Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
33
Егер білім беру бағдарламаларында күрделі
технологиялық
дағдылар күтілетін нәтижелер түрінде қалыптастырылатын бол-
са, онда әлеуметтендіру және эмоционалды интеллект дағдылары
ресми оқу орындарынан тыс жерлерде де қалыптасады. Сондықтан
болашақтың еңбек нарығында дағдылардың тапшылығына байла-
нысты туындайтын қиындықтар бүгінгі таңдағы білім беруді қайта
құруды талап етеді. Жазушы, Knowmad Society тұжырымдамасының
авторы Джон Моравек оқу орындары біздің әлі қиялымызға да кір-
мейтін болашақтағы жұмыс орындарын, салалар мен білім беру ая-
сын жобалай алатындай білім алушыларды жетілдіруі керек деп са-
найды. Мектептер аутсайдер емес, болашақтың генераторы ретінде
әрекет етуі керек. Оның пікірінше, Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс
«3.0 Қоғамы» ұғымымен белгіленген әлеуметтік өзгерістерге әке-
леді және ол осы қоғамның өкілдерін «Knowmads» (ақыл-ойдың
көшпелі жұмысшысы) деп атайды, сонымен қатар оларды «идея-
лардың тоқтаусыз генераторлары» ретінде сипаттайды.
Дж. Моравек Knowmad Society
23
кітабында «Knowmad (ақыл-ой-
дың көшпелі жұмысшысы) – кез келген адаммен кез келген уақыт-
та және кез келген жерде жұмыс істей алатын, ойша мықты көз ал-
дына елестеу қабілетіне ие шығармашылық тұлға», – деп жазады.
Knowmads үшін адамдардың жас ерекшелігі
шектеу бола алмай-
ды, олар қателіктер мен сәтсіздіктерге төзімді, өз білімін, дағдыла-
ры мен тәжірибесін әлеуметтік және ұйымдастырушылық ортада
функционалды түрде кең ауқымда қолдануға икемділігі бар, ын-
тымақтастыққа және әлеуметтік байланыстар желісін қалыптасты-
руға ынтасы жоғары, білім алмасуға және тәжірибе арқылы оқуға
секемшіл келеді. Жастардың Knowmad қауымдастығында жетістік-
ке қол жеткізуі үшін қарапайым білім беру барысында берілмейтін
дағдыларды жетілдіруді талап ететін жолды тауып, оны құрастыра
алуы керек.
Сондықтан білім беру мен оқыту ортасын жобалауда жаңа білім
мен тәжірибе алуға ықпал ететін тәсілге басымдылық берілуі керек.
4.0 Индустриясы қоғамында біліктілігі төмен және орташа қы-
зметкерлердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмендейді. Жұмыс
23
John W. Moravec, Pieter Spinder, 2013, Bianca Stokman, Thieu Besselink, Knowmad Society,
Education Futures.
https://www2.educationfutures.com/books/knowmadsociety/download/KnowmadSociety.pdf
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
34
берушілер ең алдымен университетте білім алған мамандарды із-
дейді. Осылайша өнеркәсіптік төңкерістердің негізгі талабы қыз-
меткерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыру қажеттілігі болып
табылады.
В.Г. Квачев пен М.А. Юдина атап өткендей, «ақпараттық тех-
нологиялар «еңбек», «жұмыс орны», «өнімділік» сияқты маңызды
ұғымдарды қайта қарастыруға мәжбүр етеді. Өндірістік үрдіс жұ-
мыс беруші тарапынан тәртіп техникалары мен уақытты бақыла-
уды талап етпейді. Қызметкердің тиімділігін қамтамасыз етудің
негізгі құралы өзін-өзі бақылау болып есептеледі. Жұмыс беруші та-
рапынан қайта реттеу жалдамалы қызметкерді өзінің «адами капи-
талын», яғни кәсіби дағдыларын, біліктілігін, қабілеттерін басқару
еркіндігімен қамтамасыз етеді. Салыстырмалы түрде дербестікке
ие болған қызметкер өз табысына тиісті ынталандыру және дәлел-
деме көрсету жүйелерін қолдана отырып, өз еңбегінің тиімділігіне
өзіндік менеджмент жасау арқылы кепілдік беруі керек»
24
.
Белгіленген жұмыс уақыты және болжамды, кепілдендірілген
қызметтегі өсу жолы көрсетілген бір жұмыс берушінің толық жұ-
мыс уақытындағы тұрақты жұмыс
орнының классикалық стерео-
типі қаншалықты тартымды болса да, іс жүзінде ондай жайт сирек
кездеседі
25
.
Қазіргі еңбек әлемі үшін жеке және кәсіби сәйкестендіру мен
құзыреттіліктің араласуы қалыпты жағдайға айналады, стандартты
жұмыс орны біртіндеп ауқымды міндеттері мен қызметтік бағыт-
тары бар жобалық жұмыстармен алмастырылады.
Жауапкершілікті біріктіріп, түрлі жобалар бойынша тапсырма-
ларды тиімді орындау үшін бүгінгі қызметкерден сол жұмысқа бар
ынтасымен шынайы берілу талап етіледі, жұмысқа, жеке өмірге
арналған уақыт арасындағы шекара бұлыңғырланады, ал жұмыс-
шылар өз еңбегінің тиімділігіне өзі жауапты болуға мәжбүр бола-
ды. Түбегейлі жаңа мамандықтардың пайда болуына орай бұрын
24
Квачев В.Г., Юдина М.А. Индустрия 4.0: поражение работы или победа творческого труда.
Государственное управление. Электронный вестник. 2017.
№
64.
http://e-journal.spa.msu.ru/uploads/vestnik/2017/vipusk__64._oktjabr_2017_g./problemi_
upravlenija_teorija_i_praktika/kvachev_yudina.pdf
25
Международное бюро труда. (2017). Международная конференция труда. 102-ая сессия,
2013. Доклад Генерального директора. Женева: МБТ.
https://www.ilo.org/wcmspgroups/public/---ed_norm/---relconf/documents/meetingdocument/
wcms_214111.pdf
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
35
кәсіби құзыреттілікке жатпайтын дағдыларға сұраныс туындайды.
Осылайша, 4.0 Индустриясында еңбек нарығы мен жұмыс бе-
рушілер тарапынан еңбек ресурстарына нақты сұраныс ресімделеді:
• бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар-
дың цифрлық өзгеруін іске асыруға қабілетті;
• нақты өндірістің ерекшелігіне сәйкес іргелі білім және циф-
рлық еңбек құралдарымен жұмыс істеудің жаңа/ жетілдіріл-
ген дағдылары негізінде өндірісті цифрландыру жағдайын-
да жұмыс істеуге қабілетті;
• өзінің адами капиталын ұдайы өсіріп отыруға икемді, өйт-
кені төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы жоғары
технологиялық білімнің өзі «тез жарамсыз болып қалатын
тауар» сынды болады»;
• өзін-өзі ұйымдастыру және өзінің тиімді жағын басқара білу.
Достарыңызбен бөлісу: