Бет 64 беттен


Тақырып 3. Өндіріс циклының аудиті



жүктеу 1,41 Mb.
бет2/7
Дата16.05.2018
өлшемі1,41 Mb.
#14121
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 3. Өндіріс циклының аудиті
Сұрақтар:

  1. Өндіріс циклі шоттарының өзара байланысы

  2. Өндіріс циклында сәйкестікке жүргізілетін тексерулер

  3. Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу




  1. Өндіріс циклі шоттарының өзара байланысы

Өндірістік цикл сату үшін өндірілетін материалдық қорлармен байланысты. Оны тексеру – ең күрделі және қиын. Аудиторлық дәлделдемелердің көздерінің үлкен бөлігі экономикалық субъектінің өзі құрған құжаттар болып табылады. Бұл аудит үшін олардың құндылығын төмендетеді. Сондықтан тексеруді табысты жүргізу үшін аудитордың клиент бизнесінің ерекшелігін, оның өндірістік процесінің мәнін жеткілікті түсінуі, цехтардағы өндіріс процестермен, қоймалар және басқа өндірістік бөлмелермен тікелей танысу аса маңызды болып табылады.

Өндіріс тік процесінің мәнін білу төменде келтірілген ақпаратты қамтиды. Өнімді дайындаудың технологиялық процесінің күрделілігіне байланысты өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым деп, өнімді өндіру мен өңдеудің бірегей үздіксіз процес іне тән болатын өндіріс есептеледі. Әдетте қарапайым өндірістіғң циклы қысқа болады және аяқталмаған өндірісі болмайды.

Күрделіге өнімді дайындау процесіне жеке дербес шектер, өтулерден, кезеңдерден, сатылардан тұратын өндіріс жатады.

Өнеркәіптік өндіріс негізгі өнімді өндіру роліне байланысты негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгіге шығару үшін арнайы кәсіпорын құрылған өнімді дайындауға арналған өндіріс жатады.

Көмекшіге негізгі өндіріс пен жалпы барлық кәсіпорындарға қызмет көрсететін өндіріс жатады. Қызмет көрсету аспаптарды, құрал-жабдықтарды, ғимараттарды және т.б. дайындау немесе жөндеуден көрінеді.

Көмекші өндіріс қатарына жатады: аспаптық, жөндеу-механикалық, жөндеу-құрылыс цехтары, элетростанция, буын қазаны, компрессор станциясы, автокөлік және т.б.

Өндіріс циклына жататын бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс төменде көрсетілген.

Кредит 1310 - Дебет 8111 – Кредит 8111

Кредит 3310, 3380 - Дебет 8112 - Кредит 8112

Кредит 3030 - Дебет 8113 – Кредит 8113

Кредит 8410 - Дебет 8114 – Кредит 8114

Кредит 1310, 1320, 1330 - Дебет 7210 – Кредит 7210 – Дебеит 5610

Кредит 1250, 3350, 3380 -

Кредит 1310 - Дебет 7110 – Дебет 5610

Кредит 1250, 3310, 3380

Шоттардың келтірілген өзара байланысы шығындар құрамын, шығын шоттарына жатқызылу мен олардың жабылуын көрсетеді. Мәселен, өндіріске шикізатты, материалды жіберу, еңбекке ақы төлеу шығындары, демалысқа ақы төлеу резервтерін есептеу, еңбекке ақы төлеуден жарналарды әлеуметтік салыққа жіберу, жүкқұжаты шығындарын есептен шығару негізгі өндіріс шотына және шығындар бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп беру кезеңінің аяғында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығындары 5400 «Бөлінбеген табыс (зиян)» шотында жабылады.
2. Өндіріс циклында сәйкестікке жүргізілетін тексерулер

Сәйкестік тексерулері ішкі бақылау жүйесі сапасына тест жүргізуге және елде қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестікке бағытталғаны белгілі. Өнім өндірісі циклы бойынша негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар.


Өндіріс циклын реттеуші нормативтік-құқықтық құжаттар

Рет номері

Құжаттар атаулары

1

ҚР Азаматтық кодексі, 13 «Меншік құқығын сатып алу» тарауы

2

ҚР «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» кодексі

3

«Әкімшілік қылмыстар туралы» ҚР кодексі

4

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы

5

«Қаржылық есепті дайындап тапсыру» стандарты

6

«Қорлардың есебі» ҚЕХС, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының қаулысы

7

Стандартқа әдістемелік резервтер

8

«Шетелдік валютамен орындалатын операциялардың есебі» стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының қаулысы

9

«Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» стандарты, ҚР қаржы министрлігінің БЕ және АМД бұйрығы

10

«Тауарлық-материалдық қорларды алуға сенімхат беру және оларды сенімхат бойынша босату тәртібі туралы» әдістемелік ұсынымдар

11

«Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды есепке алу» ережесі, ҚР қаржы министрлігінің бұйрығы

12

Есеп ережесіне әдістемелік ұсынымдар, ҚР қаржы министрлігінің бұйрығы

Өндіріс процесі – кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгісі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті – бухгалтерия жұмысы мен аудиторлық тексерудің жауапты учаскесі. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолданылатын бақылау процедураларын түсінуі керек. Мұндай ақпаратқа сүйене отырып, аудитор нақты шаруашылық операцияларына арналған бақылау саясаты мен процедурасының дұрыс дайындалғанын және кәсіпорында дұрыс қолданылып отырғаныны анықтайды.

Ішкі бақылау құрылымын зерттеу процесінде аудитор паралельді түрде бақылауға тексеру жүргізіп, осының арқасында бақылау процедураларының тиімді әрекет етуінің, Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес дұрыс дайындалғанының дәлелін ала алады. Мұндай дәлелдеулер аудиторға бақылау тәуекелдігі деңгейін аудиттің сәйкес мақсаттарына қатысты минимумнан төмен ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Әкімшілік жүргізетін тексеру тиімді болса, өнім шығындары есептелуінің толықтығы мен дәлдігі туралы пікір айтуға болатын фактілерді алуға жол ашады. Сонымен бірге аудитор тексерудің қаншалықты жан-жақты болғаныны және оны жүргізген адамның елеулі бұрмалауды таба алатын-алмайтындығын ескереді. Сондықтан мұндай жұмыс бухгалтерияның материалдық бөлімі жұмысымен танысудан бастайды.

Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудың негізгі жолдары мен таңдап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек:

- тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық ТМҚ үшін бірдей болуы керек;

- соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелетін бастапқы құжаттар тізімі;

- басшы бекіткен өндіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;

- тауарлық-материалдық қорларды есептен шығару тәртібі,

- тауарлық-материалдық қорларға түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі;

- тауарлық-материалдық қорлардың жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

Кәсіпорындағы ішкі бақылау процедуралары бола алады:

- міндеттерді парапар бөлу;

- мақұлдаудың тиімді процедурасының болуы;

- құжатнама және есепке алу жазбалары;

- тауарлық-материалдық қорларды нақты бақылау;

- тәуелсіз тексерулерді іске асыру.

Міндеттерді парапар бөлу. Кәсіпорын басшылығы дайындаған және бекіткен саясаттар мен ішкі бақылау процедурасын зерттеу кезінде аудитор кәсіпорында қызметкерлер арасында міндеттердің қалай бөлінгені туралы ақпарат алады.

Мақұлдаудың тиімді процедурасының болуы: ішкі бақылау жүйесі әрекетінің тиімділігі үшін әр шаруашылық операцияға қажетті түрде рұқсат берілуі керек. Ол үшін кәсіпорында рұқсат беру ережелері мен белгілі бір шаруашылық операцияларға рұқсат беру үшін нақты лауазымды адамдар өкілеттілігі бекітіледі. Көбінесе мұндай ақпарат лауазымды нұсқауларда сақталады.

Құжатнама және есепке алу жазулары. Бұл жерде бухгалтерлік есеп чтандарттары, шоттардың жұмыс жоспары, есеп саясаты және есепті жүргізу принциптері мен ережелерін суреттейтін басқа әдістемелік басшылықтар негізінде құрылған құжаттандыру және есепке алудың сапалы жүйесі түсіндіріледі.

Құжат айналымының графигі мынаны көздейді:

- соның негізінде есептегі операциялар ғана саны мен ұсыну мерзімі тіркелетін құжаттар тізімі;

- құжаттарды толтыру міндеті жүктелетін орындаушылар тізімі;

- кәсіпорын ішіндегі құжаттар қозғалысы.

Өндіріс циклындағы бухгалтерлік құжаттарды зерттей отырып аудитор төмендегідей негізгі аспектілер негізінде ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңына сәйкес құрылуы қажет құжаттандыру және есеп жүйесі сапасына көз жеткізуі керек:

а) бухгалтерлік жазулар бастапқы құжаттардың тұпнұсқасымен бекітілуі керек;

б) құжаттар мен жазулар бастапқы құжаттардың тұпнұсқасымен бекітілуі керек;

в) құжаттар мен жазулар үздіксіз бірқалыпты номерлеріне ие болуы керек;

г) барлық операциялар мен оқиғалар операцияны іске асыру кезінде хронологиялық бірізділікпен тіркелуі керек;

д) синтетикалық есеп мәліметтері аналитикалық есеп мәліметтеріне сәйкес келуі қажет.

Активтер мен жазуларды нақты бағалау. Мақсаты – тауарлық–материалдық босалқы мен тиісті құжаттарды сақтайтын шараларды іске асыру.

Тәуелсіз тексерулерді іске асыру. Тәуелсіз тексерулер белгіленген ережелердің орындалуын бақылау үшін жүргізілетін процедуралар болып табылады. Ары қарай аудитор бақылау тәуекелдігін төмен деп бағалауға негіз ретінде саясат пен процедуралар тиімділігіне қосымша дәлел алу керек не керек еместігін, содан кейін осындай дәлелдердің қажеттігі мен дұрыстығын талдайды. Егер солай болса, әдетте аудитор аудиттің нақты мақсаты, көбіне босалқы қролардың, өнімнің өзіндік құнының және өндірістік шығындарының толықтығына, дәлдігіне және болуына қатысты бақылауға қосымша тексеру жүргізеді.

Өндірістің циклдың шаруашылық операцияларының құрамы саны негізінен өндірістік процесс күрделілігіне байланысты болады. Өндірістік циклдың әдеттегі операцияларына мыналардың жататыны белгілі:

а) шикізатты (материалды) өндіріске жіберу;

б) жалақыны есептеу және төлеу;

в) дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру;

г) шикізат пен дайын өнімді сақтау.

Сәйкестікті тексеру біріздікпен жүргізу үшін ішкі бақылау жұмысын өндіріс циклының төрт негізгі құрамдас бөлігі бойынша қарастыру рационалды болады.

Шикізатты (материалды( өндіріске жіберу.

Өндірістік цикл операцияларының бухгалтерлік есеп жүйесі мен оларға қолданылатын бақылау процедураларын зерттей отырып, аудитор ең алдымен жұмсалған өндірістік шығындарға рұқсат берілді ме, дәл бекітілді және жинақталды деген кепілдік беретін процедураларға қызығушылық білдіреді. Бақылаудың бұл мақсаттары аудит мақсаттарымен, оның ішінде өндірістік цикл шеңберінде, бірінші кезекте шикізаттың босалқы қорының, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің, сонымен қатар сатылған өнімнің өзіндік құнының толықтығы, дәлдігі және болуымен тығыз байланысты болады. Аудиторды аудиттің жоғарыда аталған мақсатымен тікелей байланысты емес бақылаудың басқа процедуралары да қызықтыруы мүмкін.

Жалақыны есептеу және төлеу. Жалақыға жұмсалатын шығындар еңбекке ақы төлеу құжаты немесе өнімді шығару жөніндегі есептер негізінде шығындардың аналитикалық шоттары бойынша бөлінеді.

Өндірістік шығындар немесе кезең шығындары шоттарына жатқызылған жұмыс күшінің жиынтық шығындары еңбекке ақы төлеу жөніндегі құжаттарда көрсетілген жалпы бақылау сомасына сай және бұл жұмыс күшіне ақы төлеудің барлық шығындары еңбекке ақы төлеу жөніндегі құжаттарда көрсетілген жалпы бақылау сомасына сай және бұл жұмыс күшіне ақы төлеудің барлық шығындары сәйкес шоттарға апарылғанын анықтау үшін жүргізіледі.

Дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру. Дайын өнімнің өзіндік құнын анықтау кезіндегі басты міндет шығындарды шектеуде екені аудиторға белгілі болуы керек:

а) кезең ішінде шығарылған өнімге енетін;

б) өнімді өңдеу аяқталмағанына (аяқталмаған өндіріс) байланысты басқа уақыт аралығына жататын.

Кезең ішіндегі дайын өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау үшін кезең аяғындағы аяқталмаған өндірісті анықтау қажет. Оны екі тәсілмен бағалайды:

- түгелдеу арқылы;

- есептеу арқылы.

Өндіріске жұмсалатын шығындарды есепке алу және өзіндік құнды калькуляциялаудың қабылданған тәртібімен аудитор операциялары ерекшелігін ескере отырып кәсіпорынның есепке алу саясатында көрсетілген мәліметтер бойынша танысады.

Дайын өнімнің нақты қозғалысы өндірістік есеп берулер, қоймалардағы материалдық құндылықтар, дайын өнімді босату немесе тапсыру жүктелімдер қозғалысы туралы есеп берулер мәліметтері бойынша талданады.

Шикізат пен дайын өнімді сақтау.

Шикізат пен материалдар қабылдау кезінен бастап өндіріс процесінде оларды пайдаланатын барлық кезеңдерде есеп пен бақылау объектісі болып табылады.

Шикізат пен материалдар, дайын өнімдерді сақтауды қамтамасыз ететін процедуралар қамтиды:

- рұқсаты жоқ пресоналды жіберуші шектеу арқылы босалқы қорларды қорғау;

- материалды өндірістік цехтарға қажетті рұқсат беру арқылы беру;

- шығындарды есепке алу тізіміне босалқы қорларды материалдарды беруден кейін жазу;

- қолма-қол материалдарды ары қарай нәтижелерді талдамалық есепке алу тізімдері мәліметтерімен салыстыру арқылы кезең сайын есептеу (түгелдеу).


3. Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу

Ішкі бақылау мен тауарлық-материалдық босалқылардың бухгалтерлік есебі жүйесін бастапқы бағалауды дәлелдеу үшін аудитор алынған ақпарат негізінде алдын ала даярланған тесттерді толтырады. Тест нәтижелері бойынша жүйе сенімділігінің бағасы орнатылады және аудитті жоспарлау кезеңінде алынған алынған бағамен салыстырылады. Егер осындай баға алғашқыдан төмен болса, онда басқа аудиторлық процедураларды жүргізу көлемі мен тәртібіне түзету енгізу қажет. Аудитор бақылау процедураларын жоспарлау кезінде ең басты назар аударылатын объектілерді анықтайды және аудиторлық тәуекелді анықтайды.


Ішкі бақылау құралдарының тиімділігін сипаттайтын тестілік сұрақтар



Рет номері

Тест сұрақтарының мазмұны

Иә

жоқ

Ескер-ту

1

Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорларды сақтау мен босатуға жауапты адамдар тағайындалды ма?










2

Материалдық жауапкершілік туралы шарт құрылды ма?










3

Әкімшілік қызметкерлер мен материалды жауапты адамдарға арналған лауазымдық нұсқаулар бар ма?










4

Қоймалардағы тауарлы-материалдық қорлардың сақталуы қамтамасыз етілді ме?

-қорғау сигнализациясымен;

-темір есік, торлар;

-стеллаждар, жәшіктер, шкафтар және т.б.;

-ашық сақталған материалдар үшін жабулар.











5

Материалды жауапты адамдар есептерді тұрақты тапсырып тұра ма?










6

Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу уақытылы жүргізіле ме?










7

Түгендеу жүргізу кезінде анықталды ма:

-артық;


-жетіспеушілік;

-артық сорттау;

-құндылықтардың бұзылуы.











8

Жиі орын ала ма:

-кінәлілардың зияндарды өтеуі;

-қызмет нәтижелеріне шығара салу;

-істі тергеу орындарына тапсыру.












9

Қоймаларда тауарлы-материалдық қорлар нормативтері орнатылған ба және олар орындала ма?










10

Мыналар бойынша құжаттар дұрыс толтырыла ма:

-тауарлық-материалдық қорлар шығындары бойынша;

-ішкі жылжу бойынша.











11

Өнім өндірісіне материалдарды жұмсаудың бекітілген нормалары бар ма?










12

Осы шығын нормалары дәлелді ме және орындала ма?










13

Тауарлық-материалдық қорларды енгізу және шығару кезінде босату жүйесі орнатылды ма?










14

Сұранысқа ие емес және жатып қалған шикізат, материалдар орын ала ма?










15

Жүктелім, лимит алушы карталар, талаптар, жүкқұжат, табельдер бланктеріне бөтен адамдар қол жеткізе ме?










16

Жүкқұжат, лимитті-заборлы карталар, талаптар, жүктелімдер, табельдерге алдын ала номерлер қойыла ма?










17

Кәсіпорында әкімшілік-басқару персоналының санына лимит (шектеу) қойыла ма?










18

Әкімшілік шығындар сомасы бекітілген сомаға сәйкес келе ме?










19

Есеп беру кезеңінде кәсіпорындар айыппұл, тұрақсыздық айыбын төлеу шығындарына ұшырады ма?









Талдамалық процедуралар көмегімен тәуекелдерді анықтайды, шоттар арасындағы арақатынасты зерттейді, аудиторға тәуекелдікті бағалауда көмектесетін тенденциялар мен заңдылықтарды анықтайды. Тенденциялар көрінуі мүмкін:

-өндірістік шығындардың құрамдас бөлігі, өндірістік шығындар мен баға ауытқулары арасындағы арақатынасты;

-дайын өнімдердің қорларының айналымдылығы (сатылған өнімнің өзіндік құнының дайын өнімнің орташа қоры қорына қатынасы).

Аудитор арақатынасты талдап, оларды өткен кезеңнің сәйкес мәліметтері мен болжау көрсеткіштерімен салыстырып, ерекше операцияларды анықтап, олардың құрылу табиғатын түсініктеме табуы қажет. Ішкі есеп беруде әкімшілік жүргізген талдау аудиторға өзінің талдамалық процедурасына қосу үшін олар қаншалықты қажет екенін шешуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған талдамалық процедуралардан басқа аудитор мыналарға талдау жасайды:

-шикізат пен материалдардың, жалақының нақты шығындары мен жүкқұжат шығындарының нормативтен ауытқуына;

-тауарлық-материалдық қорлар құрамы мен құрылымына;

-тауарлық-материалдық қорлардың шығарылуы;

-тауарлық-материалдық қорлардың өтімділігі.

Аудитор компанияның бақылау құрылымын өзіне аудитті жоспарлауға мүмкіндік беретіндей етіп түсінуі керек. Бұл олардың пайда болу қаупі немесе мүмкін бұрмалауларды анықтау және объектіге қатысты тексеру әдістемесін даярлау үшін қажет. Аудитор өзіне кәсіпорын туралы белгіні талдайды, алдыңғы жылдағы аудит нәтижелерін қарастырады, клиент персоналымен әңгімелеседі, персонал өз міндеттерін қалай орындайтынын бақылайды, бақылау саясаты мен процедурасының клиент дайындаған сипаттамасын қарастырады, құжаттар мен есептемені зерттейді.

Егер аудитор толықтық, дәлдік және болу сияқты аудит мақсаттарына қатысты өндірістік циклдің кейбір немесе барлық шоттарының бақылау тәуекелін төмен деп бағаласа, онда босалқы қорларға түгендеу жүргізуді міндетті бақылаудан басқа аудиттің осы мақсаттарына қатысты мән бойынша тексерулер аналитикалық процедуралармен шектеледі. Ол аудиттің келесідей мақсаттарына қатысты бақылау тәуекелін сирек төмен деп бағалайды: құбылыс, бағалау, құқық және міндеттемелер, ұсыну және ашу. Сондықтан осы мақсаттарға қатысты әдетте мән бойынша тексерулер жүргізіледі.

Өндіріс циклы аудитінің мақсаттары:

Толықтық;

Дәлдік;


Нақты бар болу;

Бағалау;


Құқықтар мен міндеттемелер;

Құбылыс.
Өндіріс циклы аудиті кезіндегі ақпарат көздері



Рет номері

Нысандар аттары

1

Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама

2

Қаржылық есеп беру

3

Есеп саясаты

4

Бас кітап, 1310, 8110, 8210, 8310, 8410 және басқа шоттар бойынша есепке алу регистрлары

5

Сметалық құжатама, шикізат пен материалдар шығыны нормалары мен нормативтері

6

Материалдық жауапкершілікті адамдармен шарт құру

7

Материалдарды қоймада есепке алу карточкалары, карточкалар тізімі

8

Түгендеу жүргізу туралы кәсіпорын басшысының бұйрығы, комиссия құрамы туралы бұйрықтар

9

Түгендеуді жүргізудің дұрыстығын қорытынды тексерудің актілері

10

Талап-жүкқұжат

11

Лимитті алу картасы

12

Түгендеуді жүргізудің дұрыстығын қорытынды тексерудің есепке алу кітабы

13

Жүк автомобильдің жол қағазы

14

Жеңіл автомобильдің жол қағазы

15

Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу тізімі

16

Тиелген тауарларды түгендеу актісі

17

Жауапты сақтауға қабылданған тауарлық- материалдық қорларды түгендеу тізімі

18

Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомості

19

Дайындау, сақтау және өндіру процесіндегі тауарлы-материалдық қорлардың кемшіліктері мен ысыраптары туралы акт

20

Тауарлы-материалдық қорлардың бұзылуы, ұрынуы, сынуы туралы акт

21

Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу карточкасы

22

Қоймада қалған тауарлы-материалдық қорлардың қалдығын есепке алу ведомості


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Өндіріс циклының аудиті қандай нормативтік-құқықтық құжаттарға сай жүргізіледі?

2.Өндіріс циклында аудитор кәсіпорындағы ішкі бақылаудың қандай процедураларын тексереді?

3.Қандай құжаттардың негізінде аудитор қорларды босатуды бақылау жағдайын зерттейді?

4.Ішкі бақылаудың қандай процедуралары дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың дұрыстығын куәландырады?

5.Аудитор шикізаттарды сақтау және дайын өнімді шығару кезінде бақылаудың қандай процедураларын зерттейді?

6.Аудитор ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізуді қандай мақсатпен іске асырады?

7.Өндіріс циклы бойынша бухгалтерлік есептегі болуы мүмкін бұрмалауды атаңыздар?



жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау