Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер



жүктеу 3,94 Mb.
бет36/41
Дата26.11.2023
өлшемі3,94 Mb.
#44460
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын (1)

Өрт сөндіргіш заттар

Бұл, өрт аймағына енгеннен кейін жану процесін тоқтататын зат.


Өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын негізгі қазіргі заманғы өрт сөндіру заттары болып келесідегідей болып табылады: су, құм, көпіршік, жоғарғы активті заттар, порошоктар, көмірқышқыл, инертті газдар және басқалар, осылардың негізінде ОП, ОХП және басқалары сияқты типтес өртсөндергіштері құрылған.
Өрт қауіпсіздік шаралары:
- қажетті бірнеше шығу жолдарының болуы;
- цехта құм қорапшаларының болуы,
- өрт жайлы дыбыс беру;
Берілген жобаланушы лаборатория өрт қауіпсіздігі жағынан В дәрежесіне жатады.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ Микробиологиялық лаборатория бөлімшесінің техногенді апат төтенше жағдай болған кездегі профилактикалық іс – шаралар

Қазіргі таңда, ғылыми-техникалық прогресс өндірістің барлық салаларында өзінің шарықтау жеткен сәтте, жаппай қырып жою қаруларының пайда бола бастады, соғысты жүргізу және оған дайындау факторы мен ролі экономиканың өсуімен өсіп келуде.


Егер жау жаппай қырып жою қаруын қолданса, біздің өндірістің кез-келген объектісі осы қарудың әсері тиетін ауданда қалып қобы мүмкін. Объектілердің бұзылу дәрежесі жаудың шабуыл жасауына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ол негізінен объектінің зақымдау ошағына қатысты орналасуына және объектінің ядролық жарылыс зақымдаушы әсеріне дайындығына байланысты болып табылады. Жұмыс тұрақтылығын жоғарлату бойынша шаралар жасалған объектілерде, олардың зақымдалуы аз болуы, ал соның салдарынан ядролық жарылыстан соң оларды қалпына келтіру уақыты да ұзаққа созылмайды.
Шаруашылық объектісінің жұмысқа тұрақтылығы дегеніміз – жаппай қырып жою қаруы әсер етуінде немесе жаудың қандай да бір шабуыл жасауында – оның сәйкес жоспарларында қарастырылған номенклтурада және көлемде анықталған өнім түрлерін шығара алу қабілеті және зақымданған жағдайда осы объектінің қалпына келу қабілеті деген сөз.
Объектінің жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар бірінші кезекте жұмысшылар мен қызметкерлерді жаппай қырып жою қаруы әсерінен немесе т.б. жау шабуылы әсерінен сақтауға бағытталады; олар құтқару жүргізуге дайындау бойынша шаралармен, зақымдау зонасында апаттың – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен байланысты, себебі адамдар резервінсіз және жау шабуылынан оларды сәтті ликвидациялауды жүргізусіз, халық шаруашылығы объектілерін соғыс кезінде қалпына келтіру, жұмыс тұрақтылығын сақтау, іс жүзінде мүмкін емес.
Объектінің заман талабына сай жаппай қырып жоюдан қорғануына дайындалған зерттеу үшін және физикалық төзімділігін бағалау үшін –инженерлік-техникалық персонал және МО объектісі штабы жұмысшылары, керек болған жағдайда – ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары тартылады. Зерттеуде жалпы жетекшілікті кәсіпорын МО бастығы жүргізеді. Оның бұйрығы бойынша соғыс уақытында объекті жұмыс тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жасалып және зерттеу үшін арнайы топтар құрылады. Онымен бір мезгілде зерттеуді жүргізу жоспары жасалып бекітіледі. Жұмысшы топты басқаруды объектінің бас инженері атқарады. Жұмысшы топты басқаруды объектінің негізгі өндірістік-техникалық қызметіне сай құрылады.
Өндірістік объектілерде ереже бойынша төзімділікті зерттеу бойынша келесі жұмысшы топтар құрылады:
- ғимараттар және құрылғылар, топтың басшысы – директордың капиталды құрылыс бойынша орынбасары (КҚБ бастығы);
- коммуналды энергетикалық жүйелер, топтың басшысы – бас энергетик;
- қондырғылар және технологиялық жабдықтар, топтың басшысы – бас механик;
- технологиялық процесс, топтың басшысы – бас технолог;
- өндірісті басқару, топтың басшысы – өндірістік бөлім бастығы;
- материалды-техникалық жабдықтау және транспорт, топтың басшысы – директордың МТЖ бойынша орынбасары.
Бұлардан басқа МО объекті штабы тобы құрылады, оның құрамына объектінің негізгі қызметтері жетекшілері кіреді.
Бұл топтар объектінің жұмыс төзімділігін зерттеу бойынша барлық есептерді жүргізеді. Объектінің ерекшелігіне байланысты оның өлшемі мен өндіріс күрделілігіне байланысты топ саны және құрамы, міндеттері өзгеріп отыруы мүмкін. Төзімділікті зерттеу және жоғарылату бойынша шаралар жүргізудің өндірістік объектідегі шамаланған схемасы көрсетілген. Мұндай зерттеулердің соңғы мақсаты – объектінің жұмысқа тұрақтылығын ракеталық-ядролық соғыс шартында зерттеу және оны жоғарылатудың ең тиімді және экономикалық ақталған жолын іздеу болып табылады.
Жұмысшы топтардағы барлық міндеттер анықталғаннан соң, оның нәтижелері бойынша жетекшілер қатысында зерттеулер тобы нәтижелері талқыланып есеп-беру баяндамасы жасалады және соғыс уақытында объектінің жұмысқа тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жүргізу график-жоспары жасалады. Бұл жоспарда бейбіт уақытта жасалатын шаралар және жау шабуыл жасағанда жүргізілетін объект жобалаушы ұйымдар атқаратын барлық шаралар көрсетіледі, ол шаралар ВТ белгісі бойынша жүргізіледі. Жоспардың әр бөлімінде жобалау және басқа ұйымдар, объекті атқаратын шаралар көрсетіледі. Жоспарда немесе оған қосымшада жоспарланған жұмыс көлемі, оған жұмсалатын шығын, қаржыландыру көзі, негізгі материалдар және олардың саны және механизмдер, жұмысшы күш атқарушы жауаптылар, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.
Олай болса, тұрақтылықты зерттеу - бір реттік емес, керісінше ұзақ, жетекшілер тарапынан тұрақты көңіл бөлуді талап ететін, және инженерлік -техникалық персонал және МО объект штабы жетекшілерін алаңдататын динамикалық процесс болып табылады. Тұрақтылықты зерттеу соғыс уақытында объекті жұмысшының тұрақтылығына әсер ететін факторларды зерттеуден басталады.



жүктеу 3,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау