14
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
жайттарына жағдай жасайды. Заң мен құқық қолдану тәжірибесінің кез келген жағдайда осындай сорақы
жайттардың орын алу мүмкіндігін жоққа шығаруы керек екені айдан анық.
Азаматтық істерге келетін болсақ (АІЖК-ның 114-бабы), жекелеген жағдайларды қоспағанда (АІЖК-
ның 304-бабы, 33-тарау) республикалық бюджеттің есебінен көрсетілетін білікті заңгерлік көмекті
азаматтардың қашан алуға құқығы бар екенін заң дәл айқындамайды да, осы мәселені шешуді судьяның
қарауына береді
6
. Мұндай жағдайда республикалық бюджеттің есебінен адвокатты тағайындау қосымша
іс жүргізу әрекеттерін іске асыру қажет екеніне байланысты. Бұл істі қарау мерзімін белгілі бір түрде со-
зып жіберуі мүмкін, соттан тиісті қаржылық құжаттарды реттеуді талап етеді және бюджеттік қаражаттың
жұмсалуына әкеледі.
Азаматтық істер бойынша азаматтарға арналған тегін заңгерлік көмектің көлемі қылмыстық іс жүргізу
көлеміне қарағанда бірнеше есе аз екені дәл осы себептен болатын сияқты.
Әкімшілік істер бойынша да заңда азаматтың мемлекет есебінен заңгерлік көмек алуға құқығы болатын
құқықтық негіздердің тізімі келтірілген (ӘҚтК-ның 589-бабы). Алайда іс жүзінде судьялардың аталған
санаттағы істерге адвокаттарды тартуы сирек кездеседі.
Осылайша қалыптасқан жағдайды дұрыс деп айтуға болмайды, себебі әкімшілік жауапкершіліктің мәні
азаматтық құқықтарды, соның ішінде бостандық және жеке басына қол сұғылмау құқықтары сияқты іргелі
құқықтарды шектеуге байланысты жазалау болып табылады
7
. Осыған байланысты Пактінің 14-бабының
ережелерін негізге ала отырып, осындай істерге адвокаттың қатысуы міндетті шарт, және де мемлекет
азаматтың қорғану құқығын қамтамасыз етуге тиіс.
Тағайындау бойынша қорғану саласындағы жағдайды жақсарту қажет екеніне, ал осы саладағы түрлі
теріс пайдалану жайттарына жол беретін жағдайлар жойылуға тиістігі күмән келтірмейді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, істердің көпшілік бөлігін келісім бойынша адвокаттар емес, ҚІЖК-
ның 71-бабына сәйкес өздерінің жұмысы үшін сыйақы алатын қорғаушылар қамтамасыз етеді
8
, олардың
сыйақысы сағатына шамамен 4 АҚШ долларына тең.
Қазіргі орнаған тәртіпте және мүлде орынсыз төмен ақы ала отырып, адвокаттың тек атқарған жұмыс
сағаттарын арттыру есебінен, кейде орындаған жұмысының сапасына нұқсан келтіріп қана өмір сүруіне
жеткілікті қаражатты таба алатыны айқын.
6
АІЖК-ның 114-бабында былай делінген: «істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік жағдайын
негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға және адвокаттың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды
мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы (қиғаш қаріп біздікі – Д.К.)».
7
Мысалы, 330 және 336-баптарда, сондай-ақ ӘҚтК-ның кейбір басқа құраластарында көзделген құқық бұзу жайттары 15 тәулікке дейін
әкімшілік қамауға алу арқылы жазалануы мүмкін.
8
Мысалы, Алматы қаласында 2005 жылы адвокаттардың қатысуымен жүргізілген барлық қылмыстық істердің 59%-ында қорғауды тағайындау
бойынша адвокаттар қамтамасыз еткен (Алматы қалалық адвокаттар алқасының Төралқасының 2002 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі
қызметі туралы есептік баяндамасын қараңыз. // Адвокаты Алматы № 2 (8) 06.2006, 9-бет). Алматыдағы едәуір жоғары тұрмыс деңгейіне бай-
ланысты адвокаттың көмегі үшін өздері ақы төлей алатын азаматтардың саны аймақтарға қарағанда біршама көбірек деп топшылауға болады.
Демек, мемлекеттің есебінен қорғаумен қамтамасыз етілетін қылмыстық істердің үлестік пайызы Қазақстанның облыстарында Алматының
көрсеткіштерінен асып кетеді.
I Тарау
15
2. ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
2.1. Қайта құрудың жалпы қағидалары
Әрбір азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық жағдайларда республикалық бюджеттің
есебінен білікті заңгерлік көмек алуға құқылы.
Осындай көмекті қамтамасыз етуге міндетті мемлекет те өз тарапынан осы бір игілікті іске жұмсалатын
қаражаттың ақылға қонымды түрде әрі үнемді жұмсалуын күтеді.
Адвокатура өзінің кәсіби мақсатына сәйкес осы мәселені шешуде мемлекетке жәрдемдесуге міндетті,
алайда бұл орайда адвокаттардың еңбегіне лайықты ақы төленуін және осындай жұмыс үшін жақсы
жағдайлар жасалуын талап етуге құқылы.
Осы ізгі мұратты орындау неліктен адвокатураға жүктелді деген сұрақ туындайды.
Теориялық жағынан алсақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің немесе тиісті мекемелерде жалданып
жұмыс істейтін жергілікті немесе республикалық бюджеттен ақы алатын заңгерлердің құқықтық көмек
көрсетуіне рұқсат етуге болар еді.
Көптеген құқықтық форумдарда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері халықтың әлеуметтік жағынан осал
топтарына жататын азаматтарға заңгерлік кеңестеме беру және соттарда олардың мүдделерін білдіру
бойынша өздерінің сәтті тәжірибесін алға тартып, құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру ісінде
қызмет көрсетуді ұсынады.
Бәлкім, үкіметтік емес ұйымдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кезінде
сот өндірісіне қатысу үшін көбірек өкілеттіктер алудан, сондай-ақ өздерінің еңбегіне бюджеттен ақы
төленуінен үміттенуге құқығы бар шығар. Алайда құқық қорғау қызметі мен кәсіби заңгерлік көмек
көрсету арасындағы айырмашылықты ескерген жөн.
Үкіметтік емес ұйымдар мен адвокатураның арасындағы айырмашылықтың мәні – көптеген үкіметтік
емес ұйымдар белгілі бір әлеуметтік топтардың немесе тұтастай алғанда азаматтық қоғамның өкілдері
болып табылады.
Сонымен қатар адвокаттың, әсіресе қылмыстық және әкімшілік сот өндірісіндегі кәсіпқой қорғаушы
ретіндегі басты мұраты – жеке мүдделерді білдіру, бірінші кезекте жеке тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Қорғауға деген азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша жария қызметті атқара
отырып, адвокатура жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудың шебінде тұрады, сол арқылы азаматтық қоғам
институттарын мемлекеттік органдар тарапынан болатын озбырлық пен заңсыз мәжбүрлеуден қорғау
бойынша аса маңызды міндетті атқарады, себебі қоғам азаматтардан құралады да, оның күші мен ықпалы
әр адамның бостандығының, тәуелсіздігі мен қорғалуының дәрежесіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |