Тақырып 9. Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық тәсілдер
2.Аудиттегі талдау
1. Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық тәсілдер
Аудиторлық талдау тәсілдері – бұл тексеріс барасында мәлімет алу мақсатында аудитордың нақты қызметі. Мақсатына қарай процедуралар тәуелсіз тестер және сәйкестігіне байланысты тестерді қолданумен орындалады.
Сәйкестігіне байланысты тестер орнатылған нормалар бойынша ішкі бақылау процедуралардың сәйкестігін анықтау мақсатында, тексеріс бары-сында қолданылады.
Аналитикалық – айырысу тәсілі - экономикалық анализдеудің дәстүрлі тәсілі, аналетикалық тексеріс, статистикалық және экономикалық математикалық әдіс.
Құжаттық методикалық тәсіл – ақпараттық – моделдеу, нормативтік – құқықтық реттеу, есеп құжатарының тексерісі.
Жалпылау - бұл тексеріс нәтижесінде резюме жасалынатын тәсіл.
Түгендеу - бұл негізгі қорлардың, тауарлы - материалдық құндылықтардың, ақша қорларының және айырысу жағдайларының нақты қалдығын тексеру тәсілі және олардың белгілі бір мерзімдегі бухгалтерлік есепке сәйкестігі.
Эксперттық баға - бұл анрайы мамандардың орындалған жұмыстың көлемін және сапасы, материалдық шығындардың нақтылы және дайын өнімнің шығуы, тауарлы - материалдық құндылықтарды сақтау және транспортирлеу кезінде шығынның, нормасы, технологиялық режимдердің сақталуы, өнімнің мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігі негізінде жүргізілетін нақты бақылау түрі.
Визиуалдық бақылау - бұл цехтарда және учаскелерде жұмыс орындарында еңбек ұйымын, тауарлы - материалдық қорлардың қоймаларда сақталуын, өткізу жүйесінің жағдайын, материалдарды және дайын өнімді кіргізу және шығаруды бақылау жөніндегі нақты бақылаудың түрі.
Әрбір жұмыс құжатында мынандай параметрлер: тақырып, клиенттің аты; құжаттың дайындалған күні құжатты дайындаған жұмыскердің аты - жөні сияқты болуы тиіс. Сәйкес файлдарды топтастыру үшін жұмыс құжаттарында индекстер қойылуы тиіс.
Аудит шеңберінде жасалынған жұмыс нақты және түсінікті түрде дайындалған жұмыс құжаттарында көрсетліуі тиіс. Әрбір құжаттар өзінің дайындалған мақсатына жету үшін жеткілікті түрде ақпараттар болуы қажет.
2.Аудиттегі талдау
Аудитор жұмысының түпкі өнімі болып кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижелерін көрсететін қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы оның көзқарасын білдіретін құжат табылады. Аудиттің бас мақсаттарының бірі сондықтан айқындамау жағдайында кәсіпорынмен берілетін қаржылық мәліметтердің шынайылығына маңызды әсер ететін қателіктердің жоқтығы мен ережелерден шегінуде сенімділіктің ең жоғары дәрежесіне жету болып табылады.
Қаржылық есеп берудің элементтері мен көрсеткіштерінің шынайылығын, бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысулардың дұрыстығын анықтап алғаннан кейін, қаржылық есеп берудің аудиторлық тексеруін аяқтауға болар еді.
«Аудитор, егерде ол шынымен клиентпен іскер қарым қатынастарын жалғастыруға қызығушылық танытса, кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауын жүргізуге және тиісті ұсыныстар дайындауы міндетті».
Басқа сөзбен айтқанда, аудиторлық қорытындыны құру негізделетін кәсіпорын аудитінің қорытынды және шешуші сатысы кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның кемшіліктерін және олардың себептерін анықтау, оны тұрақтандыру мен жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды жасау мақсатымен тексеру болып табылады.
«Аудиттің түпкі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қаржылық тұрақтылығының талдауы, қаржылық көрсеткіштерін талдау болып табылады». Қаржылық талдаусыз кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру мүмкін емес.
Аудит жүйесіндегі қаржылық талдаудың мақсаттары болып табылады:
Кәсіпорын активтері мен олардың пайда болу көздерінің құрамы мен құрылымын бағалау;
Кәсіпорынның өндірістік әлеуетін анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, оның төлемқабілеттілігін және іскерлік белсенділігін бекіту;
Қаржылық жағдайда кеңістіктік – уақыттық шегінде өзгерістерді және олардың пайда болуына негіз болған негізгі факторларды анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен болашақта оның қызмет ету перспективаларын бағалау.
Аудиттегі қаржылық талдау екі аспектіде қолданылады: біріншіден, кәсіпорынның қаржылық тетігін, оның операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметі үшін қаржылық ресурстарды құру және пайдалану үрдістерін тану әдісі ретінде; екіншіден, аудиторлық қызмет көрсету түрі ретінде.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, аудиторлық қызмет экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерінің кең спектріне тірелуі керек.
Аудитті жүргізу барысында диалектика қағидаларының, берілген ғылымның әдісі мен жалпығылымдық әдістерінің жиынтығын білдіретін экономикалық талдаудың жалпы әдістемесіне тірелетін қаржылық талдаудың әртүрлі әдістері мен арнайы тәсілдері қолданылады.
Қаржылық талдау әдістерінің түрлі жіктелімі болады. Жіктеудің бірінші деңгейі формализацияланған және формализацияланбаған әдістерді бөліп қарасытырады.
Формализацияланбаған әдістер қатаң талдамалық байланыстарға емес, логикалық деңгейде талдамалық процедураларды сипаттауға негізделген. Оларға келесі тәсілдер жатады: сараптама бағалары, психологиялық, морфологиялық, көрсеткіштер жүйесінің тізбегі, аналитикалық кестелер жүйесінің тізбегі. Формализацияланбаған әдістерді қолдану белгілі бір субъективтілікпен сипатталады, себебі аналитиктің интуициясы, тәжірибесі мен білімі үлкен маңызға ие болады.
Формализацияланған әдістерге жеткілікті түрде қатаң формализацияланған талдамалық тәуелдіктерге негізделетін әдістер жатады. Мұндай әдістердің ондаған әдістері белгілі; олар жіктелімнің екінші деңгейін құрайды. Оларға қаржылық талдаудың келесі классикалық әдістері жатады: элиминерлеу (тізбектеп орын ауыстыру), баланстық байланыстар, топтамалар, орташа және қатысты өлшемдер, графикалық, индекстік және басқалар.
Қаржылық талдау тәжірибесі нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін кәсіпорындардың қаржылық есеп беруін талдау әдістемесін дайындады. Нарықтық экономикаға өтуге дейін қалыптасқан, басқарудың барлық деңгейлерінде және кәсіпорындардың өзімен ондаған жылдар бойы қолданылған талдау әдістемесі шаруашылықтың әкімшілік жүйесінің қызмет ету шарттары және қаржыландырудың негізінде орталықтандырылған қайнар көздердің мемлекеттік меншігі үшін дайындалған болатын. Бұл шарттар шаруашылықты тиімді жүргізуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның жеке дербестігін шектеп отырды және мүлде нарықтық қатынастармен, кәсіпкерлік қызметпен сәйкеспеді.
Қаржылық талдаудың өткен әдістемесінде шешуші рөлді баланстың жеке баптары мен топтарының қорытындылары мәнін салыстыру, нормативтен ауытқулардың себептерін, кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына бұл ауытқулардың әсерін зерттеу атқарады. Жаңа қаржылық есеп берудің маңызды ерекшеліктерінің бірі онда жоспарлы көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін кәсіпорындармен қолданылатын қаржылық талдаудың негізгі әдістерінің ішінен келесі алты әдісті бөліп қарастыруға болады: 1) тікелей талдау; 2) көлденең талдау; 3) трендтік талдау; 4) қаржылық коэффициенттер әдісі; 5) салыстырмалы талдау; 6) факторлық талдау.
Тігінен (уақыттық) талдау – есеп берудің әрбір позициясын алдыңғы кезеңмен салыстыру. Ол алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бухгалтерлік есеп берудің әртүрлі баптарының абсолютті және қатысты ауытқуларын анықтауға көмектеседі.
Көлденең (құрылымдық) талдау – толықтай нәтижеге есеп берудің әрбір бабының әсерін айқындаумен қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Бұл талдау баланс немесе оның бөлімдері бойынша жеке баптардың қорытынды көрсеткішке үлес салмағын анықтауға көмектеседі.
Тігінен және көлденең талдаулар бір бірін толықтырады. Сондықтан есептік бухгалтерлік нысанның құрылымын, сондай – ақ оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын кестелер құрылады.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштері 100% болып қабылданатын базистік жылдың деңгейінен бірқатар жыл бойынша көрсеткіштердің қатысты ауытқуларын есептеуге негізделеді. Трендтің көмегімен болашақта көрсеткіштердің мүмкін мәндері құрылады, яғни перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында кеңінен тараған әдіс болып әртүрлі қаржылық көрсеткіштердің қолданылуы табылады.
Коэффициенттер оларды есептеу кезінде бір өлшемді бірлік деп қабылдайтын, ал басқасын бірлікке қатынас ретінде көрсететін қатысты өлшемдер болып табылады. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптары арасында белгілі бір арақатынастарының бар болуына негізделеді. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кейінгі факторлық талдау үшін бастапқы негіз болып табылады және талдауы зерттеушіге көзге көрінбейтін құбылыстарды айқындауға көмектесетін екі өлшем арасында математикалық арақатынасты сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қатысты көрсеткіштері үлестіру коэффициенттері мен координация коэффициенттеріне бөлінеді.
Үлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың белгілі бір абсолютті көрсеткіші абсолютті көрсеткіштер тобының қорытындысының қандай бөлігін құрайтындығын анықтауды талап еткен кезде қолданылады. Есептік кезең бойынша үлестіру коэффициенттері мен олардың өзгерістері баланс бойынша клиенттің қаржылық жағдайымен алдын ала танысу барысында үлкен рөл атқарады.
Координация коэффициенттері мәні бойынша қаржылық жағдайдың әртүрлі абсолютті көрсеткіштерінің немесе әртүрлі экономикалық мәні бар олардың сызықтық комбинацияларының қатынастарын сипаттау үшін қолданылады.
Қаржылық коэффициенттердің талдауы базистік өлшемдермен салыстыруда, сондай – ақ есептік кезең және бірқатар жылдар бойынша олардың динамикасын зерттеуде түйінделеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және олардың өзгеріс тенденцияларын нақты және толық сипаттау үшін қаржылық коэффициенттердің кішігірім көлемі жеткілікті. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнді тұстарын сипаттау маңызды болып келеді. Ең кең таралған және зерттелетін көрсеткіштер болып өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық пен іскерлік белсенділік табылады.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирманың, еншілес фирманың, бөлімшелердің жеке көрсеткіштері бойынша есеп берудің жиынтық көрсеткіштерінің ішкішаруашылық талдауы да, берілген фирманың көрсеткіштерінің бәсекелестерінің көрсеткіштерімен, ортасалалық және орташа жалпыэкономикалық мәліметтермен қатысты шаруашылықаралық талдау. Бұл әдіс кезінде болып жатқан жайтқа бағаны ұқсас түсініктер мен құбылыстар арқылы береді. Бұл әдісті қолданудың қажетті шарты болып көрсеткіштердің сәйкестілігін сақтау табылады.
Факторлық талдау – бұл зерттеудің детерминерленген немесе стохастикалық әдістерінің көмегімен жеке факторлардың нәтижелі көрсеткішке әсерін талдау. Факторлық талдау тікелей (талдаудың өзі) болуы мүмкін, яғни нәтижелік көрсеткіштердің құрама бөліктерге бөлінуі, сондай – ақ оның жеке элементтері жалпы нәтижелік көрсеткішке біріктірілген кезде кері (синтез) де болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған әдістермен қатар, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін талдау кезінде экономикалық талдаудың, экономикалық және математикалық статистиканың, экономико – математикалық әдістерінің дәстүрлі тәсілдері қолданылады.
Қазіргі уақытта кез келген ғылымның әдістері мен тәсілдерін тек қана оған ғана тиесілі деп жекелеп алу мүмкін емес, өйткені әртүрлі ғылымдардың ғылыми құралдарының өзара байланысы байқалады.
Қаржылық талдауда бастапқыда басқа бір экономикалық ғылымның шегінде құрылған әртүрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылады. Оларды орынды қолда білу кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға және оның қаржылық тұрақтылығын бекіту бойынша ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғарыда айтылғаннан аудитор шаруашылық субъектінің қызметін қаржылық талдаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана алады деген қорытынды шығаруға болады. Оларды дұрыс қолдана отырып және оны жүргізудің кезеңділігінің дұрыс әдістемесін таңдап, аудитор кәсіпорынның қаржылық жағдайының терең, жан – жақты, кешенді талдауын жүргізе алады, объективті және шынайы баға береді, қаржылық тұрақтылықты бекіту және кәсіпорынның табыстылығын жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Аудитте талдау қалай жүргізіледі?
2.Аналитикалық процедуралар қалай өткізіледі?
3.Қаржылық талдаудың негізгі әдістерін атаңыздар?
4.Салыстырмалы талдау деген не?
5.Коэффициенттерді талдау әдісі қалай жүргізіледі?
Тақырып 10. Аудиттің қорытынды кезеңі
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Клиентке ұсыныстар беру.
2.Аудиторлық қорытындыларды бағалау.
3.Кейінгі болатын оқиғалар.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын шаруашьшық есеп түрінде жүргізеді. Аудит жұмысының барысы, көлемі, қызмет көрсету жұмысы, жалпы орыңдалатын аудит жауапкершілігі келісім-шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, ақшалай қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды, пайдаланады, өзінің балансы болады. Дербес шаруашылық субъектісі ретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет болған жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды. Мемлекетіміздегі заң талабына сәйкес аудит фирмалары өзінің қалауынша әр түрлі ассоциацияларға, күрделі бірлестіктерге қосылуға құқығы бар. Өзінің қалауынша негізгі және айналым қорларын, әр түрлі арнайы қорларды (өндірісті дамыту, әлеуметтік қор, резервтік,) қарастыруға құқылы. Аудит фирмасы өз шаруашылығына байланысты материалдық қаржылық жағдайдағы барлық құбылысқа тікелей жауапкершілікте болады. Аудит фирмасының бастығы директор болады, ол өз бұйрығымен жұмыскерлер алады, жұмыстан босатады, фирма жұмысына байланысты барлық заңдылықты сақтай отырып басқару жұмысын атқарады.
Жұмыс фирманың құрылымымен байланысты болмаса аудитор фирмалары аудиторлар өндіріс барысымен немесе коммерциямен айналыспайды. Аудитор фирмасьг аудиторларды тексеруге келісім-шарт жасап аудит жүргізуге келіскен жағдайда аудит жүргізуге құқысы жоқ жағдайлар: аудитор сол шаруашылық субъектісіне құрылтайшы немесе басқару қызметіне қатысты болса, туыскандық қатысы және бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға немесе есеп ақпаратын жасауға қатысты болса; шаруашылық субъектісінің меншігіне үлестес болса немесе беруден қатысы болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін жүргізсе, ақпаратын және қаржылық акпаратын жасауға қатысқан болса.
Бұл жағдайлар анықталған кезде келісім-шартты бұзу қажет. Осы жұмыстар туралы тапсырушылар материалдық, қаржылық шығын болған жағдайда, оны аудитор фирмасы немесе аудиторлар түгелдей төлеуге міндетті.
Аудит қызметінің құпиялылығын қатал сақтау қажет. Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстылық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыга хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстылық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет. Яғни, тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек. Ұлыбритания аудит этикасының кодексі бойынша аудитор аудиторлық тексеру материалын үшінші бір жаққа немесе мемлекет құрылымына тек қана тапсырушының келісімі, рұқсаты бойынша немесе мемлекет заңының талабына сәйкес жағдайда ғана хабарлайды немесе жазбаша түрінде береді.
Аудит фирмаларының, жеке аудиторлардың жұмысына сонымен катар аудит этикасының талабына сай сақталуына арнайы құрылған "Бақылау комиссиясы", "Тәртіптілік комиссиясьг", Бірлескен тәртіптілік комиссиясы бақылау жасайды. Тапсырушылар аудит қызметінің барысына немесе қорытындысымен келіспеген жағдайда өзінің шағымын "Бақылау комиссиясына" тапсырады, комиссия өз тарапынан тапсырушының шағымын орынды және белгілі шара қолдану керек деп тапса, бақылау комиссиясы сол шағымды "Тәртіптілік комиссиясына" тапсырады. Олар оз кезегінде тәртіп сақтау жүйесінде жаза шығарады. Тапсырушылардың шағымы күрделі болған жағдайда "Бақылау комиссиясы" ол шағымды "Бірлескен тәртіптілік палатасына" тапсырады. Олар өз кезегінде тәртіптілік жаза қолданады. Тапсырушылар "Бірлескен тәртіптілік палатасының" шешіміне келіспеген жағдайда, одан ары өз шағымын "Аппеляциялық комиссияға" тапсыруға құқысы бар. Аппеляциялық комиссияны бірлескен тәртіп палатасы құрайды.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Аудиттің қорытынды кезеңі немен аяқталады?
2.Аудиторлық қорытынды қалай жасалады?
Тақырып 11. Аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Экологиялық аудит.
2. Ішкі аудит.
3. Операциялық аудит.
1. Қоршаған ортаның аудиті.
Экологиялық аудит қоршаған ортаның ластануын және радиацияның стандарттарына сәйкес келетін дәрежені анықтайтын тексерулерді жорамалдайды.
Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп тұрған өмірдебар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді анықтауға болады.
Қазіргі кезде экологиялық аудит ұйымдастыру бойынша нормативті-әдістемелік құжаттардың жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға сәйкес экологиялық аудит міндетті және бастамашылық болып бөлінеді. Бастамашылық экологиялық аудит жетекшілердің, сонымен қатар аудиттеліп отырған субъектінің шешімдерді қабылдайтын басқа да тұлғаларының шешімі бойынша жүргізіледі.
Міндетті экологиялық аудит келесі жағдайларда жүргізіледі:
- қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді іске асыруда;
- банкротқа ұшырау процедураларын іске асыруда;
- міндетті экологиялық сақтандыру жүргізу мақсатымен;
- инвестициялаудың шарттары бойынша қарастырылғанда инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен негіздеу кезінде және т.б.
Экологиялық аудитті жүргізудің нәтижесі болып бірінші кезекте, табиғатты пайдалануды одан да үнемді түрде жүргізу және экологиялық талаптардың шарттарын орындауды сақтау есебінен қаржылық қаражаттарды үнемдеу саналады.
Экологиялық аудит келесілерді анықтау мен белгілеуге бағытталған:
жылжымайтын мүліктің экологиялық жағдайын;
объектінің экологиялық құлдырауының дәрежесін;
бұл қызметтті жүзеге асыру нәтижесінде осы территориядағы участоктардың ластануын;
денсаулықтың нашарлау мәселесін және объект қызметкерлерінің жұмыс қауіпсіздігінің бұзылуын;
қызметтің нормативтік талаптарға сәйкестігін;
объект қызметін реттейтін құқықтық нормаларды;
экологиялық заңдардың талаптары тұрғысынан объектінің қызметін тұрақтандыру үшін қосымша ақпаратқа деген мұқтаждықты.
Экологиялық аудит бағдарламасын жүргізудің нақты мақсаттары әртүрлі:
- кәсіпорын қызметінің заңды және нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету және тексеру;
- аудит жүргізу саласын анықтау;
- кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау;
- ресурстарды пайдалануды оптимизациялау;
- экологиялық талаптар орындалмаған жағдайда жауапкершілік деңгейін белгілеу;
- болашақ шығындарды болжау және т.б.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып эологиялық аудиттің негізгі міндеттері келесідей:
- табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі жөнінде сенімді ақпарат алу, өнімнің экологиялық маркировкасы мен экологиялық жаңа технологияларын енгізу арқылы олардың халықаралық нарыққа бәсеке қабілеттілігін арттыру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық талаптардың, нормалардың және ережелердің орындалуына бағытталған алдын ала ескерту шараларын жүзеге асырудағы өз бетімен басылымдықтарды қалыптастыру мен экологиялық саясатты реттеуде қолдау көрсету;
- экоаудиттің халықаралық принциптерін, әдістерін және процедураларын пайдалану;
- экологиялық бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша мамандарды дайындау;
- қорытынды есеп беру мәліметтерінің табиғатты пайдалану саласындағы нормативтерге сәйкестігін анықтау және т.б.
Экологиялық аудиттің объектісі ретінде қоршаған ортаға әсерін тигізетін құрылыстар мен кәсіпорындар, шаруашылық жүргізуші объектілерді жою және консервациялау, кеңейту, реконструкциялау, салу бағдарламаларының немесе жоспарларының жобалары, сонымен қатар территорияны игерудің жобалары саналуы мүмкін.
Сонымен, мұндай жағдайда экологиялық аудиттің объектісі ретінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізетін қандай да бір инвестициялық, шаруашылық немесе әкімшілік қызметтің түрлері танылады.
Экологиялық аудитті жүргізудің кезеңдері. Тәжірибе жүзінде экологиялық аудитті жүргізу мен ұйымдастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер бойынша жүргізіледі. 1-кезең.: Дайындау қызметі (инвестордың міндеті)
1-қадам. Аудиттің графигі мен жоспарын құру.
2-қадам. Экоаудиттің параметрлерін анықтау және аудиторлардың тобын таңдау.
3-қадам. Аудиторлармен бірге экологиялық аудит хаттамасын дайындау.
2-кезең. Экологиялық аудитті жүргізу (тәуелсіз аудиторлардың міндеті)
4-қадам. Алғашқы ақпаратты қарап шығу.
5-қадам. Объектіні инспекциялау.
6-қадам. Жүргізілген жазбаларды қарап шығу және қызметкерлермен сұхбаттасу.
7-қадам. Аудиттің нәтижелерін бағалау және нәтижелер туралы инвесторға баяндама жасау.
3-кезең. Экологиялық аудит жүргізіліп болған соң (тәуелсіз аудиторлардың міндеті)
8-қадам. Аудиттер бойынша баяндама жобасы және оны объекті мен инвесторға ескерту мен тұжырымдамалар жасау үшін тапсыру (несие алған ждағдайда – банкке де).
9-қадам. Ескертулердің есебі.
10-қадам. Қорытынды баяндаманы дайындау және оны инвесторға тапсыру.
4-кезең. Қорытынды жұмыстар (инвестордың міндеті)
11-қадам. Басқару бойынша іс-әрекеттердің жоспарынжасап шығару және ұсыну.
12-қадам. Банккке қорытынды баяндаманы тапсыру (несие алған жағдайда).
13-қадам. Жоспардың ережелерін орындау бойынша үнемі (жыл сайын) тапсырылатынбаяндамалар.
2. Ішкі аудит.
Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:
1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;
2)аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:
а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;
б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және
тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;
в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем
сомасы анықталады.
Бұл келісім-шарттың зандылық құқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне қажет мәлімет жинауда кәсіпорын басшыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының тәуелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жүмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар комитетіне ақпарат тапсырып отырады. Соңдықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы, ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.
Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орыңдалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік көрсеткіштеріне экономикалык талдау жасап, оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қоймай, ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.
Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушьшық жүмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік қүжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады.
Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғарғы сатыдағы қүрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.
Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде өндіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын жоне олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік қүжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.
Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау-тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы, өндіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі қүралды енгізу, қаржыландыру, көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.
Ішкі аудит бөлімдерінің, топтарының қызметі кәсіпорын бөлімдерінің, цехтарының жүмыс жоспарымен тікелей байланысты болады. Себебі, ол топтар сол өндіріс бөлімдеріне, цехтарына, жүйелі, күнделікті бақылау, тексеру жасап отырады. Олар өз жоспарын кәсіпорын басшыларына бұйрық ретінде бекіттіріп, өзінің қызметінде басшылық құжат ретінде қолданады.
Аудит тобының жоспары бір жылдық көлемге жасалады, ол құжатпен кәсіпорын бөлімінің басшысы ішкі аудит тобының жүмысына бақылау жасап отырады, ал аудит тобы цех, бөлім бастықтарына міндетті түрде өз жүмыстары туралы мәлімет беріп отырады. Ол жоспар құпиялықта сақталуы қажет. Ішкі аудиттің жылдық жоспары орындалмаған жағдайда оның қалдығы келесі жылға аударылады. Кейбір жағдайда, ішкі аудит мамандары жоспарланған жұмысты игере алмауы немесе мамандық біліктілігі жетпеген жағдайда олар сыртқы аудит мамандарынан көмек сүрайды. Осы орайда айтатын болсақ, сыртқы және ішкі аудит қызметкерлері тығыз байланыста жүмыс жасайды, бір-біріне көмек көрсетеді. Олардың арасындағы бір-біріне сенімділік олардың аудиторлық этика кодексімен бекітіледі.
3. Операциялық аудит.
Операциялық аудит - жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әртүрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметінің тәуелсіз және жүйелі түрдебағалау.
Операциялық аудит тек бухгалтерлік ақпаратты пайдаланумен ғана шектелмейді, өйткені оның шеңберінде кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, сатып-өткізу қызметіне, ұйымдық құрылымына, ішкі бақылау жағдайының бағалануы жүзеге асырылады.
Операциялық аудитті жүргізген кезде кәсіпорын қызметін басқару жүйесінің және есеп саясатының жүзеге асырылуының дұрыстығын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Операциялық аудиттің негізгі мақсаты тұрғысынан қарағанда, яғни тиімділік пен өнімділікті зерттеу тұрғысынан қарағанда, кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің және есеп саясатының әсері мен тиімділігін айыра білу қажеттігі туындайды.
Операциялық аудитте қаржылық қорытынды есептерді интерпретациялаудың дамыған әдістері – коэффициенттерді талдау, көлденеңінен, тігінен, трендтік және факторлық талдау кеңінен қолданылады.
Операциялық аудиттің үш негізгі түрі бар: функциональды, ұйымдастырушылық және арнайы.
Функционалды операциялық аудит. Ол шаруашылық жүйесінің атқаратын қызметтерінің бір немесе бірнешеуіне қатысты болады. Мысалы, дебиторлық борыштардың қозғалысы кәсіпорынның үш атқаратынқызметін: қамтамасыз етушілік, өндірістік және сатып-өткізу қызметін қамтиды. Осы арқылы аудитор дебиторлық борыш жөніндегі ақпараттың дәлдігін, дебиторлық борыштың өтімділігін, жоғарыда айтылған қызметтердің әрбір кезеңде күмәнді талаптар бойынша резервтердің қалыптасуын анықтай алады.
Ұйымдастырушылық операциялық аудит. Ұйымдастырушылық аудитті жүргізу компанияның функционалдық және линиялық бөлімдері қызметінің реттелуі мен үйлестірілуін, жоспарлануын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оның активтері мен капиталының тиімді түрде қалыптасуы мен пайдалануына жағдай жасайды.
Арнайы операциялық аудит. Арнайы операциялық аудит кезінде кәсіпорын басшылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақпарат дайындалады. Аудиттің бұл түрі көптеген мәселелерді қамтиды. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, шикізаттар мен материалдарды тиімді түрде пайдалану, еңбек өнімділігінің жоғарылауы және т.б.
Операциялық аудитті келесі үш топтың біреуінің мамандары орындайды: ішкі аудиторлар, аудиторлық фирманың, мемлекеттік сектордың аудиторлары (ревизорлары).
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Экологиялық аудит деген не?
2.Экологиялық аудитті жүргізудің кезеңдерін атаңыз.
3.Ішкі аудит қандай қызметтер атқарады?
4.Операциялық аудиттің қандай түрлері бар?
5.Опреациялық аудитті кім жүргізеді?
6.Экологиялық аудиттің мақсаттары, міндеттері және объектілері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |