Модальділіктің аралас берілу тәсілдері
Модальділіктің аралас берілу түрлеріне модальділік мағынаны берудегі түрлі тәсілдердің комбинациялары жатады. Осылайша бір мәтінде әр түрлі модальді мағыналарды қамтитын түрлі модальділікті білдіру тәсілдері қолдануы мүмкін.
Ағылшын тілінде егер бір сөйлемде модаль етістіктері мен рай категориясының формалары кездессе, онда сөйлем модальділігі рай категориясына сай айқындалады.
I wish I could move to other countries [135,108].
Ағылшын тілінде егер сөйлемде модаль сөздер мен модаль сетістіктер болса, онда ондай сөйлемнің жалпы модальділігі иодаль сөздердің мағынасымен анықталады.
If she were married, yes, probably, if she were alone-probably, if she didn’t get some work which paid well they would have a difficult time and the hundred and fifteen dollars which Gerhard had saved would tide them over the worst difficulties perhaps [101,207].
Осылайша келесі мысалда probably сөзі арқылы берілген болжалдылық мәні басым болып келеді.
Әсіресе модальділіктің мәні түрлі тәсілдермен және тілдік құралдармен бірге кез келген айтылымның құрамдас бөлігі саналатын, интонацияның түрлі деңгейлерінде жақсы беріледі [144].
Қазақ грамматикасында интонация деп- кез келген айтылымдағы синтагиманы айқындау үшін, сөйлемнің мақсатын айқындауда (хабарлы, бұйрықты, лепті немесе сұраулы) қолданылатын тілдік тәсіл немесе құрал. Ал ең алдымен интонация-сөйлемдегі хабарға өз қатынасын білдіреді. Осындай анықтамаға сүйенсек, яғни сөйлеушінің айтылымға қатынасын білдіруде, интонацияның тіпті субьективті модальділіктің берілу тәсілі ретінде де қарастыруға болады. Осы тұжырымды зерттеп, қолдағандардың жұмыстарының қатарына И.А. Абрамова (1983), Т.М.Королева (1989), Г.П.Немец (1990) жатады [142,56].
Интонациядан бөлек олар модальділікті беріу тәсілдеріне тіпті, екпін,ырғақ, тембр және темп жатады дейді және олар біріге отырып модальділіктің просодикалық берілу тәсілдеріне жатады. Лексика-грамматикалық тәсілдермен біріге отырып, модальділіктің просодикалық берілу тәсілдері сөйлем модальділігі мен қатар мәтін модальділігін құрауда да маңызды рөл атқарады.Әсіресе модальділіктің имплицидті түрде берілуінде просодикалық берілу тәсілдердің рөлі жоғары. Осындайда интонациялық немесе логикалық екпін модальдікті ажыратудың жалғыс тәсілі болып табылады.
Алайда модальділікті білдіруде просодикалық тәсілдер қосымша, көмекші рөлді атқаратындығын ұмытпаған жөн. Олар көркем әдеби шығармаларда ғана біршама маңызды рөл атқарады [24,52].
Ф.А.Агаеваның қөзқарасын сараптасақ, оқырман мәтін мазмұнын жазкушы оны просодика тұрғыдан безендіруіне байланысты қабылдайды [39,56].
Егер біз ғылыми стиль туралы сөз қозғасақ, ондағы күрделі синтаксис мәтін мазмұнын міндетті түрде просодикалық түрде безендірілген түрінсіз де қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылыми мәтіндерде просодияны модальділіктің берілу тәсілі ретінде қарастыру міндетті емес.
Сөйлеушінің немесе жазушының шындыққа қатысын модальділіктің негізгі белгісі ретінде қарастырылуы белгілі мөлшерде кез келген айтылуға тән болып келеді. Сөйлеушінің немесе жазушының шындыққа қатынасы түрлі формальді грамматикалық, интонациялық, композициялық және стилистикалық тәсілдермен беріле алатындықтан модальділік категория іс-әрекетіндегі тілге тән категория болып табылады, яғни сөйлеуге тән, сондықтан коммуникативті процесстің мәні болып табылады.
Қазіргі кездегі ағылшын грамматиктері осы категорияға анықтама беруге бас тартуы жай емес, Олар оны берілген құбылыс ретінде қарастырып, модальділік көрініс табатын формаларды көрсетумен шектеледі. Джон Лайонз, Рэндолф Кверк және т.б. [66,80].
Тіл білімінде бар дәстүрлі пайымдауларға тоқталсақ, В.В.Виноградов модальділікті біршама маңызды коструктивті сипатына жатқызады, сондықтан оның әр сөйлемге тән деген пікір білдіреді. В.В.Виноградов: Сөйлем-іс-жүзінде қоғамдық түсінікте шындықты білдіретіндіктен, сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын білдіреді. Осыдан келе біз сөйлем және оның түрлерінің модальділік категориясымен тығыз байланысты деген пайым жасай аламыз. Әр сөйлем маңызды конструктивті сипат модальділік мағынаны қамтиды, яғни шындыққа қатыстығының көрсеткішін қамтиды [22,58].
Орыс тілінің грамматикасында да осыған ұқсас анықтама берілген: Негізгі сөйлем мазмұнының жалпы грамматикалық мағынасының шындыққа қатысы модальділіктің синтаксистік категорияларында беріледі, сонымен қатар жақ және шақ категориясында да беріледі. Сөйлемнің құрамындағы хабардың шындыққа қатысын біз модальділік деп атай аламыз. Сөйлеуші хабарлайтын жайт реальді, өткенде немесе осы шақта болып жатқан, болашақта орындалатын, біреуден талап етілетін, орындалуына тілек білдіретін немесе жүзеге асыруға мүмкін емес және т.б.ретінде қарастырылуы әбден мүмкін. Сөйлеу мазмұнының әр түрлі шындыққа қатынасының грамматикалық берілуінің формалары модальділік категорияның синтаксистік мәнін құрайды.
Лингвистиканың грамматика саласын терең зерттеушілер модальділік категориясын ең алдымен реальділік немесе ирреальділікті білдіру деп таниды.
1970 жылы жарық көрген Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында субьективті баға беру факторы модальділіктің көрсеткіші ретінде танылды. Мұнда модальділік категориясының екі түрі көрсетілген. Олар: субьективті-модальді мағына және обьективті-модальді мағына болып табылады. Осы бөлімнің авторы Н.Ю.Шведова: «Модальділік категориясы тек қана сөйлеушінің айтылған ойға реальділік немесе ирреальділік жағынан қатысымен шектеліп қана қоймайды. Осы категорияда кең көлемде субьективті-бағалау қатынасы да көрінеді» [145].
Кез келген сөйлем арқылы берілген ойда субьективті-модальді мағына болады. Егер обьективті-модальді мағына айтылған ойдың шындыққа қатысын білдірсе, субьективті-модальді мағына сөйлеушінің айтылған ойға қатынасын білдіреді
Сөйлемнің грамматикалық анализінің аясын кеңейтуде субьективті-модальді мағынаны жалпы модальділік категориясына енгізу маңызды кезең болып табылады және сөйлемнен айтылған ойға және мәтінге апаратын көпір ретінде қызмет атқарады. Субьективті бағалау модальділігін фразалық модальділік және мәтіндік модальділік деп екіге бөлген жөн. Фразалық модальділік грамматикалық, лексикалық жолмен берілсе, мәтіндік модальділік осы жолдар арқылы берілуде [140,119].
Түрлі мәтіндерде модальділік әр түрлі деңгейде айқындалады. Мәтін модальділігі әсіресе поэтикалық шығармаларда айқын көрсетіледі. Осындай мәтіндерде ойдің субьективті-бағалау сипаттамасы басым болады. Поэтикалық шығармалар модальді мағынаға тұнып тұр десек те артық болмайды және де бұл модальділік тек қана мәтін ішіндегі модальділік элементтері бар сөйлемдер жиынтығының соммасы емес.
Г.В.Степанов пікірінше әдебиеттің үш негізгі түрі: лирика, эпос және драманың ішінде лирика көп ғасырлар бойы суретшінің ішкі сезімін сипаттау формасы болып келген. Жазушының ойдан құрған образы, бейнесі міндетті түрде бағалаумен байланысты [140,56].
Ғылыми мәтіндерде модальділік басқаша айқындалады. Әділдік, дәлелділік және логикалық жүйе ғылыми мәтіндердің негізгі белгілері болып табылады және осындай белгілер әдетте субьективті модальділікке орын қалдырмайды. Осыған байланысты ғылыми мәтіндерде модальділікті табу мүмкіндігіе нөлге теңеуге болады. Алайда кейде нағыз сапалы зерттеу жасау барысында автор өз постулаттарының дәлділігіне күмәндануы мүмкін және дәл осы кезде модальділіктің көрініс табуы мүмкін. Өкінішке орай ғылыми жұмыстардың авторлары өздері жасаған қорытындыларына сирек вербальді түрде қатынасын білдіреді. Жетекші публисцистикалық мақалаларда, газеттерде де мәтін модальділігі айқын көрінеді.
Көркем әдебиет шығармаларында көп жағдайда мәтін ішіндегі релятивті үзінділер мәтін модальділігінің берілуінің көмекші қызметін атқарады.
И.Р.Галперинның пікірінше мәтіндік категориялар шеңберінде модальдылық та мәтіндік категория болып табылады. Оны функционалды семантикалық-стилистикалық категориялардың тізіміне қосуға болады. Бұнда мәселе категорияның көп аспектілігінде емес, ал көптеген зерттеушілердің оны зерттеу барысындағы ол жайлы әр түрлі пікірлерінде және зерттеу тәсілдерінде болып табылады [140,118].
Модальдылықты зерттеу Ресей лингвистикасында В.В.Виноградовның жұмыстарында негіз алған. Ол оны әр түрлі жүйесі бар тілдерің түрлі формаларында көрініс табатын негізгі, орталық тілдік категорияларға жатқызады. Модальдылық категориясы тақырыбына өз жұмыстарында көп назар аударған В.В.Виноградов оған осындай анықтама береді: Шындықты бір немесе басқа айтылу формасында айқындайтын кез келген ойдың немесе сезімнің тұтас берілуі берілген тіл жүйесіндегі сөйлемдердің интонациялық схемасының және сол синтактикалық мағыналардың бірін айқындайтын және солардың жиынтығы модальділік категориясын құрайтын жүйеге оранады [140,119].
Сөйлеу барасында обьективті шындықтың, сонымен қатар сөйлеу процессі барындағы субьектінің көрінісі тілдегі субьективті және обьективті нің көрінісі ретінде елестетуге бола алатын модальдылықтың болмысын анықтайды.
В.З.Панфилов модальдылық категориясын логикалық модальдылық категориясының анализымен тығыз байланыстағы сөйлем деңгейінде қарастыра отырып, модальдылық мағынасының екі түрін атап көрсетеді. Олар: обьективті және субьективті модальдылық, осымен бірге обьективті модальдылық танымды акт бағытталған түрлі ситуацияларда болатын обьективті байланыстарды, дәлірек айтқанда мүмкін, шын және қажеттілердің байланысының сипатын көрсетеді [29,119].
Субьективті модальдылық сөйлеуші тарапынан берілген жағдайды сипаттайтын ойдың шындық деңгейін көрсетеді.
Жоғарыда атап кетілген модальдылықтың анықтамаларын сараптай отырып, біз отандық тіл білімінде осы категорияның негізгі аспектілерінің дифференциясы-оның обьективті және субьективті модальдылықтың қарама-қайшылығы болып табылды. Орындалу мағынасындағы сөйлеушінің шындыққа қатысын білдіретін обьективті модальдылықты айтылғанның негізгі белгілеріне жатқызады. Сөйлеу барысындағы обьективтілік обьектінің обьективті қасиеттеріненнемесе обьективті шындық құбылысынан шығады [].
Мазмұнды мағынада қарастырғанда обьективті модальдылық дәстүрлі үш сипаттамамен шектеледі. Олар: мүмкінділік, қажеттілік және қандай да болсын обьективті шындық фактісінің орындалу мүмкіндігі. Субьективті модальдылықтың семантикалық негізі деп реңктердің және мағыналардың түрлілігімен сипатталатын баға деп саналады. Субьективті модальдылықтың мәселесіне өсе түскен қызығушылыққа байланысты оған жаңа мағыналарды қосу нәтижесінде көлемі ұлғайып отыр [140,118].
А.В.Бондарьконың айтуынша модальділік - ол синтактикалық, морфологиялық және лексикалық жолдармен беріле алатын кешенді категория.
Көркем әдебиет мәтіндерінде модальділік обьективтінің негізінде субьективті қатынасты коммуникативті-семантикалық категория ретінде қарастырылады [146].
Көркем әдебиет коммуникациясының мәтіндерінде модальді бағыттылық жазушының көркем көзқарасымен, оның эстетикалық ұстанымымен жәе оны қоршайтын шындыққа қатынасымен анықталады [147].
Сонымен қатар модальдылық негізінде мақұлдау және мақұлдамаудың субьективті-модальды мағынасы жатқан көркем әдеби мәтінінің прагматикасының бөлігі ретінде де қарастырылады.
И.Р.Гальперин мәтін модальдылығы жайлы: «Мәтіндік модальдылық бүтінге тән. Ол оқырманды осы бүтіннің субьективті-модальды мағынасын түсіну мақсатында айтылғанның жекелеген сөйлемдеріне реңк береді». [140,119].
Мұндай қалап аудармашылық стратегиясын дамытуда, яғни дұрыс аударма жасауда өте маңызды. Аудармашы мағынаның түрлі ренктерін мүмкіндігінше дәлірек жеткізуге тырысу керек, алайда бұнда кейбір шығындар болуы мүмкін.
Мәтін модальдылығының түрлі деңгейде көрініс табатынын естен шығармаған жөн. Аудару барысында аудармашы өзінің дамыған стратегиясын ескере отырып бір деңгейде кейбір сөйлемдерді қалдырып кете алса, ал келесі деңгейде керекті жалпы мәтін модальдылығын беру үшін оның орнын толтыру керек.
Мәтін модальділігіндегі обьективті және субьективтінің көрініс табуы тіл білімінде түрліше түсіндіріледі. Мысалы И.Р.Гальперин әсіресе субьективті модальдылықты мәтіндік және сөйлемдік деп бөледі. Ол субьективті және обьективті модальділікті салыстыра отырып, екіншісінің мүлдем мәтін модальділігіне тән еместігін айтады. Осыған қоса обьективті мағына көбінесе сөйлеммен ғана шектеледі [140,118].
Соңғы жылдар арасында мәтін модальділігін зерттейтін ғалымдардың жұмыстарында обьективті және субьективті модальдылықтың мәтіннің міндетті құрамдас бөлігі деген пікір айтылып отыр және оның көріну деңгейі мәтіннің жанры мен стиліне байланысты.
Мәтін деігейінде модальділікті ішіндегі обьективтілік пен субьективтілігі өзара бөлінбейтін категория ретінде қарастыруға болады. Бұл категориялар өзара тығыз байланысты, олар бірі-бірінсіз өмір сүре алмайды және олар әр түрлі қатынастарды білдіру үшін қызмет етеді [140,119].
3.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтін модальділігін жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері
Мәтін модальділігінің формальды көрсеткіштеріне келетін болсақ, мәтін модальділігін жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері жайлы сұрақ өте күрделі болып табылады. Мәтінде модальділік мағынаның берілуімен әр түрлі деңгейдегі морфологиялық тіл тәсілдерінен бастап, синтаксистік тіл тәсілдерінің өзара қатынасымен байланысты. Бұл тіл тәсілдері мәтіндегі модальділіктің функционалді-семантикалық полесінде жинақталады және бұны көптеген тілші ғалымдар полелік категорияларға жатқызады [140,118].
Аударма жасау барысында дәл осы модальділік өрістерін сақтау қажет.
Мүмкін аудармашы аудара жасау барысында кей жерлерде модальділікті дәл түп нұсқадағыдай бере алмаса, онда ол модальділікті сол поле аумағында басқа жерлерде білдіру керек. Аудармашы дәл түп нұсқадағыдай модальділікті міндетті түрде дәл сол бір деңгейде немесе бір абзац аумағында білдіруге міндетті емес. Ол модальділікті сол мәтін көлемінде басқа абзацтарда басқа да деңгейлерде білдіруі мүмкін.
Қазіргі кезде ағылшын грамматистерінің көпшілігі модальділік категориясын жан-жақты қарастырғанымен бір пікірге келе алмады. Олар оны берілген құбылыс ретінде қарастырып, модальділік көрініс табатын формаларды көрсетумен шектеледі, ал мәтінде модальділік категорияны қазақ тілі мен ағылшын тілдерімен саластырып, мәтін модальділігінің жүзеге асырылуының жолдарын көрсететін жұмыстар мүлдем аз, сондықтан мәтін модальділігін аударма саласында қарастыру өзекті болып отыр.
Сөйлеушінің немесе жазушының шындыққа қатыстылығы модальділіктің негізгі белгісі ретінде қарастырылып, белгілі бір мөлшерде кез келген айтылымға тән болады. Сөйлеушінің не жазушының шындыққа қатынасы түрлі формальді грамматикалық, интонациялық, композициялық және стилистикалық тәсілдермен берілетіндіктен, модальділік категориясы сөйлеуге тән, негізгі коммуникативті процестің мәні болып табылады [140,119].
Тіл білімінде бар дәстүрлі пайымдауларға тоқталсақ, В.В.Виноградов модальділікті біршама маңызды коструктивті сипатына жатқызады, сондықтан оның әр сөйлемге тән деген пікір білдіреді. В.В.Виноградов: Сөйлем-іс-жүзінде қоғамдық түсінікте шындықты білдіретіндіктен, сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын білдіреді. Осыдан келе біз сөйлем және оның түрлерінің модальділік категориясымен тығыз байланысты деген пайым жасай аламыз. Әр сөйлем маңызды конструктивті сипат модальділік мағынаны қамтиды, яғни шындыққа қатыстығының көрсеткішін қамтиды [22,98].
Лингвистиканың грамматика саласын терең зерттеушілер модальділік категориясын ең алдымен реальділік немесе ирреальділікті білдіру деп таниды.
Олардың түсінуі бойынша модальділік категориясы ойдың жеке баға беруімен байланысты емес, ол гнесеологиялық құбылыс ретінде қарастырылады.
1970 жылы жарық көрген Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында субьективті баға беру факторы модальділіктің көрсеткіші ретінде танылды. Мұнда модальділік категориясының екі түрі көрсетілген [148].
Олар: субьективті-модальді мағына және обьективті-модальді мағына болып табылады. Осы бөлімнің авторы Н.Ю.Шведова: «Модальділік категориясы тек қана сөйлеушінің айтылған ойға реальділік немесе ирреальділік жағынан қатысымен шектеліп қана қоймайды. Осы категорияда кең көлемде субьективті-бағалау қатынасы да көрінеді». Кез келген сөйлем арқылы берілген ойда субьективті-модальді мағына болады. Егер обьективті-модальді мағына айтылған ойдың шындыққа қатысын білдірсе, субьективті-модальді мағына сөйлеушінің айтылған ойға қатынасын білдіреді [58,55].
Бұл мағына көбінесе құрылымдық жүйе және оның формалары арқылы емес (алайда кейде сөйлемнің өзінің жүйелік құрылымының субьективті-модальді мағынасының обективизациясы көрініс табады) ол сөйлемдегі қосымша грамматикалық, лексика-грамматикалық және интонациялық тәсілдермен беріледі [148,56].
Сөйлемнің грамматикалық анализінің аясын кеңейтуде субьективті-модальді мағынаны жалпы модальділік категориясына енгізу маңызды кезең болып табылады және сөйлемнен айтылған ойға не мәтінге апаратын көпір ретінде қызмет атқарады. Субьективті бағалау модальділігін фразалық модальділік және мәтіндік модальділік деп екіге бөлген жөн. Фразалық модальділік грамматикалық, лексикалық жолмен берілсе, мәтіндік модальділік осы жолдар арқылы берілуден басқа, кейіпкерлердің мінездемелерінде, үзінділердің предикативті және релятивті үлестіруінде, ой-жұжырымдар мен пайымдаулар немесе басқа да жолдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін
Түрлі мәтіндерде модальділік категория әр түрлі деңгейде аңғарылады. Жазушының ойдан құрған образы, бейнесі міндетті түрде бағалаумен байланысты. Мәтінде үрей, қуаныш, шаттық, тамсану, желкеніш және т.б. Осы сияқты эмоциналды модальді ренктер беріледі [140,118].
Көркем әдеби шығармаларда көп жағдайда мәтін ішіндегі релятивті үзінділер мәтін модальділігінің көмекші ретінде қызмет атқарады.
Айтылытын затқа субьективті бағалауыш қатынасын білдіру мәтіндердің көп түрлерінде құбылыстың мәнін аша бермейді, ал жай ғана мәтінді түрлендіріп айтылғанның авторының дүниетанымы жайлы ақпарат береді. Сондықтан релятивті және предикативті үзінділерде болатын әр түрлі деңгейлі ақпарат ішінде, мәтін модальділігі көбінесе релятивті үзінділіерде көрініс табады.
Алдымен мәтін түсінігіне анықтама берген жөн, өйткені дәл осы мәтінді құрастыратын модальдылық сияқты категориямен тікелей байланысты. Негізгі анықтама ретінде осы жұмыста И.Р.Галпериннің мәтін модальдылығының анықтамасы алынған: «Мәтін дегеніміз-жазбаша құжат түрінде аяқталған, осы құжатқа сәйкес әдеби өңделген сөйлеу шығармашылық процессінің туындысы және тақырыбы бар және әр түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық және стилистикалық байланыспен және белгілі мақсат-бағытқа және прагматикалық бағдарға ие ерекше бірліктер қатарынан тұратын шығарма [140,119].
Осы анықтамада мәтін жай ғана сөйлемдер бірізділігі ретінде қарастырылмағандығы маңызды. «Мәтін-ол құратындардың соммасына апармайтын басқа және аса жоғары деңгейдің құрылуы. Мәтін сияқты құбылыстың сапалы өзгешелігін еске алу мәтін модальділігі оның құрамына енетін сөйлемдердегі модальділіктің соммасы бола ала ма деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Негізінен бола алмайтын сияқты, бірақ бұл мәтін модальділігі түсінігі бірден анық және екі ұшты емес деген сөз емес» [140,117].
И.Р.Галпериннің пікірінше, мәтіндік категориялар шеңберінде модальдылық та мәтіндік категория болып табылады. Оны функционалды семантикалық-стилистикалық категориялардың тізіміне қосуға болады. Мұнда мәселе категорияның көп аспектілігінде емес, ал көптеген зерттеушілердің оны зерттеу барысындағы ол жайлы әр түрлі пікірлерінде және зерттеу тәсілдерінде болып табылады [140,116].
Көркем әдебиет мәтіндерінде модальділік обьективтінің негізінде субьективті қатынасты коммуникативті-семантикалық категория ретінде қарастырылады.
Көркем әдебиет коммуникациясының мәтіндерінде модальді бағыттылық жазушының көркем көзқарасымен, оның эстетикалық ұстанымымен және оны қоршайтын шындыққа қатынасымен анықталады.
Сонымен қатар модальдылық негізінде мақұлдау және мақұлдамаудың субьективті-модальды мағынасы жатқан көркем әдебиет мәтінінің прагматикасының бөлігі ретінде де қарастырылады [58,269].
И.Р.Гальперин мәтін модальдылығы жайлы: «Мәтіндік модальдылық бүтінге тән. Ол оқырманды осы бүтіннің субьективті-модальды мағынасын түсіну мақсатында айтылғанның жекелеген сөйлемдеріне реңк береді» дейді [140,118].
Мәтін модальдылығының түрлі деңгейде көрініс табатынын естен шығармаған жөн.
Мәтін модальділігіндегі обьективті және субьективтінің көрініс табуын тіл білімінде түрліше түсіндіріледі. Мысалы: И.Р.Гальперин әсіресе субьективті модальділікті мәтіндік және сөйлемдік деп бөледі. Ол субьективті және обьективті модальділікті салыстыра отырып, екіншісінің мүлдем мәтін модальділігіне тән еместігін айтады. Осыған қоса обьективті мағына көбінесе сөйлеммен ғана шектеледі.
Мәтін деңгейінде модальділікті ішіндегі обьективтілік пен субьективтілігі өзара бөлінбейтін категория ретінде қарастыруға болады. Бұл категориялар өзара тығыз байланысты, олар бірі-бірінсіз өмір сүре алмайды және олар әр түрлі қатынастарды білдіру үшін қызмет етеді [140,120].
Мәтін модальділігін жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері жайлы сұрақ өте күрделі болып табылады. Мәтінде модальділік мағынаның берілуімен әр түрлі деңгейдегі морфологиялық тіл тәсілдерінен бастап, синтаксистік тіл тәсілдерінің өзара қатынасымен байланысты. Бұл тіл тәсілдері мәтіндегі модальділіктің функционалді-семантикалық шеңберінде жинақталады және бұны көптеген тілші ғалымдар шеңберлік категорияларға жатқызады.
Көркем әдебиетте модальділік кейіпкерлердің мінездемесінде көрініс табады. Мәтін модальділігінің ағылшын және қазақ тілінде берілу жолдарын салыстыру үшін төмендегідей мысалдарға назар аударайық:
What the invention of oil-painting was to the Venetians, the face of Antinous was to late Greek sculpture, and the face of Dorian Gray will some day be to me. It is not merely that I paint from him, draw from him, sketch from him. Of course, I have done all that. But he is much more to me than a model or a sitter. I won't tell you that I am dissatisfied with what I have done of him, or that his beauty is such that art cannot express it. There is nothing that art cannot express, and I know that the work I have done since I met Dorian Grey, is good work, is the best work of my life. I see things differently, I think of them differently. The merely visible presence of this lad-for he seems to me little more than a lad, though he is really over twenty- his merely visible presence-ah! I wonder can you realize all that that means? The harmony of soul and body-how much that is! Harry! if you only knew what Dorian Gray is to me! Dorian Gray is to me simple a motive in art. You might see nothing in him. I see everything in him [100,22].
Көрсетілген әйгілі ағылшын жазушысы Оскар Уайлдың «Дориан Грейдің суреті» атты шығармасынан алынған үзіндіде мәтін модальділігі түрлі деңгейде аңғарылып тұр. Бұл үзіндіде автордің белгілі бір ойы түйіліп тұр, яғни «тамсану» модальділік реңкі көрініс табады, алайда, біз оны тек бір сөйлем деңгейінде байқамаймыз. Осы үзіндідегі «тамсану» модальділік ренкі шартты рай, модаль етістіктері арқылы ғана емес, сонымен қатар, қайталанып келген сөздер арқылы, лепті сөйлемдер арқылы автордың эмоционалді күйін, сезімдерін көрсетеді. Әсіресе, автор шартты райды қолдану нәтижесінде мәтінге тамсану сезімін білдіруде аса бір модальді реңк беріп тұр. Сонымен қатар контекстідегі сөйлемдер басқа сөйлемдермен семантикалық және стилистикалық байланыста қолданылып, модальділік реңкті күшейтіп тұр.
“How sad it is!” murmured Dorian Gray with his eyes still fixed upon his own portrait. “How sad it is! I shall grow old, and horrible, and dreadful. But this picture will remain always young. It will never be older than this particular day of June..... If it were only the other way! If it were I who was to be always young, and the picture that was to grow old! For that-for that-I would give everything! Yes, there is nothing in the whole world I would not give! I would give my soul for that!” “I'm jealous of everything whose beauty does not die. I'm jealous the portrait you have painted of me. Why should it keep what I must lose? Every moment that passes from me and gives something to it. Oh, if it were only the other way! If the picture could change, I could be always what I'm now! Why did you paint it? It will mock me some day-mock me horribly!” [100,16].
Осы көрсетілген үзіндіде автор «өкініш және құмарлық» сезімдерін анық көрсетеді. Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен ілесе қолданғанда, өкініш және құмарлық модальділік реңкін көрсету үшін, тілдік бірліктер мағыналық және функциялық түрде түрленеді. Сөйлемдегі could, would сықылды модаль етістіктері сөйлеушінің айтылымға қатысының субьективті көзқарысын, яғни орындалу немесе орындалмау модальдік реңкін күшейтіп тұр. Модаль сөздер шартты рай формаларымен сөйлемде үлесе отырып өкініш реңкін айқындап тұр. Осы мәтіндегі синтаксистің ерекшелігі автор көрсетіп тұрған өкініш, жазғыру модальдік реңкін сұраулы сөйлемдер мен Why should деген модаль сөзбен сұрау сөзін қатар қолданып тұрған себебі-модальділік реңкін айқындау болып табылады. Мұнда біз сөйлеушінің айтылымға қатынасының модальділік реңкін анықтағанда, бүтін үзіндіге, яғни мәтінге жүгініп, оның ішіндегі сөйлемдер бір-бірімен семантикалық және стилистикалық байланысқа түсетінін аңғарамыз. Сонымен қатар мәтіндегі лепті және сұраулы сөйлемдердің интонациялық байланысы арқылы, мәтіндегі өкініш модальдік реңкін айқын көрсетіп тұр. Сөйлеуші шындыққа деген өз ойын, қатынасын, яғни өкінішін білдіруі интонацияның жоғарлап, лепті сөйлемдердің шоғырлануы арқылы аңғарылады. Сөйлеушінің айтылымға қатынасын, көзқарасын немесе пікірлерін білу үшін жалғыз бір сөйлем модальдік реңкті жеткілікті деңгейде ашпайды. Сөйлемдер бір-бірімен ілесе отырып, семантикалық, синтаксистік және стилистикалық байланыста ғана толық модальді реңкті бекітуге көмектеседі.
Көркем шығарма мәтіндерінде модальділік обьективтілігінің негізінде субьективті қатынасты коммуникативті-семантикалық категория ретінде қарастырады [140,21].
Көркем шығармалардағы мәтін коммуникацияларында модальді бағыттылық жазушының көркем көзқарасымен, оның эстетикалық ұстанымымен және оны қоршайтын шындыққа қатынасымен анықталады.
Сонымен қатар модальдылық негізінде мақұлдау және мақұлдамаудың субьективті-модальды мағынасы жатқан көркем шығарма мәтінінің прагматикасының бөлігі ретінде де қарастырылады.
И.Р.Гальперин мәтін модальдылығы жайлы: «Мәтіндік модальдылық бүтінге тән. Ол оқырманды осы бүтіннің субьективті-модальды мағынасын түсіну мақсатында айтылғанның жекелеген сөйлемдеріне реңк береді» [140,116].
Мәтін модальділігінің түрлі деңгейде көрініс табатынын естен шығармаған жөн.
Мәтін модальділігінің формальды көрсеткіштеріне келетін болсақ, мәтін модальділігін жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері жайлы сұрақ өте күрделі болып табылады. Мәтінде модальділік мағынаның берілуімен әр түрлі деңгейдегі морфологиялық тіл тәсілдерінен бастап, синтаксистік тіл тәсілдерінің өзара қатынасымен байланысты. Бұл тіл тәсілдері мәтіндегі модальділіктің функционалді-семантикалық аясында жинақталады және бұны көптеген тілші ғалымдар аялық категорияларға жатқызады.
Көркем әдебиетте модальділік кейіпкерлердің мінездемесінде көрініс табатынын ұмытпаған жөн [140,121].
Алайда модальділік мәтіннің түрлі бөліктерінде бірдей көрінбейді. Бұл көптеген факторларға байланысты, солардың қатарына жазушының жеке шығармашылық нақышы, бейнелеу обьектісі, бағаның имплицидті және эксплицидті берілуімен тығыз байланысты [61,55].
Көркем шығармаларда көп жағдайда мәтін ішіндегі релятивті үзінділер мәтін модальділігінің айқындауындағы көмекшілер ретінде қызмет атқарады. Шығарманың әрі қарай өрбуі мен сюжетінің дамуына байланысты осы релятивті үзінділер предикативті статусына ие болып, мәтін ішіндегі модальділік шығармадағы ақпаратты, мазмұнды-концептуальды мәнге ие бола бастайды. Бұл әсіресе автордың көзқарасы мен тұлғасы көрінетін шығармаларда жақсы беріледі. Демек, осында субьективті бағалағыш модальділіктің көрініс табуы деп атай аламыз.
Бағалаудың күшейткіші сөйлеуге тән құбылыс, сондықтан түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Ол стилистикалық тәсілдер,экспрессивті, образды, логикалық, интенсивті құралдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен бірге лингвистикада мәтін модальділігінің тәсілдерін эксплицидті және имплицидті түрлеріне бөледі. Эксплицидті түріне модальді мағынаны қамтитын түрлі деңгейдегі бірліктер жатса, имплицидті құралдар мәтіннің стилистикалық спецификасына қатысынсыз мәтіннің түріне сәйкес өзгеріп отырады. Оларға баяндау тәсілі, мәтінді сипаттау үшін обьектіні таңдау және контекст сияқты мәтіндік параметрлер жатады [140,122].
Адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасағанда, хабарласу арқылы тек қана қандай да бір ақпаратты беруді ғана мақсат етпейді сонымен қатар олар әр-түрлі эмоционалды-экспрессивтік әсерлікті қалдырғанды қалайды. Сонымен түрлі модальдік реңктерді көрсету үшін адамдар толып жатқан тәсілдер арқылы білдіреді. Осындай тәсілдер көбінесе көркем әдебиетте анық көрініп, жиі ұштастырылады. Көркем әдебиет туындысының эстетикалық тәрбиеде рөлі маңызды болғандықтан, экспрессивтік-эмоционалдық қуаты мол болған абзал.
Фразалық модальділікті анықтағанда лексика-грамматикалық тәсілдердің орны бөлек, ал мәтін модальділігі ерекше тәсілдермен жүзеге асырылады.
Мысалы автор кез келген стилистикалық тәсілді көп рет қолдана отырып, осылайша өзінің кейіпкерлерге деген субьективті көзқарасын безендіріп, оған эмоционалды және экспрессивті мән береді [58,66].
Субьективті модальділікті екі жақтан қарастыруға болады: біріншіден бұл автордың кейіпкерлерге деген субьективті көзқарасы арқылы берілуі, ал екіншіден ол шығармадағы кейіпкерлердің өзара бір-біріне деген субьективті көзқарасы мен қатынасының стилистикалық деңгейде түрліше берілуі болып табылады [140,123].
Осы мақалада біз тек қана автордың субьективті баға беру модальділігінің стилистикалық деңгейде берілу жолдарын қарастырамыз.
Сөйлем модальділігін тура деңгейде жүзеге асыратын бұл эпитет болып табылады. Алайда ол мәтінде аса маңызды рөл атқармайды, өйткені ол оған қатысты ғана обьектіні жалпы сипаттап қояды. Алайда, егер автор эпитеттің стилистикалық тәсілін көп рет қайталай берсе, онда ол мәтін модальділігіне реңк бере бастайды. Осы құбылыс әсіресе әдеби портреттерде жиі көрінеді.
Эпитет заттың немесе құбылыстың қасиетін, сапасын немесе белгісін айқындап тұрады. Теңеуден басты ерекшелігі-эпитет ешбір қосымшасыз, анықтайтын сөзімен қабыса байланысады [149].
Автор жағымды немесе жағымсыз кейіпкерді өмірге келтіру барысында, міндетті түрде олар туралы оң немесе сол көзқарастарын көрстету үшін құрастырмайды. Осы автор тұлғасының кейіпкерлерін сипаттау арқылу білу теорияларын қайталау қажет емес, алайда мәтінді құрайтың факторларын сараптау процессінде мәтін үзінділерінің коммуникативті бағытын назарға алмаса, мәтін модальділігі түсінігі дұрыс ашылмай қалады.
Троптың бір түрі болғандықтан, эпитет көркем туындыларда эстетикалық қызмет атқарады. Сөздің тартымдылығын және сұлулығын айқындай түседі.
Мысал ретінде біз әйгілі Американ жазушысы Теодор Драйзердің «Дженни Герхард» және қазақ жазушысы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» атты романдарының үзінділерін сараптадық.
Теңеулер бір затты екінші затқа салыстырудың нәтижесінде жасалады. Олардың жасалуы синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтсақ, -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін, -ша, -ше жұрнақтарының, шығыс септігі жалғауының, секілді, сияқты, тәрізді, сынды, тақылеттес, сондай ақ бейне, тең, ұқсас сөздерінің көмегімен, параллелизм, аралас (бейне-дей, бейне және секілді), қосалқы тәсілдер көмегімен пайда болады [149,227].
Көркем шығармаларды оқу барысында оқиғалар, кейіпкерлердің істері мен ойлары және олардың өмірге деген қатысы, обьективті фактілер және субьективті бағалауыш модальділігі арасында қиын ажыратылатын айырмашылық бар.
Мысалы Дженни Герхардтың немесе Ақбілектің бейнелеуінде әлбетте, біз мазмұнды-фактуалды ақпаратты ғана көреміз. Мұнда фразалық модальділік нөлге теңеледі деген сөз. Алайда егер Дженни Герхардтың қайырымдылығын, аяушылығын, адамгершілігін, әке-шешесіне және бауырларына деген қарым-қатынасын немесе Ақбілек романындағы Ақбілектің табандылығын, төзімділігін, әкесіне деген қатынасын есепке ала отырып сараптасақ, әдебиеттану саласынан алып қарасақ, онда автор оларды жағымды кейіпкерлер ретінде сипаттап тұр. Демек, автор осы кейіпкерлерді оқырманға субьективті бағалауыш көзқарасын көрсету үшін, яғни мәтін модальділігін табу ішін солай етіп сипаттайды. Басқаша сөздермен айтқанда, тіпті мазмұнды-фактуальді ақпарат ішінде де имплицидті түрде автордың кейіпкерлер мен оқиғаға деген субьективті-бағалауыштық қатынасы көрінеді.
Яғни автор әдейі оқырманға белгілі субьективті бағаны туғызу үшін, яғни мәтін модальділігін аңғарту үшін солай сипатталған. Осындай пікірдің арқасында біз мәтін модальділігі бүкіл мәтінді тән деген қорытындыға келе аламыз. Басқа сөзбен айтқанда тіпті мазмұнды-фактуальды ақпаратта, имплицидты түрде автордың субьективті-бағалауыш қатынасы көріне алады.
Мысалы, Теодор Драйзердің Дженни Герхардқа деген аяушылығы және оны ашық, ақкөңіл тұлға ретінде көрсеткісі келгендігі осы мысалдардан аңғаруға болады.
She was of a helpless, fleshy-built, with a frank, open countenance and in an innocent, diffident manner. Her eyes were large and patient, and in them dwelt such a shadow of distress as only those who have looked sympathetically into the countenances of the distraught and helpless poor know anything about. She was a product of fancy, the feeling, the innate affection of the untutored but poetic mind of her mother combined with the gravity and poise which were characteristic of her father. Poverty was driving them [101,19].
Автор мында тек бір ғана эпитет емес, Дженниге қатысты эпиттер тобын қолданып тұр. Бұл Дженнидің портретін детальді түрде сипаттап, оның образын автор тарапынан жағымды етіп, тіпті аяушылық сезімін оятып, оқырманға Дженнидің жан-дүниесіне бір көзбен үңіліп қарауына мүмкіндік беріп тұр. Осындағы автордың қолданып тұрған стилистикалық тәсілдің бір түрі-эпитет мәтін модальділігінде автордың субьективті көзқарасын білдірудің бір жолы.
The spirit of Jenny-who shall express it?
When the soft, low call of the wood-doves, those spirits of the summer, came out of the distance, she would incline her head and listen, the whole spiritual quality of it dropping like silver bubbles into her own great heart [101,31].
Осы үзіндіде автор теңеуді қолданып, Дженнидің жан-дүниесін күміс көпіршіктер деп салыстырып, тілді стилистикалық тұрғыдан безендіріп, сонымен қатар поэтикалық атмосфера туғызып тұр.
Jenny's blue eyes were wide with interest. Whenever he looked at her she turned upon him such a frank; unsophisticated gaze, and smiled in such a vague and sweet way, that he could not keep his eyes off of her for more than a minute of the time........ [101,29].
Мысалы, осы Мистер Брендонның көзқарасынан автор сипатталған мінездемеде де субьективті модальді реңк бар. Автордың Дженниге қатысты теріп, қолданған эпитеттері таза, пәк, нәзік жанның бейнесін көрсетеді. Бұл да мәтін ішіндегі автордың кейіпкерлерге қатысты субьективті модальділіктің берілуі.
Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім-менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар [124,77]
Осы мінездемеде Бекболат жайлы автордың көзқарасы жағымды екендігін аңғаруға болады.
Бетінен түгі шыққан, шашы дудыраған, істік мұрын жирен орыс жатыр. Оның бейнеусіз аңқиған, жарық ерінді, дүрдек аузынан шыққан демі ақбілектің бетіне тұмақ лебіндей тиіп, денесін тітіркендіреді [124,88].
Осы мінездемеде автор Ақбілекке құмар болған орыстың бейнесін мүлдем жағымсыз етіп, көрсетіп тұрғандығын біз эпитеттердің мағынасына байланысты көріп тұрмыз.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін [124,82].
Осындағы Ақбілекті ұстап беріп, орыстарға сатып жіберген Мұқаштың сипатталуы да автор тарапынан эпитеттердің таңдалуы бойынша автордың жағымсыз модальді субьективті көзқарасын білдіріп тұр.
Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, мүріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе атқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесңмен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені, әнтек жымиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шыны-аяқ әпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны, мұның шыныаяғына білдірмей бір қант тастап жібергені... [124,136].
Достарыңызбен бөлісу: |