспарланған сабақты бастауды рұқсат етіңіздер.
Өткен сабақты қайталау 10мин
ТБ өту/ флипчарт/ slate пайдалану
Компьютермен жұмыс жасар алдында техника қауіпсіздік ережесін қайталайық.
Мұнда бізге Ақару мен Дана көмектеседі. / интерактивтік тақтаның Activslate сымсыз планшеті-2дана/
Достарыңызбен бөлісу: |