Қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттар
Қазақ тілінде модаль мағыналы аналитикалық форманттар бар. Ол форманттар сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Мысалы, оқи алады, айта алады, келе алады. Сөйлеушінің қимылға көзқарасы, қимылдың жасалуы туралы пікірі модаль мағынаға жатады. Осы модаль мағына жоғарыдағы мысалда -а ал форманты арқылы беріледі. Осындай модаль көрсеткіштердің мағынасы өте тұрақты және олар бір мағыналы көрсеткіштер қатарына жатады. Олар әрдайым кез келген контексте сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Сондықтан да модаль мағынаны білдіретін арнайы көрсеткіштер бар және осы модаль көрсеткіштердің етістіктің түрлену системасында өзіне тиісті орны бөлек. Модаль мағыналы аналитикалық форманттар негізінен қимылдың өту сипаты көрсеткіштерінің соңынан тіркеседі: оқы-п бере алады, айт-ып қой-а алса т.б [85,278].
Жоғарыдағы мысалда біз (оқып бере алады) қимылды біреу үшін жасау мүмкіндігінің барын білдірсе, екінші мысалда (айтып қоя алса) қимылды тез, жедел мүмкіндігін білдіретінін көреміз. Модаль мағыналы форманттардың қимылдың өту сипаты категориясының форманттарымен еркін тіркесуі осы форманттарды көрініс көрсеткіші ретінде санау шындықпен сыйымсыздығын көрсетеді. Бір сөзде екі көрініс көрсеткіші қолданылмайтындығын біз әбден білеміз. Сөз құрамында модаль мағыналы формант рай көрсеткішімен сыйыса алады. Модальдылық көрсеткіштердің соңына рай көрсеткіштері тіркеседі. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың біріншісі ашық райда, соңғысы шартты райда қолданылған. Модаль мағыналы форманттар сөзде қимылдың өту сипаты категориясы мен рай категориясының арасында орналасады [85,280].
Мүмкінділік модальділік
Мүмкінділік модальділігі (модальность возможности) дегеніміз сөйлеушінің субьективті қимылды жасау мүмкіндігі бар, жоғын білдіретін етістік мағынасы. Ол бұл хатты жаза алады. Бұл мысалдарда субьектінің істі орындала алатындығы көрсетіледі, субьектінің оған мүмкіндігі жайлы айтылады, сонымен бірге істі орындала алмау мүмкіндігі де айтылады. Сөйлеушінің субьектінің қимылды немесе іс-әрекетті жасау мүмкіндігі бар деген пікірді білдіретін қазақ тілінде төмендегідей аналитикалық форманттар бар: -а ал, –а біл, –уға бол, -уға кел [85,284].
Міндеттілік модальділік
Міндеттілік модальділік (модальность должествования) етістік қимылды жасауға субьектінің міндетті екенін білдіреді. Тілде міндеттілік мағынаны білдіретін мынандай аналитикалық форманттар бар: -у керек, -уге тиіс, -у қажет. Мысалы, Менің сол жерге дәл сол күні баруым керек.
Міндеттілік мағынаны болымсыз түрде де айтылады, ол үшін емес, жоқ көмекшілері форманттарға тіркеседі. Мысалы, Оған ескерту керек емес.
Сөйлемдегі міндеттілік модальділік тұлғада етістіктер аналитикалық тұлғадағы етістіктерге жатады. Мысалы, Сен оған барлығын айтуға тиіс емессің [85,285].
Ниет-пиғыл модальділігі
Сөйлеуші кісі қимылды жасауға субьектінің ынтасы ауғанның, ниеті түскенін білдіруі ниет модальділігі (модальность намерения) деп аталады. Мысалы, Менің жазғым келеді. Оның көргісі келеді. Бұл сөйлемдердің алғашқырларында сөйлеуші субьектінің қимылды жасауға ниетті екенін білдірген. Соңғы сөйлемде сөйлеуш өзінің қимылды жасауға ынталы екенін білдірген [85,282].
Ниет модальділігі түбір етістіктерге -ғым кел аналитикалық форманты қосылу арқылы жасалады. Бұл формант арқылы жасалған қимылдың кімге қатысты екені яғни жақ мағынасын -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағынан кейін жалғанатын тәуелдік жалғауы білдіреді. Мысалы, Ол шешесін бұрыннан бері көргісі келген.
Ниет модальділігі қимылдың өмірде болған, болмағанын, болатын, болмайтынын яғни қимылдың шындық өмірге қатысын білдірмейді. Ол тек сөйлеушінің қимылға қалай қарайтынын ғана білдіреді [85,286].
Сөйлеушінің қимылға қатысты ынтасы, ниеті қашан пайда болғанын білдіру үшін аналитикалық формантқа шақ көрсеткіштері жалғана алады. Мысалы, Сенің барғың келеді, оның оқығысы келеді және т.б. Олар қимылдың жасалған шағы емес, сөйлеушінің ниетінің пайда болған шағын ғана білдіреді. Бұл осы формантта рай форманты емес екенін дәлелдейді, өйткені бір етістік әрі қарай қалау рай, әрі ашық райдың шақ формаларында тұра алмайды. Сондықтан да тюрколог ғалымдар А.А.Юлдашев, қазақ тілі ғалымдарының –ғы кел формантын қалау райға жатқызбайды [85,287].
Болжал модальділігі
Сөйлеушінің субьектінің қимылды жасау-жасамауы күдікті деп санауы болжал модальділік (предположительная модальность) деп аталады. Мысал:
Бұл мысалдардағы болса керек, алған сияқты, болуы мүмкін деген аналитикалық формалы етістіктер қимылдың жасалуын болжалады түрде білдірген.
Тілде қимылдың болжалдық мәнін білдіретін мынадай аналитикалық форманттар бар: -уі мүмкін, -са керек, -ған болар, -ген көрінеді, -ғанға ұқсайды, -уы ықтимал, -ған шығар, -ді білем, -ген тәрізді, -етін тәрізді, -ген сияқты, -тін сияқты, -ген секілді, -ді кәдік. Мысалы: Ол манағы жерге барған көрінеді [109,611].
Егер ағылшын тілінде модальділік морфологиялық жолмен рай категориясымен бірге түрлі рай категориясы қолданылған конструкцияларында білдірілсе, қазақ тілінде рай катгориясы әр түрлі аналитикалық форманттармен бірге қолданыла алады және түрлі модальді мағыналарды білдіре алады.
Модаль мағыналы форманттардың соңынан үнемі рай көрсеткіші тіркеседі. Рай көрсеткішісіз ол контекстіде қолданыла алмайды. Мыалы -ғы кел форманты дәлел, өйткені ол басқа рай көрсеткіші арқылы түрлене алады. Қазақ тілінде ерікті қалау райдың көрсеткіші болып табылады [85,285].
Алайда қазқ тілінде аналитикалық форманттардың бәрі сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіре алмайды деп есептеледі. Мысалы -п бол, -а жазда, -ған бол форманттарында модаль мағына жоқ.
Осылайша қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттардың саны шектелген десе де болады. Олардың қатарына төмендегідей форманттарды жатқызуға болады: -а ал, -ғы кел, -а біл... [85,287].
-а ал (а алма) - субьектінің қимылды жасау мүмкіндігінің бар жоқ екендігін білдіреді. Ол кешке мерекеге бара алмады.
Модаль аналитикалық форманттардың таза модальді мағыналары болады және рай категориясы мен модальділік категориясы тең бір құбылысқа жатпайды. Олардың әрқайсысының тілде өзіндік көрсеткіштері бар.
-а біл форманты қимылды жасау субьектінің қолынын кетлетінін, субьектінің қимылды жасай алатындығын білдіреді. Ол субьектіге қатысты етістіктерге тіркеседі. Билей біледі, сөйлей біледі, тыңдай біледі. Оның қарындасы адамды тыңдай біледі. Мағынысы -а ал формантымен ұқсас келеді.
-а біл болымсыз түрде қолданылғанда, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыз жұрнақтары қосылады. Сыйлай білмейді, көздей білмейді. Өзі де қонақтарын сыйлай білмейді [85,288].
-ғы кел форманты субьектінің имылға көзқарасын, оның қимылды жасалуын ұнататынын сөйлеуші тұрғысынан білдіреді. Білгісі келеді, келгісі келеді. Оның осы жерге келгісі келгені бәріне мәлім [85,286].
А.Н.Кононов, А.А. Юлдашев сынды тюркологтар бұл формантты рай көрсеткіші деп танымайды, оны модаль категориясының морфологиялық көрсеткіші деп таниды.
Сондай-ақ әр рай түріне байланысты аналитикалық форманттары бар. Мысалы ашақ райда мезгілді білдіруде нақ осы шақтың аналитикалық форманттарына -п отыр, -п тұр, -п жатыр және -п жүр жатады. Ол күннен-күнге сұлуланып келе жатыр. Қатыстық өткен шақтың аналитикалық форманттары еді көмекші етістігі арқылы жасалады. Мысалы -тұр еді, -п жүр еді, -мақ еді, -ыр еді, -атын еді, -ушы еді. Өзім осылай манадан айтып отыр едім. Қазақ әйелінің қоғамдық жайларын жұқалап сұрамақшы еді... [109,612].
Қазақ тілінде бұйрық райдың арнайы қосымшасы жоқ, өйткені бұйрық мағына етістіктің түбірінде берілген. Бар! Айт! Қара! Алайда бұйрық райдың аналитикалық формасын жасайтын арнайы аналитикалық форманттары бар. Оларға -ушы болма, -а көр, -а көрме жатады.
-ушы болма тыйым салуды білдіреді. Сен олардың көзінше жылаушы болма!
Бұйырудың тілек түрін -а көр, -а көрме аналитикалық форманттары білдіреді. Айта көрмеңіз! [85,286].
Қалау райдың аналитикалық форманттарына -са екен, -са игі, -са еді, -ғай еді жатады. Бұл аналитикалық форманттардың жалпы мағынасы бір, яғни тілек мағынасын білдіреді. Ең алдымен күн ашылса екен [85,287].
Шартты райдың аналитикалық форманттары -ған болса, -р болса, -са болса, -са болды. Әкең айтпай өзің білген болсаң, батамды берейін (М.Ә) [85,288].
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдері.
Ағылшын тілінде модальділік мағынаны берудің ең негізгі лексика-синтактикалық тәсілдері дербес топты құрайтын модаль етістіктері болып табылады.
Модаль етістіктерінің сипаттамасына келетін болсақ, барлық модаль етістіктері басқа етістіктерден екі сипатқа ие. Біріншіден, сөйлемде тек предикативті функциясын атқарып, жақсыз формасы жоқ болғандықтан жеткіліксіз болып саналады. Олар инфинитивта тұрған күрделі модальді баяндауыш құрап, бастауыш пен етістік арасындағы предикативті қатынасын реттейді. Екіншіден, модаль етістіктері тек қана инфинитивпен тіркесінде қолданылады, яғни дербес өз бетінше қолданылмайды. Осы бізге модаль етістіктерін грамматика тұрғысынан және лексика тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде ағылшын тіліндегі модаль етістіктердің инфинитивпен тіркесін лексика-грамматикалық, дәлірек айтқанда модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдеріне жатқызады [39].
Модаль етістіктерінің грамматикалық және лексикалық мағынасы бойынша ажыратылатындықтан, модальділіктің алғашқы және екінші мағынасы бойынша екіге бөлуге болады. Алғашқы модальділік грамматикалық обьект пен предикат арасындағы қатынасының модификациясында құралады. Осы функцияда модаль етістіктері өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылады. Екінші модальділіктің мәні біртұтас сөйлемнің модальділігін берілуінде жатыр. Осы жағдайда модаль сөзінің лексикалық мағынасы айтылғанның шындылығының деңгейін және сөйлемдегі сенімділік деңгейін анықтай отырып артта қалады.
Модаль сөздер туралы сөз қозғағанда лингвистер арасында олардың білдіретін мағыналары даулы сұрақ болып қала береді. Модаль етістіктерін зертейтін лингвистер арасында модаль етістіктерінің семантикасы жайлы сұрақ ашық болып қалып отыр. Кез келген модаль етістігі тек жалғыз ғана мағынаға ие бола ала ма, әлде кез келген модаль етістігі бірнеше мағынаға ие болады ма деген сұрақ туындайды.
Л.М.Фомина және Т.И.Полянских модаль етістіктерінің мағынасының сан алуандығы жайлы өз пікірлерін айтады. Олар ағылшын тіліндегі барлық модаль етістіктерін екі топқа бөледі: қажеттілік және мүмкінділік [126].
Егер модаль етістіктерді модальділікті беруде лексика-синтактикалық тәсілге жатқызуда көп ғалымдардың пікірлері сәйкес келсе, ал модаль етістіктерінің суьтективті я болмаса обьективті модальділікті берудегі қатыстылығы жайында сұрақ шешілмеген болып қала береді.
Г.В.Колшанский, В.Г.Адмони сынды лингвистердің көпшілігі модаль етістігінің инфинитивпен тіркесі обьективті модальділікті беруде қатысады. Осылайша осы конструкциялар айтылғанның обьективті шындыққа қатынасын білдіреді. Басқа жақтан қарағанда айтылымның шындығына қатысты сөйлеушінің қатынасын білдіреді, өйткені айтушының субьективті бағасын қамтиды [27].
Г.А.Вейхманның пікіріне сүйенсек модаль етістіктерін обьективті модальділікке жатқызбаудың негізгі себебі олардың сөйлемде жиі қолданылмауы болып табылады. Мүмкінділік және қажеттілік мағыналары тек іс-әрекеттің субьектісі бар сөйлемдерде ғана жүзеге асырылады [127].
Е.И.Беляеваның пікірі бойынша сөйлеушінің айтылымға деген субьективті қатынасы ешқашан модаль етістігі+инфинитив арқылы жүзеге асырылмайды. [69,14].
Біз модальділікті обьективтілік пен субьективтіліктің бірлігі ретінде қарастырудың негізінде, біз модаль етістіктерді олардың қолданылу жағдайлларына байланысты обьективті-субьекті деп қарастыруды дұрыс санаймыз.
Ағылшын тілінде модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдеріне as if, as though, if, in case, unless, supposing that, so that, lest және т.б., бағыныңқы сөйлемдердегі шылаулар да жатады. сонымен бірге whatever, whichever, whoever, however, no matter сияқты және т.б.шылау-сөздер жатады.
Ф.А.Агаеваға сәйкес дәл осы бірліктер баяндауыштың етістіктің бағыныңқы сөйлемдегі модальді мағынаны білдірумен ерекшеленіп, оның құрамдас элементі бола отырып, оны басыңқы сөйлеммен байланыстырады [39, 233].
Осы аталған шылаулар арқылы тек қана бейреальді модальділік беріле алады.
2.2.1. Ағылшын тіліндегі модаль етістіктері, модальді конструкциялар мен демеулік шылаулар
Модаль етістіктерінің ешбір етістіктің грамматикалық категориясы жоқ (түр және ырыс), олардың баяндауыштың көрсеткіші бола алатын тек шақ және рай формалары бола алады. Осыған және оның предикативті емес (инфинитив, герундий, причастие) формаларының жоқ болуына байланысты модаль етістіктері ағылшын тіліндегі етістіктер жүйесінің шегінде тұрған жоқ.
Сөйлемде модаль етістіктері қызметтік функцияларын атқарады. Олар негізгі етістікпен берілген іс-әрекеттің мүмкіндігін, қабілетін, ықтималдығын білдіреді. Олар іс-әрекетті емес, ал тек модальді қатынасты білдіретіндіктен, олар ешқашан сөйлемнің мүшесі бола алмайды. Модальды етістіктер әрқашан тек тұйық етістігімен (инфинитив) үйлесіп, сөйлемде күрделі модальді баяндауыш бола алатын тіркестерді құра алады [128].
Этимологиясына келетін болса, модаль етістіктері претерито-презентті болып келеді. Модаль етістіктерің басқа етістіктеріне тән барлық формалары жоқ болғандықтан тапшы немесе жеткіліксіз етістіктер (Defective Verbs) болып табылады. Оның ашық райдағы, осы шақтағы, жекеше түрдегі 3 жақта -s флексиясының жоқтығы тарихи түрде түсіндіріледі: осы шақтың қазіргі формаларыбір кезде өткен шақтың формалары болған, ал қткен шақтың 3-ші жағында мүлдем жалғау болмаған. Must, should, ought to, will-would, may-might, need модаль етістіктері болжамның түрлі реңктерін білдіре алады. Ғалымдар модаль етістіктері обьективті шындықты, ал қыстырма сөздер субьективті шындықты білдіреді деп болжайды. Can және may етістіктері мүмкіндіті, must, should, might етістіктері міндеттілік мағынасынан басқа, perhaps, possibly, probably, certainly сықылды қыстырма сөздердің мағынасымен тығыз байланысты мүмкін және ықтимал іс-әрекетті білдіреді [128,21].
Ағылшын тіліндегі модаль етістіктер бірнеше модальді мағынаға ие болуы мүмкін.
Модаль етістіктері мен қыстырма сөздер бірге қолданылғанда, осы жағдайда біз синонимдік құрылымдарды кездестіреміз. Сөйлемдерде модаль етістіктері құрамдас модальды баяндауыш деп аталатын тіркесті құратын тұйық етістіктігімен (перфекті немесе перфекті емес инфинитивпен) үйлеседі. Модаль етістіктері жеке сөйлем мүшелері ретінде қолданыла алмайды.
Must етістігі әдетте фактілерге, білімге негізделген және сенімділікпен шекаралас болжамды білдіреді. Must етістігінің перфекті емес инфинитивпен үйлесуі болжамды іс-әрекеттің немесе қалыптың жасалған болжаммен мезгілдес болғанын білдіреді және осындағы болжам осы шаққа да, өткен шаққа да жатады [94].
Мысалы:
1) Your father must be nearly eighty now.
Сіздің әкеңіз қазір сексен жаста болса керек.
2) You must be hungry after your long walk.
Сіздің осындай ұзақ серуеннен кейін қарныңыз аш болса керек.
3) We must have taken a wrong turning.
Біз бұрыс жерден бұрылған сияқтымыз [94,52].
Must етістігі басым сенімділікпен айтылатын болжамды немесе мүмкінділікті білдіру үшін қолданылады. Сөйлеуші айтылған болжамды шынға ұқсас деп таниды. Бұл мағынада Must етістігі evidently, apparently, certainly, most likely, probably сияқты модаль сөздерінің мағыналарына сәйкес келеді.
Болжам мағынасын білдіру үшін Must етістігі төмендегідей жағдайларда қолданылады:
Indefinite Infinitive-пен тіркесу арқылы қолданғанда осы шаққа қатысты болжамды білдіреді. Must бұл жағдайда қазақ тіліне керек деп аударылса, ал мұндағы инфинитив осы шақтағы шартты райда тұрған етістікке -са, -се жұрнақтары жалғануы арқылы аударылады
He must know her address. Ол оның мекен-жайын білсе керек.
He must be in the Library now. Ол қазір кітапханада болса керек.
“You must introduce me now”, cried Lord Henry, laughing [100,14].
It must belong to some neighbour’s child in whom Jennie had taken interest, he thought. He would have to go and tease her about this [101,174].
You must let me introduce myself. [101,39].
“I must speak, and you must listen. You shall listen. [101,127].
Сөйлеу барысында іс-әрекеттің орындалып жатқандығы туралы болжам айтылып жатқанда Continuous Infinitive must етістігінен кейін қолданылады:
Where is he? - He must be walking in the garden.
Ол қайда?- Ол бақта серуендеп жүрген болар.
Сонымен қатар must етістіктің қарапайым инфинитив формасымен бірге мүмкіндік білдіру мағынасында қолданылады. Әдетте созылыңқы шақ формаларымен қолданылмайды (to be, to think және т.б.).
Өткен шаққа жататын Perfect Infinitive формасымен бірге must болжалдылық мағынасын білдіреді. Осындай жағдайда must етістігі болжалдылықты білдіреді. Қазақ тіліне болса керек, болса тиіс деп аударылады.
They must have forgotten to send us a copy of the telegram with their letter.
Олар хатымен бірге жеделхаттың көшірмесін жіберуге ұмытқан болса керек.
You must certainly send it next year to the Grosvenor [100,4].
Can-could осы шақ үшін can және өткен шақ үшін could сияқты екі формалары бар және to be able to конструкциясы дәл сондай мағынаға ие.
Can-could етістіктері істей алу қабілеттілігін, мүмкінділігін, мүмкін еместігін, күмәнді және таң қалу сияқты мағыналарын білдіреді.
Физикалық немесе ақыл-ес қабілеттілігі. Can-could етістігі істей алу деген мағынаны білдіреді. Ол физикалық қабілетпен бірге санаға қатысты қабілетті білдіреді. Could-Can етістігінің өткен шақ формасы болып табылады [94].
“Please dont, Mr.Kane,” she pleaded. Oh, please don’t. I can’t! I can’t! You mustn’t!.” [101,126].
Мүмкінділік немесе болжалдылық. Can етістігі болжалдылық мағынасында көбінесе болымсыз сөйлемде қолданылады да, ал сұраулы сөйлесде сирек қолданылады. Ол перфекті және перфекті емес инфинитивпен қолданылуы мүмкін. Перфекті инфинитивпен қолданылғанда Can етістігі болымсыз сөйлемде істі орындаудың мүмкін еместігін көрсетеді.
You can’t really love me, or you wouldn’t hesitate.-Сен мені сүйгенінің мүмкін емес.
“He cannot hope to carry it off successfully. Nobody can. He ought to marry her or he oght to quit” [101,197].
Істің орындалуының мүмкін еместігі, күмән және таң-қалу.Осындай жағдайларда ол сұраулы және болымсыз сөйлемдерде бірдей кездесе береді. Көбінесе таң қалу сұраулы сөйлем арқылы беріледі.
Ертеректе Should-would етістіктеріміндеттілікті білдіретін етістіктің екі формалары болған. Біртіндеп тілдің дамуы барысында осы екі етістік екі түрлі модальді мағынаға ие бола бастады және жеке қарастырылды. Біртіндеп Should етістігі қалау мағынасын жоғалтып, міндеттілік мағынасынан басқа, болжалдылық мағынасын білдіреді.
It should be about five now.
Қазір сағат 5 болса керек [94,248].
И.П.Крылова Should етістігінің болжалдылық мағынасында сирек қолданылып, көбінесе must етістігінің қолданылатынын айтады.
May – might модаль етістіктері осы шақта may және өткен шақта might қолдаылатын екі формалары бар және to be allowed to мен to be permitted оған синонимдес болып келеді.
may – might рұқсат беру, сенімсіздік,мүмкінділік пен кінәләу мағынысын білдіреді [96].
Мүмкінділік мағынасына күмән немесе сенімсіздік реңкі қосылса, онда may етістігі қолданылады. Ол істің орындалу немесе орындалмау мүмкінділігін білдіреді. May модаль етістігі осында перфекті, я болмаса перфекті емес инфинитивпен бірге қолданылады.
It may rain tomorrow.
Ертең жаңбыр жаууы мүмкін.
I may be away from home tomorrow.
Мүмкін, мен ертең үйде болмаймын.
Сөйлеуші May модаль етістігін болжамының қаншалықты шын бола алатындығына күмәнданғанда қолданады. Осы жағдайда May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін модаль сөзімен аударылса, инфинитив ашық райда осы немесе келер шақта беріледі [96].
May модаль етістігі инфинитивпен бірге болжалдылықты білдіреді.
He may know her address.-Ол оның мекeн-жайын білетін шығар.
What might have followed if the child had been homely, misshapen, peevish, or all three, can scarcely be conjectured [101,188].
May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін, шығар деп аударылады. Оның өткен шақ формасы might етістігі болып табылады.
Might модаль етістігі кінәләу мағынасында да қолданылады. Осы мағынада тек might қана қолданылады may қолданыла алмайды.
You might have told me about. I wouldn’t have lost my chance.
Should, ought to
Shouldought to модаль етістіктері міндеттілікті немесе істің орындалуна кеңес беретіндігін білдіреді.
1.Моральді тұрғыдағы міндеттілікті білдіргенде should гөрі ought to көбірек қолданылады. Martin’s hand instinctively closed on the peace of gold. In the same instant he knew he oughtn’t to accept.
In particular Martha and Veronica must have a better opportunity to do for themselves than she had had. They should be dressed better; they ought to be kept now broaden their lives [101,101].
Кеңес беру. Осы мағынада ought to етістігіне қарағанда, should көбірек қолданылады. Should көбінесе адамның субьективті қызығушылығын, ниетін білдіреді. You should be more careful.
Орындалуды күтіп тұрған істі білдіреді. If it is Jennie’s father, he should be stern. It was the last letter left on the box, it ought to be from Mr.Gerhard.
To be +Infinitive.
To be +Infinitive модальді мағынаны білдіретін тіркес. Оның мағынасы міндеттілікті білдіретін must, have to, ought to, had to shall және т.б. модаль етістіктеріне ұқсас болып келеді. To be +Infinitive бұйрықты, келісімді, мүмкіндікті және міндетті түрде орындалу керектігін білдіретін істі білдіреді.
Талқылауға жатпайтын екі адам арасында жасалған келісімге негізделген бұйрыты білдіреді. You are to go straight to your room.
Келісім немесе жоспардың бөлігі. We were to meet at the entrance of the theatre at a quarter to eight. Келісім
Міндетті түрде орындалатын іс-әрекет. I went about brooding over my lot, wondering almost hourly what was to become of me.
To have+Infinitive.
To have+Infinitive модальді тіркес жағдайға байланыстыміндеттілікті білдіреді. Оның мағынасы to be obliged to модальді тіркеске ұқсас. To have+Infinitive және to be+Infinitive модаль етістіктері міндеттілікті білдіргендігіне қарамастан, осы екеуінің арасында айырмашылық бар.
As I was there at 5 sharp (жоспардың бөлігі), I had to take a taxi (жағдайдан туған қажеттілік) [131].
Shall.
Shall таза модальді етістік емес. Ол бірде модаль етістігі, бірде көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол сөйлеуші тарапынан сөз беруді, алдын ала ескерту, бұйыру және тыйым салу, қорқыту мағыналарында қолданылады.
Бұйрық. She shall go out today.
Алдын ала ескерту немесе қорқыту. “That’s the last time!” she cried. “You shall never see me again!”
Сөз беру. I shal take you away. I shall marry you.
Достарыңызбен бөлісу: |