Лингвистикалық теориядағы модальділік түсінігі
Тілдік модальдылық тіл біліміндегі зерттеудің ұзақ уақыт бойы нысаны болып келеді, алайда оның негізгі белгіері, функционалды қасиеттері, типологиялық сипаттамасы және көрсеткіш формаларының семантикасы оны тілдік құрылудың бір бөлінбейтін классына жатқызуға жол бермейді. Ол мағынаның кең шеңберін қамти отырып, оның типологиясын тереңрек зерттеуінде мұқтаждық туып отыр.
Модальдылық категориясы тілдің әмбебап құбылысы болып табылады. Ол тілдің түрлі деңгейлерінде (морфологиялық, синтаксистық және интонация арқылы) көрініс табады. Бұл категория күмәнсіз мәтін сипаттамасында да көрініс табады. Модальдылықты жүзеге асыру аспектілерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Сондай тілші ғалымдардың арасында А.В.Бондарко, В.Г.Адмони, Е.В.Пугачева, Д.А.Парамонова және тағы басқаларды атап кетуге болады.
Мәтін-әдебиетшілердің негізгі зерттеу нысаны болғандықтан, модальдылық категориясы әдебиеттануға мәтәнді жалпылай сипаттайтын категория ретінде келді. Әдебиеттанудағы бұл термин модаьдылық мағынаның конгломераты ретінде философиялық-этикалық категория және тіл біліміндегі категория ретінде айқындалды.
Модальдылық түсінігі көптеген әдебиетшілердің жұмыстарында кездеседі. Аластэйр Фаулер, ағылшын әдебиетінің маманы, Эдинбург университетінің прфессоры жанр мен модальдылық түсініктерінің жақындығы туралы жазған. Жанр мен модальділіктің арасындағы айырмашылық-ол жанр-шыармалардың белгілі белгілері бойынша ұқсас топтарды анықтаса, молальдылық түрлі жанрда жазылған шығармаларға тиесілі сапаны анықтайды. Модальдық сипаттама жанрлық сипаттамаға қосымша болады (мысалы, сатирикалық драма, сықақ роман) [16].
Бұл сұрақ толықрақ Ж.Женеттің «Поэтика бойынша жұмыстар» жұмысында қарастырылған. Ж.Женетт «модальділік» терминін хабарлы модальдылығында тұспалдап, тар мағынада қолданған және келесі түрлерін атап көрсеткен. Олар: хабарлы, драматикалық және аралас. Осылайша модальділік әмбебап лингвистикалық форма болып табылады, ал оның жанры-оның тақырыптық түрлілігі: водевиль комедияның тақырыптық түрлілігі, ал новелла хабарлы жанры болып табылады. Сонымен бірге жанрдың қандай да болсын белгілі модальділікпен міндетті байланысы жоқ. «Хабарлы модальдылық хабарлаудың нысаны болып табылатынды азды-көпті сенімді түрде хабарлауды және оны бір немесе басқа көзқараспен хабарлауды меңзейді. Оқиға кімнің көзқарасы бойынша айтылуына байланысты, хабарлау айтылатын оқиғаға осы немесе басқа перспективасын қабылдайды. Қашықтық және перспектива модальдылықтың екі негізгі белгілерін, екі негізгі ақпаратты реттеу тәсәлдерін көрсетеді. Қашықтық ақпараттың жете, әрі дәл түрле берілгенін анықтаса, ал перспектива ақпараттың толық не толық емес түрде берілгенін анықтайды. (айтылатын оқиға кімнің көзқарасынша айтылатынына байланысты) Женетт модальдік детерменацияға негізделген хабарлы жағдаяттардың қызықты типологиясын ұсынады [17].
Хабарлау хабарлаушы жағынан жүзеге асырылады (хабарлаушы кез келген кейіпкерден көп біледі).
Хабарлау біреудің көзқарасынан жүзеге асырылады (хабарлаушы тек кейіпкердің білетіні жайында сөйлейді).
Обьективі хабарлау, сырттағы көзқарас (хабарлаушы кейіпкердің білетінінен аз айтады).
Осыған байланысты автор «фокализация» түсінігін енгізді. Бірінші түрі классикалық, фоколизацияланбаған хабарлаумен, екінші хабарлау ішкі фокализациясымен (белгіленген немесе ауытқулы бола алатын), ал үшіншісі-сыртқы фокализациясы бар хабарлау. Жалпы хабарлау барысында фокализацияның таңдауы тұрақты болып қала бермейді. Фокализацияның формуласы шығарманың жалпы мәтініне әрдайым қатысты болмайды және көп жағдайда өте қысқа да бола алатын белгілі хабарлы сегменттің белгілі фокализациясы жөнінде сөз болады. Көзқарастардың айырмашылығын әркез танып білуге болмайды. Сонымен қатар ауытқулы фокализация мен фокализацияның жоқтығын табу өте қиын. Хабарлы фокализацияның қандай болуына байланысты оның хабарлы модальдылығы да анықталады.
Цветан Тодоров әдебиет мәтіндерінің анализінде модальдік сипаттамаларды қолданған. Декамерон модальділік туралы айтқанда, ол қалау модальділігін және өзі бірнеше түрге бөлінетін болжамдық модальділігін атап көрсетеді. Ол модальдылық категориясын тек әдебиеттанудағы анализ элементі ретінде ғана қолданбай, сонымен қатар оның грамматикалық мағынасын (мысалы, болжамдылық және алдын алу модальдылықтарын айыру барысында, ол осы ммодальдылықтарға ие сөйлем құрылымдарының айырмашылығы туралы жазады. Тодоров модальдық мағыналардың екі тобын атап көрсетеді: индикатив модальділігі, яғни реалды, шындықтың және қалған барлық нақтылы емес, неғайбілдікті білдіретін модальділік [18].
Ресейлік әдебиеттануа модальділік категориясына аз көңіл бөлінген. Ресейлік зерттеушілердің арасынан В.Н.Мещеряковты атап өтуге болады. Ол модальділік категориясын семиотикалық табиғаты бар категорияларға жатқызады. Прагматикалық категория ретіне модальділік категорясының жүзеге асырылу жолдары әр түрлі болып келеді. Бұл категория грамматикалық, лексикалық, интонациялық деңгейде де, мәтіннің бір бөлігінде немесе жалпы мәтін ішінде жүзеге асырыла береді.
Мещяряков модальдылықтың екі түрін атап көрсетеді. Олар: мәтәннің бір бөлігінде болатын мәтіннің даму барысын сипаттайтын сегменттік модальділік және автордың сипатталатын шындыққа беретін бағасын білдіретін обьективті модальдылық. Суперсегменттік модальдылық туралы айта кетіп, Мещяряков «жанрлық модальдылық» түсінігін қолданады [19].
Мәтіннің модальды фоны оның осы немесе басқа жанрға тиесілігін анықтайды. Авторлар шындықтың себеп-салдарын өзгеше көріп, түсіне алады деген тезис бар, сондықтан «шығарманың фабуласы, сөзсіз автрдың айтатыны мен жазатынына қатынасын білдіреді» және Мещяряков когнитивті модальділікті атайды. Когнитивті модальділік-көркем бейнелеу жолдарының анализының нәтижесі негізінде айқындалатын модальдылық, жасырынды модальдылық. Автор модальды контекстілердің парадигмасы шектелген және моральды ұстанымдарға, рухани құндылықтарға және белгілі даму кезеңдегі қоғамның приоритеттеріне тәуелді болады дейді.
Н.С.Валгина «Мәтін теориясы» кітабында модальділікті барлық мәтіннің бірліктерін біртұтас мәнді және құрылымды тұтастыққа бекітетін «мәтінді құру мен мәтінді қабылдаудың ең маңызды элементі» деп атайды [20].
Сонымен қатар зерттеуші сөйлеушінің айтылғанға қатынасын білдіретін субьективті модальділік және айтылғанның шындыққа қатынасын білдіретін обьективті модальділіктің арасындағы айырмашылыққа көңіл бөледі. Мәтін модальділігі тұтастай айтылатынға автордың қатынасын, оның концепциясын, көзарасын білдіретінін көрсетеді. Мәтін модальдылығы мәтінді жекелеген бірліктер жиынтығы ретінде емес, ал біртұтас шығарма ретінде қабылдауға көмектеседі. Валгинаның пікірі бойынша мәтін модальділігін анықтау үшін автордың бейнесі өте қажет. Ол мәтіндегі барлық элементтерді біртұтас бүтінге біріктіріп, маңызды рөл атқарады, осыған қоса кез келген шығарманың семантикалық-стилистикалық орталығы болып табылады [20,104].
XX ғасырда модальділік катеориясы әдебиеттануда пайда болды. Мында модальдылық теориясы айқын және бір мағыналы емес, алайда оның түсіндірмесінде әр-түрлі жолдар пайда болды. Біздің ойымызша, модальділікті белгілі жанрдағы шығармаға белгілі мөлшердегі үндестілікті және оған жаңа мәнді, әрі бейнелі реңктер қосатын қосымша жанрлық сипаттама ретінде қарастыру қолайлы болып келеді [17].
Осымен бірге хабарлаумен байланысты көзқарасымен және мәтін авторының интенциясымен байланысты түсінік мағынасының аспектілерін ескерген жөн. Осы термин мағынасының көп қырларын қарастара отырып, әдебиеттанудағы модальдылық категориясы не екендігін түсінуге болады.
Модальділіктің дәстүрлі түсіндірмесі классикалық логиканың логикадағы пайымдар түрлерінің әр түрлі модальдық мағыналармен байланыстыратын идеяларының ықпалы нәтижесінде дамыды. Бұл модальдық диапазонын пайымдардың шектелуіне және оның етістіктің рай формалымен берілуіне әкеп соқтырды. Бұл бағыттың келесі дамуың нәтижесі субьективті және обьективті модальдылықтың арасындағы айырмашылықты айқындау болды.
Мысалы Л.С.Ермолаева екі негізгі модальдылықты атап көрсетеді. Олар: ішкі және сыртқы модальдылықтар. Ішкі модальдылық іс-әрекет субьектісінің іс-әрекетке қатынасын білдіреді, ал сыртқы модальдылық істің болар болмас мағынасындағы (I тип) сөйлем мазмұнының шындыққа қатынасын және сойлеушінің айтанын фактілері жөнінде қаншалықты сенімді екендігін білдіреді [21].
Модальдылық жайлы сұрақты зерттей және талқылай отырып В.В.Виноградовтың модальділік категориясы жайлы анықтамаласын атамай кете алмаймыз. Өйткені оның модальдылық жайлы бұл анықтамасы көптеген Совет тіл ғалымдарына әсер етті.
Модальділік терминін тіл біліміне алғаш енгізіп, оны тілдік категория ретінде тану В.В.Виноградовтың еңбектерінен басталады. Сөйлемдегі хабардың ақиқат шындыққа қатынасы ең алдымен модальділік қатынастан көрінеді. Ақиқат шындыққа қатысты сөйлеу (речь) мазмұнындағы әртүрлі қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық формалар модальділік ктегориясының синтаксистік мәнін құрайды
Ол 1950 жылы жарыққа шыққан өзінің «Орыс тіліндегі модальдылық категориясы және модаль сөздері» мақаласында Ф.Бруноны оның айтылғанның экспрессивті формаларын модальдылық категориясынан ажырата алмайтындығына сын айтады. Ол «мүмкінділік, сенімділік, күмән, сенбестік және тағы басқа модальдық реңктердің берілу тәсілдерін сараптау мен бірге күту, үміт, қобалжу, таңғалу, қорқу, келісім, оң баға беру, қанағаттану, қанағатсыздану, парақсыздану, қабыл алмау сияқты модальдылық сезімдері білдіретін синтактикалық және лексикалық формаларын да қарастырады».
Қазіргі тіл білімінде модальдылық категориясы тіл білімі, логика, философия сияқты ғылым салаларында жұмыс істейтін ғалымдардың назарын аударған қиын, әрі даулы бөлімдерге жатады [22].
Модальділік - жеке алынған сөздердің және сөз тіркестердің семантикасында көрініс табатын тілдегі әмбебап құбылыс, модальды жоспар кез келген сөйлемнен бөлек қарастырылмайды; соңғы он жылдықта әдебиетте мәтін модальдылығы жайлы сұрақ заңды түрде көтерілуде.
Егерде академиялық, ғылыми тілмен емес ал жай сөзбен айтатын болсақ ауадағы оттегі сияқты модальдылықтің және сөйлеуге сіңіп кеткен деуге болады және біз оны тыныс алу барысындағы ауадай сөйлеу барысында оған назар аудармаймыз [23].
XX ғасырда ғылымда тілдік модальдылықтың тек негізгі түрлері ғана емес, сонымен қатар оның жүзеге асырылуының ең негізгі формалары, оның грамматикалық көрсеткіштері, оның қызметтері және толық коммуникативті құрылымдардың және сол сияқты тағы басқаларды құрудағы рөлі толықрақ сарапталды және модальдылық түсінігінің өзі күні бүгінге дейін тілдік, квазия тілдік және тіл мағынасына қатысты түрлі салаларды қамтитын бірмағыналы құбылыс емес. Бұл осы күнге дейін модальдық, тілдік мағынаны құрудағы түрлі тілдік тәсілдердің қатысын көрсететін талаптар жүйесі жасалмағандығымен түсіндіріледі. Модальдылық предикатив параметрлерінің бірі ретінде саналады және шақ категориясымен қатар сөйлемнің грамматикалық мағынасын анықтайды. Осы көзқарастың шеңберінде көп теориялар жасалды, алайда осы күнге дейін лингвистикалық модальдылық категориясының шекарасы мен мәртебесі жайлы сұрақ бірдей шешім тапқан емес. Әсіресе неғайбіл модальдылықтың әр түрлі белгілерін сипаттау әрекеттерінде көптеген даулы сұрақтар бар. Осылайша, неғайбіл модальдылығының шекарасының өзі қазіргі ғылымның көзқарасы бойынша онша айқын емес көрсетіледі. Осы күнге дейін неғайбіл модальдық тілдік мағынаны құруда тілдік тәсілдерге анық талаптар жүйесі жасалған жоқ, сондықтан неғайбіл модальдылықты зерттеу маңызды және өзекті болып табылады [21].
Модальділік категориясының тілдік және логикалық аспектілерінің мәселелері
Модальділік категориясы көп жылдар бойы отандық және шетел логиктері мен лингвистердің еңбектерінің зерттеу нысаны болып жүргені рас. Модальділік категориясының логика ғылымында пайда болғаны жайлы факт тілдік және логикалық модальділікті айыруда күні бүгінге дейін көптеген сұрақтар туғызып отыр. Осының негізінде логикалық модальділіктің тілдік модальділік каткгориясында қолданылуы, оның логикалық және тілдік модальділік категориясының шекаралары мен өзара қатынасын түсіндіруге тура келеді.
Модальділік категориясының осы екі ғылымда қолданылып лингвистикалық және логикалық тұрғыдан қарастырылуы олардың логикалық немесе лингвистикалық мәртебесін анықтауын талап етті. В.В.Виноградов (1950),Г.А. Золотова (1962), В.Г.Адмони (1973), Е.И.Беляева (1988), Г.П.Немец (1990), Л.В.Громоздова (2000), Е.Н.Базалина (2001) және тағы басқа лингвистердің жұмыстарында модальділік категориясының лингвистикалық мәртебесімен, семантикалық көлемімен және модальділік категориясының қызметімен байланысты негізгі түсініктер және оның тілде берілу тәсілдерінің негізгі топтары анықталды. Модальділік категриясының логикалық мәртебесі Ш.Балли (1955), Г.В.Колшанский (1975), В.З.Панфилов (1977), Ю.С.Степанов (1981), Ф.Пальмер (1986), В.И.Кириллова (2002) сияқты ғалымдардың жұмыстарында қарастырылды [24].
Демек, тіл категориясы ұзақ тарихқа ие ойлау категориясының мәселелерімен тығыз байланысты. Осы екі категорияны ажырату жайлы өз пікірлерін А.А.Потебня, И.И.Мещанинов, Б.А.Серебренников, В.фон Гумбольд, Л.С.Выгодский, Э.Сепир, А.Вежбицкий және тағы басқалар өз еңбектерінде айтқан. Алайда осы жұмыстарда тіл мен ойлаудың даусыз байланысын анықтай отырып, екеуінің қайсысы бас қызметке ие екндігін анықтай алған жоқ. Осының нәтижесінде тіл білімінің немесе логика ғылымының қандай да бір артықшылықтары туралы айту негізсіз және де тіл мен сөйлеудің өзара байланысы олардың біртұтастығын растамайды.
Сонымен қатар модальділік категриясы туралы сөз қозғағанда логикалық және тілдік модальділіктің шекараларын анықтаған жөн. Сондықтан біз осы сұрақты шешу барысында логика ғылымында және тіл білімінде тұрақталған және жалпыға бір анықтамаларға сүйенеміз.
Сонымен, логикада модальділік категориясы пайымдаулардың бір сипаты ретінде және ол қорытындылаумен бірге ойлаудың бір формалары ретінде де қарастырылады [25].
Пайымдаулар қандай да ақпаратты қамтитын хабарлы сөйлемдер ретінде қаралады. Ол бір фактіні не дәлелдейді немесе жоққа шығарады және шындығымен не жалғандығымен сипатталады. Осыдан біз пайымдаулардың сұраулы және хабарлы сөйлемдері логика ғылымының нысаны бала алмайтындығына және логикалық модальділігінің арасында байланысы жоқ. Ал егер лингвистикалық модальділік тарапынан қарастырсақ, ол айтылған ойдың үш түрлі коммуникативті ұстанымын қамтиды. Олар: дәлел-сұрақ-пиғыл [26].
Г.В.Колшанский өз жұмысында тіл білімінде шындық пен жалғандықты анықтау тілдің міндеттеріне кірмейді, алайда кейбір ережеден тыс жайттар бар. Оның ойынша шындық не жалғандық фактісін орнату лингвистиканың мәселелеріне жатпайды, өйткені тіл мазмұны жағынан шын айтылғанның сипаттамасына ешқандай материалды сипат бермейді. Басқаша айтқанда лингвистті айтылғанның формасы қызықтырса, логикті оның мәні қызықтырады. Сондықтан пайымдаудың жалғандығы мен шындығын анықтады талап ететін пайымдау модальділігі және мазмұнының берілу тәсілдерін зерттейтін айтылымның модальділігі бірдей емес. Осының нәтижесінде, логикалық модальділік пайымдаулардың аспектілерімен шектеледі, ал тілдік модальділік (сапалық және сандық жағынан) маңыздырақ семантикалық және тілдік тәсілдерді қамтиды. Ол тек қана сөйлем ішіндегі тура және басты модальділіктің берілу жолдарын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас барысында туатын сан-түрлі модальдәк реңктерді қамтитын нұсқаларды жіктеуге мүмкіндік береді. Осы айтылған логикалық және тілдік модальділікті ажыратуда негізді болып келеді [27].
Сонымен бірге пайымдау және сөйлем құрамына қарай ажыратылады. В.И.Кириллов өз кітабында осы айырмашылықты анық көрсетеді. Пайымдау екі түсініктен тұрады: субьект және предикат және осылардың арасындағы байланысты қамтиды [28].
Пайымдау мен сөйлем бірлікті құрғанына қарамастан, ол ескереруді қажет ететін айырмашылықтарды да қамтиды. Пайымдауды ойлау формасы және сөйлемді оның тілдік көрініс табуы деп қарастырсақ, сараптамада теріс ой тудыруы мүмкін. Логикалық және тілдік модальділіктің өзара байланысы күмән туғызбайды. Осылайша логикалық модальділік тілдік модальділіктің тәсілдерімен бағалануы мүмкін, басқаша айтсақ, пайымдау белгілі тілдік құралдармен берілуі мүмкін. Пайымдауды берудегі көптүрлілік тілдік модальділіктің шекарасының кеңеюіне әкеліп соқтырады және оның құрамында алетикалық,эпистемиялық, аксиологиялық және деонтикалық модальділіктердің анықталуына жол береді.
Аталған модальділік түрлері В.З.Панфилова (1977); J.Coates (1983); Л.Г.Давыденко (1984); F.Palmer (1986); О.В.Латина, (1989); Т.Б.Шершнева (2000) және тағы басқалардың жұмыстарының зерттеу нысанына айналған.
Сонымен, тілдік және логикалық модальділік арасындағы айырмашылығын ажыратудағы сараптаманы өткізу пайымдаудың логикалық модальділікпен және сөйлемнің тілдік модальділікпен байланысты. В.З.Панфиловтың пікірінше тілдік модальділікті зерттеу тек қана логикалық модальділіктің сараптамасымен тікелей байланысты. Сонымен бірге олардың өзара байланысын теріске шығармай, сәйкес келмеуін де растайды [29].
Модальділік және предикаттылық.
Модальділік пен предикативтілік арасындағы айырмашылықты ажырату қиын болып келеді, ол тікелей осы құбылыстарды анықтаудың күрделелігімен байланысты. Модальділік деп айтылғанның мазмұнының айтушы тарапынан шындыққа қатысын айтады, да предикативтілік деп сөйлемнің негізі ретінде айтылғанның мазмұнының шындыққа қатысының тілдік құралдармен берілуін атайды. Осы анықтамалардың ұқсастығы анық, сонымен бірге оның түрлілігі де айқын. Осы мәселеге қатысты түрлі көзқарастар пайда болады. Предикаттылық модальділікті не қамтиды, немесе оған қосылады, не оның шекараларынан шығады [30].
Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші ғалымдар сөйлем атаулының қандай түрі болмасын предикативтілік қасиетке ие және бұл оның басты белгісі болып есептеледі. «Предикативтілік-синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің құзырына енетінбарлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып зерттеуге арналған категория» [31].
Ал модальділік деп біз сөйлемде айтылғанхабардың ақиқат шындыққа қатынасын айтамыз. Яғни сөйлеуші ақиққат шындыққа қалай қарайды, оған қандай сипаттама береді, оны қалай түсінеді-модальдік қатынастың мәні осында. Модальділік алдымен сөйлемде көрініп, сонымен бірге сөйлемнің модальділік қасиеті интонацияда, рай, шақ көрсеткіштері, түрлі етістік жұрнақтары , түрлі демеулік, тіпті сөйлемнің орын тәртібі, сондай-ақ қыстырма сөздер арқылы да беріледі.
Біріншіден модальділік предикаттылықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Осындай көзқарас ең алғаш В.В.Виноградовтың, кейін Г.А.Золотованың жұмыстарында көрініс табады. Олардың ойларынша кез келген модальді реңк баяндауышпен арқылы беріледі. Осының нәтижесінде олар предикаттылықты модальділік категориясына қарағанда кең мағынада түсінеді [32].
Е.В.Милосердованың пікірінше предикаттылық пен модальділік екеуі де белгілі мазмұнды шындықпен қатынастырып, сөйлем құрайды, сондықтан кейбір тіл ғалымдары екі категория арасындағы ұқсастықты растайды [33].
Н.Е.Петровтің көзқарасына сәйкес құрамында предикат болмайтын сөйлем түрлері болғандықтан, предикаттылыққа қарағанда модальділік кең категория болып саналады. Мысалы, Әй! Ойбай! және т.б [34].
Лингвистердің көпшілігі модальділік және предикаттылық категориялын сөйлемнің міндетті сипаттамаларына жатқызады. Алайда осы жайлы да лингвистер дауласады, Мысалы А.Б.Шапироның пікірінше кез келген сөйлем міндетті түрде предикаттылықпен емес,ал модальділікпен сипатталады [35].
Алайда, шетел лингвистерінің кейбір жұмыстарында (A.Katny) модальділік факультативті категория болып саналады [36].
Аталған проблема бойынша А.В.Бондарько шақтық локальділік және модальділік категорияның мәні және функционалды-семантикалық сипаты предикаттылыққа әкеліп тірелмейді. Екінші жақтан алып қарасақ предикаттылық категориясының көрініс табуы осы категориялармен сарқылмайды. Оның сөздері модальділік және предикаттылық категорияларының арасындағы өзара байланыстың күрделілігін және әр категорияның жеке дербестігін дәлелдейді [37].
Предикаттылық және модальділік категориялары туралы әр түрлі мектеп өкілдерінің түрлі пікірлерінің сәйкес еместігіне қарамастан, олардың көзқарастары сөйлем ішіндегі сипаттамасында екі категорияның орны ерекше және маңызды рөл атқаратындығы жайлы ойлары сәйкес келеді.
Біздің ойымызша, екі анықтаманың ұқсастығына қарасақ, модальділікті анықтау барысында жеке тұлғаның бар болуы осы екі категорияны ажырату барысында негізгі айрықша белгісі болып табылады.
Сайып келгенде, модальділік категориясы мен предикаттылық категорияларын бірінің ішінде бірін қарастыру орынсыз болып табылады. Өйткені әр бір категория сөйлем ішінде ерекше сипаттамаларға ие болып, дербес мәртебеге ие.
Сонымен бірге модальділік категориясы интонациямен тығыз байланысты. Интонация деп сөйлем біршама аяқталған ойды білдіргендіктен, оның өзіндік интонациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни сөйлемнің хабарлы, лепті, бұйрықты және хабарлы мәнмен айтылғандығы сөйлем бойынан ғана көрінетін иньонациядан байқалады. Сондай-ақ сөйлемнің өн-бойынан ғана көрінетін мұндай интонацияда сөйлемнің көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, енжарлық, мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, сенімсіздік, үміт және т.б. сияқты тыңдаушыға қатысы байқала алады. Интонацияның бұл рөлі тілдің модальділік категориясымен шектесіп жатыр [38].
Модальділік және сөйлемнің коммуникативті функциясы
Модальділік категориясы және сөйлемнің коммуникативті функциясы арасындағы өзара қатынасты зерттеуге деген қызығушылық лингвистикада функционалды бағыттың пайда болуынан бастап артты. Осы кезеңнің мақсаты сөйлемнің келесі функционалды түрлерін анықтау болды: хабарлы, болымсыз, лепті және сұраулы. Ф.А.Агаеваның пікірінше кез келген сөйлемге модальділік тән. Осыған орай модальділік категориясының сөйлемнің барлық функционалды түрлеріне тән екендігі дау туғазады [39].
М.Грепль, В.В.Виноградов, В.Г.Адмони сияқты авторлар модальділік категориясы және сөйлемнің коммуникативті функциясы арасындағы өзара байланысты қарастырады.
М.Грепль пікірінше айтылғанның модальділігі үш аспектімен құралады: жалпы модальділікпен, волюнтативті модальділікпен және шындық модальділігімен. Жалпы модальділіктің мәні сөйлеуші сөйлемнің грамматикалық формуласын қарым-қатынас жасау барысында сұрақ, тілек, бұйрық ретінде жүзеге асырады.
В.В.Виноградов және В.Г.Адмони модальділік категориясын функционалды синтактикалық категория ретінде қарастыру барысында оның құрамына айтылғанның коммуникативті мақсатын қосу керектігін айтады және оған қоса модальділік пен сөйлеушінің арасындағы пиғылын көрсету керек. Хабарлы (болымды, болымсыз) сөйлемдерді модальді сөйлемдер қатарына жатқызудың жақтаушылары мен осы пікірге қарсы келетіндер де бар [40].
В.Г.Адмонидің пікірінше хабарлы және болымсыз сөйлемдер өздерінің модальді сипаттамасына қарай, яғни мазмұнның шындыққа қатыстылығының деңгейін бағалаумен ажыратылады және ол оларды ажырату пікірін растайды. Г.А.Золотованың пікірінше Мен айттым және Мен айтқан жоқпын деген сияқты сөйлемдердің мазмұнның шындыққа қатыстылығының деңгейін бағалаумен ажыратылмайды және ол модальділік және сөйлемдердің коммуникативті функциясының сәйкес келмейтіндігін айтады.
Мойындамау немесе теріске шығару сөйлемде айтылатын іс жайлы немесе сипатты жоққа шығарады. Демек, модальді сөйлемдер қатарына болымды сөйлемдерді жатқызып, ал болымсыз сөйлемдерді жатқызбау орынсыз болып табылады [32].
Г.П.Немец өзінің диссертациялық жұмысында осы екі категорияның арасындағы байланысты атап көрсетеді. Кез келген хабарлау өз ішінде имплицидті түрде болымсыздықты қамтиды екен. Болымсыз немес болымды түрде айту сөйлеушінің өзіне байланысты екен [41].
Don’t forget it!=Keep it in mind!
Көрермендер өз орындарына жайғасты. Көрермендер енді орын іздемейді.
Г.А.Золотова және Т.П.Ломтев сияқты лингвисттердің пікірінше сұраулы мен болымсыз сөйлемдерді модальді сөйлемдер қатарына жатқызу қиыншылық туғызады. Г.А.Золотованың пікірінше танымдық ұстаным ол шындыққа модальды қатынас емес. Т.П.Ломтевтің пікірінше сұрақ берілген сөйлемнің сипатын өзгертпейді, ол тек кей жайттың белгісіз қалғанын ғана көрсетеді. Айтылу мақсаты мен шындыққа модальді қатынасы арасындағы өзара байланысты сараптай отырып, екі ғалам да сөйлемнің функционалды түрлері модальді болып табылмайды дейді [42].
О.А.Норк, Т.А.Палейдың жұмыстарында сұраулы сөйлем модальді сөйлемдер қаатарына жатады. Т.А.Палей құрамында есімдігі жоқ тура сөз тәртібі бар сұраулы сөйлемдер субьективті-модальді мағынаға ие деп атайды. О.А.Норк осы мәселені шешуде сұраулы сөйлемдердің интонациясына көңіл бөледі. Оның ойынша интонация арқылы сұраулы сөйлемдер болжам, және обьективті модальділікті көрсетеді [43].
I wanna go.=You wanna go?
Осы мысалға сүйенетін болсақ, біз сұраулы сөйлемде модальді реңктің көрініс тапқанын көріп тұрмыз. Осының нәтижесінде коммуникативті функциясы бар сұраулы сөйлемдер модальді мағынаға ие деуге болады.
Ал бұйрықты сөйлемдердің модальділік мағынаға ие болуы көптеген сұрақтар туғызып отыр. Д.А.Штеллинг,В.С.Храковский, А.П.Володин сынды авторлардың пікірінше болымды сөйлемдердің модальді мағынасы және коммуникативті функциясы тілектің іске қатынасынң сәйкес келуі салдарынан сәйкес келеді. Алайда кейбір бұйрықты сөйлемдер бағалауыш жағдаятпен байланы болмағандығының негізінде модальді болып қарастырылмайды. Көптеген модальді бола алмайтын сұраулы сөйлемдер мазмұнды тек нұсқау ретінде көрсетеді [44].
Put it onto the table!
Мысалда should, may, must, it is necessary сияқты сөздер қолданылған жоқ, алайда мағыналары жасырын түрде беріліп тұр. Мысалы толтырады деген сөз имплицидті түрде міндеттілік модальділігін білдіріп тұр. Сонымен бірге модальділікті имплицидті түрде берілетін көптеген нұсқауларды кездестіруге болады.
Сайып келгенде, бұйрықты сөйлемдерді тек нұсқауларға тән болғандықтан модальді сөйлемдер қатарына жатқызбау орынсыз болып табылады. Сараптаманы қорытындылай келе модальділік және сөйлемнің коммуникативті функциялары сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |