Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет24/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Гендерлік теңсіздік.
 Жаңа жұмыс орындарының айтарлықтай 
көп бөлігі пайда болады деп күтіліп отырған ақпараттық-коммуни-
кациялық сегмент әзірге көптеген елдерде әлі де «ерлердің» жұмы-
сы саналады. ДЭФ сарапшылары, егер қазіргі беталыс сақталатын 
болса, онда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу үшін әлі ша-
мамен 118 жыл қажет болады деп санайды
31
. Гендерлік алшақтық 
барлығына ортақ цифрлық теңсіздікпен бірге күшейе түсетіні анық 
және бұның еңбек нарығы үшін де, білім беру жүйесі үшін де үлкен 
сынақ болатыны сөзсіз.
Білім беру мен кәсіби дайындық әдеттегі жұмыс уақытынан тыс 
біршама уақыт пен күш-жігерді талап етеді. Еуропалық Одақтың 
бағалауы бойынша кейбір мамандықтар үшін жылына кемінде 40 
сағат қажет болады екен, ал қазіргі кезде оларға жылына орташа 
есеппен 9 сағат қана жұмсалуда. Бұл баласы бар жұмысшылардың, 
атап айтқанда әйелдердің жұмыс кестесін отбасылық міндеттер-
мен үйлестіруде бірқатар қиындыққа тап болатындығын білдіреді.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың теңсіздігі.
Ерек-
ше қажеттіліктері бар қызметкерлер осы күнге дейін өндірісте 
жеңілірек жұмыстарды орындай алатын, бірақ тапсырмалардың 
күрделене түсуін және компьютермен жұмыс істеу мен бағдарла-
малау дағдыларын пайдалану қажеттілігін ескерсек, бұл жұмыс 
30
IndustriALL Global Union (2017). Индустрия 4.0: последствия для профсоюзов и устой-
чивая промышленная политика. http://www.industriall-union.org/sites/default/files/uploads/
documents/2017/SWITZERLAND/Industry4point0Conf/industry_4_rus.pdf
31
Шваб К. (2017). Четвертая промышленная революция / Перевод с англ. М.: Издательство «Э»


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
42
орындары да өте сирек кездесе бастайды. Стивент Томпсон атап 
өткендей, «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2011 жылы 
берген есебіне сәйкес, әлем халқының шамамен 15%-ы мүгедек-
тіктің қандай да бір түрімен өмір сүреді. Жоғары білім беру секто-
ры осы 15% студенттердің білім алу әлеуетін іске асыруы қажет»
32

ЮНЕСКО-ның «Білім беру және мүгедектік: 49 елдің деректеріне 
талдау»
33
баяндамасына сілтеме жасай отырып, С. Томпсон қоғам-
ның осындай елеулі бөлігі жоғары білімнен шет қалмауы және 
олардың әлеуеті іске асырылуы үшін жоғары білім беру жүйесінде 
әртүрлі элементтердің болуы қажеттігін көрсетеді. Ерекше қажет-
тілігі бар студенттер үшін инклюзивті білім берудің бұл аспектілері-
не «ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүдделерін, басқару 
және қаржыландыру жүйелерін, оқу бағдарламаларын, қызмет-
керлерді, ғимараттарды және қолдау көрсететін қауымдастықтар-
ды ескеретін қолайлы саясатты әзірлеу» жатады (Thompson, 2020).
Жоғары білім беру жүйелері халықаралық міндеттемелер 
мен жаһандық шектеулерге сәйкес келу үшін мүгедектердің қы-
зығушылықтарын ескеріп отырулары тиіс. БҰҰ-ның мүгедектердің 
құқықтары туралы конвенциясы (БҰҰ МҚК) 2006 жылы қабылдан-
ды және әлемнің көптеген елдері оған қол қойды. БҰҰ МҚК-ның 
24-бабы білім алу құқығына назар аударады және мемлекеттерден 
кәсіптік оқытуға, ересектерге білім беруге және өмір бойы білім 
алуға қол жетімділіктің тең дәрежеде болуын қамтамасыз етуді та-
лап етеді.
Осылайша, егер университеттер білім беру саласында белсенді 
субъект болып қалуды ниет етсе, онда жаңа технологияларды кеңі-
нен енгізуге байланысты қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді ескере 
отырып, өздерінің әлеуметтік рөлін күшейту бағытына қарай өзге-
руі керек.
Болашақта қажет болатын дағдыларды алдын-ала болжау үшін 
үкіметтер білім беру жүйесін үнемі жаңартып отыру жауапкершілі-
гін өз мойнына алуы керек. Студенттерге осы қажетті дағдыларды 
32
Thompson, S. (2020). Developing Disability-Inclusive Higher Education Systems. University World 
News. https://www.universityworldnews.com/post.php?story=20200122104602834
33
UNESCO (2018). Information Paper N. 49. Education and Disability: analysis of data from 49 
Countries.
http://uis.unesco.org/sites/default/files/documents/ip49-educationТ-disability-2018-en.pdf 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
43
игеруге және оларға болашақ еңбек нарығына дайын болуға және 
бейімделуге мүмкіндік беру үшін оларды оқу бағдарламаларына 
енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Мұндай дағды-
ларға цифрлық ноу-хау, жаңашылдық (креативтілік), инновация, 
басқару және көшбасшылық дағдылар, кәсіпкерлік және күрделі 
мәселелерді шешу, сондай-ақ білім беру қызметтерін ұсынуда циф-
рлық технологияларды пайдалану жатады.
Технологиялық төңкеріс, жаңа қоғамдық формацияға көшу, 
білім алуға деген жаңа либералды көзқарас және оны стандарттау 
аталған үдерістердің қолданыстағы ғылыми мектептер мен дәстүр-
лерді бұзуы, білім беру мазмұны мен ұлттық мәдениеттің арасын-
да алшақтық тудыруы және әлеуметтік институт ретінде білім бе-
рудің қоғамды ұдайы жаңғыртып отыру функциясын жоғалтуына 
әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық тудыруы ықтимал. Осы қиын-
дықтардың шешімі ретінде жалпыадамзаттық және Қазақстан-
дық құндылықтар жүйесін үйлесімді байланыстыратын білім беру 
бағдарламаларының құндылықтарға қатысты бағдарын күшейту 
маңызды болып есептеледі.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
44
1. Оқытып жатқан мамандығыңызды мысалға ала отырып, маман 
даярлап жатқан салаға Төртінші өнеркәсіптік төңкерістің әсерін 
қарастырыңыз. Бұл қолданылып жатқан технологияларға, осы 
салада қолданылатын білім мен дағдылардың жиынтығына қа-
лай әсер етті? Білім беру бағдарламаларына қандай өзгерістер 
енгізуді ұсынар едіңіз? Дәлел келтіріңіз.
2. Сіз маман даярлап жатқан саланың жұмыс берушілері қажетті 
білім мен дағдылардың орын алған жетіспеушілігін қалай ше-
шуде? Оларды нақты жағдайлар арқылы қарастырыңыз.
3. Бағдарламаларда қарым-қатынасқа бейімділікті, икемділік-
ті, креативтілікті дамытуды ескеру қаншалықты маңызды? 
«Knowmads» тұжырымдамасын мысалға ала отырып, дәлел-
деріңізді ұсыныңыз.
4. 4.0 Индустриясында білім мен дағдылар «тез ескіреді» деген 
тұжырыммен қаншалықты келісетініңізді, өзіңіздің келісім 
пікіріңізді дәлелдеңіз.
5. Болашақтың еңбек нарығында ғұмыр бойы білім алуды нығай-
туды қамтамасыз ететін «сирек» жұмыс күшіне нақты сұраныс 
қалыптасады. Университет дипломдары мен дәрежелері бар, 
бірақ тұрақты түрде білімін жаңартып отыруға, қосымша білім 
алуға мұқтаж адамдар үшін не ұсына алады?

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау